2011 жылғы Павлодар қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon

2011 жылғы Павлодар қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі



Название2011 жылғы Павлодар қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Дата конвертации15.11.2012
Размер70.95 Kb.
ТипДокументы
источник

2011 жылғы Павлодар қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі


Кіріспе бөлім

2011 жылға арналған Павлодар қаласының бюджеті қалалық мәслихаттың (IV сайланған XXIX сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға арналған Павлодар қаласының бюджеті туралы» №79/29 шешімімен бекітілді.

2011 жыл ішінде қала бюджеті 6 рет нақтыланды және 3 рет түзетілді. Қала бюджетіне өзгерістер республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен бюджеттің ұлғаюы себебінен енгізілді, олардың негізгі бөлігі Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысына (немесе сатып алу) және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.


I. Жергілікті бюджеттің атқарылуын талдау

1.1. Бюджеттің кіріс бөлігін атқару

2011 жылы бюджеттің кіріс бөлігін нақты атқару 26 889 739,8 мың теңгені құрады, жоспарланғаны 26 669 368,0 мың теңге немесе 100,8%, соның ішінде:

- салық түсімдері бойынша жоспарланғаны 18 604 569,0 мың теңге, ал атқарылғаны 18 854 177,3 мың теңге немесе 101,3%;

- салықтық емес түсімдер бойынша жоспарланғаны 122 726,0 мың теңге, ал атқарылғаны 148 937,7 мың теңге немесе 121,4%;

- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша жоспарланғаны 474 967,0 мың теңге, ал атқарылғаны 419 518,9 мың теңге немесе 88,3%;

- облыстық бюджеттен ресми трансферттердің түсуі 7 467 106,0 мың теңгені немесе 100% құрады.

Бересілер сомасы өткен жылғы баламалы кезеңмен салыстырғанда едәуір ұлғайды, 2011 жылғы 1 қаңтардағы бересілер 390 536,0 мың теңгені құраса, 2012 жылғы 1 қаңтардағы бересілер 482 518,0 мың теңгені құрады, яғни 91 982 мың теңге сомаға артты.

Бересілердің едәуір артуы келесі кодтар бойынша байқалады: акциздер бойынша (ҚР аумағында өндірілген спирттің барлық түрлері, арақ және сыра) 156 578,0 мың теңге, мүлік салығы (5 448 мың теңге), кәсіпкерлік және кәсіптік қызметті істегені үшін алым (1 325,0 мың теңге), тіркелген салық (2 302 мың теңге).


1.2. Шығыс бөлікті атқару

2011 жылғы қала бюджетінің шығыс бөлігі 27 306 276,0 мың теңгеге жоспарланды, ал атқарылғаны 26 345 967,8 мың теңге немесе 96,5%.

Пайдаланылмаған бөлінген ақшаның жалпы сомасы 960 308,2 мың теңгені құрады, соның ішінде трансферттер есебінен – 650 871,6 мың теңге (67%). Негізгі үлес Павлодар қаласының құрылыс бөлімімен игерілмеген – 882 331,1 мың теңге.

Осылайша, 2011 жылы «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту» бағдарламасын іске асыруға 473 133 мың теңге бөлінді, 252 575,5 мың теңге игерілді (53,4%). Игерілмей қалғаны – 220 557,5 мың теңге.

«Тұрғын үй құрылысы» бюджеттік бағдарламасы бойынша 875 661 мың теңге бөлінді, игерілгені – 628 782,7 мың теңге (71,8%). Игерілмей қалғаны – 246 020,4 мың теңге.

«Құрылыс және (немесе) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 026 148,0 мың теңге бөлінді, 754 643,0 мың теңге (73,5%) игерілді. Игерілмей қалғаны – 271 505 мың теңге.

«Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, жабдықтау және (немесе) сатып алу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 003 853,0 мың теңге бөлінді, 902 013,7 мың теңге (89,9%) игерілді. Игерілмей қалғаны – 101 839,3 мың теңге.


2012 жылғы 1 қаңтардағы кредиторлық қарыз 13 771,8 мың теңгені құрады. Жалпы көлемдегі қарыздың анағұрлым үлес салмағы 55% Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне (7 611,1 мың теңге) және 36% - Павлодар қаласы құрылыс бөліміне (4 951,3 мың теңге) тиісті.

Бюджетті атқару қорытындылары бойынша дебиторлық қарыз 639 358,9 мың теңгені құрады, оның 144 602,1 мың теңгесі өткен жылғы берешек. Жалпы көлемдегі қарыздың анағұрлым үлес салмағы (99%) Павлодар қаласы құрылыс бөліміне тиісті.

2. Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын бағалау

Есепті кезеңде Павлодар қалалық мәслихаттың тексеру комиссиясымен Павлодар қаласының бюджетінен қаржыландырылатын 19 мемлекеттік мекемелерде және кәсіпорындарда бақылау іс-шаралары жүргізілді. «Павлодар қаласының №42 оқу-тәрбие кешені» КМҚК, «Павлодар қаласының жұмыспен қамту және балалар шығармашылығы орталығы» КМҚК, «Павлодар қаласының №93 сәбилер бақшасы» МКҚК, «Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы» МКҚК, «Павлодар қаласының №28 орта жалпы білім беру мектебі» ММ, «Павлодар қаласының №29 орта жалпы білім беру мектебі» ММ, «Ленин кенті әкімінің аппараты» ММ, «Павлодар қаласының №5 жалпы орта білім беру мектебі» ММ, «№1 балалар көркемсурет мектебі» КМҚК, «Павлодар қаласы әкімінің Павлодар қалалық әлеуметтік көмек көрсету орталығы» ММ, «Мемлекеттік тілде оқытатын этномәдени тәрбие орталығы №120 сәбилер бақшасы» МКҚК, «Павлодар қаласының №112 сәбилер бақшасы» МКҚК, «Павлодар қаласының №122 мектепке дейінгі гимназия» КМҚК, «Павлодар қаласының №7 орта жалпы білім беру мамандандырылған бейіндік мектебі» ММ, «Павлодар қаласының №22 орта жалпы білім беру мектебі» ММ, «Павлодар қаласының №14 орта жалпы білім беру мектебі» ММ, «Павлодар қалалық мәслихат аппараты» ММ, «Павлодар қаласының №6 сәбилер бақшасы» МКҚК, «Павлодар қаласының №79 сәбилер бақшасы» МКҚК кешенді бақылау жүргізілді.

Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша жалпы 79 800,7 мың теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды, қалпына келген қаражат көлемі 19 223,4 мың теңге.

Жол берілген бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке 13 лауазымды тұлға тартылды.

Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының бақылау-талдамалық жұмысы шеңберінде 2011 жылғы қыркүйектен бастап 2012 жылғы наурыз кезең аралығында 10 бақылау іс-шаралары жүргізілді.

7 - білім беру объектісі, 3 - мемлекеттік орган объектісі, 1 - тұрғын үй-коммуналдық сала объектісі.

Бақылаумен қамтылған сома 2 716 023,4 мың теңгені құрады, олардың ішінде анықталған бұзушылық сомасы 369 730,9 мың теңге.

Аяқталған бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша 44 721,8 мың теңге қалпына келуі тиіс, оның ішінде бүгінгі күні 41 259,2 мың теңге қалпына келді.

Білім беру саласында бақылаумен қамтылғаны: «Павлодар қаласының №8 сәбилер бақшасы» МКҚК; «Павлодар қаласының №102 сәбилер бақшасы» МКҚК; «Павлодар қаласының №5 сәбилер бақшасы» МКҚК; «Павлодар қаласының №35 сәбилер бақшасы» МКҚК; «Павлодар қаласының №4 К.Макпалеев атындағы орта жалпы білім беру мектебі» ММ, «Павлодар қаласының №4 6 орта жалпы білім беру мектебі» ММ, «Павлодар қаласының №11 модульдік үлгідегі орта жалпы білім беру мектебі» ММ.

Бақылаумен қамтылған сома білім беру саласында 992 461,2 мың теңге, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар жалпы – 73 878,9 мың теңге сомаға анықталды, соның ішінде жылдар бойынша. 

2005 жылы – 8,7 мың теңге

2006 жылы – 84,1 мың теңге

2007 жылы – 170,2 мың теңге

2008 жылы – 768,7 мың теңге

2009 жылы – 34 724,0 мың теңге

2010 жылы – 25 465,7 мың теңге

2011 жылы – 12 657,5 мың теңге

5 385,2 мың теңге қалпына келуі тиіс. Бүгінгі күні қалпына келген қаражат сомасы 2 578,3 мың теңге, ол қалпына келген сомадан 47,9% құрайды. Объективті себептер бойынша тексеру комиссиясының Қаулысын іске асыру мерзімі кері шегінді.

Бақылау іс-шараларымен 588,1 мың теңге сомаға мектепке дейінгі білім беру объектілерімен лицензиясы жоқ бола тұра қызмет атқару фактілері анықталды. Мектепке дейінгі балалар мекемесінің әкімшісімен лицензия алу үшін шаралар қолданылмаған.

«Горкомхоз» КМК жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша 134 698,0 мың теңге сомада бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 199,3 мың теңге қалпына келуі тиіс. Бұзушылықтар мемлекеттік сатып алу аясында анықталды. Қаулыны іске асыру мерзімі әлі келген жоқ, соманың орны толтырылған жоқ.

«Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сін тексеру қорытындысы бойынша 120 529,4 мың теңге сомада бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 376,8 мың теңге қалпына келуі тиіс.

«Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сін тексеру қорытындысы бойынша 39 385,1 мың теңге сомада бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 38 760,5 мың теңге қалпына келуі тиіс, бақылау барысында қалпына келгені 38 680,9 мың теңге.

«Павлодар қаласы құрылыс бөлімі» ММ-сін тексеру қорытындысы бойынша 1239,5 мың теңге сомада бұзушылықтар анықталды.

Тексеру материалдары бойынша құқық қорғау органдарына – Павлодар облысының прокуратурасына 1 бақылау актісі жіберілді. «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету»Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабымен, «Мемлекеттiк мекеменiң және оралымды басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерi» ҚР ӘҚтК 204-бабымен, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу» ҚР ӘҚтК 167-бабымен көзделген қылмыстық көріністер анықталды.

Әкімшілік шара қолдану үшін 1 бақылау актісі уәкілетті орган – Қаржылық бақылау инспекциясына тапсырылды. Қазіргі уақытта материалдар қарастырылуда.

Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша тәртіптік жауапкершілікке 5 лауазымды тұлға тартылды, оның ішінде 1 бақылау объектісінің басшысы.


3. Қорытынды бөлім

Осылайша, 2011 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын талдау оның негізгі параметрлері енгізілген өзгерістерімен орындалғанын көрсетеді. Есепті жылдың бюджетінде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын өзекті аймақтық әлеуметтік-экономикалық шарттар контексіндегі басымдылықтар ескерілген. Тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, білім беру, мәдениет және әлеуметтік аясының басқа да салаларының қызмет етіп, дамуына арналған бюджеттік бөлінген ақшаның әлеуметтік бағыттылығы қамтамасыз етілген.

Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы Павлодар қалалық мәслихатқа, әкімдікке және қаланың мемлекеттік мекемелеріне ұсыным етеді: 

- қала бюджетін сапалы және толық жоспарлау бойынша шаралар қабылдау;

- бересілерді жою бойынша шаралар қабылдау;

- қала бюджетінің кредиторлық қарызын өтеу бойынша жұмыстарды жалғастыру;

- қала бюджетінің дебиторлық қарызын жою шараларын қабылдау;

- кәсіпкерлік субъектілерін дамыту және экономикалық белсенділігін арттыру үшін жағымды жағдай жасау есебінен аудан бюджетінде жеке меншік кірістерінің үлесінің өсімін қамтамасыз ету;

- бюджеттік бағдарламаларды атқару кезінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының тікелей және соңғы нәтижелеріне жетуіне бағдарлан.

- қала бюджетінің тиімді және сапалы атқарылуын және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдау.


Павлодар облысы бойынша

тексеру комиссиясының төрағасы С. Байсейітов



Похожие:

2011 жылғы Павлодар қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Екібастұз қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Екібастұз қаласының бюджеті қалалық мәслихаттың (IV сайланған XXVII сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Павлодар қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Ақсу қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Ақсу қаласының бюджеті қалалық мәслихаттың (IV сайланған XXIX сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Павлодар қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Павлодар ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Павлодар ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXIII сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Павлодар қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Шарбақты ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Шарбақты ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXXII сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Павлодар қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Успенка ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Успенка ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXVIII сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Павлодар қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Лебяжі ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Лебяжі ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXV сессиясы) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Павлодар қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Май ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Май ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXХ сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Павлодар қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Ертіс ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Ертіс ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXVII сессия) 2010 жылғы 22 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Павлодар қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Баянауыл ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылдарға арналған Баянауыл ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXX сессиясы) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Павлодар қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Ақтоғай ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Ының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXVIII сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға арналған Ақтоғай ауданының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы