2011 жылғы Успенка ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon

2011 жылғы Успенка ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі



Название2011 жылғы Успенка ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Дата конвертации15.11.2012
Размер39.87 Kb.
ТипДокументы
источник

2011 жылғы Успенка ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының

есебі

Кіріспе бөлім

2011 жылға арналған Успенка ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXVIII сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» №168/28 шешімімен бекітілді.

2011 жыл ішінде аудан бюджеті 7 рет нақтыланды және 3 рет түзетілді. Аудан бюджетіне өзгерістер республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен бюджеттің ұлғаюы себебінен енгізілді, олардың негізгі бөлігі Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысына (немесе сатып алу) және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.


I. Жергілікті бюджеттің атқарылуын талдау

1.1. Бюджеттің кіріс бөлігін атқару

2011 жылы бюджеттің кіріс бөлігін нақты атқару 1 617 314,6 мың теңгені құрады, жоспарланғаны 1 599 316 мың теңге немесе 101,1%, соның ішінде:

- салық түсімдері бойынша жоспарланғаны 172 852,0 мың теңге, ал атқарылғаны 187 537,9 мың теңге немесе 108,5%;

- салықтық емес түсімдер бойынша жоспарланғаны 7 490,0 мың теңге, ал атқарылғаны 10313,8 мың теңге немесе 137,7%;

- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 135,0 мың теңгеге жоспарланған, атқарылғаны 623,9 мың теңге немесе 462,1%;

- облыстық бюджеттен ресми трансферттердің түсуі 1 418 839,0 мың теңгені немесе 100% құрады.

Жеке кіріс көздері бойынша 2010 жылмен салыстырғанда түсімдер азая түсуде, мысалы: 

мүлікке салынатын салық бойынша атқару 2010 жылы 527,4 мың теңгені құрады, 2011 жылы 487,1 мың теңге немесе 8,2% төмендеді;

ауылшаруашылық маңызы бар жерлер үшін жеке тұлғаларға салынатын жер салығы бойынша атқару 2010 жылы 76,1 мың теңгені құрады, 201 жылы 67,4 мың теңгені құрады немесе 12,9% төмендеді;

заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық бойынша атқару 2010 жылы 963,6 мың теңгені құрады, 2011 жылы 770,8 мың теңге немесе 25% азайды.

Бересілер сомасы 2011 жыл соңында 640,0 мың теңгені құрады, 2010 жыл соңына 1157,0 мың теңгені құрады, яғни 2010 жылмен салыстырғанда 517,0 мың теңге сомаға азайды.


1.2. Шығыс бөлікті атқару

2011 жылғы аудан бюджетінің шығыс бөлігі 1 621 897,0 мың теңгеге жоспарланған, ал атқарылғаны 1 564 343,4 мың теңге немесе 96,5%, соның ішінде жергілікті бюджет – 99,6% немесе 1 470 903,2 мың теңге; республикалық бюджеттен трансферттер – 76,9% немесе 171 163,5 мың теңге; облыстық бюджеттен трансферттер - 100% немесе 35 400,0 мың теңге.

Пайдаланылмаған бөлінген ақшаның жалпы сомасы 57553,6 мың теңгені құрады, соның ішінде трансферттер есебінен – 51484,7 мың теңге (89,5%), жергілікті бюджет қаражаты есебінен 6069,8 мың теңге (10,5%).

Негізгі үлес «Успенка ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-мен игерілмеген – 48716,0 мың теңге.

Осылайша, 2011 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту» бағдарламасын іске асыруға 50597,0 мың теңге бөлінді, игерілгені 25180,0 мың теңге немесе 49,8%. Игерілмей қалған сома – 25417,0 мың теңге.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде «Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алу және (немесе) салу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 98003,0 мың теңге бөлінді, игерілгені – 74704,0 мың теңге (76,2%). Игерілмегені – 23299,0 мың теңге.

«Жалпы білім беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша мектеп оқытушыларына және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне біліктілік санаттары үшін қосымша ақы мөлшерін ұлғайтуға трансферттер 7049,0 мың теңге сомада бөлінді, оның ішінде игерілгені – 4521,1 мың теңге.

2012 жылғы 1 қаңтардағы кредиторлық қарыз 85,1 мың теңгені құрады.

2011 жыл ішінде дебиторлық қарыз 1200,5 мың теңге сомаға құрылды. Оның ішінде ағымдағы қарыз 478,2 мың теңге, өткен жылдардағы қарыз 722,3 мың теңге.

Дебиторлық қарызды өндіріп алу бойынша барлық қажетті шаралар қабылданды.


2. Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын бағалау

Есепті кезеңде Успенка аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясымен 3 мемлекеттік орган бақылаумен қамтылды. «Успенка ауданының Қаратай орта жалпы білім беру мектебі» ММ, «Успенка ауданының Тимирязев орта жалпы білім беру мектебі» ММ, «Успенка ауданының Дмитриев негізгі орта жалпы білім беру мектебі» ММ кешенді бақылау жүргізілді.

Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша жалпы 2951,5 мың теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды, қалпына келген қаражат көлемі 2305,4 мың теңге.

Тәртіптік жауапкершілікке 1 адам тартылды.

Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясымен 2011 жылы бақылау іс-шаралары жүргізілген жоқ.


3. Қорытынды бөлім

Осылайша, 2011 жылғы Успенка ауданы бюджетінің атқарылуын талдау оның негізгі параметрлері енгізілген нақтылаулармен орындалғанын көрсетеді. Есепті жылдың бюджетінде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын өзекті аймақтық әлеуметтік-экономикалық шарттар контексіндегі басымдылықтар ескерілген. Тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, білім беру, мәдениет және әлеумет аясының басқа да салаларының қызмет етіп, дамуына арналған бюджеттік бөлінген ақшаның әлеуметтік бағыттылығы қамтамасыз етілген.

Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы Успенка аудандық мәслихатқа, әкімдікке және ауданның мемлекеттік мекемелеріне ұсыным етеді: 

- аудан бюджетін сапалы және толық жоспарлау бойынша шаралар қабылдау;

- аудан бюджетінің дебиторлық қарызына жол бермеу шараларын қабылдау;

- кәсіпкерлік субъектілерін дамыту және экономикалық белсенділігін арттыру үшін жағымды жағдай жасау есебінен аудан бюджетінде жеке меншік кірістерінің үлесінің өсімін қамтамасыз ету;

- аудан бюджетін тиімді және сапалы атқарылуын және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдау.

- бюджеттік бағдарламаларды атқару кезінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының тікелей және соңғы нәтижелеріне жетуіне бағдарлану.


Павлодар облысы бойынша

тексеру комиссиясының төрағасы С. Байсейітов



Похожие:

2011 жылғы Успенка ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Павлодар ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Павлодар ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXIII сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Успенка ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Май ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Май ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXХ сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Успенка ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Лебяжі ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Лебяжі ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXV сессиясы) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Успенка ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Ертіс ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Ертіс ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXVII сессия) 2010 жылғы 22 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Успенка ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Шарбақты ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Шарбақты ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXXII сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Успенка ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Баянауыл ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылдарға арналған Баянауыл ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXX сессиясы) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Успенка ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Ақтоғай ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Ының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXVIII сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға арналған Ақтоғай ауданының...
2011 жылғы Успенка ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Павлодар қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Павлодар қаласының бюджеті қалалық мәслихаттың (IV сайланған XXIX сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Успенка ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Екібастұз қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Екібастұз қаласының бюджеті қалалық мәслихаттың (IV сайланған XXVII сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Успенка ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Ақсу қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Ақсу қаласының бюджеті қалалық мәслихаттың (IV сайланған XXIX сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы