Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы icon

Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы



НазваниеҚазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы
Дата конвертации02.12.2012
Размер100.71 Kb.
ТипДокументы
источник
1. /?аза?стан Республикасында?ы ?рт ?ау_пс_зд_г_ ережес_н бек_ту туралы.docxҚазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы N 35 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 20 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4126


      Шаруашылық жүргізу объектілеріндегі және тұрғын үйлердегі өрттердің алдын-алу, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығын, олардың мүлкін қорғау мақсатында және Қазақстан Республикасының
"Өрт қауіпсіздігі туралы"»Заңын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесі бекітілсін.
      2. Мыналардың:
      1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 9 шілдедегі N 19»"Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы. Негізгі талаптар. 08-97 КР ӨҚЕ" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде N 866 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің 1999 жылғы 11-12 нөмірлерінде жарияланды) қаулысының;
      2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 19 қарашадағы N 214 "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің 1999 жылғы 9 шілдедегі N 19 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде N 1273 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің 2001 жылғы 5 нөмірінің 319 бетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Н.Қ.Бижановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жариялануынан он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы     
Төтенше жағдайлар министрінің 
8 ақпандағы 2006 жылғы    
N 35 бұйрығымен бекітілген 

 Қазақстан Республикасындағы 
Өрт қауіпсіздігі ережесі

МАЗМҰНЫ      

 1-бөлім. Жалпы ереже

1-тарау. Жалпы талаптар

      1. Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесі (бұдан әрі - Ереже) азаматтардың өмірі мен денсаулығын, жеке, заңды тұлғалардың мүлкін, меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік мүлікті қорғау, қоршаған ортаны қорғау мақсатында меншік нысанына қарамастан, жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың оларды қолдануы және орындауы үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын анықтайды.
      2. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшыларына жүктеледі. Ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары атқаратын лауазымы бойынша немесе қолданыстағы нормативтік құқықтық және басқа да актілер күшінде орындалатын жұмыстың сипатына қарай тиісті өрт қауіпсіздігі ережелерін орындайтын және белгілі жұмыс учаскелерінде олардың сақталуын қамтамасыз ететін тұлғаларды тағайындайды.
      3. Ұйымның барлық жұмысшылары тек өртке қарсы нұсқаулықтан өткеннен кейін ғана жұмысқа жіберіледі, ал жұмыс сипаты өзгерген жағдайда ұйым басшылары бекіткен тәртіппен ықтимал өрттердің алдын алу және сөндіру бойынша қосымша оқудан өтеді.
      4. Ұйым жұмысшыларын объектілердегі өрттердің алдын алу және олармен күресу бойынша жұмысқа жұмылдыру үшін өрт-техникалық комиссиясы мен ерікті өртке қарсы құрамалары құрылады.
      5. Мүлік иелері, мүлікке иелік етуге, пайдалануға және билік етуге уәкілетті тұлғалар, оның ішінде ұйымның басшылары мен лауазымды тұлғалары, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгіленген тәртіппен тағайындалған жауапты лауазымды тұлғалар:
      1) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, сондай-ақ өртке қарсы қызметі органдарының ұйғарымдамалары мен басқа да заң талаптарын орындауы;
      2) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруы;
      3) өртке қарсы үгіт-насихат жүргізуге, сондай-ақ өз жұмысшыларына өрт қауіпсіздігі шараларын оқып-үйретуі;
      4) белгіленген нормаға сәйкес өртке қарсы қызметі бөлімшелерін құруы және ұстауы;
      5) өрт сөндіру жүйелері мен құралдарын жарамды күйде ұстауы, оларды мақсатсыз пайдалануға жол бермеуі;
      6) өрт сөндіру, олардың пайда болу себептері мен шарттарын және дамуын анықтау кезінде, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына және өрттердің пайда болуына кінәлі тұлғаны анықтауда өртке қарсы қызметіне көмек көрсетуі;
      7) өрттерді анықтаудың және сөндірудің автоматтандырылған құралдарын енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асыруы;
      8) өртке қарсы қызметінің өкілдеріне заңнамада белгіленген тәртіппен ұйымдардың аумағында өздерінің қызметтік міндеттерін жүзеге асыру кезінде рұқсат беруі;
      9) өртке қарсы қызметі органдарына өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы, оның ішінде өндірілетін өнімдердің өрт қауіптілігі туралы, сондай-ақ аумақтарда болған өрттер мен олардың салдарлары туралы мәліметтер мен құжаттарды тапсыруы;
      10) болған өрттер, өртке қарсы қорғаныс жүйелері мен құралдарының жарамсыздығы туралы, жолдар мен кірме жолдар жай-күйінің өзгерістері туралы өртке қарсы қызметіне дереу хабарлауы тиіс.
      6. Заттарды, материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды дайындаушылар (жеткізушілер) тиісті техникалық құжаттарда осы заттардың, материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың өрт қауіпсіздігінің көрсеткіштерін, сондай-ақ оларды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын көрсетеді.
      7. Барлық өндірістік, әкімшілік, қойма мен қосалқы үй-жайларда телефондардың жанында өртке қарсы қызметті шақыратын телефон номері көрсетілген кесте ілінеді.
      8. Әрбір ұйымда бұйрықпен (нұсқаумен) олардың өрт қауіптілігінің тиісті өртке қарсы тәртібі орнатылады, оның ішінде:
      1) ашық отты пайдалану тәртібі мен қауіпсіздік шаралары анықталады;
      2) темекі шегуге арналған орындар анықталады және жабдықталады;
      3) өрт сөндіру автокөліктерінің объектіге өту тәртібі анықталады;
      4) үй-жайларда бір мезгілде сақталатын шикізат пен толық және жартылай дайын өнімдердің орны мен саны анықталады;
      5) жанармай қалдықтары мен тозаңдарды тазалау, майлы арнайы киімдердің сақталу тәртібі белгіленеді;
      6) өрт болған жағдайда және жұмыс күнінің соңында электр жабдықтарын ток көзінен ажырату тәртібі анықталады;
      7) уақытша отты және басқа да өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізудің тәртібі белгіленеді;
      8) жұмыс аяқталғаннан кейін бөлмелерді тексеру және жабу тәртібі белгіленеді;
      9) өрт кездегі жұмысшылардың іс-қимылдары белгіленеді;
      10) мамандықтар (лауазымдар) тізбесі, өртке қарсы нұсқаулық пен өрт-техникалық минимумы бойынша сабақтар өткізудің мерзімі мен тәртібі анықталады, сондай-ақ оны өткізуге жауаптылар тағайындалады.
      9. Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқауларға қойылатын талаптарға сәйкес (1-қосымша) әр объектіде әрбір өрт жарылыс қаупі және өрт қаупі бар учаскелерге (шеберханаларға, цехтарға) арналған өрт қауіпсіздігі талаптарына сай нұсқаулар әзірленеді.
      10. Бір мезгілде оннан астам адам болатын ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерден басқа) өрт болған жағдайда адамдарды көшіру жоспарлары (кестелері) әзірленіп, көрнекті жерге ілінеді, сондай-ақ адамдарды өрт туралы құлақтандыру жүйесі (қондырғысы) қарастырылады.
      Адамдар жаппай жиналатын объектілер адамдар тұрақты немесе уақытша келетін бір немесе бірнеше үй-жайлары бар (авариялық жағдайлардан басқа) 1 м2 орынға бір адамнан артық келетін алаңы 50 м2 және одан да көп объектілер болып табылады.
      Адамдар жаппай жиналатын объектілерде өрт болған жағдайда адамдарды қауіпсіз және жылдам көшіруді қамтамасыз ету бойынша қызметкердің іс-әрекеттерін анықтайтын адамдарды көшірудің үлгі жоспарына қосымша нұсқау әзірленуі қажет, әр жарты жылда кемінде бір рет адамдарды көшіруге жұмылдырылған барлық жұмысшылармен тәжірибелік жаттығулар өткізілуі тиіс.
      Адамдар түнде жиналатын объектілер үшін (балабақшалар, мектеп-интернаттар, ауруханалар) нұсқауда іс-әрекеттің екі түрі қарастырылады: күндізгі және түнгі уақыт. Аталған объектілердің басшылары күн сайын өртке қарсы қызметі белгілеген уақытта өрт сөндіру бөліміне өртке шығу ауданында орналасқан объектілер мен әр объектідегі адамдардың саны туралы ақпаратты хабарлайды.
      11. Қозғалысы нашар санатқа жататын адамдар (қозғалыс аппараттары зақымданған мүгедектер, көздері нашар көретін және есту қабілеттері нашар, сондай-ақ егде жастағы және уақытша еңбекке жарамсыз тұлғалар) тәулік бойы болатын ғимараттар мен құрылыстарды өрт туралы адамдарды құлақтандыру жүйесіне қосылған, дабылды қайталайтын жарықтандырылған, дыбысты және көрнекті дабыл қаққыштармен дер кезінде жеткілікті және сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету қажет.
      Жарықтандырылған, дыбысты және көрнекті хабарландырушы дабыл қаққыштар аталған санаттағы тұлғалар болатын үй-жайларға, сондай-ақ әрбір көшіру, авариялық шығу және көшіру жолдарында орнатылуы тиіс.
      Жарық беруші белгілер түріндегі жарық дабылдары дыбысты дабылдармен бір мезгілде қосылады. Жарық дабылының жыпылықтау жиілігі 5 Гц аспауға тиіс. Көрнекті ақпараттар қарама-қарсы түстегі жерлерге көру қашықтығына сәйкес келетін белгілер өлшемімен орнатылады.
      Мұндай ұйымдарға қызмет көрсетуші тұлға өртке қарсы қызметі органдарымен келісілген нұсқау бойынша қозғалысы нашар санатқа жататын тұлғаларды көшіру бойынша арнайы оқудан өтуі тиіс.
      12. Ұйым жұмысшылары, сондай-ақ азаматтар:
      1) өрт болған жағдайда өртке қарсы қызметі бөлімшесіне хабарлауы және адамдарды, мүліктерді құтқаруға қажетті шараларды қолдануы және өртті жоюы;
      2) газ құралдарын, тұрмыстық химия заттарын пайдалану, тез тұтанғыш (бұдан әрі - ТТС) және жанғыш сұйықтықтармен (бұдан әрі - ЖС), басқа да өртке қатысты қауіпті заттармен, материалдармен және жабдықтармен жұмыс істеу кезінде сақтану шараларын орындауы тиіс.
      13. Адамдар жаппай қатысатын шараларды (кештер, би кештері, жаңа жыл шыршасының жанындағы салтанатты мереке, ойын-сауықтар) ұйымдастырушылар іс-шаралар басталмас бұрын бөлмелерді мұқият қарап, олардың өрт қауіпсіздігіне толықтай сай екендігіне көз жеткізеді.
      14. Ұйым басшылары қауіпті (жарылыс қаупі бар) тез әсер ететін улы заттар қолданылатын, өңделетін және сақталатын аумақтар мен осы кәсіпорындарда өрт сөндіруге жұмылдырылатын жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алғашқы кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті мәліметтерді өртке қарсы қызметі бөлімшелеріне хабарлайды.

 2-тарау. Аумақтарға, ғимараттарға, құрылыстарға,
үй-жайларға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары

 1 параграф. Аумақтарды ұстау

      15. Елді мекендер мен кәсіпорындар аумақтарында жанармай қалдықтарының үйінділерін, қоқыстарды шашуға жол берілмейді. Барлық қалдықтарды арнайы бөлінген алаңдардағы контейнерлерге немесе жәшіктерге жинап, шығарып тастау қажет.
      16. Елді мекендер мен ұйымдардың аумақтары, ғимараттардың, құрылыстар мен ашық қоймалардың өртке қарсы аралықтарының шекаралары, сондай-ақ тұрғын үйлерге, саяжайлар мен басқа да құрылыстарға жақын учаскелер жанармай қалдықтарынан, қоқыстан, қураған жапырақтардан, құрғақ шөптерден дер кезінде тазартылып тұрады.
      17. Ғимараттар мен құрылыстардың, орман қатарының, ағаштардың, басқа да материалдар мен жабдықтардың өртке қарсы аралықтары материалдарды, жабдықтар мен ыдыстарды сақтау қоймасы ретінде, көлік тұрағы және ғимараттар мен құрылыстар салу (орнату) үшін пайдаланылмайды.
      18. Ғимараттарға, құрылыстарға, ашық қоймаларға, сыртқы өрт сөндіру сатылары мен өрт сөндіру мақсатында пайдаланылатын су көздеріне барар жолдарды, өтетін жерлер мен кірме жолдарды өрт техникалары өту үшін әрқашан бос және жарамды жағдайда, ал қыста қар мен мұздан тазартып ұстау керек.
      Жолдар мен өтетін жерлердің оларды жөндеу үшін немесе өрт сөндіру автокөліктерінің өтуіне кедергі келтіретін басқа да себептер бойынша жабылуы туралы дереу өрт сөндіру бөлімшелеріне хабарлау керек.
      Жолдар жабылған кезде тиісті орындарда су көздеріне айналып өту бағытының көрсеткіштері қойылады немесе жөнделіп жатқан учаскелер мен кірме жолдар арқылы өтетін өткелдер орнатылады.
      19. Уақытша құрылыстар басқа ғимараттар мен құрылыстардан немесе өртке қарсы қабырғалардан (басқа нормалар бойынша өзге өртке қарсы аралықтары талап етілген жағдайлардан басқа) кемінде 15 м қашықтықта орналастырылады.
      Кейбір блок-контейнерлік ғимараттар мен құрылыстар топта 10 аспайтын және ауданы 800м2 аспайтын топтармен орналастырылады. Ғимараттардың топтарының және олардан бастап басқа құрылыстарға, сауда дүңгіршектеріне дейінгі арақашықтығы кемінде 15 м болуы тиіс.
      20.  Қойма және база бөлмелерінде, астық қабылдау бекеттерінің, сауда объектілерінің, мұнай өндіру және қайта өңдеу, ТТС, ЖС және жанғыш газдарды (бұдан әрі - ЖГ), жарылғыш заттардың барлық түрлерінің өнімдерін сақтау, өрт жарылыс қаупі және өрт қаупі бар учаскелерінің, мектепке дейінгі балалар мекемелері мен мектептердің, емдеу және мәдени ойын-сауық мекемелерінің аумағында, астық алқаптарында, көлік құралдарында, сондай-ақ кәсіпорындардың темекі шегуге арналмаған орындарында темекі шегуге жол берілмейді.
      21. Ғимараттарға, құрылыстарға және жанғыш заттар мен материалдарды ашық сақтау орындарына 50 м жақын жерде алау жағуға, қалдықтар мен ыдыстарды өртеуге жол берілмейді. Қалдықтар мен ыдыстарды өртеу осы мақсатқа арнайы бөлінген орындарда қызмет көрсетуші қызметкердің бақылауымен жүргізіледі.
      22. Елді мекендер мен ұйымдардың аумақтарын түнгі уақыттарда өрт гидранттарын, өрт сөндіру суаттарына барар жолдарды, сыртқы өрт сатылары мен өрт сөндіру құрал-саймандары орналастырылған орындарды, ғимараттар мен құрылыстарға кірер жолдарды жылдам табу үшін сыртқы жарықпен қамтамасыз ету қажет.
      Өрт қауіпсіздігі құралдары орналастырылатын (болатын) орындар мен арнайы жабдықталған темекі шегу орындары тиісті таңбаларымен белгіленеді.
      23. Ішкі объектілік теміржолдар арқылы өтетін өткелдер мен өту жолдары өрт сөндіру автокөліктері өту үшін босатылады және рельс биіктігінің деңгейінде біртегіс төсеніштері болады. Ішкі объектілік теміржолдар арқылы өтетін өткелдер мен өту жолдарын өрт сөндіру автокөліктері өту үшін бос ұстап, рельс биіктігінің деңгейінде біртегіс төсенішпен қамтамасыз етуі тиіс. Өткелдерде локомотивтері жоқ вагондардың тұруына жол берілмейді. Жол арқылы өтетін өткелдердің саны екеуден кем болмауы тиіс.
      24. Тұрғын үй, саяжай және бағбандық мекендер, қоғамдық және азаматтық ғимараттар аумақтарының ашық алаңдары мен аулаларында ТТС мен ЖЖ ыдыстарын (сыйымдылықтар, канистрлер), сондай-ақ сығылған және сұйытылған газ баллондарды қалдыруға болмайды.
      25. Ормандарда, орманды алқаптар мен далаларда орналасқан жазғы балалар сауықтыру лагерлерінің аумақтары кемінде ені 3 м болатын минералдандырылған қорғаныс жолағымен қамтамасыз етілуі тиіс.
      26. Қызметтері дала, орман және тоғай алқаптарында жүргізілетін ұйым басшылары өздеріне сеніп тапсырылған аумақтарда өрттің пайда болуы мен дамуына жол бермеу шараларын қолданады.
      27. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, автокөлік жолдарында өрт қаупі кезеңі басталғанға дейін жол бойлары мен кюветтер құрғақ шөп қалдықтарынан тазартылады, сондай-ақ дала алқаптары мен орман автокөлік жолдарының бойында жер жырту жұмыстары жүргізіледі.
      28. Автокөлік жолдары бойындағы жыртылатын жерлердің ені кемінде 4 м болуға тиіс. Жыртылған жерлерде құрғақ шөп қалдықтарының жиналуына жол берілмейді.
      29. Автокөлік пен теміржол жолдары арқылы жүргізілетін ағаш егу алқаптарын өңдеу периметрі 4 м кем болмауы тиіс.
      30. Ағаш отырғызатын орындар мен орман алқаптарын қурап қалған ағаштардан дер кезінде тазартып тұру қажет.
      31. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік түріне қарамастан, теміржолдарда өрт қаупі кезеңі басталғанға дейін теміржол бойлары құрғақ шөп қалдықтарынан тазартылады, теміржолға жақын жатқан дала, ағаш отырғызу және орман алқаптары айналасында жер жырту жұмыстары жүргізіледі.
      32. Шөптесін өсімдіктерді өртеу өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті бақылаушы органдардың келісімі бойынша жауапты тұлғаның бақылауымен жүргізіледі.
      33. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, далалық алқаптар жер үлесінің шегі бойынша ені кемінде 4 м болатын жолақ арқылы айналдыра жыртылады.
      34. Үй-жайлардың (учаскелердің) саны 300-ден аспайтын ауылдық елді мекендер, бақшалық серіктестіктер мен саяжай-құрылыс кооперативтерінің өрт сөндіру мақсатында саны 300-ден 1000-ға дейінгі үй-жайлары (учаскелер) бар жылжымалы өрт сөндіру мотопомпасы - тіркемелі өрт сөндіру мотопомпалары, саны 1000 астам үй-жайлары (учаскелер) бар - кемінде екі тіркемелі өрт сөндіру мотопомпасы болуы тиіс.



Похожие:

Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы iconӨрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi
Ағалау критерийлерi (бұдан әрі Критерийлер) «Өрт қауіпсіздігі туралы», «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік...
Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы iconӨрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi
Ағалау критерийлерi (бұдан әрі Критерийлер) «Өрт қауіпсіздігі туралы», «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік...
Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің Темір
«Темір жол және әуе көлігінде өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрт салдарын жою қағидаларын бекіту туралы»...
Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы iconӨрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясына жатпайтын объектілер үшін тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi
Ағалау критерийлерi (бұдан әрі Критерийлер) «Өрт қауіпсіздігі туралы», «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік...
Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы iconҚағидаларын бекіту туралы 2008 жылғы 16 ақпандағы №148
«Темір жол және әуе көлігінде өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрт салдарларын жою қағидаларын бекіту...
Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы iconӨрт қауіпсіздігі ережесі бойынша насихат тобы
«101» нөміріне хабарлас ойын-тәжірибесі өткізілді. «Өрт қауіпті құралдар» бойынша ребус шешті, «Өрт жағдайына не әкелуі мүмкін» крассворд...
Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы iconА қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 ақпандағы №148 қаулысымен бекітілген
Метрополитенде өрт қауіпсіздігі және өрт салдарларын жою бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы icon«Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4-1 тармағына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң...
Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы iconӨрт қауіпсіздігі саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тексеру парағы
Адамдар жаппай жиналатын қоғамдық және өндірістік ғимараттарда, ұйымдарда, жарылыс, өрт және өрт қауіптілігі бойынша А, б және в...
Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы iconАвтомобиль көлігіндегі еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы”
Автомобиль көлігі туралы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін іске асыру және Қазақстан Республикасының автомобиль көлігіндегі...
Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы iconҚарсы комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы
Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңына, «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 –...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы