|
Бекітемін: Райымбек ауданының білім беру бөлімі. Райымбек ауданының білім беру бөлімі бастығының уақытша міндетін атқарушы: _________________ Боранғазиева Светлана Аниятқызы «20» қаңтар 2010 ж. № 13 бұйрықпен ҮЛГІ КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА «Бағаев атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу, Бөлексаз,№3 Кеген ,Жаменке, Мұсақұлов атындағы орта мектептерінің жылу жүйесін айырбастау жұмыстарын конкурс арқылы мемлекеттік сатып алу» бойынша Мемлекттік сатып алуды ұйымдастырушы : ^ Мекен–жайы:Алматы облысы,Райымбек ауданы ,Кеген селосы,Б.Момышұлы көшесі,19 үй Банктік деректемелері: СТН 090600002500 БИК 195301070 ИИК 017145896 Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі: Сеймова Тілекші Рамазанқызы –аудандық білім беру бөлімінің жетекші маманы .Тел:87277722096. Электронды адресі: веб-сайт :WWW raimbek gov kz., электронды почта адресі: raim 06 @mail ru «Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады» І.Жалпы ережелер. 1. Конкурс аудан мектептеріне жоғары сапалы күрделі жөндеу жұмысын мемлекеттік сатып алу үшін әлеуетті өнім берушілерді таңдау мақсатында өткізіледі. 2. Жөндеу жұмысын мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген сома – 94404310 тенге. №1 лот Бағаев атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмысын мемлекеттік сатып алу -56586000 тенге №2 лот Жаменке орта мектебіне жылу жүйесін айырбастау жұмысын мемлекеттік сатып алу – 9902550 тенге №3 лот Бөлексаз орта мектебіне жылу жүйесін айырбастау жұмысын мемлекеттік сатып алу.-9902550 тенге № 4 лот Т.Мұсақұлов атындағы орта мектептің жылу жүйесін айырбастау жұмысын мемлекеттік сатып алу – 8110660 тенге. №5 лот № 3 Кеген орта мектебінің жылу жүйесін айырбастау жұмысын мемлекеттік сатып алу -9902550 тенге.
1) мынадай КБЕ 12 СТН 090600002500 ИИК 017145896 БИК 195301070 банктік шотқа орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасын; 2) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 7 - қосымшаға сәйкес банктік кепілдік. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс. ^ 5.Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2010 жылғы « 12 » ақпан сағат 14-00 мин.кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы.Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу керек: Алматы облысы,Райымбек ауданы,Б.Момышұлы көшесі №19. индекс 0414006 raim 06 @ mail ru.Райымбек аудандық білім беру бөлімі.3- бөлме. 6.Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз: 1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге; 2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтіні тапсырыс берушінің веб – сайтында жариялауға міндетті. 7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2010 жылғы «17» ақпан сағат 14-00 мин.кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге тиіс.Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді. Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді.Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады. Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды көрсете отырып,нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің веб – сайтында жариялайды. 8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін 2010 жылғы «17 » ақпан сағат 15-00 мин Алматы облысы,Райымбек ауданы,Б.Момышұлы көшесі №19. Райымбек аудандық білім беру бөлімі. 3- бөлмеде кездесу өткізеді.(егер жазбаша сұрау түскен уақытта) 9.Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды,онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың көздерін көрсетпестен,ұсынылған сұратулары,сондай – ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетіледі.Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген пошталық деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің веб – сайтында жариялайды. 3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуғак өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы. ^ . 10. Конкурсқа қатысуғак өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес жұмыстарды орындауға жүзеге асыруға конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіруі болып табылады. 11.Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс және конкурстық құжаттаманы қазақ немесе орыс тілдерінде тапсыруға болады. 1) әлеуетті өнім беруші осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 4 және 5 – қосымшаларға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді; Жарамдылық мерзімі 45 күн. 2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін: құқықтық қабілеттілігін(заңды тұлғалар үшін),жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкер субьектісі ретінде тіркелгені туралы құжат,СТН,жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды; заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс.Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және орыс тілдеріне аудармасымен сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған,заңдастырылған үзінді көшірмесін ұсынуға тиіс; әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге,қайта өңдеуге,беруге және өткізуге,жұмыстарды орындауға және көрсетілетін қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және \ немесе патенттердің,куәліктердің,сертификаттардың,дипломдардың,басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін; заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені ( қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса,онда мемлекеттік тіркелгені туралы өтінімнің нотариалдық куәландырылған көшірмесі; құрылтайшы туралы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісі не конверттерді ашу күні алдындағы бір айдан бұрын берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен нотариалдық куәландырылған үзінді ; төлем қабілетін растайтын құжаттарды; осы конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі,кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп-шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы(егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының,сондай ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса,осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады).Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілуі тиіс; бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі.Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін; не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған үш айдан астам уақыттағы салықтық берешігінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген анықтамасының түпнұсқасын; 9- қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтініммен бірге әлеуетті өнім берушінің өткізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының бір жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резиденттердің банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз етуді ұсыну арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиіс.Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін беріледі; 3) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушылардың) мемлекеттік сатып алу туралы заңнама арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды; әлеуетті өнім берушілердің және оның қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушыларының) осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсете отырып,арнайы біліктілік және өзге де талаптардың толық тізбесін қамтитын осы конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілігі туралы мәліметтерді; Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың қосалқы мердігерлерін ( бірлесіп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайында әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс; Осы Конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді және әлеуетті өнім берушінің жұмыстар (құрылыстың құны) , қызмет көрсетулер көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында қосалқы мердігерлікке беруге тиым салу шартын; 4) Орындалатын жұмыстың ,сапалық және пайдалану сипаттамаларын және жұмысты орындау мерзімдері , көлемдері мен сапасына , қызмет көрсету шығыстарына кепілдік беру суреттелген техникалық ерекшеліктерді; 5) банктік кепілдік не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына орналастырылатын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді; №7 қосымшаға сай 6 ) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда ,әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және крнкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат. ^ 12.Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде,нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен ,ал заңды тұлға үшін – мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады. Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде,нөмірленген беттерімен,соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі. 13.Конкурсқа қатысуға өтінімнің басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы,әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс. 14.Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме,өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс. 15.Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді,оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен пошталық мекен жайы (егер ол «кешікті» деп жарияланса,конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында),мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекен жайы,конкурс тәсілімен мемлекттік сатып алудың дәл атауы,сондай–ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС(конкурстың дәл атауы көрсету қажет) және «ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» (конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашатын күн және уақыты көрсету қажет)». ^ 16.Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекен-жайы бойынша тапсырысты пошталық байланысты пайдалана отырып 2010 жылдың 22 ақпан сағат 14-00 минутына дейінгі мерзімде Алматы облысы,Райымбек ауданы,Б.Момышұлы көшесі №19. индекс 0414006.Райымбек аудандық білім беру бөлімі.3- бөлмеге береді.Конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау мен тіркеуге жауапты Тілекші Сеймова Рамазанқызы. 17.Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды Ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады. 18.Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып,тиісті журналға тіркейді. 19.Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді. ^ 20.Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан,өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін.Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы,желімделуі және ұсынылуы тиіс. Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама,әлеуетті өнім беруші заңды тұлға болып табылған жағдайда әлуетті өнім беруші қол қойған және мөрімен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді. Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу ,егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса,жарамды болып табылады. 21.Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты,оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді. 22.Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күн тізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы.Әлеуетті өнім беруші мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы: 1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу; 2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу. 23.Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді.Тапсырыс беруші,мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ,конкурстық комиссия,сараптама комиссиясы,сарапшы конкурс тәсілімен мемлекетттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан,осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді. ^ 24.Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды 2010 жылдың 22 ақпан сағат 16 -00 минутта Алматы облысы Райымбек ауданы Кеген ауылы Б.Момышұлы көшесі 19 , Райымбек аудандық білім беру бөлімінде 1-ші бөлмеде келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия жүргізеді.Конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі мен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу арасындағы кезең екі сағаттан аспауға тиіс.Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында(хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер салынған конверттері ашылуға жатады. Егер конкурсқа қатысуға бір ғана өтінім ұсынылса,онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтінім де ашылады. 25.Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып,олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына тіркелуге тиіс.Тіркеу 2010 жылдың 22 ақпан сағат 14 -00 минутқа дейін Алматы облысы Райымбек ауданы Кеген ауылы Б.Момышұлы көшесі 19 , Райымбек аудандық білім беру бөлімінде 3-ші бөлмеде жүргізіледі. Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс. 26.Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің,конкурстық комиссияның,конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді. 27.Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында: 1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді: Конкурстық комиссияның құрамы,конкурстық комиссияның хатшысы туралы; Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны; әлеуетті өнім берушілердің бар немесе жоқ екендігі,сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті өнім берушілерменкездесу өткізгені; конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі,сондай-ақ себептері; тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер; 2) конкурстық комиссияның өкілі не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға: конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді; 3) конкурстық комиссияның хатшысы: Тиісті конверттерді ашу хаттамасын рәсімдейді; әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері,оның барлық мүшелері,оның төрағасы,,оның орынбасары,сондай ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетіне қол қояды. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасының көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушіге немесе уәкілетті өкіліне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей ,ал қатыспағандарға олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады. |