|
2013 жылғы 25 қаңтардағы «Арнайы білім беру оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беру» және «Мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру» бюджеттік бағдарламалар шеңберінде «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бөлінген жергілікті бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін бақылау қорытындылары туралы» № 9/03 қаулысынан үзінді 1. «Арнайы білім беру оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беру» және «Мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру» бюджеттік және «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспарының мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштері, жалпы алғанда, жетілгендігі атап өтілсін. 2. Павлодар облысы білім беру басқармасының бастығына ұсынылсын (Б.М. Бексейітоваға): «Облыстық мамандырылған мектеп-интернат» және «Санаторий түріндегі Шалдай мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемелердің қаржыландырылуы, орталықтандырылған басқару бухгалтериясын қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілу мәселесін салалық министрлікпен бірге істелінсін; «Облыстық дарынды балаларға арналған кадет мектеп-интернаты» ММ-не жеке элитарлық білімді қамтамасыз ететін мекеменің мәртебесін нығайтуға бағытталған, олардың ұсынатын білім беру қызметтері сапасын арттыру, олардың кәсібі мен мәртебесіне сәйкес қызметтерінің мақсаттары мен нәтижелері ара қатынасы бөлігіне, қосымша шаралар қолданылсын; мамандандырылған білім беру мекемелері оқушыларының республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысуының төмен көрсеткіші себептерін талдасын. Оқушыларды және ұстаздарды дарынды балаларға арналған мекемесі мәртебесін дәлелді критерийлердің бірі ретінде осындай деңгейлі олимпиадаға ынталандыру; бар қуатты тиімді пайдалану мақсатында санаторлы-интернаттық білім беру мекемелерінің толыққандығын қамтамасыз ету бойынша жұмыс белсенділігі арттырылсын; оқушылар арасында ауру-сырқаулық деңгейін төмендетуге бағытталған санитарлық-гигиеналық және емдеу- ауруды алдын-алу іс-шаралар кешені әзірленсін; 3. Павлодар облысы білім беру басқармасының бастығына (Б.М. Бексейітоваға): бюджеттік және басқа заңнамада бұзушылықтар жіберген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі жөніндегі мәселе белгіленген тәртіпте қарастырылсын; анықталған бұзушылықтарды жоюға, алдағы уақытта осы тектес бұзушылықтарға жол берілмеуге шаралар қолданылсын; бұзушылықтардың 192,9 мың теңге сомасында сәйкес бюджет табысына толық көлемде өтелуі, 884,6 мың теңге - қалпына келтірілуі, соның ішінде есеп бойынша - 126,9 мың теңге, жоспарланған тағайындауларды азайту жолымен - 757,7 мың теңге осы қаулының қосымшасына сәйкес қамтамасыз етілсін; ведомствоға қарасты мекемелерде мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің жүргізілуінің, тиісті бухгалтерлік есеп пен есептіліктің жүргізілуінің лайықты түрде ұйымдастырылуы қамтамасыз етілсін; анықталған бұзушылықтарды жою және кінәлі тұлғаларға қолданылған іс-шаралар туралы ақпаратты құжаттар көшірмелері қосымшасымен бірге Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясына осы қаулы күшіне енген күннен бастап бір ай мерзім ішінде ұсынылсын.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтары деректері бойынша материалдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясына олардың мекенжайларына жіберілген материалдарды қарастыру қорытындысы бойынша кейінгі мониторинг жасаумен шаралар қолданылуға жолданылсын.
|