Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының \"Қостанай дарыны\" icon

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай дарыны"



НазваниеҚостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай дарыны"
страница1/4
Дата конвертации26.05.2013
Размер0.5 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ҚОСТАНАЙ ДАРЫНЫ"

ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ


КОНКУРСТАР, ПӘН ОЛИМПИАДАЛАРЫ, ФЕСТИВАЛЬДЕР ЕРЕЖЕСІ








Қостанай қаласы

2013 ж


Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің

облыстық пән олимпиадасы туралы

Ереже


1. Жалпы ережелер

1.1. Осы ереже пән мұғалімдерінің облыстық олимпиаданың мақсаттары мен міндеттерін, сонымен қатар олимпиаданың өткізу тәртібін анықтайды.

1.2. Пән олимпиадасы «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының жалпы орта білім беру мазмұнын әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.


^ 2. Олимпиада мақсаты мен міндеттері:

2.1. Мақсаты: педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік деңгейлерін арттыру үшін қажетті жағдайлар жасау;

2.2. Міндеттері: - шығармашылық белсенділікті ынталандыру, кәсіби шеберлік деңгейді арттыруға уәж жасау, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдерді қолдау және мадақтау;

- педагог кәсібінің беделін арттыру;

- ғылыми білімді насихаттау.


^ 3. Олимпиада кезеңдері:

Бірінші кезең - аудандық (қалалық): Бұл кезең қазан айына дейін ұйымдастырылуы қажет. Мұғалімдерге берілетін тапсырмаларды «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының жалпы орта білім беру мазмұнын әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі дайындайды. Осы кезеңде жеңімпаз деп табылған мұғалімдер облыстық пән олимпиадасына ұсынылады.

Екінші кезең – облыстық: Бұл кезең қазан айында өткізіледі.


^ 4. Олимпиада қатысушылары

4.1. Олимпиаданың І-ші және ІІ-ші кезеңдеріне шығармашылықпен жұмыс жасайтын жалпы орта білім беру ұйымдарының 50 жасқа дейінгі пән мұғалiмдерi қатысады.

4.2. Олимпиаданың ІІ-ші кезеңіне І-ші кезеңнің жүлдегер-мұғалімдері қатысады.

^ 5. Олимпиаданың жұмыс органдары

5.1. Олимпиаданы дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру және жүзеге асыру үшін облыстық білім беру басқармасының бұйрығымен ұйымдастыру комитеті құрылады. Облыстық ұйымдастыру комитетінің құрамына білім беру басқармасы бастығының орынбасары, жоғары оқу орнының оқытушылары, ПК БАИ оқытушылары кіреді.

5.2. Облыстық ұйымдастыру комитетінің төрағасы білім беру басқармасы бастығының орынбасары болып табылады.

5.3. Облыстық ұйымдастыру комитеті ПК БАИ-мен бірлесе отырып:

1) олимпиаданың барлық кезеңдерін өткізудің жалпы тәртібін анықтайды;

2) олимпиадаға тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады;

3) олимпиаданы өткізудің қажетті ғылыми-әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету үшін пәндер бойынша әдістемелік комиссияларды құрады;

4) пәндік қазылар алқасының жұмысын ұйымдастырады;

5) қатысушылардың жұмысын бағалауда даулы сәттерді талқылайды және қажетті жағдайда тиісті ішінара түзетулер енгізеді;

6)облыстық олимпиаданың қорытындысын талдайды және қорытындылайды, білім беру басқармасының бұйрығы жобасын әзірлеуге қатысады;

5.4. Олимпиаданың бірінші және екінші кезеңдеріне басшылық жасау мақсатында аудандық (қалалық), облыстық ұйымдастыру комитеттері құрылады. Олардың құрамын тиісті білім органдары бекітеді.


^ 6. Олимпиаданың қазылар алқасы

6.1. Облыстық олимпиаданың пәндік қазылар алқасы төрағадан (төрайымнан) және оның мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасының саны пән бойынша 3 адамнан тұрады. Олимпиаданың қазылар алқасының төрағасы (төрайымы) мен оның мүшелерін облыстық ұйымдастыру комитетінің ұсынысымен білім беру басқармасы бекітеді.

Қазылар алқасының құрамына жоғары оқу орындарының оқытушылары, жоғары білікті әдіскерлер, тәжірибелі мұғалімдер енеді.


^ 7. Олимпиада қатысушыларының тапсырмаларды

орындауына талдау жүргізу тәртібі

7.1. Жұмыстарды бағалауда барынша әділдікті қамтамасыз ету үшін әрбір турдан кейін барлық олимпиада қатысушыларымен тапсырмалардың талдауы жүргізіледі. Мақсаты – жұмыстарды бағалауда олимпиадаға қатысушылары мен қазылар алқасының мүшелері арасында толық өзара түсіністікке қол жеткізу болып табылады.

7.2. Тапсырмаларды талдау қазылар алқасының төрағасымен, қазылар алқасының мүшелерімен үйлестірілетін тапсырмаларды бағалауда тікелей олимпиада қатысушымен өткізіледі.


^ 8. Олимпиаданың қорытындысын шығару және

қатысушыларды марапаттау

8.1. Олимпиаданың ашылуы, қорытындылануы және қатысушыларды марапаттау рәсімі салтанатты, мерекелік жағдайда өткізіледі.

8.2. Аудандық олимпиаданың жеңімпаздары пәндік қазылар алқасының шешімі бойынша тиісті білім органдарының дипломдарымен, грамоталарымен марапатталады.

8.3. Облыстық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешімі бойынша I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.


Облыстық конкурс туралы ереже

Үздік БӨМ (бақылау-өлшеу материалдары) банкі

(Бастауыш сыныптар үшін)


^ 1. Жалпы ережесі

Ереже «Бастауыш сыныптар үшін үздік БӨМ (бақылау-өлшеу материалдары) банкі» байқау талаптарын және өткізу тәртібін, мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ байқауға қатысушылардың мәртебесін, байқауға ұсынылған материалдар бағасының критерийлерін, жеңімпаздарды анықтау және марапаттау тәртібін анықтайды.

Бақылау 12 жылдық-білімді бақылау алдындағы бастауыш сынып білім сапасын арттырудың негізгі факторын маңыздандыруға бағытталған. Осы мақсатта белгілі білімдік және кәсіби міндеттерді орындау үшін қажетті пәндік білімдермен, іскерліктерді және дағдыларды игеру деңгейін анықтауға бағытталған, мектептерде нормативтік -бағытталған және пәндік-бағытталған ыңғайды дамыту қажет.

^ 2. Байқау мақсаты

1. Білім сапасын бағалау үшін тестік тапсырмалардың перспективалық, инновациялық моделін құруға дайын, БӨМ әзірлеуге қатысу үшін қажетті ғылыми-әдістемелік әлеуеті бар авторларды, авторлық ұжымдарды анықтау;

2. 12 жылдық мектеп алдында диагностикалық мақсатты құрылым және төменгі сынып оқушыларының білім нәтижесін ғылыми-негізді тексерістің үздік жүйесін, кәсіби шеберлік жетістігін жария ету;

3. Оқушылардың білімінде және білім сапасының өлшеудегі проблемалардың себебін айқындаудың тиімді құралдары туралы ретінде БӨМ жағдайы туралы толық және жан-жақты ақпаратты алу;

4. Қостанай облысының білім кеңістігінде үздік БӨМ бірыңғай банкін құру.


^ 3. Байқау міндеттері

1. БӨМ құру технологиялары және оларды құру талаптарының жүйесі туралы байқауға қатысушылардың кәсіби білім деңгейін айқындау.

2. БӨМ жүйесін енгізу негізінде заманауи білім кеңістігінің сапасын арттыру.

3. Төменгі сынып оқушыларының нәтижелілігіне және сапасына әсер ететін, кері байланысты бастамашылық етуде БӨМ жүйесін қолдану.


^ 4. Байқауға қатысушылар

Байқауға барлық мұғалімдер, директордың орынбасарлары, бастауыш сынып жөніндегі әдіскерлер қатыса алады.


5. Байқауды ұйымдастыру және өткізу

5.1. Байқау 2 кезеңнен тұрады:

Аудандық/қалалық кезең 2013 жылдың 15 ақпанынан бастап 2013 жылдың 20 ақпанына дейін іске асырылады. Жеңімпаздардың жұмысы 2013 жылдың 1 наурызынан 6 наурызына дейін қабылданады.

Облыстық кезең – байқауға қатысушылардың жұмыс талдауы – 2013 жылдың 26 наурызда өтіледі.

5.2. Байқау материалдарының өтінім-парақтары Байқау қатысушыларының қолымен расталады. Егер материал авторлық ұжыммен ұсынылса, онда материалдың әр парақғы жеке оның мүшелерімен қол қойылады.

5.3.Өтінімді ұсыну күні алу күні бойынша белгіленеді. Байқауға жіберілген және талапқа сай рәсімделген барлық өтінімдер тіркеледі.

5.4. Байқаудың жұмыс талаптарына сай келмейтін материалдар қарастырылмайды және байқауға қатысуға жіберілмейді.

5.5. Байқауға қатысушылардың жұмыстары электрондық және қағаз таратылымында ұсынылады.

5.6. Өз жұмысын ұсынған авторлар, осы жұмыстың авторлық құқығы соларға ғана тиесілі, оларды жариялауға ерекше құқық үшінші тұлғаға берілмегендігін кепілдейді және ешқайсысының құқығын бұзбайды.

5.7. Байқау ұсынылған материалдар Интернет желіде оларды орналастыру автордың келісімін білдіреді.

5.8. Байқауға ұсынылған материалдар кері қайтарылмайды.


^ 6. Байқау мазмұны

6.1. 12 жылдық құзыреттілік білім көзқарасымен БӨМ банкі мазмұнының алдына қойылған талаптар:

  • өлшеу материалдарының мазмұнын іріктеу принциптерін сақтау;

  • БӨМ мазмұны заманауи бастауыш білім беру деңгейіне сәйкес келуі;

  • мазмұнның вариативтігі және жүйелілігі;

  • БӨМ мазмұнының жинақтылығы және байаныстылығы;

  • мазмұн және нысандардың өзара байланысы;

  • БӨМ ғылыми негізділігі мен мағыналығы.

6.2.Ұсынылған өлшеу банкінің құрылымы мына талаптарға сәйкес келуі керек:

1 бөлімі — бақылау-өлшеу материалдарының нысаны, оларды топтастыру, өлшеу материалдарын құрастыру кезеңдері көрсетілетін түсініктеме жазбахат;

2 бөлімі — БӨМ мазмұны (бір пән бойынша, немесе жинақта, бір параллель бойынша немесе бастауыш мектептің барлық параллелдері бойынша).


^ 7. Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау

7.1. Қазылар алқасы құрамына «Қостанай дарыны» ӨҒПО жанындағы БМӘҚ бөлімінің әдіскерлері, ЖОО -ның оқытушылары енгізіледі.

7.2. 1,2,3 орын алған БӨМ үздік банкілерінің авторлары «Қостанай дарыны» ӨҒПО грамоталарымен және ақшалай сыйлықпен, 6 қатысушы «Бастауыш сыныптар үшін БӨМ (бақылау-өлшеу материалдары) үздік банкі» облыстық байқау қатысушылары сертификаттарымен марапатталады.

7.3. Байқау ұйымдастырушылары қосымша номинация енгізу құқығын қалдырады. Дауыс беру теңдігі кезінде комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.

7.4. Дауыс беру конкурстық комиссия отырысының хаттамасына енгізіледі.

7.5. Үздік БӨМ-ы kost_dar@inbox.ru. сайтында орналастырылады.


Үздік электронды ОӘК

(Орыс тілі және әдебиеті бойынша)


^ 1. Жалпы ережесі
  1   2   3   4



Похожие:

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының \"Қостанай дарыны\" icon«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай түзеу мектебі» мемлекеттік мекемесі
Учереждение «костанайская коррекционная школа» управления образования акимата костанайской области»
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының \"Қостанай дарыны\" iconҚостанай облысы әлеуметтік бастамалар мен жобалардың жәрмеңкесі «Қостанай облысы «ГрИн»
«Қостанай облысы «ГрИн» азаматтық альянсы» Қостанай облыстық әкімдігі ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, Қостанай қаласында 23 қазанда...
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының \"Қостанай дарыны\" iconҚостанай облысы әкімдігі қаулысының жобасы
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі Қаулы етеді
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының \"Қостанай дарыны\" iconҚостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының 2013 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресінің ведомстволық жоспарын іске асыру туралы
Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 21 желтоқсандағы №1390 қаулысын орындау, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының...
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының \"Қостанай дарыны\" iconШарт Мемлекеттік сатып алу бойынша Тобыл кенті 2014 жыл Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Тобыл кәсіптік – техникалық колледжі»
«Мемлекеттік сатып алулар» Заңы негізінде және мемлекеттік сатып алу қорытындысы негізінде Қостанай облысы, Таран ауданы, Вокзальная...
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының \"Қостанай дарыны\" iconШарт Мемлекеттік сатып алу бойынша Тобыл кенті 2014 жыл Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Тобыл кәсіптік – техникалық колледжі»
«Мемлекеттік сатып алулар» Заңы негізінде және мемлекеттік сатып алу қорытындысы негізінде Қостанай облысы, Таран ауданы, Вокзальная...
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының \"Қостанай дарыны\" iconҚостанай облысы әкiмдiгiнiң 2006 жылғы 7 наурыздағы №77 “Бастауыш кәсіптік
Республикасының «Білім туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағының 7 тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдiгi Қаулы етеді
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының \"Қостанай дарыны\" iconКәмелетке толмағандар: 2012 жылғы 20 қыркүйекте туған, Андрей Владимирович Сорокинді, 2013 жылғы 15 қазанда туған, Дмитрий Владимирович Сорокинді Қостанай облысы
Кәмелетке толмағандар: 2012 жылғы 20 қыркүйекте туған, Андрей Владимирович Сорокинді, 2013 жылғы 15 қазанда туған, Дмитрий Владимирович...
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының \"Қостанай дарыны\" icon2014 жылға арналған «Қостанай облысы әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мм операциялық жоспары
Бөлім Қостанай облысы әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасының іс-шаралары
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының \"Қостанай дарыны\" icon2012 жылғы 01 желтоқсан айының жағдайы бойынша реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған Қостанай облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің
«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы