Шығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан Қостанай облысы әкімінің орынбасары icon

Шығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан Қостанай облысы әкімінің орынбасары



НазваниеШығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан Қостанай облысы әкімінің орынбасары
Дата конвертации03.04.2013
Размер73.53 Kb.
ТипДокументы
источник


Шығ. № 2-42/174

2010 жылғы 19 ақпан


Қостанай облысы

әкімінің орынбасары

С.Ш. Бектұрғановқа


Қостанай қ.,

Әл-Фараби даңғ., 66


Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кеңейтілген отырысының 2009 жылғы 27 қазандағы № 3 хаттамасын орындауда төмендегісін мәлімдейміз.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 мамырдағы N 784 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасын Федоров ауданында іске асыру жөніндегі 2010 – 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітілген.

Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізілді. Онда, комиссияның 2009 жылғы жұмысының қорытындылары шығарылып, мынадай сұрақтар қаралды:

– аудандағы жалпы білім беретін мектептерде нашақорлық бекеттер мен «Денсаулық клубтарының» жұмысы туралы.

– аудандағы мәдениет және спорт мекемелерінің нашақорлықпен және уытқұмарлықпен күрес жөніндегі жұмысы туралы.

– Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жоспарын бекіту туралы.

«Жас саясаткер» АНТ тұрғындарды ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы мен ауданда нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар мен қолданатын шаралар туралы хабардар ету жөніндегі ақпараттық-насихаттау жұмыстарды жүргізеді.

Федоров ауданында мемлекеттік мекемлер арасындағы ақпараттық-анықтамалық, талдау алмасу жүйесі ұйымдастырылды. Оның басты мақсат – «Дөңгелек үстелдер», семинарлар, алдын алу әңгімелесулер ұйымдастыру, газетте жарияланатын очерктер жазу, талдау, тоқсан сайынғы есептер құрастыру, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комиссия отырыстарын өткізу. 17 ақпанда Федоров ауданының соты төрағасының бастамасымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы» атты «дөңгелек үстел» өтті. Оған мүдделі тұлғалар мен «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының өкілдері қатысты. Тақырыптың өзектілігі аталған мәселелерді шешудегі мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, лауазымды және жеке тұлғалар арасындағы өзара әрекеттесуді арттырумен мәжбүрленген.

«Федоров ауданының жастар орталығы» ҚБ 2010 жылға арналған жастар жобаларын әзірледі. Осы жобалар нашақорлыққа қарсы тұрақты имунитетін қалыптастыруға, салауатты өмір салты мен патриотизмді дамытуға бағытталған аудан жастарының демалысының әр түрлі нысандарды қамтыған.

Жасөспірімдердің есірткі заттарды пайдалануға жол бермеу мақсатында балалармен және жастармен сыныптан тыс жұмысына ерекше назар аударылады. Білім беру ұйымдарда құқық қорғау және денсаулық сақтау органдарының өкілдерінің қатысумен «дөңгелек үстелдер», пікірталас турнирлер, акциялар өткізіледі. Жастар ортасында патриоттық рухының артуы – қоғамның нашақорлыққа қарсы ұстанымын нығайтудың маңызды факторы болғандықтан, ауданда оқушылардың «Нашақорлық – Қазақстанның болашағына қауіпі» атты қозғалысын қалыптасу жұмыстары жалғасын табуда. Оқушылар мен ата-аналар арасында мәдени-тәрбие жұмысы мен нашақорлыққа қарсы белсенді насихаттау жүргізіліп жатыр.

Ауданның мектептерінде 22 нашақорлыққа қарсы бекет және 22 «Денсаулық клубы» қызмет етеді. Олардың құрамына 238 адам кіреді. Мұғалімдер СӨС орталығымен бірлесе отырып 35 дәріс, 137 әңгіме, нашақорлық пен зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу жайында 72 дәріс өткізді. Оларға 2375 оқушы қатысты. Білім бөлімі білім жүйесінің барлық мекемелерді нашақорлыққа қарсы профилактикалық іс-әрекеттерге қатыстыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мен ұсыныстарды әзірледі. Бұл мәселе бойынша ең маңызды міндеттерді атап өтсек, олар:

– нашақорлықтың профилактикасы жөнінде тәрбиелеу іс-шаралардың тиімділігін арттыру;

– нашақорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстарды оқушылардың отбасыларында, сондай-ақ, жастар мен балалардың демалыс орындарда жүзеге асыру;

– білім беру мекемелерінде есірткіге және есірткі заттарды тарататын және таратуға оқушыларды тартатын адамдарға жағымсыз қарауды қалыптастыратын инфрақұрылымды құру.

«Досыма, оны есірткіден құтқару үшін не айтар едім?» атты аудандық шығармалар байқауы өткізілді (ең үздік шығармалар М. Мәметова атындағы № 4 ОМ, Пешков ОМ, Баннов ОМ облыстық байқауға жіберілді).

2010 жылдың қаңтар айында әлеуметтік педагогтар мен директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлар үшін «Мектептегі денсаулық сақтайтын технологиялардың мәселелері. Салауатты өмір салтын қалыптастыру». «Өзің өмір сүріп, басқаларға да өмір сүруге мімкіндік бер» атты еріктілер бағдарламасы шеңберінде «Жоғары сынып оқушылары клубының» отырысы өткізілді. Онда, нашақорлық және темекі тарту мәселелер бойынша тренингтер өткізілді.

«Нашақорлықтың профилактикасы» бөлімі бар салауатты өмір салты жайында бейне жиынтығы құру жұмыстары жүріп жатыр.

«Федоров АОА» МКҚК-да ішімдік пен есірткіден масаю жағдайын медициналық куәландыру мәселелері жөнінде мастер-класс өткізілді. Іс-шараны Қостанай қ. Облыстық наркологиялық диспансерінің ӘҰБ меңгерушісі нарколог-дәрігер Н.В. Жукова өткізді. Осы мәселемен айналысып жүрген барлық медициналық қызметкерлер қатысып, тәжірибелерімен бөлісті және өздерінің ұсыныстарын ортаға салды.

Семинар, денсаулық сақтау саласындағы жаңа жүйеге өту талаптарында мециналық қызметкерлердің әдебі мен деонтологиясы жөнінде өткізілді. «Қатерлі ісік ауруларының төртінші кезеңі, ЖҚТБ, қарқынды созылмалы аурулармен ауыратындарға, өзін-өзі күте алмайтын адамдар мен мүгедектерге медбикелік көмек беріп, үйіне барып қызмет көрсету мекемелерінің тізімі туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысы белсенді талқыланды.

Дерматолог, онколог дәрігер Н.С. Скорняков, СӨС медбикесі В.Н. Циммерман мектеп интернаты мен балалар үйінің ұлдарымен ЖЖЖИ алдын алу, қатерлі ісік ауруларының алдын алу «Даль шеңбері» ойыны.

Мәдениет және спорт мекемелер есірткі заттарды пайдаланудың профилактикасына және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жоспарланған жұмысын жүргізіп жатыр.

Нашақорлыққа қарсы тұрақты имінитетін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар өткізіледі. Мысал келтірсек «Зиянды әдеттер», «Менің өмір сүріп жатқан әлем» (ОК), «Есірткі заттар туралы мифтер және ақиқат» (Баннов с/к, Новошумный с/к), «Есірткіге – ЖОҚ, деп айт!» (Ала-Боталы с/к), «Нашақорлықтың қоқынышы!» (Ленин с/к); «Есірткілер – денсаулықсыз өмір» (Мирный с/к), «Шприц – ара емес, ЖҚТБ – бал емес» (Малороссийка с/к) атты тренинг-әңгімелер; 9-11-сынып оқушыларға арналған «Нашақорлық пен маскүнемдіктің профилактикасы» (Первомай с/к). Лесная селолық кітапхана медицина қызметкері қатысумен «Салауатты өмір салты үшін» кездесі мен «Залым талқандаушы» атты денсаулық сабағын өткізді. Сабақ барысында ішімдіктің, есірткінің зияны мен олардың пайда болу тарихы туралы айтылып, слайдтар көрсетіліп, «Менің зиянды әдеттерге деген көзқарасым».

«Нашақорлық – алапат белгісі» (Малороссийка с/к) бейне сабағы, «Сасық мендуананың жазасы» (Курский с/к) ауызша журналы, балаларға арналған тақырыптық дискотека өткізілді, телевизиядан есірткі заттардың зияны туралы «Есірткіге – ЖОҚ!» атты ақпарат көрсетілді (Лесной с/к), «Есірткіге – ЖОҚ, деп айт!» тақырыптық кеш (Ала-Боталы с/к), «Есірткіге – ЖОҚ, деп айт!» атты тақырыптық дискотека (Чистый-Шандақ с/к) өткізілді.

Первомай селолық клубында «Бәрі де сенің қолыңда» атты «дөңгелек үстел» өткізілді, учаскелік инспектор, фельдшер және мектеп директоры нашақорлықтың профилактикасы туралы әңгіме өткізді.

Ауданның кітапханаларында нашақорлықтың профилактикасы жайында кітаптар көрмелер дайындалады: «Дені сау адам – сәнді және беделді адам», «АҚТҚ/ЖҚТБ-сіз әлем» (ОК), «Выбираешь «дурь» - вся жизнь сплошная «хмурь» (БК), «Темекін шегу денсаулық үшін қауіпті» (Владыкин с/к), «Нашақорлық – тұңғиыққа апаратын жол» (Жаңақой с/к).

2009 жылғы қарашадан бастап 2010 жылғы ақпанға дейін спорттық-бұқаралық күнтізбелік жоспарына сәйкес ауданда нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресіне және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық іс-шаралар өткізіледі. Олар:

- АБЖСМ-ның гір спортынан ашық біріншілік;

- ауданның ерлер командалары арасында баскетболдан чемпионаты;

- ауданның гір спортынан чемпионаты;

- ауданның мини-футболдан чемпионаты;

- аудан орталығының мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің спартакиадасы;

- мүмкіншіліктер шектеулі адамдар үшін аудандық жарыстар;

- ерлер мен әйелдер арасында волейболдан аудандық жарыстар;

- шайбалы хоккейден аудандық жарыстар;

- футзалдан аудандық жарыстар;

- оқушылар арасында мини-футболдан аудандық жарыстар;

- оқушылар арасында тоғызқұмалақтан аудандық жарыстар;

- БЖСМ тәрбиеленушілер арасында волейболдан ашық біріншілік.

Федоров АІІБ қызметкерлері 2009 жылдын 4 тоқсан және 2010 жылдың 1 ай ішінде есірткі заттардың заңсыз айналымға байланысты 3 фактісі айқындады, әрбір фактісі бойынша қылмыстық істер қозғалды. Соның ішінде 1 фактісі – «марихуананы» алып тастау, 2 фактісі – «героинді» алып тастау, сонымен қатар, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар заңсыз айналымы саласындағы 4 құқық бұзушылық, олардың барысында еірткі заттардың 6 келе 789 грамм алынып тасталды.

2009 жылғы 4 тоқсан ішінде және қазіргі уақытқа дейін Федоров АІІБ қызметкерлері мынадай жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізді: «Есірткіге қалқан» (есірткі заттардың заңсыз айналымы саласында 1 құқықбұзушылығы анықталды), «Арна» (есірткі заттардың заңсыз айналымы саласында 1 құқықбұзушылығы анықталды), «Допинг» (тұту ережелрді бұзумен сақталатын күкірт қышқылының прекурсоры алынып тасталды). Қазіргі кезде қатты әсер ететін есірткі заттарды пайдаланатын 17 адам наркологиялық есепке алынды. Олармен ай сайын есірткілердің зияны туралы профилактикалық әңгімелер өткізіледі. Сонымен қатар, «Допинг», «Есірткіге қалқан», «Арна-2009» атты жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу барысында осы тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша учаскелік испекторлармен бірге тексерістер өткізілген болатын.


Федоров ауданы

әкімінің орынбасары қолы қойылған О. Федорова


Орын. Л. Шаптала

тел. 22316




Похожие:

Шығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан Қостанай облысы әкімінің орынбасары iconБекітемін аудан әкімінің орынбасары О. Федорова 2010 жылғы «1» ақпан
Р президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты
Шығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан Қостанай облысы әкімінің орынбасары iconШығ. №3-05/218 2009 жылғы 23 желтоқсан Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының бастығы Т. С. Жақыповаға
Есеп кестесіне сәйкес Сізге 2009 жылғы 2 жартыжылдықтағы Федоров ауданының жастар төлқұжатын жіберіп отырмын
Шығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан Қостанай облысы әкімінің орынбасары iconҚостанай облысы әкімінің орынбасары С. Ч. Бектұрғановқа Қостанай қ., Әл-Фараби даңғ., 66 факс 575037
Республикасының Қарулы күштерге, басқа да әскерге және әскери құралымдарға мерзімді әскери қызметке күзгі шақыруды өткізуді ұйымдастыру...
Шығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан Қостанай облысы әкімінің орынбасары iconБекітемін: Аудан әкімінің орынбасары Ә.Әбжанов ақпан 2010 жыл
Мақтарал ауданындағы мектептерге оқулықтарды тасымалдау қызметін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа
Шығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан Қостанай облысы әкімінің орынбасары iconШығ. №2009 жылғы 2008 жылғы 13 тамыздағы Қостанай облысы
Жастардың бастапқы әскери даярлау 2005 жылғы 8 шілдедегі №74-ііі қазақстан Республикасының Әскери міндеттілік және әскери қызмет...
Шығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан Қостанай облысы әкімінің орынбасары iconҚостанай облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңесінің дербес құрамы
«Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (ММ) бастығы, төрағаның орынбасары
Шығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан Қостанай облысы әкімінің орынбасары iconБекітемін: Аудан әкімінің орынбасары Ә.Әбжанов ақпан 2010 жыл
Мақтарал ауданындағы мектептерге өрт сөндіру дабыл қаққыштарын орнату жұмыстарын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа
Шығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан Қостанай облысы әкімінің орынбасары icon32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Кадрлық өзгерістерге сәйкес шештім: «Қостанай облысы әкімінің жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия туралы»
«Костанайские новости», 2003 жылғы 10 қыркүйектегі №103 «Қостанай таңы», әкімнің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы №57 шешімімен өзгеріс...
Шығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан Қостанай облысы әкімінің орынбасары icon«Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
«Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты» (бұдан әрі Аппарат) аудан әкімияты құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын...
Шығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан Қостанай облысы әкімінің орынбасары icon«бекітемін» Федоров селосы әкімінің міндетін атқарушы, әкімнің орынбасары В. Мищенко
«2008-2010 жылдарға арналған Қостанай облысының қоршаған ортаны қорғау» өңірлік бағдарламасының 3 т. іске асыру жөнінде
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы