Конкурс аудан мектептеріне жоғары сапалы күрделі жөндеу жұмысын мемлекеттік сатып алу үшін әлеуетті өнім берушілерді таңдау мақсатында өткізіледі icon

Конкурс аудан мектептеріне жоғары сапалы күрделі жөндеу жұмысын мемлекеттік сатып алу үшін әлеуетті өнім берушілерді таңдау мақсатында өткізіледі



НазваниеКонкурс аудан мектептеріне жоғары сапалы күрделі жөндеу жұмысын мемлекеттік сатып алу үшін әлеуетті өнім берушілерді таңдау мақсатында өткізіледі
страница2/7
Дата конвертации26.12.2012
Размер1.45 Mb.
ТипКонкурс
источник
1   2   3   4   5   6   7

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу.


28.Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

29.Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды,бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша сұратуға;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан,жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша сұратуға құқылы.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді.Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға,конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға,тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.

Конурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді,егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса,конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін деп қарайды.

30.Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:

1) әлеуетті өнім берушінің және ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) ұсынбаған не тиісті түрде ресімделмеген күйде ұсынған;

2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік,сондай-ақ ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;

3) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған.

Әлеуетті өнім берушіні Заңның 9-бабының 1-тармағында көзделмеген негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.

Конкурстық комиссия соманың бір процентінен астам мөлшерде өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайда,енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп таниды.

31.Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды:

1) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болса;

2) конкурстық комиссияның:

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;

қатысу үшін өтінімді қамтамасыз ету енгізіліп отырған конкурс тәсілімен тауарларды,жұмыстарды,көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауын;

өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және сомасын ,сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету белгілеген тұлғаны;

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету пайдасына енгізіліп отырған тұлғаны анықтауына мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімге енгізілген , конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін қамтамасыз етуді өзге негіздер бойынша тануға жол берілмейді.

32.Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші ,егер:

1) ол және қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;

2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;

3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжатаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса,конкурсқа қатысуға жіберілмейді.(конкурсқа қатысушы болып танылмайды)

Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе,онда:

конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі;

Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.

33.Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия :

1) біліктілік талаптарына және конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;

2) Заңның 17- бабының 4-тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдердің проценттік мәнін қолданады; Заңның 17- бабының 4-тармағында санамаланған өлшемдердің конкурстық өтінімнің бағасына жиынтық пайыздық әсері отыз пайызнан аспауға тиіс:

1. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия осы конкурста сатып алынатын жұмыстарды орындау нарығында ғана жұмыс тәжірибесін қарайды.Бұл ретте конкурстық комисиия конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде әлеуетті өнім берушінің бір жылдан бастап , сатып алынатын тауарлардың нарықтағы жұмыс тәжірибесінің болған әрбір жылға 0,5 пайызға , бірақ бес проценттен аспай азайтады.Бір жылға дейін жұмыс тәжірибесі болған немесе ол болмаған жағдайда осындай процент белгіленбейді.Осы өлшемнің конкурстық өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайызыдық әсер бес пайыздан аспауға тиіс.

2.Конкурстық комиссия пайдалану шығыстарының , техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің ең аз құны бар конкурстық өтінімді айқындайды және осындай конкурстық өтінімнің бағасына жиынтық пайыздық әсері екі пайыздан аспауға тиіс.

3.Конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің шартты бағасын әлеуетті өнім берушінің біршама басқа әлеуетті өнім берушілерге қарағанда тиісті бейінді неғұрлым білікті қызметкерлерді бергені үшін азайтады.

4.Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отандық тауарөндіруші үшін ұсынылған тауарларды ерікті сертификаттауды жүргізуді растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия шартты түрде осындай конкурстық өтінімнің бағасын екі пайызға азайтады.

5. Сатып алынатын жұмыстарды мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде үш пайызға азайтады.

6.Әлеуетті өнім беруші орындалатын жұмыстардың конкурстық құжаттамаға сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, ұсынылатын тауарлардың пайдалану сипаттамаларына кепілдік берілетін кезеңді көрсетеді.Конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің шартты бағасынан , егер конкурстық өтінімде ұсынылатын кепілдік кезеңі конкурстық құжаттамада көрсетілген базалықтан артық болған жағдайда , әрбір жыл үшін жарты пайызды алып тастайды.Бұл ретте осы өлшемнің конкурстық өтінімнің шартты бағасына пайыздық әсері үш пайыздан аспауға тиіс.

7.Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ұсынылатын тауарлардың ,жұмыстардың ,көрсетілетін қызметтердің функционалдық ,техникалық және сапалық сипаттамалары үшін конкурстық өтінімдердің шартты бағасына әсер ететін бір пайызды белгілейді.Осы өлшемнің конкурстық өтінімнің бағасына жиынтық пайыздық әсері бір пайыздан аспауға тис.

8.Конкурстық комиссия қазақстандық мазмұнның бар екендігін қараған кезде ереженің осы тармағының үшінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, қазақстандық мазмұнның әрбір он пайызы үшін конкурстық өтінімнің бағасын бір пайызға азайтады.

Әлеуетті өнім беруші тауарларының қазақстандық мазмұны мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы құнының мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін осы тауарларды әлеуетті өнім беруші сатып алатын отандық тауарөндірушілер тауарлары құнының пайыздық мазмұны ретінде анықталады.

Егер тауарлардың әлеуетті өнім берушісі сатып алынатын тауардың отандық тауар өндірушісі болып табылған жағдайда , конкурстық комиссия осындай әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің бағасын қазақстандық мазмұн болғаны үшін он пайызға азайтады.

Жұмыстардың , көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушісінің қазақстандық мазмұны : сатып алу туралы шарттың жалпы құнының әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шартты орындау үшін жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді тікелей де , сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттарды жасасу арқылы да сатып алынатын отандық тауар өндірушілердің тауарлары құнының , жұмыстарды, қызметтерді тікелей де, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттарды жасасу арқылы да сатып алу туралы шартты орындау үшін әлеуетті өнім беруші жалдаған жеке тұлғалардың – Қазақстан Республикасы резиденттерінің еңбегіне ақы төлеудің пайыздық мазмұны ретінде анықталады.

9.Конкурстық комиссия отандық тауар өндірушілердің конкурстық өтінімнің бағасын он пайызға ,жұмыстардың ,көрсетілетін қызметтердің отандық әлеуетті өнім берушісінің – бес пайызға азайтады.

3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы рәсімдейді және конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсыныстарын беру күнін,уақытын,орнын белгілейді.

34.Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері,сондай ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге береді немесе жібереді,сондай -ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің веб- сайтына орналастырады.Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.


^ 6.Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі.


35.Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді:

1) конкурстық баға ұсынысының басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы және оның мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) бекітілуі тиіс;

2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда,жолдар арасында ешқандай өндірме,өшірілген сөздер немесе толықтырулар болауға тиіс;

3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.

36.Әлеуетті өнім беруші баға ұсынысын конвертке желімдейді,оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы ,сондай ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС» 2010 жылдың _____ақпанына (конкурсқа рұқсат беру хаттамада көрсетілген мерзімде) ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ.

Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не өзгерістер мен толықтырулар енгізуі сияқты,бірден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді.

^ 7.Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау.


37. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні,уақытта және орында конкурстық комиссия кокурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.

Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелері арасынан белгілеген тұлға;

конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронологиялық тәртібімен ашады;

конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртібімен жария етеді;

конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.

38.Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

39.Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және олардың уәкілетті өкілдері аудио және бейне түсілімдер жүргізу құқығымен қатысуға құқылы.Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе)олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиіс.

40.Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына-конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.

41.Конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен жұмыстарды осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;

2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса,конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады.

3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары кері қайтарылғаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысатын болса,конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген өлшемдердің проценттік мәнінің олардың конкурстық баға ұсыныстарына қатысты қолдану арқылы осы конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын айқындайды;

4) ең төмен шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын анықтайды.

42.Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңімпазын анықтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсілімен жұмысты мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттама рәсімдейді.

Жұмысты мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың әрбір бетіне конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері ,сондай ақ хатшысы қол қояды.

43. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті.

^ 8. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару.

44. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарып береді:

1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;

2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған.Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп табылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған.Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;

5) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткен.

45.Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда:

1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және толықтырса;

2) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде табыс етпесе не кері қайтарып алса;

3) конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;

4) конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып,конкурстық құжаттамада белгіленген,мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса кері қайтарылады.


^ 9. Конкурс қортындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт.

46. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қортындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Заңның талаптарына сәйкес Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт негізінде жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады.

47) Тапсырыс беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мелекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.

48) Заңның 37-бабының 5,6,7-тармақтарында көзделген жағдайларда шарт бір қаржы жылынан артық мерзімге оны жасасу туралы ережелерді қамтуы тиіс.

49) Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтуы тиіс.

50) Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып,конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып саналады.

51 ) Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші :

1) ол конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады және тиісті мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді;

2) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы,сондай ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы.


Үлгі конкурстық құжаттамаға 1-қосымша.

Сатып алынатын жұмыстардың тізбесі




Тапсырыс берушінің атауы

Жұмытың атауы

Өлшем бірлігі

Саны,көлемі

Беру шарттары

(ИНКОТЕРМС 2000 сәйкес)

Жұмысты орындау

мерзімі

Жұмыстарды орындау орны

Аванстық төлем мөлшері %

Конкурс тәсілімен мемл.сатып алу үшін бөлінген сома,теңгемен




Райымбек аудандық білім беру бөлімі

№1 лот Бағаев атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмысын мемлекеттік сатып алу

№ 2 лот Жаменке орта мектебіне жылу жүйесін айырбастау жұмысын мемлекеттік сатып алу

№3 лот Бөлексаз орта мектебіне жылу жүйесін айырбастау жұмысын мемлекеттік сатып алу

№4 лот Т.Мұсақұлов атындағы орта мектептің жылу жүйесін айырбастау жұмысын мемлекеттік сатып алу

№5 лот № 3 Кеген орта мектебінің жылу жүйесін айырбастау жұмысын мемлекеттік сатып алу



Кв,

Метр


Кв.метр


Кв.метр


Кв.метр


Кв.метр


3214


3200


3584


2514


3028




25.08.2010 ж


25.08.2010ж


25.08.2010ж


25.08.2010ж


25.08.2010ж



Алматы облысы Райымбек ауданы Алғабас ауылы


Алматы облысы Райымбек ауданы Қақпақ ауылы


Алматы облысы Райымбек ауданы Бөлексаз ауылы


Алматы облысы Райымбек ауданы Тұзкөл ауылы


Алматы облысы Райымбек ауданы

Кеген ауылы



30


30


30


30


30



56586000


9902550


9902550


8110660


9902550





Бөлімінің бастығы С.Боранғазиева.


20.01.2010 жыл.


Үлгі конкурстық құжаттамаға 2-қосымша.


Жұмысты мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық мазмұнның үлесі жөнінде мәлімет.


______________________________________________________________________

Әлеуетті өнім берушінің / мердігердің атауы


Р/с

Лоттың атауы

Жұмыстың аталуы

Сатып алуға бөлінген сома (мың тенге)

Оның ішінде

Қазақстандық мазмұнның үлесі %

(Гр 5,6/Гр 4)

Конкурстық өтінімнің шартты бағасына қазақстандық мазмұнға қатысты қолданған жеңілдіктің жалпы пайызы

Еңбек ақы,салықтық төлемдер өзге де шығындар

Отандық тауар өндірушімен өндірілген тауарларды/өнімдерді сатып алуға бөлінген сома барлығы (мың тенге)




































































































Барлығы


















1   2   3   4   5   6   7



Похожие:

Конкурс аудан мектептеріне жоғары сапалы күрделі жөндеу жұмысын мемлекеттік сатып алу үшін әлеуетті өнім берушілерді таңдау мақсатында өткізіледі iconКонкурс санаториялық бала бақшада тәрбиеленушілерге сапалы,тапсырысқа сай берілетін уақтылы, күнделікті мерзімді жаңа тағам түрлерін жеткізіп беріп отыратын әлеуетті өнім берушілерді таңдау мақсатында өткізіледі
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі: Налибаева Лаззат Имашевна – «Болашақ» балалар бақшасы мкқК ìåíãåðóø³ñ³....
Конкурс аудан мектептеріне жоғары сапалы күрделі жөндеу жұмысын мемлекеттік сатып алу үшін әлеуетті өнім берушілерді таңдау мақсатында өткізіледі iconКонкурс интернат үйінде тәрбиеленушілерге сапалы,тапсырысқа сай берілетін уақтылы, күнделікті мерзімді жаңа тағам түрлерін жеткізіп беріп отыратын әлеуетті өнім берушілерді таңдау мақсатында өткізіледі
А. А. Барманбекұлы атындағы орта мектеп гимназиясы және Тасашы орта мектеп жанындағы интернат үйінде тәрбиеленушілерге пайдаланатын...
Конкурс аудан мектептеріне жоғары сапалы күрделі жөндеу жұмысын мемлекеттік сатып алу үшін әлеуетті өнім берушілерді таңдау мақсатында өткізіледі iconАудандық бюджет қаражаты есебінен қаралған білім беру нысандарын күрделі жөндеу жұмыстарын сатып алу бойынша әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу туралы №2 хаттамасы
ОҚо төлеби ауданындағы білім беру нысандарының ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу (конкурстың атауы)
Конкурс аудан мектептеріне жоғары сапалы күрделі жөндеу жұмысын мемлекеттік сатып алу үшін әлеуетті өнім берушілерді таңдау мақсатында өткізіледі iconҮлгі конкурстық ҚҰжаттама «Аудан мектептеріне өрт қауіпсіздігінің алдын алу дабылын орнату жұмысын конкурс арқылы мемлекеттік сатып алу» бойынша
Лгі конкурстық ҚҰжаттама «Аудан мектептеріне өрт қауіпсіздігінің алдын алу дабылын орнату жұмысын конкурс арқылы мемлекеттік сатып...
Конкурс аудан мектептеріне жоғары сапалы күрделі жөндеу жұмысын мемлекеттік сатып алу үшін әлеуетті өнім берушілерді таңдау мақсатында өткізіледі iconРеспубликалық, облыстық бюджет қаражаты есебінен «Жол қартасына» қаралған мәдениет нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын сатып алу бойынша әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу туралы
...
Конкурс аудан мектептеріне жоғары сапалы күрделі жөндеу жұмысын мемлекеттік сатып алу үшін әлеуетті өнім берушілерді таңдау мақсатында өткізіледі iconАудандық бюджет қаражаты есебінен қаралған білім беру нысандарын күрделі жөндеу жұмыстарын сатып алу бойынша конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасы
ОҚо төлеби ауданындағы білім беру нысандарының ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу
Конкурс аудан мектептеріне жоғары сапалы күрделі жөндеу жұмысын мемлекеттік сатып алу үшін әлеуетті өнім берушілерді таңдау мақсатында өткізіледі iconКонкурс арқылы мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру
«Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылындағы О. Жандосов атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмысын конкурс арқылы мемлекеттік...
Конкурс аудан мектептеріне жоғары сапалы күрделі жөндеу жұмысын мемлекеттік сатып алу үшін әлеуетті өнім берушілерді таңдау мақсатында өткізіледі iconКонкурс арқылы мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру
«Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылындағы О. Жандосов атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмысын конкурс арқылы мемлекеттік...
Конкурс аудан мектептеріне жоғары сапалы күрделі жөндеу жұмысын мемлекеттік сатып алу үшін әлеуетті өнім берушілерді таңдау мақсатында өткізіледі iconКонкурс Райымбек ауданы мектептеріне мектеп жиһаздары мен спорт инвентарларын, оқу кабинет терінің көрнекіліктері,жабдықтарын сапалы техникалық сипаттамаға сай мемлекеттік сатып алу үшін

Конкурс аудан мектептеріне жоғары сапалы күрделі жөндеу жұмысын мемлекеттік сатып алу үшін әлеуетті өнім берушілерді таңдау мақсатында өткізіледі iconБір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қортындысы туралы хаттама.№3
Райымбек ауданы Жылысай ауылындағы М. Орманов атындағы орта мектебінің жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмысын бір көзден мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы