|
Олимпиада нәтижесі 2012 жылғы 27-28 қаңтар күндері облыстық пән олимпиадасы болып өтті. Екібастұз қаласынан пән олимпиадасына қазақ тілінен 6 оқушы ағылшын тілінен 7 оқушы және неміс тілінен бір оқушы қатысты. Нәтижесінде қазақ мектептерінің қазақ тілі пәнінен №22 мектеп гимназиясының 9 сынып оқушысы Габдуллина Асыл жүлделі екінші орынды, №25 қыздар гимназиясының 11 сынып оқушысы Заматаева Гүлзат 3 орынды иеленді. (пән мұғалімі-Дауытова Г.К.) Ал орыс тілді мектептің қазақ тілі пәнінен бірінші жүлделі орынды №24 мектептің 10 сынып оқушысы Абдинова Нурана ( мұғалімі-Бабатаева А.М) алса, №33 мектептің 9 сынып оқушысы Глимшина Регина (мұғалімі-Мусинова Қ.Ж) 2 орынды,Наливайко Дарья (мұғалімі-Мұқатова Б.Қ) үшінші орынды иеленді. Ағылшын тілінен №26 мектептің 11 сынып оқушысы Қожанова Ақмарал (Белгібаева Индира) 3 орынды және Демирель атындағы университеттің 2,5 млн т. Гранты берілді. «Әлем» мектебінің 11 сынып оқушысы Гасанов Саиб (мұғалімі Ушакова А.А) 1 орын, неміс тілі пәнінен №6 мектеп лицейінің оқушысы Махметов Дархан (мұғалімі Шербакова Л.Г)2 орын алды. Олимпиада жүлдегерлерін жеңістерімен құттықтап, алда талай биік белестерден көріне берулеріне тілектеспіз. Оқушыларды дайындаған ұстаздарына алғыс айтамыз. |