«Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Федоров селосы – 2009 жыл Мазмұны icon

«Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Федоров селосы – 2009 жыл Мазмұны



Название«Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Федоров селосы – 2009 жыл Мазмұны
страница1/4
Дата конвертации10.12.2012
Размер0.64 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4






Федороа ауданы әкімдігінің

«25» желтоқсан 2009 жылғы

422 қаулысымен

БЕКІТІЛДІ






«Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары


Федоров селосы – 2009 жыл

Мазмұны


1. Миссиясы және көрінісі 3


2. Ағымдағы ахуалды талдау 4-10


3. Стратегиялық даму мақсаты, қызметінің стратегиялық бағыттары және негізгі нысыналы индикаторлар 10-18


4. Функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал қауіптері 19-20


5. Нормативтік-құқықтық база 21-22


6. Бюджеттік бағдарламалар 22-32

1. Миссиясы және көрінісі

Миссиясы – мәдениет саласында сапалы және қолайлы қызмет ұсыну.

Федоров ауданында іс-қағаздарын мемлекеттік тілге толық көшіруге жағдай жасау, мемлекеттік және басқа да этностық топтардың тілдерін дамыту, ономастикалық жұмыстарды жетілдіру.

Туризм, дене шынықтыру және спорт саласын жетілдеруге және дамытуға мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету, аудан тұрғындарының туризм, дене шынықтыру және спорт ресурстарына кең және кедергісіз қол жеткізулері үшін жағдай жасау.



Көрінісі – мәдениет пен өнерді дамытуға, таратуға және сақтауды қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай мәдени орта жасау.

Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік функцияларын нығайту және кеңейту, орыс тілінің жалпы мәдени функцияларын сақтау, этностық топтарды дамыту, ұлттық ономастикалық кеңістікті қалыптастыру.

Тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене шынықтыру ролін көтеру, Қостанай облысының спорттық элитасында айтарлықтай үлес салмағымен орын алатын, ауданның бәсекеге қабілетті спорттық элитасын жасау.

^ 2. Ағымдағы ахуалды талдау


Федоров ауданының мәдениет мекемелерінің жұмыстағы негізгі көрсеткіштерінің талдауы, мәдениеттің және көркемөнердің тұрақты дамып келе жатқанын көрсетеді. Ауданда мәдениетті дамыту мен қолдауда бір ізділік саясат жүргізілуде.

2006-2008 жылдар арасында мәдениет нысандарының саны 2 бірлікке көбейді (2006 жылы - 39, 2008 жылы – 41).

Ауданда мемлекеттік желідегі мәдениет нысандарымен қатар мемлекеттік емес 4 мәдениет ұжымдары қызмет көрсетеді (Баннов, Трактовый, Копыченский және Кравцовский селолық клубтары).





2009 жылдың 1 қаңтарына текті кітапханалардың кітап қоры 223353 дана болды. Селолық кітапханалардағы тозығы жеткен және мазмұны жағынан ескірген әдебиеттерді есептен шығарып жоюға байланысты кітап қоры 2007 жылмен салыстырғанда 3052 данаға азайды. 2008 жылы аудан кітапханаларының кітап қорын толықтыру үшін 954 дана кітап алынды, бұл алдың жылмен салыстырғанда 145 данаға аз болды.

2008 жылы клуб мекемелерімен 1640 іс-шара өткізілді, бұл іс-шаралардың көрермендер саны 110336 адам болды (2007 жылғыдан 1675 адамға көбейді).

Ауданның мәдениет саласын дамытуға 2008 жылы 60 млн. теңгеден астам қаражат тартылды, оның ішінде мәдениет нысандарын жөндеуге 9,9 млн. теңге, селолық мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 6,8 млн. теңге, мерзімдік баспаларға және кітап қорын толықтыруға 2,5 млн. теңге, іс-шаралар өткізуге 1,9 млн. теңге жұмсалды.

Соңғы екі жыл ішінде аудандағы мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджет және тартылған қаражат есебінен 10371 мың теңге бөлінді, оның ішінде 2007 жылы – 4059,0 мың теңге, 2008 жылы – 6312,0 мың теңге жұмсалды.

Ауылдағы мәдениет саласына айтарлықтай қолдау көрсетіп жүргендердің ішінен «Иволга-Холдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ерекше айтуға болады, екі жыл ішінде аудан мәдениетін дамытуға жауапкершілігі шектеулі серіктестік 3 млн. теңгеден астам қаржы салды.

«Жанахай» шаруа қожалығының басшысы Евгений Викторович Пигарев Жанахай селосының мәдениет ошақтарын дамытуға 5,6 млн. теңгеден астам қаражат салды, бұл қаражат ауылдағы селолық клубтың және кітапхана ғимаратын ағымдағы жөндеуден өткізуге және құрал жабдықтар мен жиһаздар алуға жұмсалды (ғимаратты жөндеуге – 4,7 млн. теңге).

Аудандағы селолық клубтардың бірқатары өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынғандықтан, оларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Қостанай облысы бойынша елді мекендердің тарихи атауын қайтару үшін және ономастикалық жүйені дамыту мақсатында 2009 жылы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Аудандағы селолық округтердің, ауылдардың атауларының қазақ ономастикасына тән және біздің мемлекетімізге тәнділігін көрсететіндігі өте аз. Аудандағы 56 елді мекендердің 20 % ғана тарихи атауларымен аталады. 2007 жылы 21 мамырда № 115 «Ономастика мәселелері жөніндегі аудандық комиссия құру туралы» аудан әкімдігінің қаулысы қабылданды. Федоров селосында 2 көшенің атауы өзгертілді ( 2008 жылы және 2009 жылы) 2009-2010 жылдарға арналған тілдерді қолдану және дамыту облыстық «Асыл мұра» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың Жоспарын орындау мақсатында, 2009 жылдың 20 шілдесінен 10 тамызға дейін біздің ауданымызда елді мекендердің тарихи атауларын зерттеу жөніндегі топонимикалық экспедиция өз жұмысын жүргізді. Бұл экспедицияның қорытындысы бойынша біздің ауданның тарихы туралы кітап шығарылатын болады.


Аудандағы спорт кешендердің саны 2009 жылы өзгерместен бұрынғы жылдардағыдай 131 бірлікті құрайды, олардың барлығы ауылдарда орналасқан.

Дене шынықтыру және спортты дамытуға аудандық бюджеттен 6099,5 мың теңге бөлінді, оның ішінде 465006000 (аудандық деңгейде спорттық жарыстар өткізу) бағдарламасы бойынша – 980,0 мың теңге, 465007000 (обылыстық деңгейдегі жарыстарға ауданның құрама командаларын қатыстыруға және дайындауға арналған) бағдарламасы бойынша – 1968,5 мың теңге бөлінді. 2008 жылы аудандық бюджеттен 6900,1 мың теңге бөлінді, оның ішінде аудандық деңгейдегі жарыстарға – 926,0 мың теңге, облыстық дейгейдегі жарыстарға – 2586,0 мың теңге болды.

2009 жылы материалдық- техникалық базаны нығайтуға 321,0 мың теңге жұмсалды, оның ішінде аудандық бюджеттен – 177,5 мың теңгеге және тартылған қаражат есебінен 143,5 мың теңгеге спорт бұйымдары алынды. 2008 жылы бұл мақсатқа 1101,5 мың теңге бөлінді, оның ішінде 353,0 мың теңге аудандық бюджеттен, 748,5 мың теңге тартылған қаражат есебінен. 2009 жылы тартылған қаражат есебінен 11 селолық округтегі спорт нысандарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 1082,0 мың теңге игерілді. 2008 жылы аудандық бюджеттен 2500,0 мың теңге бөлініп, Федоров селосындағы аудандық мәдениет үйінің спорт залына жөндеу жұмыстары жүргізілді. 10 селолық округтегі спорт нысандарын жөндеуге тартылған қаражат есебінен 286,5 мың теңге жұмсалды.

Материалдық-техникалық базаның төмендігінен ауылды жерлердегі спорттың дамуы өте баяужүргізіліп келеді және шешімі табылмаған мәселелер әліде болса баршылық. Ауылдық жерлерде орналасқан 32 спорт залдың 22 жалпы білім беретін мектептерде орналасқан және сабақ өткізуге пайдаланылып келеді. Ауылдағы басқа тұрғындар үшін бұл залдардың 30 % ғана пайдалану мүмкіндігі бар. Селолық округтерде спорт жөніндегі әдістемешілер осы уақытқа дейін болмай отыр.

Сондай-ақ, айтарлықтай оң шешімін тапқан жетістіктермен қатар әліде шешімін табатын мәселелер бар:

- ауылдық жерлердегі мәдениет және спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын нығайту;

- кітапханаларды одан әрі компьютерлендіру;

- мәдениет және спорт нысандарын ғаымдағы және күрделі жөндеуден өткізу;

- кәсіби мамандардың жетіспеушілігі.

^ Осы орайда бөлімнің қызметі алдағы жылдары мыналарға бағытталатын болады:

- мәдениетті дамытуға, классикалық және халық өнерінің ең жақсы дәстүрлерін сақтауға жағдай жасау;

- мәдени мұраны сақтау және дамыту;

- клубтық мекемелер көрсететін қызметтердің сапасын арттыру;

- ауданның кітапханаларын жаңарту жолымен кітапхана ісін дамыту;

- мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа тілдерін дамыту;

- федоров спортының облыстық спорт аренасындағы бәсекеге қабілеттігін арттыру;

- спортшылардың облыстық аренаға сапалы даярлау және табысты шығуына жағдай жасау.


^ 2.1. Қызметтердің сапасы.

Саланың инфрақұрылымының жағдайы.

2006-2008 жылдары мәдениет объектілерінің желісі 2 бірлікке ұлғайды (2006 жылы – 39, 2008 жылы - 41).

Мәдениет объектілерінің мемлекеттік желісінің қатарында ауданда 4 мемлекеттік емес мәдениет объектілері қызмет етеді (Баннов, Трактовый, Копычен, Кравцов селолық клубтары).

Ауданның мәдениет мекемелерінде 37 компьютер (АМБ-5, ОАКЖ-27, АМҮ-4, Баннов селолық клубы – 1), оның 11 Интернетке қосылған.

Ауданда балалар-жасөспірім спорт мектебі жұмыс істейді, оның оқушылар контингенті 574 адамды құрайды, спорт мектептерінде жалпы білім беру мектептерінің оқушыларының 15,5 % қатысады, 2007 жылы – 14,3 %.

2008 жылы: ІІІ разрядты 4 спортшы, ІІ разрядты 8 спортшы және 3 спорт шеберіне үміткер дайындалды. 2009 жылы ІІІ разрядты 10 спортшы, ІІ разрядты 11 спортшы, І разрядты 5 спортшы және 2 спорт шеберлігіне үміткер дайындалды.

Спорт құрылыстарының көбі 70-жылдарда салынған және қазіргі уақытта техникалық пайдалану, жарыстар өткізудің халықаралық регламенттері мен ережелерінің және оқу-жаттығулық процесстің нормалары мен талаптарына сәйкес емес.

Спорт объектілерінің техникалық күйі түбегейлі жөндеуді өткізу үшін мардымды қаржыландыруды талап етеді. Нашар материалдық-техникалық база, сапалы спорт құралдары мен жабдықтарының болмауы спорт резервін жоғары деңгейде даярлауды ұйымдастыруға кедергі жасайды. Селолық округтардағы жұмыс нашар қойылған, жасөспірім клубтарының желісі дамымаған, аудан орталығының тұрғын шағын аудандарында қарапайым спорт алаңдары мен құрылыстар жоқ. Жаттықтырушы құрамның (жас мамандардың) баспанасы жоқ.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығына, Қостанай облысы әкімдігінің «Іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезеңді аудару туралы» қаулысына сәйкес Федоров ауданы әкімдігінің «Іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезеңді аудару туралы» қаулысы қабылданды. Қазіргі уақытта жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдегі құжаттардың үлесі 6544 құрайды, оның мемлекеттік тілдегісі 3404 (52 %). Мемлекеттік мекемелердің іс жүргізуін мемлекеттік тілге аудару нашар жүзеге асырылуда, барлық хат алмасу орыс тілінде жүргізіледі.

Тұрғын халықты мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту бағдарламалары әзірленді. 2008 жылы 789 оқытылды, оның 59 мемлекеттік қызметшілер.

Үштілді саясат. Іс жүргізуде мемлекеттік тілмен қатар орыс тілі қолданылады. Мемлекеттік тілді білмейтін азаматтарға арнайы курстар ұйымдастырылған. Сонымен қатар мемлекеттік тілді үйрену үшін жағдайлар жасалуда.


Қызметтер.

Тұрғын халықты мәдениет саласындағы қызметпен қамту – 14 мың адам, ауданның мәдени-демалыс ұйымдарымен 1640 іс-шара өткізілді.

2008 жылы 174 концерт, 160 лекция және әңгіме, 76 кітап көрмесі, 4 семинар, 484 тақырыптық кеш, 23 ашылу салтанаты, дөңгелек стол өткізілді; 1428 шығармашылық кездесу және басқа да іс-шара өткізілді.

22 тарих және мәдениет ескерткіші ағымдағы жөндеуден өтті.

Ауданда әртүрлі жанрдағы клубтық құрылымдарының саны жылдан жылға артып келеді. 2008 жылдың қорытындылары бойынша олардың саны 99 қатысушылар саны 1440 адам. «Свитанок» хоры «Халық» атағын алған.

Ағымдағы кезеңде бұқаралық спортты дамыту жөнінде 2009 жылдың өткен кезеңінде ауданда 358 спорт шаралары өткізілді (2008 жылға 139 %), оған 24694 адам қатысты (2008 жылға 106 %). 2008 жылы ауданда 257 спорт шаралары өтті, онда 23129 адам, оның ішінде селолық жерлерден барлығы қатысты. Аудандық шаңғы спорты фестивалі, Денсаулық күні, XXIV аудандық «Тың-2009» жазғы спартакиада, Президенттік тест нормативтерін тапсыру айлағы, аудан орталығының мекемелері, ұйымдары мен кәсіпорындары қызметкерлерінің спартакиадасы және басқа да кешендік спорт шаралары өткізілді.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 572 адам айналысады (2008 жылы - 574) немесе мектепке дейінгі жастағы балалардың 15,5 %.

Дене тәрбиесінің жұмысы 80 дене тәрбиесі ұжымында өткізіледі, онда жүйелі түрде 4352 адам – аудан халқының жалпы санының 15 % айналысады. 2008 жылы – 80 ДТҰ 3597 адам - 12,7 % қатысты.


Іске асып жатқан жобалар.

Соңғы жылдары мәдениет объектілерін дамыту мәселелерін шешуде позитивті өзгерістер орын алды, жаңа жобалар іске асырылуда:

- үлгілі селолық кітапханаларды енгізу тәжірибесі табысты өтуде. Ауданның 19 кітапханасы заманауи компьютерлік техникамен қамтылған, Баннов селолық кітапханасы жиһазбен жабдықталды. 2009 жылы 8 кітапханасында телефон орнатылды. Селолық кітапханаларды телефондандыру оларды Интернетке қосылуына мүмкіндік берді, бұл халыққа қызмет көрсетуді өзгертеді: біріншіден ауыл тұрғындарына Интернет-ресурстарын және электрондық құжаттарды ұсынуға қатысты.


^ Федоров ауданының мәдениет саласын үлгілеу

Мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі жобалау және болжамдау негізінде ауданның мәдениет және спорт саласын 2012 жылға дейін дамыту стратегиясын белгіледі.

Тақырып: Федоров ауданының мәдениет және спорт саласының инновациялық және шығармашылық потенциалын дамыту

Мақсаттар:

1. Қызмет етудің инновациялық нысандарын енгізу арқылы ауданның мәдениет кеңістігін байыту және дамыту;

2. Қоғамдық институттармен әлеуметтік әріптестікті дамыту.

Міндеттер:

- мәдениет және спорт саласының қызметінің проблемалық өрісін және жаңарту жолдарын анықтау;

- ауданның мәдениет мекемелерінің қызметіне инновациялық техниканы енгізу;

- мәдениет және спорт қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру;

- материалдық-техникалық базаны нығайту.

Басымдық міндеттер:

- ұлттық мәдениет және өнерды кешенді жан-жақты дамыту;

- шығармашылыққа және өзін-өзі іске асыруға жағдай жасау, жаңарту және жаңа технологиялар енгізу;

- мәдениет сегменттерінің бәсекеге қабілеттігін арттыру және жалпы алғанда ұлттық мәдениеттің тартымдылығын арттыру;

- ауданның тұрғындарын дене тәрбиесімен және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тартуда жәрдемдесу.


^ Мәдениет және спорт қайраткерлерін қолдау

2008 жылы аудандық мәдениет үйінің директоры Александр Иванович Пилипенко «Ауыл серігі» номинациясында Қостанай меценаттар клубының «Шабыт» сыйлығына (2500 долларға) ие болды. 2006 жылдан бастап 2008 жылға дейін 2 мәдениет қызметкері облыс әкімінің мақтау қағазымен марапатталды, 6 адам аудан әкімінің мақтау қағазымен марапатталды .

Қаржыландыру

Федоров ауданы мәдениет саласының қызметіне бөлінген қаражат көлемі 2006 және 2008 жылдар арасында 113,7 млн. теңгені құрды (2006 жыл – 25,7 млн. теңге, 2007 жыл – 40,0 млн. теңге, 2008 жыл – 48,0 млн. теңге).

«Асыл мұра» бағдарламасын орындауға арналған қаржыландыру көлемі 2006 және 2008 жылдары – 1223,0 мың теңгені құрды (2006 жылы – 356,0 мың теңге, 2007 жылы – 456,0 мың теңге, 2008 жылы – 411,4 мың теңге).

Федоров ауданының дене тәрбиесі және спорт саласының қызметіне бөлінген қаражат көлемі 2006 және 2008 жылдар арасында 17,077 млн. теңгені құрды (2006 жыл – 3,513 млн. теңге, 2007 жыл – 6543,7 млн. теңге, 2008 жыл – 7,020 млн. теңге).

Ағымдағы және келешектегі проблемалардың арасында мыналарды атап өту қажет:

- ауданның тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, дамыту және дәріптеу деңгейінің төмендігі;

- тұрғын халықтың мәдениет ұйымдарының қызметтеріне селодағы мәдениет мекемелерінің желісін дамытудағы сәйкессіз теңсіз қол жеткізуі;

- мәдениет және спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базасын дамыту деңгейінің төмендігі;

- мамандандырылған кадрлар мен мәдениет және спорт мекемелерінің әсіресе селолық жерлердегі тапшылығы;

- селолық округтардағы спорт жөніндегі әдіскерлердің жоқтығы;

- мемлекеттік тілді қоғамдық өмірдің барлық салаларында қолдану деңгейінің жетіспеушілігі;

- тілдерге үйрету инфрақұрылымын дамытудың нашарлығы;

- ұлттық ономастикалық жүйенің нашар дамуы және қазақстандық қоғамдастықтың ономастикалық ортасына өзіне қуатты ұлттық потенциалды қосатын өзіндік ұлттық ерекшелігін қайтару қажеттігі.


^ 3. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары және негізгі мақсаттық көрсеткіштері


1-стратегиялық бағыт. Ауданның мәдениет саласының бәсекеге қабілеттігін арттыру.

^ 1-мақсат. «Мәдени мұра» аймақтық бағдарламасын одан әрі іске асыру.

1-міндет. Ауданның тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау және дамыту.

2-мақсат. Аудандағы мәдениет саласының маңыздылығын арттыру.

1-міндет. Мәдениет саласында көрсетілетін қызметтердің сұраулығын өсіруді ынталандыру.

2-міндет. Халықтың мәдени құндылықтарға қол жеткізуін кеңейту.

3-міндет. Аудандық кітапханалар ресурстарына қол жеткізуді кеңейту

^ 3-мақсат. Мәдениеттің инфрақұрылымын дамыту

1-міндет. Мәдени мекемелерді жаңарту

2-міндет. Ауданның мәдениет саласының қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру.


^ 2-стратегиялық бағыт. Қазақстан халқының бірлігінің факторы ретінде толерантты тіл ортасын құру

1-мақсат. Мемлекеттік тілді, Қазақстан халқының тілдерін дамыту және тілдердің үштұтастық принципін іске асыру.

1-міндет. Әлеуметтік-коммуникативтік және біріккен функцияларды кеңейту.

2-міндет. Тілдердің үштілділігін іске асыру.


^ 3 - стратегиялық бағыт. Облыстық спорт аренасында федоров спортының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

1-мақсат. Облыстық спорт аренасына спортшылардың ойдағыдай шығуына және дайындықтардың сапалы болуы үшін жағдай жасау.

^ 2-мақсат. Дене шынықтыру-сауықтыру қозығалысын және бұхаралық спортты дамыту.

1-міндет. Аудан тұрғындарының дене шынықтыру және спорт сабақтарына жүйелі түрде қатысуына көмек көрсету.

2-міндет. Мәдени мұраның құрамды бөлігі ретінде, ұлттық спорт түрлерін дамыту.

3-міндет. Мүгедектердің арасындағы дене шынықтыру және спортты дамытуды қамтамасыз ету.

^ 3-мақсат. Федоров ауданын облыстың бірінші он ауданының қатарына орнықтыру.

1-міндет. Спорттың халықаралық стандарттарға сәйкес материалдық-техникалық базасы мен инфрақұрылымын дамыту.

2-міндет. Федоров спортшыларының бәсекеге қабілеттігін арттыру.


Көрсеткіштері


Атауы

өлшем

бірлігі

Индикатордың/ көрсеткіш

тердің

қорытындысы

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2008 жыл (есеп)

2009 жыл (жоспар)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1-стратегиялық бағыт. Мәдениет саласының бәсекеге қабілеттігін арттыру

^ 1-мақсат. «Мәдени мұра» аймақтық бағдарламасын одан әрі іске асыру

Мақсаттық индикатор

Аудан халқының «Мәдени мұра» аймақтық баңдарламасының аясында іске асырылатын жобалар туралы хабардар болу деңгейі


%


100

80

85

89

91

93

95

96

^ 1-міндет. Ауданның тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау және дамыту.

Жөнделген ескерткіштердің саны

Бірлік

-

22

35

35

12

10

14

16

^ 2-мақсат. Мәдениет саласының маңыздылығын арттыру

Мақсаттық индикатор

Тұтынушылардың отандық мәдени өнімнің сапасымен қанағаттандырылу дәрежесі

%

100

-

50

60

70

80

85

85

^ 1-міндет. Мәдениет саласында көрсетілетін қызметтердің сұраулығын өсіруді ынталандыру

Мәдени-демалыс іс-шараларымен қамтылған тұрғындар үлесі

%

-

35

38

40

45

50

50

55

^ 2-міндет. Халықтың мәдени құндылықтарға қол жеткізуін кеңейту

Мәдениет саласының қызметтерін пайдаланушылар саны

Мың адам

-

14

15

16

17

18

18,5

19

^ 3-міндет. Аудандық кітапханалар ресурстарына қол жеткізуді кеңейту

Ауданның кітапхана қорларын толықтыру үшін мемлекеттік тапсырыс аясында шығарылатын жаңа әдеби шығармалар үлесі

%

-

55

38

55

62

64

65

66

^ 3-мақсат. Мәдениет инфрақұрылымын дамыту

Техникалық жағдай саласындағы нормативтерге жауап беретін мәдениет ұйымдарының үлесі


%


-


-


-


-

2009 жылғы зерттеулер қорытындысы бойынша







^ 1-міндет. Мәдениет мекемелерін жетілдіру

Аудан халқының 1 мың адамына есептегендегі мәдениет мекемелерінің саны

Бірлік

-

1,4

1,4

1,5

1,5

1,6

1,7

1,8

Жөндеуді қажет ететін мәдениет объектілерінің жөнделгендерінің үлесі

%

-

4,7

4,7

7,1

8,2

8,6

9,3

9,7

^ 2-міндет. Ауданның мәдениет саласының қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру

Аудандағы мәдениет мекемелерінің біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлерінің үлесі

%

-

16

20

21

22

23

24

25

Мәдениет мекемелеріне жұмысқа қабылданған жас мамандардың (білім беру мекемелерінің түлектерінің) саны



адам

-

-

3

3

4

4

5

6




Атауы

Өлш.

бірл.

Индикатор/ көрсеткіш

тердің

қорытын

дысы

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2008 жыл (есеп)

2009 жыл (жоспар)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2-стратегиялық бағыт. Қазақстан халқының бірлігінің факторы ретінде толерантты тіл ортасын құру

^ 1-мақсат. Мемлекеттік тілді, Қазақстан халқының тілдерін дамыту және тілдердің үштілділік принципін іске асыру

Мақсаттық индикатор

Мемлекеттік тілді білетін мемлекеттік қызметкерлердің үлесі

%

100

13,0

18,9

20,0

25,0

25,0

30,0

30,0

Орыс тілін білетін мемлекеттік қызметкерлердің үлесі

%

100

100

99,0

99,0

99,0

99,0

99,0

99,0

Ағылшын тілін білетін мемлекеттік қызметкерлердің үлесі

%

100

0,09

0,2

0,4

0,6

0,8

0,9

0,9

1-міндет. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және біріккен функцияларын кеңейту

Қоғамдық қызметтің негізгі саласында мемлекеттік тілдің сұраныс дәрежесі

%

100

70,0

75,0

80,0

85,0

90,0

90,0

90,0

Мемлекеттік органдардағы іс жүргізудің жалпы көлеміндегі мемлекеттік тілдегі іс жүргізудің үлестік көлемі

%

100

62,0

70,0

80,0

85,0

90,0

90,0

90,0

2-міндет. Тілдердің үштілділік принципін іске асыру

Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін білетін мемлекеттік қызметкерлердің үлесі

%

100

0

0,02

0,04

0,05

0,1

0,1

0,1

^ 3 - стратегиялық бағыт. Облыстық спорт аренасында федоров спортының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

2-мақсат. Дене шынықтыру-сауықтыру қозығалысын және бұхаралық спортты дамыту

^ Мақсаттық индикатор

1-міндет. Аудан тұрғындарының дене шынықтыру және спорт сабақтарына жүйелі түрде қатысуына көмек көрсету

Дене шынықтыру және спортпен айналысатындар

Мың адам

-

3,5

3,6

3,65

3,7

3,8

3,9

4,0

Аудан тұрғындарының дене шынықтыру және спортпен шұғылдануын қамту

%

-

12,7

12,8

12,9

13

13,1


13,2


13,3

Өткізілетін спорт іс-шараларының саны, барлығы







257

358

360

370

380


390


400

2 – міндет. Мәдени мұраның құрамды бөлігі ретінде, ұлттық спорт түрлерін дамыту

Ұлттық спорт түрлері бойынша іс-шаралар саны

бірлік

-

9

10

11

12

13

14

15

Ұлттық спорт түрлерімен айналысатын тұрғындардың саны

Мың адам

-

0,05

0,07


0,075

0,08

0,09

0,10

0,11

3 – міндет. Мүгедектердің арасындағы дене шынықтыру және спортты дамытуды қамтамасыз ету

Дене шынықтыру және спортпен айналысатын мүгедектер саны

Мың адам

-

0,02

0,025

0,03

0,035

0,04

0,045

0,05

Мүгедектерді дене шынықтыру және спорт құралдарымен қайта оңалту жөніндегі іс-шаралар саны

бірлік

-

2

2

3

4

5

6

7

1-мақсат. Облыстық спорт аренасына спортшылардың ойдағыдай шығуына және дайындықтардың сапалы болуы үшін жағдай жасау

^ Мақсаттық индикатор Федоров ауданын облыстың бірінші он ауданының қатарына орнықтыру

Мақсаттық индикатор:

1-міндет. Спорттың халықаралық стандарттарға сәйкес материалдық-техникалық базасы мен инфрақұрылымын дамыту

Қайта жаңғыртылған және жаңадан құрылған спорт объектілерінің санының өсуі

саны










1

2

3

4

5

2-міндет. Федоров спортшыларының бәсекеге қабілеттігін арттыру

Дайындалған біріншіразрядты спортшылар

саны

-




5

6

7

8

9

9

Спорт шеберлігіне дайындалған үміткерлер

саны

-

3

2

3

4

5

6

6

Спорт шеберлерін дайындау

саны

-







1

2

2

3

3

Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін дайындау

саны

-






















Облыстық спорт іс-шараларына қатысқандар (мың адам)

саны

-

0,3

0,31

0,32

0,33

0,34

0,35

0,36

Облыстық Шаңғы спортының фестиваліндегі жалпыкомандалық орын

Орын

-

11

13

12

11

10

9

9

«Тың» спартакиадасы

Орын




9

8

7

7

6

6

5



^ Мемлекеттік органды дамыту мақсаттарының мемлекетті дамыту стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі


^ Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары және мақсаттары

Мемлекеттің стратегиялық мақсаттарын іске асыруға бағытталған мемлекеттік органның мақсаттары

^ Стратегиялық құжаттың, нормативтік құқықтық актінің атауы

1-стратегиялық бағыт. Ауданның мәдениет саласының бәсекеге қабілеттігін арттыру

1. Тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және насихаттау. «Мәдени мұра» аймақтық бағдарламасын одан әрі іске асыру.


4-басымдық: «Қазіргі замандағы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігін үздіксіз арттыру және қайта мамандануы және Қазақстан халқының мәдениетін одан әрі өркендету».

Тұрғындардың тарихи-мәдени мұраға қол жеткізуін көркем әдебиетті, электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіншілігін пайдалану арқылы қамтамасыз ету.

Рухани және білім саласын дамыту, әлемдік мәдени мұраның құрамды бөлігі ретінде ауданның тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы» Жолдауы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы № 1203 қаулысымен бекітілген «Мәдени мұра» бағдарламасы

2. Мәдениет саласын дәріптеу

«IV. Қазіргі заманғы білім беру жүйесін дамыту, халықтың мәдениетін өркендету және рухани байлығын дамыту».


Ауданның мәдени-демалыс мекемелерінің тұрақты жұмысын ұйымдастыру, тұрғындардың демалуын ұйымдастыру жөніндегі қызметтерін жалпыға бірдей қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 80 Жарлығы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңы

3. Мәдениет инфрақұрылымын дамыту


«Мәдениеттің қазіргі заманғы дамыған жүйесін құру, бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістікті нығайту, тарихи-мәдени мұраны сақтау және дамыту».


«Үшіншіден, әрбір нақты елді мекендегі жергілікті маңыздағы объектілер»

«Бұл жергілікті атқарушы биліктің қарауындағы абаттандыру және жасыл желектендіру, жолдарды, клубтарды және басқа да объектілерді жөндеу болуы мүмкін. Бұл мақсаттарға мақсаттық трансферттер бөлінуі тиіс»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 80 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Жолдауы

^ 2-стратегиялық бағыт. Қазақстан халқының бірлігінің факторы ретінде толерантты тіл ортасын құру

1. Мемлекеттік тілді, Қазақстан халқының тілдерін дамыту және тілдердің үштілділік принципін іске асыру

«Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін оқу және дамытуға жағдай жасауда қамқорлық етеді».

«III. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру»

«Қоғамды біріктіретін мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыруға аса көңіл қою қажет»

«Жиырма алтыншы бағыт – Қазақстан халқының рухани дамуы және үштілділік саясат»

«Үштілділік» мәдени жобасын кезең кезеңмен іске асыруды бастау. Қазақстан дүние жүзінде тұрғындары үш тілді қолданатын жоғары білімді ел ретінде қабылдануы тиіс».

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабы, 3-тармақ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауы әшкі және сыртқы сясаттың 30 негізгі бағыты

^ 3 - стратегиялық бағыт. Облыстық спорт аренасында федоров спортының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

1-мақсат.

Облыстық спорт аренасына спортшылардың ойдағыдай шығуына және дайындықтардың сапалы болуы үшін жағдай жасау

«Қазақстан бүгін әлеуметтік-экономикалық және саяси демократияланудың жаңа сатысында тұр. Әлемдік рейтинг кестесінің жоғарғы бөлігіне енетін елдердің қатарында орын алуға үміттенуге мүмкіндік беретін негізгі құрамдардың түсінігі мыналарда жасалады. Екіншіден біз аға ұрпақ, аналық пен балалық, жастар, қоғам қамқорлыққа және назарға алуға бағытталған қоғамды құрып жатырмыз, ол елдің барлық тұрғындарының өмір сүрунің жоғары сапасын және алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз етеді»

«Алтыншы міндет – заманауи білім беру және кәсіби қайта даярлау, «жетік экономика» негіздерін құру, жаңа технологиялар, идеялар мен әдістерді пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы. Қазақстан өзінің дамуындағы жаңа қадамында» Жолдауы


Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы «Қазақстан – 2030 стратегиясы Қазақстанның дамуының жаңа сатысында, Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауы

2-мақсат. Бұқаралық спортты және дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын дамыту



«Бесінші. «Дені сау ұлт» үшін инфрақұрылымды дамытудың маңызы жоғары. Балалық шақтан бастап дене шынықтыру пен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керек.

Әкімдер жаңа стадиондар мен спорт кешендерін, балаларға арналған және басқа спорт алаңдарын салу мен ескілерін жаңарту арқылы барлық жастағы адамдардың спортпен шұғылдануына, өздерінің бойларын сергек ұстауына, сөйтіп өмір жастарын ұзартуына жағдай жасауы қажет»

«Жиырма бірінші бағыт – медициналық қызметтердің сапасын және денсаулық сақтауды дамытуды жақсарту. Бұқаралық спортты дамытуға және спортты тұрғындардың арасында насихаттауға аса көңіл бөлу»

Бөлім «Аналық пен отбасыны қолдау»

41-тармақ «Мектеп оқушыларының демалыс жүйесін дамыту, клубтар, үйірмелер, спорт секцияларын ашу».

«Халықты нығайту үшін дене шынықтыру және спорттың тиімді жүйесін құру»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауы


«Нұр Отан» ХДП 2008-2011 жылдарға арналған бағдарламасы


Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 230 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
  1   2   3   4



Похожие:

«Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Федоров селосы – 2009 жыл Мазмұны iconБекітемін «Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
«Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 жылдың наурыз айына...
«Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Федоров селосы – 2009 жыл Мазмұны iconБекітемін «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
«Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 жылдың сәуір айына арналған...
«Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Федоров селосы – 2009 жыл Мазмұны iconБекітемін «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
«Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 жылдың қазан айына арналған...
«Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Федоров селосы – 2009 жыл Мазмұны iconБекітемін «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
«Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 жылдың шілде айына арналған...
«Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Федоров селосы – 2009 жыл Мазмұны iconБекітемін «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
«Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 жылдың 4 тоқсанына арналған...
«Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Федоров селосы – 2009 жыл Мазмұны icon«Федоров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Федоров селосы 2009 жыл Мазмұны
Бөлім қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және нысаналы индикаторлары 9
«Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Федоров селосы – 2009 жыл Мазмұны iconБекітемін «Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
«Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 жылғы 4 тоқсанда жеке...
«Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Федоров селосы – 2009 жыл Мазмұны icon«Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Федоров селосы – 2009 жыл Мазмұны «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі»
«Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы және көрінуі бет
«Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Федоров селосы – 2009 жыл Мазмұны iconБекітемін «Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
«Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 жылғы 2 тоқсанда жеке...
«Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Федоров селосы – 2009 жыл Мазмұны iconБекітемін «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
«Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 жылдың 3 тоқсанына жұмыс...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы