Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру icon

Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру



НазваниеТұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру
страница1/7
Дата конвертации02.12.2012
Размер1.26 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7

Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру


Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң   
2011 жылғы 19 мамырдағы
№ 545 қаулысына
2-қосымша  

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң   
2010 жылғы 17 ақпандағы
№ 102 қаулысымен
бекiтiлген    

«Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

      1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша тұрақты жер пайдалану құқығына актi дайындайтын, осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген тиiстi мамандандырылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (бұдан әрi – мамандандырылған кәсiпорындар) қатысуымен жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) көрсетедi.
       Мемлекеттiк қызмет жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша баламалы негiзде тiзбесi осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетiлген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – Орталық) арқылы көрсетiлуi мүмкiн.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 34-бабы, 43-бабының 9-тармағы, «Мемлекеттiк кәсiпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы  Заңының26-бабы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысының 71-тармағы негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Осы стандарт уәкiлеттi органның және Орталықтың арнайы
ақпараттық стендiлерiнде орналастырылады және бұқаралық ақпарат
құралдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жарияланады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат интернет-ресурста, тiзбесi осы стандарттың 1, 3-қосымшаларында көрсетiлген мемлекеттiк қызмет көрсету орындарындағы стендiлерде орналастырылады.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi қағаз тасымалдағыштағы
тұрақты жер пайдалану құқығына актi немесе тұрақты жер пайдалану
құқығына актiнiң телнұсқасын беру немесе қызмет көрсетуден бас тарту себебi жазбаша көрсетiлген ол туралы уәжделген жауап беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет мемлекеттiк заңды тұлғаларға (бұдан әрi – тұтынушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi – 10 жұмыс күнi, тұрақты жер пайдалану құқығына арналған актiнiң
телнұсқасын берген кезде 4 жұмыс күнi;
      2) құжаттарды тапсыру және алу кезiнде кезекте күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды тапсыру және алу кезiнде қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақылы негiзде көрсетiледi, уәкiлеттi органға немесе Орталыққа осы стандарттың 7-қосымшасына сәйкес мөлшерде тұрақты жер пайдалану құқығына актiнi дайындағаны үшiн қызмет ақысын төлегенi туралы құжатты (түбiртектi) бередi.
       Тұрақты жер пайдалану құқығына актiнi дайындау үшiн ақы төлеу қолма қол немесе қолма-қол емес тәсiлмен екiншi деңгейдегi банктер арқылы мамандандырылған кәсiпорынның есеп шотына не мамандандырылған кәсiпорынның кассасында жүргiзiледi, олар төлемнiң мөлшерi мен уақытын растайтын төлем құжат бередi. Құжаттың (түбiртектiң) нысаны осы стандарттың 8-қосымшасында көрсетiлген.
      9. Мемлекеттiк қызмет:
      уәкiлеттi органға өтiнiш бiлдiрген кезде:
      демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына бес жұмыс
күнi, сағат 13-00-ден 14-00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9-00-ден 18-00-ге дейiн көрсетiледi. Құжаттарды қабылдау кезекке тұру
тәртiбiмен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады;
      Орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде:
      жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына алты жұмыс  күнi, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiссiз сағат 9-00-ден сағат 20-00-ге дейiн көрсетiледi, филиалдар мен өкiлдiктер үшiн сағат 13-00-ден 14-00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9-00-ден сағат 19-00-ге дейiнгi жұмыс кестесi белгiленедi. Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртiбiмен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет
көрсетусiз жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет уәкiлеттi органның немесе Орталықтың ғимаратында көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер, өтiнiш бланкiлерi бар тағандар орналастырылады.
       Физикалық мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн жағдайлар (пандус, лифт) көзделедi.

^ 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Тұрақты жер пайдалану құқығына арналған актiнi беру немесе тұрақты жер пайдалану құқығына актiнiң телнұсқасын беру үшiн
уәкiлеттi органға немесе Орталыққа мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) мемлекет тұрақты жер пайдалану құқығын берген кезде:
      уәкiлеттi органға осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес тұрақты жер пайдалану құқығына актi беруге өтiнiш;
      жергiлiктi атқарушы органның тұрақты жер пайдалану құқығын беру туралы шешiмiнен үзiндi көшiрме;
      уәкiлеттi орган бекiткен жерге орналастыру жобасының және жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдардың көшiрмелерi;
      салық төлеушi куәлiгiнiң (СТН) көшiрмесi;
      заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      тұрақты жер пайдалану құқығына актiнi дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы құжат (түбiртек);
      өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың көшiрмесi.
      Тұлғаның жеке куәлiгiнiң, сенiмхатының немесе өкiлдiң
өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың көшiрмелерiн тексеру үшiн олардың
түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерiлгеннен кейiн тұтынушыға
қайтарылады;
      2) жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамалары өзгерген
жағдайда:
      уәкiлеттi органға осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес тұрақты жер пайдалану құқығына актi беруге өтiнiш;
      жергiлiктi атқарушы органның тұрақты жер пайдалану құқығына
бұрын берiлген жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгеруi туралы шешiмiнен үзiндiнiң және/немесе жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгергендiгiн растайтын өзге құжаттың көшiрмесi;
      уәкiлеттi орган бекiткен жерге орналастыру жобасының және жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдардың көшiрмелерi;
      салық төлеушi куәлiгiнiң (СТН) көшiрмесi;
      заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      тұрақты жер пайдалану құқығына актiнi дайындағаны үшiн
қызметтерге ақы төленгенi туралы құжат (түбiртек);
      өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың көшiрмесi.
      Тұлғаның жеке куәлiгiнiң, сенiмхатының немесе өкiлдiң
өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың көшiрмелерiн тексеру үшiн олардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерiлгеннен кейiн тұтынушыға
қайтарылады;
      3) тұрақты жер пайдалану құқығына арналған актiнiң телнұсқасын беру кезiнде:
      уәкiлеттi органға осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес тұрақты жер пайдалану құқығына актiнiң телнұсқасын беруге өтiнiш;
      тұрақты жер пайдалану құқығына актiнiң телнұсқасын дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы құжат (түбiртек);
      өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жергiлiктi облыстық газеттiң тұрақты жер пайдалану құқығына актiнiң түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған данасы.
      Тұлғаның жеке куәлiгiнiң, сенiмхатының немесе өкiлдiң
өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың көшiрмелерiн тексеру үшiн олардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерiлгеннен кейiн тұтынушыға
қайтарылады.
      12. Өтiнiштердiң бланкiлерi уәкiлеттi органның анықтама бюросында болады.
      Орталықта өтiнiштердiң бланкiлерi күту залындағы арнайы тағанға орналастырылады не Орталықтың консультантында болады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес орналасқан жерi бойынша уәкiлеттi органның жауапты қызметкерiне тапсырылады.
      Орталықта құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, онда «терезелердiң» мақсаты және орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылады, сондай-ақ құжатты қабылдаған Орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты мен лауазымы көрсетiледi.
      14. Уәкiлеттi орган және/немесе Орталық тұтынушыға осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды қабылдағаны туралы
қолхат бередi, онда:
      1) сұраудың нөмiрi және қабылданған күнi;
      2) сұрау салынған мемлекеттiк қызмет түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;
      5) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн өтiнiштi қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты мен лауазымы көрсетiледi.
      15. Тұрақты жер пайдалану құқығына актiнi беру тұтынушының жеке өзiне не сенiмхатты, қолхатты және тұтынушының не сенiм бiлдiрiлген
тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты ұсына отырып, сенiм бiлдiрiлген тұлғаға жүзеге асырылады.
      16. Тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген тиiстi құжаттарды ұсынбаған жағдайда мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартылады.
      Мемлекеттiк қызмет мынадай негiздер бойынша тоқтатылады:
      1) аталған жер учаскесi бойынша сот шешiмдерiнiң болуы не сот
қарауы жүрiп жатқаны туралы хабарламаның болуы;
      2) заңнама нормаларының бұзылуы жойылғанға дейiн прокурорлық
қадағалау актiсiнiң болуы;
      3) бiр учаскеге құқықты ресiмдеуге қатысты бiрнеше өтiнiштiң болуы немесе құқықты ресiмдеу үдерiсiнде осы жер учаскесiнiң басқа да пайдаланушылары анықталған кезде.
      Жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеудi сот шешiмдерi және прокурорлық қадағалау актiлерi бойынша тоқтата тұру тоқтата тұру үшiн негiз болып табылған мән-жайлар анықталғанға дейiнгi, ал бiрнеше
өтiнiштер түсу себебi бойынша тараптар арасында келiсiм орнатылғанға дейiнгi не заңды күшiне енген сот шешiмi ұсынылғанға дейiнгi мерзiмге кейiнге қалдырылған деп есептеледi.
      Жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеудi тоқтата тұру туралы
мәлiметтер тiркеу және есепке алу кiтабына енгiзiледi. Тұтынушыға
тұрақты жер пайдалану құқығына актiнi ресiмдеудi тоқтата тұруға негiз болған құжатты және тоқтата тұру мерзiмдерiн көрсете отырып, ресiмдеудi тоқтата тұру себептерiн жою үшiн тұтынушының кейiнгi
iс-қимылын көрсете отырып жазбаша хабарлама жолданады.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi органның және Орталықтың қызметi мынадай қағидаттарға негiзделедi:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтiк мiндеттердi орындау кезiнде заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық;
      4) түбегейлi және толық ақпарат беру;
      5) ақпаратты қорғау және құпиялылықты сақтау;
      6) белгiленген мерзiмде тұтынушы алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

^ 4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк
көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен қол жетiмдiлiк
көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттiгi төрағасының бұйрығымен бекiтiледi.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкiлеттi органның қызметкерлерiнiң әрекетiне
(әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және шағымдарды дайындауға жәрдем көрсету үшiн тұтынушы уәкiлеттi орган белгiлеген жауапты қызметкерiне жүгiне алады. Мекенжайлары және телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген.
      Орталық инспекторының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану
тәртiбi туралы ақпаратты осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетiлген телефондар арқылы, сондай-ақ Орталықтың ақпараттық-анықтамалық
қызметiнiң 58-00-58 телефоны арқылы алуға болады.
      21. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудi ұйымдастыруға облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық
маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары жауапты болып табылады. Тұтынушы көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мекенжайы және телефондары осы стандарттың 6-қосымшасында көрсетiлген облыстардың (республикалық маңызы бар
қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының жауапты лауазымды адамына жүгiне алады.
      22. Уәкiлеттi органның, сондай-ақ Орталықтың мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына наразылық болған кезде шағым уәкiлеттi орган немесе Орталық басшысының атына берiледi. Мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 1, 3-қосымшаларында көрсетiлген уәкiлеттi органның және Орталықтың үй-жайларында орналасқан стендiлерде көрсетiлген.
      Уәкiлеттi орган бастығының және Орталық директорының жұмыс және қабылдау кестесi олардың жұмыс кестесiне сәйкес анықталады.
      23. Тұтынушы көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде немесе қолма-қол
қабылданады.
      25. Қабылданған шағым уәкiлеттi органның, Орталықтың кiрiс
құжаттарын есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiмде қаралады. Тұтынушыға күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
      Азаматтардың өтiнiштерiн қараудың белгiленген мерзiмдерi
күзтiзбелiк 30 күн, ал қосымша ақпарат алуды және зерделеудi талап етпеген жағдайда күнтiзбелiк 15 күн.
      Шағымды қарау нәтижелерi жазбаша түрде баяндалады, оларды
тұтынушының жеке өзi ала алады не шағымда көрсетiлген мекенжай бойынша пошта немесе электронды пошта арқылы жiберiледi.
      26. Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзiмiнде келмеген
жағдайда, уәкiлеттi орган оларды 6 ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды мамандандырылған кәсiпорынның мұрағатына өткiзедi.
      Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзiмiнде келмеген жағдайда, Орталық оларды 1 ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды уәкiлеттi органға бередi.

«Тұрақты жер пайдалану
құқығына актiлердi ресiмдеу
және беру»    
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша     

^ Мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi уәкiлеттi органдардың тiзбесi

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшелерiнiң атауы

Орналасқан жерi, мекенжайы

Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты адам

Байланыс телефоны

Электрондық мекенжайы

1

2

3

4

5

Ақмола облысы

«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi

Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесi, 1 Б

Басқарма бастығы

8-716-2 25-00-96

uzo_akm@mail.ru

«Ақкөл ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесi, 81

Бөлiм бастығы

8 -716-38 2-25-48

zem_akkol@ mail.ru

«Аршалы ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Аршалы ауданы, Аршалы кентi, Ташенов көшесi, 47

Бөлiм бастығы

8-716-44 2-13-56

zem archaly@ mail.ru

«Астрахан ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесi, 50

Бөлiм бастығы

8-716-41 2-38-65

astrshan_zem@ mail.ru

«Атбасар ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Уәлиханов көшесi,9

Бөлiм бастығы

8-716-43 2-13-45, 2-43-71

atbasar_ozo@ mail.ru

«Бұланды ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесi, 19

Бөлiм бастығы

8-716-46 2-38-15

zem-bul@ mail.ru

«Егiндiкөл ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Егiндiкөл ауданы, Егiндiкөл ауылы, Жеңiс көшесi, 6

Бөлiм бастығы

8-716-42 2-15-10

otdelzemotnegin@ mail.ru

«Еңбекшiлдер ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Еңбекшiлдер ауданы, Степняк қаласы, Ленин көшесi, 109

Бөлiм бастығы

8-716-39 2-14-73 2-22-83

uzoenbek@ mail.ru

«Ерейментау ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, А. Құнанбаев көшесi, 136

Бөлiм бастығы

8-716-33 2-12-74

eremenzem@ mail.ru

«Есiл ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Есiл ауданы, Есiл қаласы, Д.Қонаев көшесi, 13

Бөлiм бастығы

8-716-47 2-16-47

Esil_zemcom@ mail.ru

«Жақсы ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Ленин көшесi, 32

Бөлiм бастығы

8-716-35 2-20-11

bota_99_29_@ mail.ru

«Жарқайың ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Захаров көшесi, 16/4

Бөлiм бастығы

8-716-48 9-23-87

otzemot@ kokshetau.online.kz

«Зерендi ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Зерендi ауданы, Зерендi ауылы, Бейбiтшiлiк көшесi, 81

Бөлiм бастығы

8-716-32 21-9-91 21-1-87

OZO_ZER@ mail.ru

«Қорғалжын ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Болғанбаев көшесi, 9

Бөлiм бастығы

8-716-37 2-16-21

Zemkorg@ mail.ru

«Сандықтау ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Абылайхан көшесi, 119

Бөлiм бастығы

8-716-40 9-13-56

zand_zem_@ mail.ru

«Целиноград ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесi, 15

Бөлiм бастығы

8-716-51 3-11-24 3-11-64

Zimcom73@ mail.ru

«Шортанды ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Шортанды ауданы, Шортанды кентi, Лермонтов көшесi, 13

Бөлiм бастығы

8-716-31 2-26-40 2-18-80

zemshort@ mail.ru

«Бурабай ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Бурабай ауданы, Щучье қаласы, Абылайхан көшесi, 34

Бөлiм бастығы

8-716-36 4-22-89

OZOHR@ mail.ru

«Степногор қаласы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Степногор қаласы, 4-шi шағын аудан, 1-шi ғимарат

Бөлiм бастығы

8-716-45 6-25-12

zem_step@ mail.ru

«Көкшетау қаласы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 89

Бөлiм бастығы

8-716-2 25-35-56 25-46-79

ozo@mail.ru

Ақтөбе облысы

«Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi

Ақтөбе қаласы,Әбiлхайыр хан даңғылы, 40

Басқарма бастығы

8-713-2 56-03-55

zem_otnosh@mail.kz

«Әйтеке би ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы, Балдырған көшесi, 10

Бөлiм бастығы

8-713-39 2-15-72

Zemotdel_Aitek@mail.ru

«Алға ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Алға ауданы, Алға қаласы, 5-шi шағын аудан, 4

Бөлiм бастығы

8-713-37 3-10-37

Alga-zem

@mail.ru

«Байғанин ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Байғанин ауданы, Қарауылкелдi ауылы, Д. Қонаев көшесi, 36

Бөлiм бастығы

8-713-45 2-25-57

Baiganin_zemotno@mail.ru

«Ырғыз ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Әбiлхайыр хан көшесi, 28

Бөлiм бастығы

8-713-43 2-10-61

irgizzem@kz

«Қарғалы ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Әйтеке би көшесi, 32

Бөлiм бастығы

8-713-42 2-27-66

Kargalazem@kz

«Қобда ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Қобда ауданы, Желтоқсан көшесi, 26

Бөлiм бастығы

8-713-41 2-16-34

hobdazem@ mail.ru

«Мәртөк ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Мәртөк ауданы, Мәртөк кентi, Сейфуллин көшесi, 38

Бөлiм бастығы

8-713-31 2-11-10

Martukzher@mail.ru

«Мұғалжар ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Гагарин көшесi, 6

Бөлiм бастығы

8-713-33 36-5-29

Mur.zemotdel@mail.ru

«Темiр ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Темiр ауданы, Шұбарқұдық кентi, Желтоқсан көшесi, 5

Бөлiм бастығы

8-713-46 2-21-22

Zem_otnoh@mail.kz

«Ойыл ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Көкжар көшесi, 69

Бөлiм бастығы

8-713-32 2-18-80

Zem_komytet@mail.ru

«Шалқар ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Әйтеке би көшесi, 63

Бөлiм бастығы

8-713-35 2-13-29

Zhalkar-gkb @mail.ru

«Хромтау ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Спорт көшесi, 2

Бөлiм бастығы

8-713-36 2-51-47

Khromtau zem @mail.ru

«Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесi, 2

Бөлiм бастығы

8-713-2 21-25-56

zem.komytet@mail.ru

Алматы облысы

«Алматы облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi

Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесi, 36/42

Басқарма бастығы

8-728-2 27-01-25,ф. 24-16-70

yprzo@mail.ru

«Ақсу ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ақсу ауданы, Жансүгiров кентi, Желтоқсан көшесi, 5

Бөлiм бастығы

8-728-32 2-21-26 2-16-60

zemotdelaks@megaline.kz

«Алакөл ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Қабанбай батыр көшесi, 91г

Бөлiм бастығы

8-728-33 2-33-33 2-22-08

akimat_Alako@mail.ru

«Балқаш ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесi, 66

Бөлiм бастығы

8-727-73 9-12-15 9-16-82

bagi_88@mail.ru

«Еңбекшiқазақ ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Еңбекшiқазақ ауданы, Есiк қаласы, Тоқатаев көшесi, 53

Бөлiм бастығы

8-727-75 4-54-07 4-57-77

Beiseuov Busashevieh

«Ескелдi ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ескелдi ауданы, Қарабұлақ кентi, Сәтпаев көшесi, 65

Бөлiм бастығы

8-728-36 3-00-66 3-17-68

otdel_zhkh @mail.ru

«Жамбыл ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Қараш батыр көшесi, 117

Бөлiм бастығы

8-727-70 2-29-51 2-07-44 2-15-11

Umirzakova Saruar

«Iле ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Iле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Абай көшесi, 23

Бөлiм бастығы

8-727-52 2-26-91 2-09-78

IIiiorgodel08. @mail.ru

«Қарасай ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Қарасай ауданы, Қаскелең ауылы, Гаражная көшесi, 34

Бөлiм бастығы

8-727-71 2-00-41 2-58-41

karasay_akimat @ram bler.ru

«Қаратал ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Космолданов көшесi, 21

Бөлiм бастығы

8-728-34 2-10-45

org_karatal @mail.ru

«Кербұлақ ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кентi, Момышұлы көшесi, ХҚК ғимараты

Бөлiм бастығы

8-728-40 2-16-01 3-22-53

kerbakimbux @mail.ru

«Көксу ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Көксу ауданы, Балпық би кентi, Мырзабекұлы көшесi, 38

Бөлiм бастығы

8-728-38 2-08-61 2-03-07

fkimat-koksu @mail.ru

«Панфилов ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацк көшесi, 131

Бөлiм бастығы

8-728-31 5-11-36 5-01-19

js_rima @bk.ru

«Райымбек ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Райымбек ауданы, Кеген ауылы, Әзiмжапов көшесi, 3

Бөлiм бастығы

8-727-77 2-15-69 2-15-24

raimbek_akimat @mail.ru

«Сарқанд ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Сарқанд ауданы, Сарқант қаласы, Тынышбаев көшесi, 8

Бөлiм бастығы

8-728-39 2-17-93 2-32-79

sarkand-2009 @mail.ru

«Талғар ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Талғар ауданы, Талғар қаласы, Рысқұлов көшесi, 98

Бөлiм бастығы

8-727-73 88-16-71 88-16-72

talgar-akimat @rambler.ru

«Ұйғыр ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Кентал Исламов көшесi, 70

Бөлiм бастығы

8-727-78 2-16-50 2-16-96

www.uigur-akimat.kz

«Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Қапшағай қаласы, Қойшымапов көшесi, 4

Бөлiм бастығы

8-727-72 4-07-75 4-14-04

O_sholpan_67 @mail.ru

«Текелi қаласының жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Текелi қаласы, Абылайхан көшесi, 34

Бөлiм бастығы

8-728-35 4-27-96

akimat_tekeliforever.kz ozeo @mail.ru

«Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесi, 36/42

Бөлiм бастығы

8-728-2 24-01-45 24-19-76

zemotdelaks@mtgaline.kz

Атырау облысы

«Атырау облысы жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi

Атырау қаласы, Абай көшесi, 10 А

Басқарма бастығы

8-712-2 35-46-00,

35-44-06

Atyrau_uzo@mail.kz

«Жылыой ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Жылыой ауданы Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 7

Бөлiм бастығы

8-712-37 5-09-01

zemkom_kulsary@mail.ru

«Индер ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Индер ауданы, Индер кентi, Меңдiғалиев көшесi, 30/12

Бөлiм бастығы

8-712-34 2-17-96

InderRZO@mail.ru

«Исатай ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Ынтымақ көшесi, 23

Бөлiм бастығы

8-712-31 2-01-59

Isatai_Zem.com@mail.ru

«Құрманғазы ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылы, Көшекбаев көшесi, 25

Бөлiм бастығы

8-712-33 2-14-47

Z_o_kurmangazy@mail.ru

«Қызылқоға ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Сәтпаев көшесi, 24

Бөлiм бастығы

8-712-38 2-15-18

Suindik_k@mail.ru

«Мақат ауданы жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Мақат ауданы, Мақат кентi, Орталық алаң көшесi, 2

Бөлiм бастығы

8-712-39 3-22-04

rafaell 81 @mail.ru
  1   2   3   4   5   6   7



Похожие:

Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру icon«Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет регламентi Жалпы ереже Осы «Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру»
Осы «Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі Регламент) «Әкімшілік...
Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру icon«Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру»
...
Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру icon«Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру»
...
Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру icon«Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер «Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру»
Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету...
Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру icon«Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру»
...
Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру icon«Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру»
...
Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру icon«Жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына актiлер ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет стандартының регламенті Негізгі түсініктер Осы «Жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына актiлер ресiмдеу және беру»
Осы «Жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығына актiлер ресiмдеу және беру» регламентінде (бұдан әрi Регламент) келесі ұғымдар...
Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру icon«Тұрақты жер пайдалану құқығына актілер ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет регламенті Негiзгi ұғымдар «Тұрақты жер пайдалану құқығына акттер ресiмдеу және беру»
«Тұрақты жер пайдалану құқығына акттер ресiмдеу және беру» осы регламентiнде (бұдан әрi регламент) келесi ұғымдар қолданылады
Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру iconСәтбаев қаласы әкімдігінің 2012 жылғы №
Осы «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді рәсімдеу және беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі Регламент) жер теліміне...
Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру iconАудан әкімдігінің 2013 жылғы 14 ақпандағы №41
«Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу және беру» мемлекеттiк қызмет регламентi
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы