Қостанай облысы әлеуметтік бастамалар мен жобалардың жәрмеңкесі «Қостанай облысы «ГрИн» icon

Қостанай облысы әлеуметтік бастамалар мен жобалардың жәрмеңкесі «Қостанай облысы «ГрИн»



НазваниеҚостанай облысы әлеуметтік бастамалар мен жобалардың жәрмеңкесі «Қостанай облысы «ГрИн»
Дата конвертации11.12.2012
Размер66.81 Kb.
ТипДокументы
источник

Қостанай облысы әлеуметтік бастамалар мен жобалардың жәрмеңкесі


«Қостанай облысы «ГрИн» азаматтық альянсы» Қостанай облыстық әкімдігі ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, Қостанай қаласында 23 қазанда 2012 жылы болатын әлеуметтік бастамалар мен жобалардың жәрмеңкесіне шақырады (өткізілу орны қосымша хабарланатын болады).

Әлеуметтік жобалардың жәрмеңкесі – бұл дәрежелері мен жұмыс бағыты әр түрлі әріптестердің ортақ мәселелерді шешуге бағытталған кездесуіне арналған коммуникациялық алаң. Бұл ҮЕҰ үшін бастамашыл топтың саяси маңызды жобаларын таныстыруға тамаша мүмкіндік, бұл жаңа тәжірибе мен заманауи технологиялардың таралымын арттыру деген сөз, әрі кәсіби қауымдастықтардың білім алаңқайы.

^ Жәрмеңке мақсаттары:

Қоғамдық сананы мобилизациялау және мемлекетпен тікелей әріптестікке мүмкіндік туғызу, әрі бұл мүмкіндік Қостанай облысы тұрғындарында кездесетін әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге ықпалын тигізбек.

^ Жәрмеңке тапсырмалары:

1. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарлама аясында мемлекеттік әлеуцметтік тапсырыстарды талқылауға арналған пікір алысу алаңын қалыптастыру, осы орайда жергілікті Қостанай облысы аумағында жұмыс істейтін ҮЕҰ мүмкіндігін ескерген жөн;

2. Үкіметтік емес ұйымдардың мүмкіндіктерін көрсету, тұрғындар арасында ұшырасатын мәселелерді шешудегі жаңа тәсе,лдер мен тың технологиялар, қазақстандықтардың әлеуметтік стандарттарын қалыпастыру сапалы жүйелеріне қатысты әлеуметтік әріптестік механизмдерін қалыптастыру;

3. Әріптестік қарым қатынас негізіндегі барлық азаматтық институттарды жаңғыртуға ортақ амалдарды жасақтау; яғни бұл деген сөз, мемлекет, бизнес пен азаматтардың өзара тығыз қарым-қатынасы.

Жәрмеңкенің басты тақырыптары:

  • Тұрғындардың азаматтық бастамаларын жүзеге асыру және қолдау;

  • Азаматтық қоғам институттарының дамуы мен нығаюы;

  • Барлық азаматтық институттар арасындағы әріптестіктің дамуы, мемелекетпен аралықтағы әлеуметтік әріптестік;

  • Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың жүзеге асыру механизмін дамыту;

  • ҮЕҰ ұйымдастырушылық және кадрлық құрамын дамыту;

  • Тұрғындардың құқықтық мәдениетін дамыту, азаматтық құқықтардың және бастамалардың қорғалуы.

^ Жәрмеңке аясындағы шаралар:

Жәрмеңкені ұйымдастыру барысында ұйымдастырушы тараптың мақсаты мен міндетін толықтай көрсететін болады:

Жәрмеңке бағдарламасында көрсетілген алғашқы тапсырманы жүзеге асыру бойынша ҮЕҰ мүшелерінің және профильдік департаменттер мен ведомстволардың отырысын өткізу жоспарланып отыр, отырыстардың барысында мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты талқылау ұсынылатын болады. Әрі олардың мемленкеттік әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асырудағы саясаттары байқалатын болады.

Екінші тапсырманы жүзеге асыру бойынша ^ Жәрмеңкенің жеті номинциясы бойынша идеялар мен жобалар бауқауына қатысуға өтінім қабылданып, олардың презентация дайындауы мен сарапшылар алдында қорғауға дайындығы.

Біркелкі стандартқа сәйкес рәсімделген барлық идеялар интерактивті қабырғадан орын алып, байқау комиссиясының іріктеуінен өткендер жабылу салтанатында диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады. Сарапшылардың қолдауын тапқан барлық идеялар Қостанай облысының ҮЕҰ әлеуметтік-маңызды жобалары тізіміне енеді.

Үшінші тапсырманы жүзеге асыру үшін мемлекеттік құрылым өкілдері, халықаралық донорлық ұйымдар өкілдері, бизнес пен Қостанай облысы ҮЕҰ өкілдері шақырылатын панельді конференция өткізілетін болады.

Жәрмеңкенің жабылу салтанатында үздік идеялар мен жобалар мараппаталатын болады. Қорытындыда ҚР президентінің қазақстандық қоғамды әлеуметтік жаңғырту тапсырмасын орындауға бағытталған Қостанай облысындағы мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстың жалпы бағыты анықталатын болады.

Жәрмеңке аясында жүзеге асырылған, жоспарда бар әлеуметтік жобалардың көрмесі ұйымдастырылып, жобалар ойының байқауы келесі номинациялар бойынша ұйымдастырылады:

1. «Мен қазақстан азаматымын» - бұл жобаның бығыты:

  • елжандылық пен азаматтық сезім тәрбиесі;

  • қоғамдық маңызды шараларға тұрғындарды тарту;

  • тұрғындар арасынан бастамашыл топтарды құру;

  • қазақстандықтардың өмір сүру сапасы стандарттарын қалыптастыру;

  • тұрғындардың өзін-өзі ұйымдастыру деңгейін жоғарлату.

2. «Тең мүмкіндіктер қоғамы» - бұл жобаның бығыты:

  • облыстағы әлеуметтік әлсіз тұстардың мәселесін шешетін бастамашыл топтар.

  • қоғамға қажетті адамдарды интеграциялауға қатысты тың жобаларды қалыптастыру

  • тұрғындар арасындағы өз-өзінің белсенділігін арттыруға, өмір сапасының жоғарлатуына бағытталған жобаларды әзірлеу.

3. «Құқық» - бұл жобаның бығыты:

  • Облыстағы азаматтық құқықтарды қорғайтын бастамалар, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын жоғарылату.

  • белсенді азаматтық ұстанымға қолдау білдіру, азаматтық бастамаларға, азаматтық мәдениеттің танылуына демеу көрсету.

4. «Жастар» - бұл жобаның бығыты:

  • жастарды қоғам мәселелерін шешуге тарту, яғни анық азаматттық ұстанымды тәрбиелеу.

  • жастар үшінг тиімді «әлеуметтік» лифттер механизмін қалыптастыру.

  • жұмыспен қамтуға қатысты мүмкіндіктер жобасын жасақтау, және қызметтік жоғарылау, жастар арасындағы сенімсіздікті сейілту.

5. «Саламатты Қазақстан» - бұл жобаның бығыты:

  • денсаулық сақтау, аурулардың алдын алу және тұрғындар денсаулығ,ын сақтау бастамалары.

  • дәрі –дәрмектерді орынды пайдалануды үйрету жобаларын жасақтау.

  • белсенді демалыс пен денешынықтыруға және спортқа жағдайға жасау.

6. «Білімді ұлт» - бұл жобаның бығыты:

  • білім беру технологиялары мен әдістемелерінің дамуы.

  • жасөспірімдер мен балалардың рухани тәрбиесі.

  • жеке бас жетістігін қалыптастыру жобаларын жасақтау.

  • кәсіптік бағытталу бюойынша жаңа бастамаларды жасақтау.

  • студенттер мен оқушалыра арасында еңбектік мамандықтарды насихаттау.

7. «Кәсіби» - бұл жобаның бығыты:

  • ҮЕҰ ұйымдастырушылық және кадрлық дамуына жәрдемдесу.

  • ауылдық елді мекендердегі үкіметтік емес ұйымдардың дамуына жағдай жасау.

  • мемелекеттік тапсырыстар ауанында жұмыс істейтін қызметукерлердің, әсіресе ҮЕҰ мамандарының біліктіліг арттыру бағджарламасын жасақтау.

8. «Асыл мура» - бұл жобаның бағыты:

  • Мәдени мұраны насихаттау,

  • Мемлекеттік тілді дамыту,

  • Дарындарды көтермелеу,

  • Халық шығармашылығын дамыту


Бағалау талаптары

  • Жобаның әлеуметтік маңыздылығы, байқаудың талаптарына сәйкестігң.

  • Өзектілігі, әлеуметтік мәселелерді шешуге икемділігі.

  • Жобаны жүзеге асырудағы шикізаттық және кадрлық мүмкіндіктері.

  • Жобаны басқарудағы тиімділік.

  • Әлеуметтік жұмыста заманауи технологиялар мен қалыптарды пайдалану.

  • Жобаның жүзеге асырылған шағында күтілетін нәтиженің ақылға қонымдылығы.

  • Экономикалық мақсат.

Байқау шарттары:

Байқауға ҮЕҰ мен азаматтардың бастамашыл топтары қатыса алады.

Жәрмеңкеге қатысқысы келген ұйым 2012 жылдың 19 (кіреді) қазанына дейін қатысушының тапсырысын беруі тиіс. Тапсырыста ұйым және қатысушы хақындағы мәлімет пен жәрмеңкеге ұсынылатын жоба көрсетіледі. Бұл ақпарат әлеуметтік маңызды жобалардың электрондық мекен-жайында орналастырылатын болады. Электронды каталог Қостанай облыстық әкімдігі ішкі саясат басқармасының сайттарында және ҮЕҰ шикізаттық орталығында орналастырылатын болады.

Конкурстық тапсырыс қосымшаға сәйкес жасақталады:

  • Қауымдастықтың суреттелуі.

  • Жоба бағытталған мәселенің ау-жайы.

  • Жобаның мақсат, міндеттері.

  • Күтілетін нәтиже.

  • Нәтиже бағалары.

  • Жоба тұрақтылығы.

  • Жоба бюджетін қатысты мәлімет.

Қорытынды және марапаттау.

Байқау жеңімпаздары дипломдар мен сыйлақтармен марапатталып, қатысушыларға алғыс хаттар табысталады.

Жәрмеңкеге халықаралық донрлық ұйымдарының мүшелері, бизнес-структуралардың және осы жобалардың қаржыландыруына тікелей ықпал ете алатын мемлекеттік ұйымдар шақырылады.

Жәрмеңке жұмысы хақындағы мәлімет бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таралатын болады. Қатысушылармен арнайы сұхбат жұмыстары жүргізілетін болады.

Жәрмеңкеге қатысу үшін және әлеуметтік бастамалар байқауына қатысуға тапсырыстар 20012 жылдың 19 қазаны 16:00-ге дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады: Электронды пошта: grin_kost@mail.ru (Жәрмеңкеге деген ескертпесімен)

Қостанай қаласы, 1 Май көшесі 151. Ұйымдастырушы комитет «Қостанай облысы ҮЕҰ Әлеуміттік бастамалар мен жобалардың жәрмеңкесі».

Қосымша ақпарат мына сайтта орналастырылатын болады: : www.gakogrin.kz


Жоба кураторы:

Жаринова Елена

Тел.: 8-7142-54-14-69, 54-48-40



Похожие:

Қостанай облысы әлеуметтік бастамалар мен жобалардың жәрмеңкесі «Қостанай облысы «ГрИн» iconҚостанай облысының үкіметтік емес ұйымдары арасында өтетін облыстық байқаудың ережесі
Байқау Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы мм мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша Қостанай облысының «ГрИн» азаматтық...
Қостанай облысы әлеуметтік бастамалар мен жобалардың жәрмеңкесі «Қостанай облысы «ГрИн» iconМүгедектер үшін телефакстарды бір көзден алу тәсілімен сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттама
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мм, Қостанай облысы, Қостанай қаласы,...
Қостанай облысы әлеуметтік бастамалар мен жобалардың жәрмеңкесі «Қостанай облысы «ГрИн» iconҚостанай облысы әкімдігі, Қостанай облысы қызметкерлерінің облыстық бірлестігі және жұмыс берушілерінің облыстық бірлестігі арасындағы 2012 – 2014 жылдарға арналған келісім
Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерінің негізінде жасасқан және қызметкерлер үшін...
Қостанай облысы әлеуметтік бастамалар мен жобалардың жәрмеңкесі «Қостанай облысы «ГрИн» iconҚостанай облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңесінің дербес құрамы
«Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (ММ) бастығы, төрағаның орынбасары
Қостанай облысы әлеуметтік бастамалар мен жобалардың жәрмеңкесі «Қостанай облысы «ГрИн» iconМүгедектер үшін кресло-арбаларды бір көзден алу тәсілімен сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттама
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мм, Қостанай облысы, Қостанай қаласы,...
Қостанай облысы әлеуметтік бастамалар мен жобалардың жәрмеңкесі «Қостанай облысы «ГрИн» iconБекітемін «Қостанай облысы әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мм бастығы М. Байлин
Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан...
Қостанай облысы әлеуметтік бастамалар мен жобалардың жәрмеңкесі «Қостанай облысы «ГрИн» icon«Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
Ағымдағы ахуалдың талдауы және Қостанай облысы ішкі саясат саласының даму тенденциялары
Қостанай облысы әлеуметтік бастамалар мен жобалардың жәрмеңкесі «Қостанай облысы «ГрИн» icon«Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
Ағымдағы ахуалдың талдауы және Қостанай облысы ішкі саясат саласының даму тенденциялары
Қостанай облысы әлеуметтік бастамалар мен жобалардың жәрмеңкесі «Қостанай облысы «ГрИн» icon2012 жылғы 01 желтоқсан айының жағдайы бойынша реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған Қостанай облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің
«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің...
Қостанай облысы әлеуметтік бастамалар мен жобалардың жәрмеңкесі «Қостанай облысы «ГрИн» iconҚостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай дарыны"
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы