Тауарларды/қызметті мемлекеттік сатып алу келісім-шарты № icon

Тауарларды/қызметті мемлекеттік сатып алу келісім-шарты №



НазваниеТауарларды/қызметті мемлекеттік сатып алу келісім-шарты №
Дата конвертации26.09.2014
Размер156.03 Kb.
ТипДокументы
источник

Тауарларды/қызметті мемлекеттік сатып алу

келісім-шарты № ___
Қамыстыбас елді мекені. "___" ________2014 ж.
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан Ереже (бұйрық №259 12.09.2013ж) негізінде әрекет етуші мекеме директоры Смагулов Ф.Д., бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын бірінші тараптан және _____________________________________________________________________________________атынан ________ негізінде әрекет етуші _________________ _________________ _________________ бұдан әрі «Өнім беруші» екінші тараптан, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі-Заң) электронды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен № _____________лоты бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындыларын бекіту туралы 2014 жылғы _________________ _________________ шешімі негізінде, 254 бюджеттік бағдарламасы әкімшісі - Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, 005000 «Ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсiру» бюджеттік бағдарламасы, 414 «Машиналар, жабдықтар, өндірістік жіне шаруалылық мүккамал құралдарын сатып алу»ерекшелігі бойынша осы мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шартты жасасты (бұдан әрі - Шарт), және мына төмендегілер туралы келісімге келді:

1. «Өнім беруші» «Тапсырыс берушіге» төмендегі тауарды/қызметті сатады/көрсетеді:


р/с

Тауардың (қызметтің) атауы

өлшем

бірлігі

саны,

мөлшері

бағасы

Сомасы

1

Компьютер жиынтығы

шт

1










Барлығы















2. «Өнім беруші» тауарды (көрсетілетін қызметтерді) «Өнім берушінің» берген баға ұсынысына/конкурстық өтініміне және осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын «Тапсырыс берушінің» (конкурсты ұйымдастырушының) электрондық хабарландыруына/конкурстық құжаттамасына сәйкес санда және сапада сатуды және беруді (көрсетуге), ал «Тапсырыс беруші» қабылдауды және төлеуді міндетіне алады.

Ақы төлеу – аударым арқылы, ұлттық валютамен жүзеге асырылады.

3. «Өнім берушінің» тауарларды жеткізу (қызметтерді көрсету) орны - Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қамыстыбас елді мекені, н/з болып табылады.

4. Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі 254 005 000  «Ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсiру» бюджеттік бағдарламасының қаржыландыру жоспарына сәйкес келуі тиіс.

5. Тауарды жеткізу (қызметтерді көрсету) мерзімі - 2014 жылдың _____________айы.

6. Төлеу мерзімі - 254 005 000  «Ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсiру» бюджеттік бағдарламасының қаржыландыру жоспарына және шарт талаптарына сәйкес, _________________ ерекшелігі бойынша _________________ теңге 00 тиын көлеміндегі төлемді, «Өнім беруші» тауарды жеткізгеннен (қызметті көрсеткеннен) кейін, бекітілген төлемдер жоспары бойынша тиісті айларға жүргізіледі. Түпкілікті төлем мерзімі – 2014 жылдың _________________ айы.

7. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:

1) шот-фактура;

2) жүк құжат, жөнелтпе құжат, қабылдау-беру актісі

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Заңда көзделеген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу талаптарын көздеуі тиіс.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа мемлекеттік сатып алу шарттарының және (немесе) өнім беруші таңдау үшін негіз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін өзгерістерді Заңның 39-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген негіздемелер бойынша енгізуге жол берілмейді.

8. Осы Шарт шеңберінде берілетін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес келуге немесе олардан жоғары болуға тиіс.

9. «Өнім беруші» «Тапсырыс берушінің» алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ «Тапсырыс беруші» немесе осы Шартты орындау үшін «Өнім беруші» тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген техникалық құжаттаманы, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді немесе ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.

10. «Өнім беруші» «Тапсырыс берушінің» алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын жоғарыда санамаланған құжаттарды немесе ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа пайдаланбауға тиіс.

11. «Тапсырыс беруш» немесе оның өкілдері тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге, егер бұл техникалық ерекшелікте айтылса, олардың техникалық ерекшелікке сәйкестігін растау үшін техникалық бақылау және/немесе сынақ жүргізу мүмкін. Осы сынақтарға жұмсалатын барлық шығыстарды «Өнім беруші» жүктейді. Техникалық ерекшелікте «Тапсырыс берушіге» қандай түрдегі тексеру мен сынақ талап етілетіндігі, сондай-ақ олар қай жерде жүргізілуге тиіс екендігі көрсетіледі. «Тапсырыс беруші» «Өнім берушіні» осы мақсаттарға арналған өзінің өкілдері туралы жазбаша түрде және уақытылы хабардар етуге тиіс.

12. Техникалық бақылау мен сынақ «Өнім берушінің» немесе оның қосалқы мердігерінің (лерінің) аумағында, тауарларды/қызметті жеткізу/көрсету орнында және/немесе соңғы пунктінде жүргізілуі мүмкін. Егер олар «Өнім берушінің» немесе оның қосалқы мердігерінің (лерінің) аумағында жүргізілсе, «Тапсырыс берушінің» инспекторларына «Тапсырыс берушінің» тарапынан қандай да болмасын қосымша шығынсыз сызбаларға және өндірістік ақпаратқа қол жеткізуді қоса алғанда, барлық қажетті құралдар берілетін және жәрдем көрсетілетін болады.

13. Егер техникалық бақылаудан немесе сынақтан өткен тауарлар, көрсетілген қызметтер техникалық ерекшелікке жауап бермесе, «Тапсырыс беруші» олардан бас тарта алады және «Өнім беруші» ақаулы тауарды/қызметті не алмастырады не «Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын қосымша шығынсыз техникалық ерекшеліктің талаптарына сәйкес қажеттті өзгерістер енгізеді.

14. Жоғарыда көрсетілгендердің бір де бір тармағы Өнім берушіні осы Шарт бойынша кепілдіктерден немесе басқа да міндеттемелерден босатпайды.

15. «Өнім беруші» тауарларды, дайын өнімді оларды соңғы тағайындалған пунктіне тасымалдау кезінде зақымдануды немесе бұзылуды боолдырмауға қабілетті орауды қамтамасыз етуі тиіс. Орам қандай да болмасын шектеулерсіз қарқынды көтергіш-көлік өңдеуіне және тасымалдау кезіндегі экстремалды температураның, тұз бен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне төзуге тиіс.Оралған жәшіктердің габаритін және олардың салмағын анықтау кезінде жеткізу пунктінің алыстығы және алып жүрудің барлық пунктерінде қуатты жүк көтергіш құралдардың болуы ескерілуі қажет.

16. Жәшіктерді орау мен таңбалау, сондай-ақ ішінен және сыртынан құжаттамалау «Тапсырыс беруші» белгілеген арнайы талаптарға қатаң сәйкес келуі тиіс.

17. Тауарларды беруді « Өнім беруші» сатып алынатын тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің тізбесінде айтылған «Тапсырыс берушінің» талаптарына сәйкес мынадай түрде жүзеге асырады:

а) шетелден келетін тауарлар үшін:

Тауарды түсіргеннен кейін «Өнім беруші» «Тапсырыс берушіге» және сақтандыру компаниясына телекспен немесе факспен Шарттың нөмірін, тауарлардың сипаттамасын, санын, кемені, коносамент нөмірін және оның күнін, жөнелтілген портын және күнін, тексеру портын және т.б. қоса алғанда, тасылмалдаудың барлық егжей-тегжейі туралы хабардар етуге тиіс:

1) тауарлардың сипаттамасымен, тауардың санын, бірлігінің бағасын және жалпы сомасын көрсетіп, «Өнім берушінің» шот-фактурасының көшірмесі;

2) көліктік жүк құжаттың тұпнұсқасы мен 3 көшірмесі;

3) әрбір орамның құрамын көрсетіп, орау парағының көшірмесі;

4) сақтандыру Сертификаты;

5) дайындаушының немесе өнім берушінің кепілдік сертификаты;

6) уәкілетті инспепкциялық қызмет берген техникалық бақылау өткізу туралы куәлік, сондай-ақ «Өнім берушінің» зауытында техникалық бақылау өткендігі туралы есеп (егер мұндайлар болса);

7) тауардың шыққан жері туралы сертификат.

Жоғарыда көрсетілеген құжаттарды «Тапсырыс беруші» тауарлар портқа немесе жеткізу пунктіне келгенге дейін ең болмағанда бір апта бұрын алуға тиіс және олар алынбаған жағдайда «Өнім беруші» осы шығыстарға жауапты болады.

б) Жергілікті тауарлар үшін:

1) тауарлардың сипаттамасымен, тауарлардың санын, тауарларға бірлік бағаны және жалпы сомасын көрсетіп, «Өнім берушінің» шот-фактурасының көшірмесі;

2) көліктік жүк құжат, темір жол түбіртегі немесе автожүк түбіртегі;

3) Дайындаушының немесе «Өнім берушінің» кепілдік сертификаты;

4) уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау өткізу туралы куәлік, сондай-ақ «Өнім берушінің» зауытында техникалық бақылау өткендігі туралы есеп (егер мұндайлар болса);

5) тауардың шыққан жері туралы сертификат.

18. Шартқа сәйкес берілетін тауарлар оларды дайындауға, сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға және жеткізуге байланысты бүлінуден немесе бұзылудан теңгемен (немесе еркін айырбасталатын валютада) толық сақтандырылуға тиіс (қажетті сақтандыру түрін көрсету). Сақтандыру полисінде «Тапсырыс беруші» «Өнім берушімен» бірге сақтандыру компаниясынан өтемақы алатын тарап ретінде аталуға тиіс.

19. Сақтандыру әскери іс-қимылдарға және көтерілістерге байланысты қатерлерді қоса алғанда, «барлық қатерлерден» сақтандыру кезінде «қоймадан қоймаға» Шарт сомасының 110 % мөлшерінде болуға тиіс.

20. «Өнім беруші» тауарларды тағайындалған пунктіне дейін беруге тиіс. Осы тауарларды тағайындалған пунктіне дейін тасымалдауды «Өнім беруші» жүзеге асырады және төлейді, ал оған байланысты шығыстар Шарттың бағасына қосылады.

21. Осы Шарттың шеңберінде «Өнім беруш»і конкурстық құжаттамада көрсетілген қызметтерді көрсетуге тиіс.

22. Ілеспе қызметтерге баға Шарттың бағасына енгізілуге тиіс.

23. «Тапсырыс беруші» «Өнім беруші» дайындайтын немесе өткізетін қосалқы бөліктер туралы мынадай ақпаратты, атап айтқанда «Тапсырыс беруші» сатып алу үшін «Өнім берушіден» таңдай алатын және оларды кепілдік мерзімі өткеннен кейін пайдалана алатын қосалқы бөліктердің құны мен номенклатурасын беруді «Өнім берушіден» талап етуі мүмкін.

24. «Өнім беруші» қосалқы бөлшектерді шығаруға тоқтатқан жағдайда:

а) «Тапсырыс берушіні» оған қажетті санда қажетті сатып алуды жүргізе алуына мүмкіндік беру үшін өндірістің алдағы уақыттағы тоқтауы туралы алдын ала хабарлауға;

б) қажет болған жағдайда өндіріс тоқтағаннан кейін артынша «Тапсырыс берушіге» қосалқы бөліктерге жоспарларды, сызбалар мен техникалық құжаттаманы тегін беруге тиіс.

25. «Өнім беруші» Шарт шеңберінде берілген тауарлар, егер Шартта өзгеше көзделмесе, жаңа, пайдаланылмаған, конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы түрленулері көрсетілген жаңа не сериялық модель болып табылатындығына кепілдік береді. Өнім беруші, бұдан әрі, осы Шарт бойынша берілген тауарлар «Тапсырыс берушінің» елі үшін әдетте қолайлы жағдайларда берілген тауарларды қалыпты пайдаланған кезде конструкцияларына, материалдары мен жұмысына байланысты ақаулары болмайтындығына бұдан әрі кепілдік береді. «Тапсырыс беруші» берген техникалық ерекшелікке қатаң сәйкестікте «Өнім беруші» дайындаған конструкцияларда, материалдарда ақау пайда болған жағдайда «Өнім беруші» «Тапсырыс берушінің» оның (Тапсырыс берушінің) техникалық ерекшелігінде жібергені үшін жауап бермейді.

26. Бұл кепілдік тауарлардың бүкіл партиясын немесе оның бөлігін нақтылы жағдайға және оларды Шартта көрсетілген тағайындалған нақты пунктіне қабылдағанға орай____________________________ішінде жарамды.  (кепілдіктің талап етілетін мерзімі көрсетілсін)

27. «Тапсырыс беруші»» Өнім берушіні» осы кепілдікке байланысты барлық талап қоюлар туралы жазбаша түрде жедел хабардар етуге міндетті.

28. Осындай хабарламаны алғаннан кейін «Өнім беруші» ақау шыққан тауарды немесе оның бөлігін «Тапсырыс берушінің» тарапынан қандай да болмасын шығынсыз жедел жөндеуге немесе алмастыруға тиіс.

29. Егер «Өнім беруші» хабарлама алып, «Тапсырыс беруші» талап еткен мерзімде ақауды(ларды) жөндемесе, «Тапсырыс беруші» «Өнім беруші» есебінен және «Тапсырыс беруші» «Өнім берушіге» қатысты Шарт бойынша иеленуі мүмкін басқа да құқықтарға қандай да болмасын залалсыз ақауларды жөндеу жөніндегі қажетті санкциялар мен шараларды қолдана алады.

30.«Өнім берушіге» берілген тауарларға, көрсетілегн қызметтерге ақы төлеу осы Шарттың 3 және 7 -тармақтарында көрсетілген нысанда және мерзімде жүргізілетін болады.

31. «Тапсырыс беруші» Шартта көрсеткен баға «Тапсырыс берушінің» конкурстық өтінімінде ол көрсеткен бағаға сәйкес келуге тиіс.

32. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарттың құжаттарына ешқандай ауытқулар немесе өзгерістер (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, тиеу, орау әдістері, жеткізу орны немесе өнім беруші көрсететін Қызметтер және т.б.) Шарттың құжаттарына жіберілмейді.

33. Егер кез келген өзгеріс «Өнім берушіге» Шарт бойынша тауарлардың кез келген бөлігін беру үшін қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, Шарттың бағасы немесе беру кестесі немесе сол немесе өзгелері тиісті түрде түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Осы бап шеңберінде «Өнім берушінің» түзету жүргізуге барлық сауалдары «Өнім беруші» «Тапсырыс берушіден» өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде көрсетілуге тиіс.

34. «Өнім беруші» қандай да болмасын біреуге осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін «Тапсырыс берушінің» алдын ала жазбаша келісімінсіз не толық не ішінара бермеуге тиіс.

35. «Өнім беруші» «Тапсырыс берушіге», егер бұл конкурстық өтінімнің құжаттарында айтылса, осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмесін беруге тиіс. Қосалқы мердігерлердің болуы «Өнім берушіні» Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

36. Тауарларды беруді және қызметтерді көрсетуді «Өнім беруші» кестеге сәйкес жүзеге асыруға тиіс.

37. «Тапсырыс беруші» тарапынан беруді орындауды кешіктіру оған жүктелетін мынадай санкцияларға әкелуі мүмкін: Шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап немесе тұрақсыздық айыбын төлеп Шарттың күшін жою.

38.Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер «Өнім беруші» тауарларды Шартта көзделген мерзімде бере алмайтын не қызметтерді көрсете алмайтын болса, «Тапсырыс беруші» өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.

39. Шарттың талаптарын бұзғаны үшін қандай да болмасын басқа санкцияларға зиян келтірместен, «Тапсырыс беруші» «Өнім берушіге» міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады:

а) егер «Өнім беруш»і тауардың бөлігін немесе барлығын Шартта көзделген мерзімде (дерде) немесе «Тапсырыс беруші» берген осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде бере алмаса;

б) егер «Өнім беруші» Шарт бойынша қандай да болмасын басқа да өзінің міндеттемелерін орындай алмаса.

40. «Өнім беруші», егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажор жағдайларының нәтижесі болса, өзінің Шартты орындауды қамтамасыз етуден айырылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапкершілік жүктемейді.

41. Осы Шарттың мақсаты үшін «форс-мажор» Өнім берушінің есебіне және салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы Өнім беруші тарапынан бақылауға бағынбайтын оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар әскери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин мен тауарларды беруге эмбарго сияқты іс-қимылдарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

42. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде «Өнім беруші» «Тапсырыс берушіге» мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер «Тапсырыс берушіден» өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, «Өнім беруші» Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды ол орынды болғанынша жалғастырады және форс-мажор жағдайларына байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін жүргізеді.

43. «Тапсырыс беруші», егер «Өнім беруші» банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, «Өнім берушіге» тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады  және «Тапсырыс беруші», егер Шартты бұзу іс-әрекеттерді жасауға немесе «Тапсырыс берушіге» қойылған немесе қойылатын санкцияларды қолдануға залал әкелмесе немесе қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса «Өнім берушіге» қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.

44. «Тапсырыс беруші» «Өнім берушіге» тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетілуге тиіс, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күн айтылуға тиіс.

45. Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, «Өнім беруші» Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.

46. Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы анықталған, сондай-ақ ұйымдастырушы «Өнім берушіге» Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен жағдайда Мемлекеттік сатып алу туралы шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін. «Өнім берушіге» мұндай негіздеме бойынша Шарттың бұзылуымен байланысты болған шығындар өтемін талап ету құқығына ие емес.

47. «Тапсырыс беруші» мен «Өнім беруші» тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсауға тиіс.

48. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде «Тапсырыс беруші» мен «Өнім беруші» Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

49. Отандық тауар өндірушілермен немесе отандық қызметтерді көрсетушілермен шарт жасалған жағдайда, шарт алдын ала ақы төлеу және тауарларды жеткізгені не қызметтерді көрсеткені үшін толық ақы төлеу туралы шартты қамтуы тиіс. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелерді орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

50. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының резиденті емеспен жасасқан жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресімдеуге жол беріледі.

51. Шарт қазақ және/немесе орыс тілдерінде жасалады. Шартты төрелікте қарау қажет болған жағдайда Шарттың қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу немесе тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес келуге тиіс.

52. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалуға тиіс.

53. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.

54. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді, ол бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты.

55. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.

56. «Өнім беруші» Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда енгізуге міндетті.

57.»«Өнім беруші» жергілікті қамтуды конкурстық өтінімге (болған кезде) сәйкес қамтамасыз етуге міндеттенеді.

58. «Өнім беруші» жеткізілетін тауардың бүкіл (барлық) партиясына (партияларына) CT-KZ нысанындағы тауардың шығуы туралы сертификатты ұсынуға міндеттенеді.

59. Осы Шартта «Тапсырыс беруші» мен «Өнім беруші» белгіленген тәртіппен келісілген өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін.

60. Осы Шарт «Тапсырыс беруші» оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін) тіркеуден өткізгеннен кейін күшіне енеді.

61. Осы Шарт бойынша белгіленген Тараптардың міндеттемелері оның толық орындалғанына дейін, бірақ қалай да 2013 жылдың ________________дейін күшінде болады.


62. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері :

^ Тапсырыс беруші



Өнім беруші

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және

табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Арал

орман және жануарлар дүниесін қорағау жөніндегі

мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



120112 Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қамыстыбас елді мекені, нөмірсіз

тел.: 8/72433/ 29210,29225

БСН 050340008460

ММ коды 2542502

БСК KKMFKZ2A, Код 12

ЖСК KZ70070102KSN3301000


Тел:

БСН
БСК

ЖСК

АҚБ : Арал аудандық Қазынашылық

Басқармасы, Арал қаласы


Банк:

ММ директоры









_________________ Смагулов Ф.Д.

қолы

__________________

қолы





" 22 " _________________ 2014 ж.

" ___ " _________________ 2014 ж.



Похожие:

Тауарларды/қызметті мемлекеттік сатып алу келісім-шарты № iconТауарларды/қызметті мемлекеттік сатып алу келісім-шарты №
«Машиналар, жабдықтар, өндірістік жіне шаруалылық мүккамал құралдарын сатып алу»ерекшелігі бойынша осы мемлекеттік сатып алу туралы...
Тауарларды/қызметті мемлекеттік сатып алу келісім-шарты № iconТауарларды/қызметті мемлекеттік сатып алу келісім-шарты №
«Машиналар, жабдықтар, өндірістік жіне шаруалылық мүккамал құралдарын сатып алу»ерекшелігі бойынша осы мемлекеттік сатып алу туралы...
Тауарларды/қызметті мемлекеттік сатып алу келісім-шарты № iconТауарларды/қызметті мемлекеттік сатып алу келісім-шарты №
«Машиналар, жабдықтар, өндірістік жіне шаруалылық мүккамал құралдарын сатып алу»ерекшелігі бойынша осы мемлекеттік сатып алу туралы...
Тауарларды/қызметті мемлекеттік сатып алу келісім-шарты № iconКелісім-шарт жобасы Келісім шарт № тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі-Заң) ) және конкурс тәсілімен электронды мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде...
Тауарларды/қызметті мемлекеттік сатып алу келісім-шарты № iconКелісім-шарт жобасы Келісім шарт № тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі-Заң) ) және конкурс тәсілімен электронды мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде...
Тауарларды/қызметті мемлекеттік сатып алу келісім-шарты № iconТауарларды сатып алу туралы Келісім шарт № Астана қ. 2012 жыл «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» Акционерлік қоғамы, бұдан әрі «Тапсырыс беруші»
Сатып алу ережелері) және № баға ұсыныстары арқылы қорытынды негізінде, тауарды сатып алу туралы осы Келісім шартты (бұдан әрі –...
Тауарларды/қызметті мемлекеттік сатып алу келісім-шарты № iconКөрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы № шарт
Р «Мемлекеттік сатып алу» Заңының (бұдан әрі – Заң) электронды мемлекеттік сатып алу қорытындыларын баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен...
Тауарларды/қызметті мемлекеттік сатып алу келісім-шарты № iconРудный қаласы, Комсомольский даң-лы, 49
«Мемлекеттік сатып алу туралы» заң негізінде (келесі-Заң) және 2014 жылы болған электрондық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу...
Тауарларды/қызметті мемлекеттік сатып алу келісім-шарты № iconТауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шарт №
Заңы (бұдан әрі Заң) және 2014 жылғы № Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларын бекіту туралы шешім...
Тауарларды/қызметті мемлекеттік сатып алу келісім-шарты № iconТауарларды мемлекеттік сатып алу келісім шарт ы №
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Айголек» балабақшасы атынан, менгерушісі Меденова Жанагул Алимбеткызы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы