2011 жылғы Шарбақты ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon

2011 жылғы Шарбақты ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі



Название2011 жылғы Шарбақты ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Дата конвертации15.11.2012
Размер33.92 Kb.
ТипДокументы
источник

2011 жылғы Шарбақты ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының

есебі


Кіріспе бөлім

2011 жылға арналған Шарбақты ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXXII сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №155/32 шешімімен бекітілді.

2011 жыл ішінде аудан бюджеті 7 рет нақтыланды. Аудан бюджетіне өзгерістер республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен бюджеттің ұлғаюы себебінен енгізілді, олардың негізгі бөлігі Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысына (немесе сатып алу) және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.


I. Жергілікті бюджеттің атқарылуын талдау

1.1. Бюджеттің кіріс бөлігін атқару

2011 жылы бюджеттің кіріс бөлігін нақты атқару 2 637 064,6 мың теңгені құрады, жоспарланғаны 2 615 102,0 мың теңге немесе 100,8%, соның ішінде:

- салық түсімдері бойынша жоспарланғаны 274 230,0 мың теңге, ал атқарылғаны 292 743,0 мың теңге немесе 106,8%;

- салықтық емес түсімдер бойынша жоспарланғаны 7 473,0 мың теңге, ал атқарылғаны 8 241,9 мың теңге немесе 110,3%;

- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 100,0 мың теңгеге жоспарланған, атқарылғаны 2 780,6 мың теңге;

- облыстық бюджеттен ресми трансферттердің түсуі 2 333 299,0 мың теңгені немесе 100% құрады.

Жергілікті бюджет түсімдері бойынша бересілер 2011 жылғы 1 қаңтарға 742,0 мың теңгені құрады, 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша 727,0 мың теңге, яғни өткен жылмен салыстырғанда 15,0 мың теңгеге төмендеді.


1.2. Шығыс бөлікті атқару

2011 жылғы аудан бюджетінің шығыс бөлігі 2 636 624,0 мың теңгеге жоспарланған, ал атқарылғаны 2 419 782,8 мың теңге немесе 91,8%.

Пайдаланылмаған бөлінген ақшаның жалпы сомасы 216841,2 мың теңгені құрады, соның ішінде трансферттер есебінен – 212934,0 мың теңге (98,1%). Негізгі үлес «Шарбақты ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-мен игерілмеген – 212861,2 мың теңге.

Осылайша, 2011 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту» бағдарламасын іске асыруға 105196,0 мың теңге бөлінді, игерілгені – 1288,8 мың теңге немесе 1,2%. Игерілмей қалғаны – 103 907,2 мың теңге.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде «Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алу және (немесе) салу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 142104,0 мың теңге бөлінді, игерілгені – 40600,0 мың теңге (28,5%). Игерілмей қалғаны – 101 504,0 мың теңге.

«Білім беру объектілерінің құрылысы және қайта құру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 12000,0 мың теңге бөлінді, игерілгені – 4550,0 мың теңге (37,9%). Игерілмей қалған сома 7450,0 мың теңге – мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу.

Жыл соңында 1522,8 мың теңге сомада дебиторлық қарыз құрылды. Дебиторлық қарызды өндіріп алу бойынша барлық шаралар қабылданды.

2012 жылғы 1 қаңтарға кредиторлық қарыз жоқ.


2. Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын бағалау

Есепті кезеңде Шарбақты аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясымен 3 мемлекеттік мекеме бақылаумен қамтылды. «Есілбай ЖОМ» ММ, «Сосновка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Гимназиялық сыныптары бар ЖОМ» ММ кешенді бақылау жүргізілді.

Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша жалпы 298,1 мың теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды, қалпына келген қаражат көлемі 298,1 мың теңге.

Тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар жоқ.

Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясымен бақылау іс-шаралары 2011 жылы жүргізілген жоқ.


3. Қорытынды бөлім

Осылайша, 2011 жылғы Шарбақты ауданы бюджетінің атқарылуын талдау оның негізгі параметрлері енгізілген нақтылаулармен орындалғанын көрсетеді. Есепті жылдың бюджетінде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын өзекті аймақтық әлеуметтік-экономикалық шарттар контексіндегі басымдылықтар ескерілген. Тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, білім беру, мәдениет және әлеумет аясының басқа да салаларының қызмет етіп, дамуына арналған бюджеттік бөлінген ақшаның әлеуметтік бағыттылығы қамтамасыз етілген.

Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы Шарбақты аудандық мәслихатқа, әкімдікке және ауданның мемлекеттік мекемелеріне ұсыным етеді: 

- аудан бюджетін сапалы және толық жоспарлау бойынша шаралар қабылдау;

- аудан бюджетінің дебиторлық қарызына жол бермеу шараларын қабылдау;

- кәсіпкерлік субъектілерін дамыту және экономикалық белсенділігін арттыру үшін жағымды жағдай жасау есебінен аудан бюджетінде жеке меншік кірістерінің үлесінің өсімін қамтамасыз ету;

- аудан бюджетін тиімді және сапалы атқарылуын және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдау.

- бюджеттік бағдарламаларды атқару кезінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының тікелей және соңғы нәтижелеріне жетуіне бағдарлану.


Павлодар облысы бойынша

тексеру комиссиясының төрағасы С. Байсейітов



Похожие:

2011 жылғы Шарбақты ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Павлодар ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Павлодар ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXIII сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Шарбақты ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Лебяжі ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Лебяжі ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXV сессиясы) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Шарбақты ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Май ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Май ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXХ сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Шарбақты ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Ертіс ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Ертіс ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXVII сессия) 2010 жылғы 22 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Шарбақты ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Успенка ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Успенка ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXVIII сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Шарбақты ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Баянауыл ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылдарға арналған Баянауыл ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXX сессиясы) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Шарбақты ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Ақтоғай ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Ының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXVIII сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға арналған Ақтоғай ауданының...
2011 жылғы Шарбақты ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Павлодар қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Павлодар қаласының бюджеті қалалық мәслихаттың (IV сайланған XXIX сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Шарбақты ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Ақсу қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Ақсу қаласының бюджеті қалалық мәслихаттың (IV сайланған XXIX сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Шарбақты ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Екібастұз қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Екібастұз қаласының бюджеті қалалық мәслихаттың (IV сайланған XXVII сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы