2011 жылғы Ертіс ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon

2011 жылғы Ертіс ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі



Название2011 жылғы Ертіс ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Дата конвертации15.11.2012
Размер36.75 Kb.
ТипДокументы
источник

2011 жылғы Ертіс ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының

есебі


Кіріспе бөлім

2011 жылға арналған Ертіс ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXVII сессия) 2010 жылғы 22 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға арналған Ертіс ауданының бюджеті туралы» №196-32-4 шешімімен бекітілді.

Жыл ішінде аудан бюджеті 5 рет нақтыланды. Аудан бюджетіне өзгерістер республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен бюджеттің ұлғаюы себебінен енгізілді, олардың негізгі бөлігі Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысына (немесе сатып алу) және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.


I. Жергілікті бюджеттің атқарылуын талдау

1.1. Бюджеттің кіріс бөлігін атқару

2011 жылы бюджеттің кіріс бөлігін нақты атқару 2 453 434,0 мың теңгені құрады, жоспарланғаны 2 436 305 мың теңге немесе 100,7%, соның ішінде:

- салық түсімдері бойынша жоспарланғаны 263 292,0 мың теңге, ал атқарылғаны 275 651,1 мың теңге немесе 104,7% (2010 жылмен салыстырғанда 37,9% артты);

- салықтық емес түсімдер бойынша жоспарланғаны 4 051,0 мың теңге, ал атқарылғаны 8 776,7 мың теңге немесе 216,7%;

- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 444,0 мың теңгеге жоспарланған, атқарылғаны 487,9 мың теңге немесе 109,9%;

- облыстық бюджеттен ресми трансферттердің түсуі 2 168 518,0 мың теңгені немесе 100% құрады.

Аудан бюджетінің кіріс бөлігін атқару жоспарын асыра орындауға және өз кірістерінің өсу қарқынының жоғарылауына қарамастан, аудан бюджеті кірісін толықтыратын негізгі қайнар көз – жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдарының трансферті болып қалуда, ол ауданның қаржылық тәуелділігін дәлелдейді. 2011 жылы кіріс көлеміндегі трансферт үлесі 88,2% құрайды (2010 жылы – 89,6%).


Жыл соңындағы бересілер сомасы 1 436,0 мың теңгені құрайды, өткен жылғы балама кезеңімен салыстырғанда 58,3% немесе 999,0 мың теңге сомаға төмендеді.


1.2. Шығыс бөлікті атқару

2011 жылғы аудан бюджетінің шығыс бөлігі 2 765 835,0 мың теңгеге жоспарланған, ал атқарылғаны 2 520 339,6 мың теңге немесе 91,1%.

Пайдаланылмаған бөлінген ақшаның жалпы сомасы 245 495,4 мың теңгені құрады, соның ішінде трансферттер есебінен – 242 873,9 мың теңге (98,9%). Негізгі үлес «Ертіс ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ-мен игерілмеген – 218 367 мың теңге.

Осылайша, 2011 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту» бағдарламасын іске асыруға 96 970,0 мың теңге бөлінді, игерілгені – 9 235,9 мың теңге (9,5%).

«Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алу және (немесе) салу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 294 007,0 мың теңге жоспарланған, кассалық атқарылғаны – 163 375,0 (55,6%).


2012 жылғы 1 қаңтардағы кредиторлық қарыз 648,7 мың теңгені құрады, «Ертіс ауылында су өткізу желілерін қайта құруға арналған ЖСҚ әзірлеу» объектісі бойынша «Сумен қамтамасыз ету жүйесін дамыту» бағдарламасы бойынша.

2011 жыл ішінде мәміленің шарттарын орындамау себебінен «Ертіс ауылының әкімі аппараты» ММ бойынша 732,0 мың теңге сомаға дебиторлық қарыз пайда болды. Дебиторлық қарызды өндіріп алу бойынша барлық шаралар қабылданды.


2. Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын бағалау

Есепті кезеңде Ертіс аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясымен 4 мемлекеттік орган және 5 мемлекеттік кәсіпорын бақылаумен қамтылды. «№3 Ертіс орта жалпы білім беру мектебі» ММ, «Қоскөл ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Ертіс аудандық мәслихат аппараты» ММ, «Панфилов орта жалпы білім беру мектебі» ММ, «Ертіс ауданының «Ертіс-нұры және Ертіс» бірлескен газет редакциясы» МКҚК, «Мәдениет үйі» МКҚК, «№1 балабақша» КМҚК, «№2 балабақша» КМҚК және «Рахат» КМК тақырыптық бақылау жүргізілді.

Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша 3 бақылау объектісінде жалпы 63,0 мың теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды, қалпына келген қаражат көлемі 63,0 мың теңге. Тәртіптік жауапкершілікке 1 адам тартылды.

Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясымен бақылау іс-шаралары 2011 жылы жүргізілген жоқ.


3. Қорытынды бөлім

Осылайша, 2011 жылғы Ертіс ауданы бюджетінің атқарылуын талдау оның негізгі параметрлері енгізілген нақтылаулармен орындалғанын көрсетеді. Есепті жылдың бюджетінде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын өзекті аймақтық әлеуметтік-экономикалық шарттар контексіндегі басымдылықтар ескерілген. Тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, білім беру, мәдениет және әлеумет аясының басқа да салаларының қызмет етіп, дамуына арналған бюджеттік бөлінген ақшаның әлеуметтік бағыттылығы қамтамасыз етілген.

Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы Ертіс аудандық мәслихатқа, әкімдікке және ауданның мемлекеттік мекемелеріне ұсыным етеді: 

- аудан бюджетін сапалы және толық жоспарлау және атқару бойынша шаралар қабылдау;

- аудан бюджетінің кредиторлық және дебиторлық қарыздарын жою және оған жол бермеу шараларын қабылдау;

- бересілерді жою бойынша жұмыстарды жалғастыру;

- кәсіпкерлік субъектілерін дамыту және экономикалық белсенділігін арттыру үшін жағымды жағдай жасау есебінен аудан бюджетінде жеке меншік кірістерінің үлесінің өсімін қамтамасыз ету;

- бюджеттік бағдарламаларды атқару кезінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының тікелей және соңғы нәтижелеріне жетуіне бағдарлану.


Павлодар облысы бойынша

тексеру комиссиясының төрағасы С. Байсейітов



Похожие:

2011 жылғы Ертіс ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Павлодар ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Павлодар ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXIII сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Ертіс ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Май ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Май ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXХ сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Ертіс ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Лебяжі ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Лебяжі ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXV сессиясы) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Ертіс ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Шарбақты ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Шарбақты ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXXII сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Ертіс ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Успенка ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Успенка ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXVIII сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Ертіс ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Баянауыл ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылдарға арналған Баянауыл ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXX сессиясы) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Ертіс ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Ақтоғай ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Ының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXVIII сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға арналған Ақтоғай ауданының...
2011 жылғы Ертіс ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Павлодар қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Павлодар қаласының бюджеті қалалық мәслихаттың (IV сайланған XXIX сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Ертіс ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Ақсу қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Ақсу қаласының бюджеті қалалық мәслихаттың (IV сайланған XXIX сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Ертіс ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Екібастұз қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Екібастұз қаласының бюджеті қалалық мәслихаттың (IV сайланған XXVII сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы