2011 жылғы Ақсу қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon

2011 жылғы Ақсу қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі



Название2011 жылғы Ақсу қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Дата конвертации15.11.2012
Размер57.43 Kb.
ТипДокументы
источник

2011 жылғы Ақсу қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі


Кіріспе бөлім

2011 жылға арналған Ақсу қаласының бюджеті қалалық мәслихаттың (IV сайланған XXIX сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға арналған Ақсу қаласының бюджеті туралы» №265/31 шешімімен бекітілді.

2011 жыл ішінде Ақсу қаласының бюджеті 7 рет нақтыланды. Ақсу қаласының бюджетіне өзгерістер республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен бюджеттің ұлғаюы себебінен енгізілді, олардың негізгі бөлігі білім беру объектілерінің құрылысына, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жабдықтауға және сатып алуға, су шаруашылығы объектілерін дамытуға, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысына (немесе сатып алу) және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.


I. Жергілікті бюджеттің атқарылуын талдау

1.1. Бюджеттің кіріс бөлігін атқару

2011 жылы бюджеттің кіріс бөлігін нақты атқару 6 133 137,2 мың теңгені құрады, жоспарланғаны 5 888 331,0 мың теңге немесе 104,2%, соның ішінде:

- салық түсімдері бойынша жоспарланғаны 3 630 576,0 мың теңге, ал атқарылғаны 3 855 039,5 мың теңге немесе 106,2%;

- салықтық емес түсімдер бойынша жоспарланғаны 24130,0 мың теңге, ал атқарылғаны 33094,4 мың теңге немесе 137,2%;

- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша жоспарланғаны 8234,0 мың теңге, ал атқарылғаны 19612,3 мың теңге немесе 238,2%;

- облыстық бюджеттен ресми трансферттердің түсуі 2 225 391,0 мың теңгені немесе 100% құрады.

Ақсу қаласы бойынша салық басқармасының мәліметтері бойынша 2012 жылғы 1 қаңтардағы бересілер 22005,0 мың теңгені құрады, 2011 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда бересілер 4018,0 мың теңгеге төмендеді.


1.2. Шығыс бөлікті атқару

2011 жылғы Ақсу қаласы бюджетінің шығыс бөлігі 5 865 758,0 мың теңгеге жоспарланды, ал атқарылғаны 5 826 596,9 мың теңге немесе 99,3%.

Пайдаланылмаған бөлінген ақшаның жалпы сомасы 39161,1 мың теңгені құрады, соның ішінде республикалық бюджет трансферттері есебінен – 36624,5 мың теңге (93,5%), жергілікті бюджет қаражаты – 2536,6 мың теңге. Негізгі үлес «Ақсу қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-мен игерілмеген – 36233,4 мың теңге.

Осылайша, 2011 жылы «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту» бағдарламасын іске асыруға 36168,0 мың теңге бөлінді, оның 12612,1 мың теңгесі немесе 34,9% игерілді, Игерілмей қалғаны – 23555,9 мың теңге.

«Білім беру объектілерінің құрылысы және қайта құру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 545649,0 мың теңге бөлінді, игерілгені – 532971,3 мың теңге (97,7%), оның ішінде республикалық бюджет трансферттерінен 527421,0 мың теңге, игерілгені – 514743,5 мың теңге (97,6%). 12677,5 мың теңге игерілмей қалды. Осы бағдарлама бойынша Ақсу қаласында 320 орынға арналған балабақшаның құрылысы жүргізілді.

2012 жылғы 1 қаңтардағы кредиторлық қарыз 30851,4 мың теңгені құрады. Жоспарлы бөлінген ақшаның жеткіліксіздігі себебінен қарыз төмендегі ерекшеліктер бойынша құрылды: «Әлеуметтік салық» 121 ерекшелік және «Әлеуметтік бағдарламалар» 122 ерекшелік, «Жалпы білім беру» 464003 ерекшелік. Осы фактілер білім беру саласындағы жалақы қорының сапасыз жоспарланатындығын дәлелдейді – қарыз сомасы 30826,2 мың теңге.

2011 жылғы дебиторлық қарыз сомасы 106,5 мың теңгені құрады. Шаралар қабылданған жоқ.


2012 жылғы 1 қаңтардағы қала КСН бюджет қаражатының қалдығы 283 764,3 мың теңге, оның ішінде 36624,5 мың теңге – толық пайдаланылмаған нысаналы трансферттер есебінен, 2538,6 мың теңге – қаржыландыру жоспарларын бағдарламалар әкімшісімен атқармауы есебінен, 244 601,1 мың теңге – кірістерді асыра орындау есебінен.


2. Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын бағалау

Есепті кезеңде Ақсу қалалық мәслихаттың тексеру комиссиясымен 10 мемлекеттік орган бақылаумен қамтылды. «Ақсу қаласының Достық ауылдық округінің орта мектебі» ММ, «Ақсу қаласының М. Омаров атындағы ауылдық округінің Жамбыл орта мектебі» ММ, «Ақсу қаласының Қызылжар ауылдық округінің орта мектебі» ММ, «Ақсу қаласының Евгеньевка ауылдық округінің Гагарин атындағы орта мектебі» ММ, «Ақсу қаласының Пограничник ауылдық округінің Спутник орта мектебі» ММ, «Ақсу қаласының №7 орта мектебі» ММ, «Ақсу қаласының №2 сәбилер бақшасы» МКҚК, «Ақсу қаласының Ақжол ауылдық округінің орта мектебі» ММ, «Ақсу қаласының Еңбек ауылдық округі» ММ, «Ақсу қаласының №24 сәбилер бақшасы» МКҚК кешенді бақылау жүргізілді. Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша жалпы 40070,6 мың теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 4266,7 мың теңге орны толуы тиіс, қалпына келгені 3658,1 мың теңге. Тәртіптік жауапкершілікке 6 адам тартылды.

«Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесімен «Ақсу қаласы бойынша салық басқармасы» ММ-де 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011 жылғы 30 қазан аралығындағы кезең ішінде жергілікті бюджетке түскен түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз етуіне тақырыптық бақылау жүргізілді.

«Ақсу қаласы бойынша салық басқармасы» ММ-де жүргізілген тақырыптық бақылаудың қорытындысы бойынша бюджетті атқарудың негізгі критерийлері іс жүзінде атқарылмайтындығы бақылаумен анықталды.

Бақылау арқылы көлікке салынатын салық және жер салығы бойынша қарыздану фактілері анықталды, болжамдық көрсеткіштер орындалмаған.

Павлодар облысы бойынша ІІД УДП ұсынған мәліметтерді Ақсу қаласы бойынша салық басқармасында тіркелген жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу жөніндегі деректерді іріктемелік салыстырып тексеру барысында 2009 және 2010 жылдары көлік құралдарына салынатын салықты төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындамаған жеке тұлғалар анықталды.

Нәтижесінде, ҚР Салық кодексінің 367-бабына сай, көлік құралдарына салынатын салық бойынша бюджетке түспей қалған көзделген сома 6 090,1 мың теңге, соның ішінде 2009 жылы – 3 428,7 мың теңге, 2010 жылы – 2 661,4 мың теңге.

Жеке тұлғаларға салынатын жер салығы бойынша жергілікті атқарушы орган жер учаскесін жеке меншікке беру кезінде бюджетке жер салығы бойынша түсімдердің түспегені бақылаумен анықталды. Нәтижесінде бюджетке түспей қалған көзделген сома 492,0 мың теңгені құрады.

Мақсатты тағайындылығы – автотұрақты орналастыру және қызмет көрсету болып табылатын жер учаскесін жалға алу шартын жасау кезінде уәкілетті органмен жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемді он есе ұлғайтуды қолданбау фактісі бақылаумен анықталды. Бақыланып отырған кезең ішінде бюджет жоғалтқан көзделген сома – 6 182,4 мың теңгені құрады.

Осы акт бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаментке сыртқы бақылау актісі жіберілді.


3. Қорытынды бөлім

Осылайша, 2011 жылғы Ақсу қаласы бюджетінің атқарылуын талдау оның негізгі параметрлері енгізілген өзгерістерімен орындалғанын көрсетеді. Есепті жылдың бюджетінде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын өзекті аймақтық әлеуметтік-экономикалық шарттар контексіндегі басымдылықтар ескерілген. Тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, білім беру, мәдениет және әлеуметтік аясының басқа да салаларының қызмет етіп, дамуына арналған бюджеттік бөлінген ақшаның әлеуметтік бағыттылығы қамтамасыз етілген.

Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы Ақсу қалалық мәслихатқа, әкімдікке және Ақсу қаласының мемлекеттік мекемелеріне ұсыным етеді: 

- Ақсу қаласының бюджетін сапалы және толық жоспарлау бойынша шаралар қабылдау;

- Ақсу қаласы бойынша кредиторлық және дебиторлық қарызға жол бермеу жұмыстарын жалғастыру;

- бюджеттік бағдарламаларды атқару кезінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының тікелей және соңғы нәтижелеріне жетуіне бағдарлану.

- Ақсу қаласы бюджетінің тиімді және сапалы атқарылуын және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдау;

- салық органдарының назарын бақылау механизмінің тиімділігін арттыруға аударту;

- бюджеттің кіріс бөлігінің болжамдық көрсеткіштерін орындағаны үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру;

- жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық бойынша, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем бойынша анықталған берешектерін өндіріп алу шараларын қабылдау;

- ҚР Салық кодексін бұзған тұлғалардың жауапкершілігін белгіленген тәртіппен қарастыру, алдағы уақытта олардың туындауына жол бермеу шараларын қабылдау.


Төраға С. Байсейітов



Похожие:

2011 жылғы Ақсу қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Павлодар қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Павлодар қаласының бюджеті қалалық мәслихаттың (IV сайланған XXIX сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Ақсу қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Екібастұз қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Екібастұз қаласының бюджеті қалалық мәслихаттың (IV сайланған XXVII сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Ақсу қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Павлодар ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Павлодар ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXIII сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Ақсу қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Успенка ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Успенка ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXVIII сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Ақсу қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Шарбақты ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Шарбақты ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXXII сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Ақсу қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Лебяжі ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Лебяжі ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXV сессиясы) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Ақсу қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Май ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Май ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXХ сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Ақсу қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Ертіс ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Ертіс ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXVII сессия) 2010 жылғы 22 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Ақсу қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Баянауыл ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылдарға арналған Баянауыл ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXX сессиясы) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Ақсу қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Ақтоғай ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Ының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXVIII сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға арналған Ақтоғай ауданының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы