2011 жылғы Май ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon

2011 жылғы Май ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі



Название2011 жылғы Май ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Дата конвертации15.11.2012
Размер36.11 Kb.
ТипДокументы
источник

2011 жылғы Май ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының

есебі


Кіріспе бөлім

2011 жылға арналған Май ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXХ сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға арналған Май ауданының бюджеті туралы» №2/30 шешімімен бекітілді.

2011 жыл ішінде аудан бюджеті 4 рет нақтыланды және 2 рет түзетілді. Аудан бюджетіне өзгерістер республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен бюджеттің ұлғаюы себебінен енгізілді, олардың негізгі бөлігі Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысына (немесе сатып алу) және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.


I. Жергілікті бюджеттің атқарылуын талдау

1.1. Бюджеттің кіріс бөлігін атқару

2011 жылы бюджеттің кіріс бөлігін нақты атқару 1 674 067,9 мың теңгені құрады, жоспарланғаны 1 664 036 мың теңге немесе 100,6%, соның ішінде:

- салық түсімдері бойынша жоспарланғаны 287 239 мың теңге, ал атқарылғаны 296 532,4 мың теңге немесе 103,2%;

- салықтық емес түсімдер бойынша жоспарланғаны 5 105,0 мың теңге, ал атқарылғаны 5 842,8 мың теңге немесе 114,5%;

- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 357,6 мың теңге немесе 100%;

- облыстық бюджеттен ресми трансферттердің түсуі 1 371 335,0 мың теңгені немесе 100% құрады.

Жыл соңына бересілер жоқ.


1.2. Шығыс бөлікті атқару

2011 жылғы аудан бюджетінің шығыс бөлігі 1 671 065,0 мың теңгеге жоспарланды, ал атқарылғаны 1 621 802,7 мың теңге немесе 97,1%.

Пайдаланылмаған бөлінген ақшаның жалпы сомасы 49 262,3 мың теңгені құрады, соның ішінде трансферттер есебінен – 42 764,7 мың теңге (86,8%). Негізгі үлес Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімімен игерілмеген – 47 257,6 мың теңге.

Осылайша, 2011 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту» бағдарламасын іске асыруға 44 625,0 мың теңге бөлінді, игерілгені 14 750,0 мың теңге немесе 33,1%. Игерілмей қалғаны – 29 875,0 мың теңге.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асыру екі бағыт бойынша жүзеге асты: 

- инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 29 625,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде 14 750,0 мың теңге немесе 49,8% игерілді. Игерілмей қалғаны – 14 875,0 мың теңге.

- жеке кәсіпкерлер үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға республикалық бюджеттен 15 000,0 мың теңге бөлінді, сома толық көлемде игерілген жоқ.

«Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жай құрылысы және (немесе) сатып алу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 49 248,0 мың бөлінді, 39 398,1 мың теңге (80%) игерілді. Игерілмей қалғаны – 9 849,9 мың теңге.

«Сумен қамтамасыз ету жүйесін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 17 000,0 мың теңге бөлінді, игерілгені 9 500,0 мың теңге (55,9%). Игерілмей қалғаны – 7 500,0 мың теңге.

2012 жылғы 1 қаңтардағы кредиторлық қарыз 3 796,1 мың теңгені құрады. Себебі: білім беру саласындағы жалақы қорын сапасыз жоспарлау – қарыз сомасы 3 079 мың теңге.

2011 жыл ішінде «Ақшиман ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-сі бойынша мәміленің шарттарын орындамау себебінен 420,0 мың теңге сомаға дебиторлық қарыз пайда болды. Дебиторлық қарызды өндіріп алу бойынша барлық қажетті шаралар қабылданды.


2. Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын бағалау

Есепті кезеңде Май аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясымен 6 мемлекеттік орган бақылаумен қамтылды. «А. Иманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-лицейі» ММ-де, «Май ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де, «Малайсары орта жалпы білім беру мектебі» ММ-де, «Қазан жалпы орта білім беру мектебі» ММ-де тақырыптық бақылау жүргізілді. «Майтүбек орта жалпы білім беру мектебі» ММ-де және «Саты ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де кешенді бақылау жүргізілді.

Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша жалпы 413,6 мың теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды, қалпына келген қаражат көлемі 413,6 мың теңге. Тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке 1 адам тартылды.

Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясымен бақылау іс-шаралары 2011 жылы жүргізілген жоқ.


3. Қорытынды бөлім

Осылайша, 2011 жылғы Май ауданы бюджетінің атқарылуын талдау оның негізгі параметрлері енгізілген нақтылаулармен орындалғанын көрсетеді. Есепті жылдың бюджетінде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын өзекті аймақтық әлеуметтік-экономикалық шарттар контексіндегі басымдылықтар ескерілген. Тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, білім беру, мәдениет және әлеумет аясының басқа да салаларының қызмет етіп, дамуына арналған бюджеттік бөлінген ақшаның әлеуметтік бағыттылығы қамтамасыз етілген.

Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы Май аудандық мәслихатқа, әкімдікке және ауданның мемлекеттік мекемелеріне ұсыным етеді: 

- аудан бюджетін сапалы және толық жоспарлау бойынша шаралар қабылдау;

- аудан бюджетінің кредиторлық және дебиторлық қарызына жол бермеу жұмыстарын жалғастыру;

- кәсіпкерлік субъектілерін дамыту және экономикалық белсенділігін арттыру үшін жағымды жағдай жасау есебінен аудан бюджетінде жеке меншік кірістерінің үлесінің өсімін қамтамасыз ету;

- бюджеттік бағдарламаларды атқару кезінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының тікелей және соңғы нәтижелеріне жетуіне бағдарлану;

- қала бюджетін тиімді және сапалы атқарылуын және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдау.



Похожие:

2011 жылғы Май ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Павлодар ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Павлодар ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXIII сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Май ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Лебяжі ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Лебяжі ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXV сессиясы) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Май ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Ертіс ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Ертіс ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXVII сессия) 2010 жылғы 22 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Май ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Шарбақты ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Шарбақты ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXXII сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Май ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Успенка ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Успенка ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXVIII сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Май ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Баянауыл ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылдарға арналған Баянауыл ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXX сессиясы) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Май ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Ақтоғай ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Ының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXVIII сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға арналған Ақтоғай ауданының...
2011 жылғы Май ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Павлодар қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Павлодар қаласының бюджеті қалалық мәслихаттың (IV сайланған XXIX сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Май ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Екібастұз қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Екібастұз қаласының бюджеті қалалық мәслихаттың (IV сайланған XXVII сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Май ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Ақсу қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Ақсу қаласының бюджеті қалалық мәслихаттың (IV сайланған XXIX сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы