2011 жылғы Баянауыл ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon

2011 жылғы Баянауыл ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі



Название2011 жылғы Баянауыл ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Дата конвертации15.11.2012
Размер35.7 Kb.
ТипДокументы
источник

2011 жылғы Баянауыл ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының

есебі


Кіріспе бөлім


2011-2013 жылдарға арналған Баянауыл ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXX сессиясы) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға арналған Баянауыл ауданының бюджеті туралы» №196/30 шешімімен бекітілді.

2011 жыл ішінде аудан бюджеті 7 рет нақтыланды. Аудан бюджетіне өзгерістер республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен бюджеттің ұлғаюы себебінен енгізілді, олардың негізгі бөлігі Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысына (немесе сатып алу) және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.


I. Жергілікті бюджеттің атқарылуын талдау

1.1. Бюджеттің кіріс бөлігін атқару


2011 жылы бюджеттің кіріс бөлігін нақты атқару 3232504,7 мың теңгені құрады, жоспарланғаны 3170617 мың теңге немесе 102,0%, соның ішінде:

- салық түсімдері бойынша жоспарланғаны 613522 мың теңге, ал атқарылғаны 670929,9 мың теңге немесе 109,4%;

- салықтық емес түсімдер бойынша жоспарланғаны 3570,0 мың теңге, ал атқарылғаны 7303,2 мың теңге немесе 204,6%;

- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша жоспарланғаны 1138,0 мың теңге, ал атқарылғаны 1884,6 мың теңге немесе 165,6%;

- облыстық бюджеттен ресми трансферттердің түсуі 2552387,0 мың теңгені немесе 100% құрады.

Аудан бюджетінің кіріс бөлігін атқару жоспарының артық орындалғанына қарамастан, жеке меншік кірістердің үлесі тек 21% құрайды.

2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы бересілер 1090,0 мың теңгеге төмендесе де, жыл соңындағы бересілер сомасы жоғары болып қалуда, ол 8632,4 мың теңгені құрайды.


1.2. Шығыс бөлікті атқару

2011 жылғы аудан бюджетінің шығыс бөлігі 3345377,0 мың теңгеге жоспарланды, ал атқарылғаны 3302620,3 мың теңге немесе 98,7%.

Пайдаланылмаған бөлінген ақшаның жалпы сомасы 42756,7 мың теңгені құрады, соның ішінде трансферттер есебінен – 35241,9 мың теңге (96,7%). Негізгі үлес «Баянауыл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-мен игерілмеген, сомасы - 35000 мың теңге.

Осылайша, 2011 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту» бағдарламасын іске асыруға 48734,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде 13734,0 мың теңге игерілді немесе 28,1%. Игерілмей қалғаны - 35000 мың теңге.

«Автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша аудандық бюджеттен бөлінгені 28158,0 мың теңге, Қарашат – Жаңа Жайма автожолын орташа жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілерін уақтылы ұсынбағаны үшін 4197,5 мың теңге (14,9%) игерілмеген.

2012 жылғы 1 қаңтардағы кредиторлық қарыз – 376,5 мың теңгені құрады. Себебі, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындық оқуына бару үшін мамандардың іссапарлары жоспарланбаған.

2011 жыл ішінде «Жайма ЖОМ» ММ бойынша мәміленің шарттарын орындамау себебінен 1140,0 мың теңгеге дебиторлық қарыз құрылды. Дебиторлық қарызды өндіріп алу бойынша барлық қажетті шаралар қабылданды.


2. Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын бағалау


Есепті кезеңде Баянауыл аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясымен 6 мемлекеттік орган бақылаумен қамтылды. «Баянауыл ауданының Бірлік ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де, «Баянауыл ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-де, «Қаражар негізгі жалпы білім беру мектебі ММ-де, «Е. Бекмаханов атындағы орта жалпы білім беру мектебі» ММ-де, «Баянауыл ауданының Шөптікөл ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де, «Бірлік жалпы білім беру мектебі» ММ-де бақылау жүргізілді.

Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша барлығы 26811,2 мың теңге сомаға бұзушылықтар анықталды, оның ішінде бюджет кірісіне 2043,9 мың теңге орны толуы тиіс, қалпына келген қаражат көлемі 1356,2 мың теңгені құрады. Тәртіптік жауапкершілікке 7 адам тартылды.

Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясымен бақылау іс-шаралары 2011 жылы жүргізілген жоқ.


^ 3. Қорытынды бөлім


Осылайша, 2011 жылғы Баянауыл ауданы бюджетінің атқарылуын талдау оның негізгі параметрлері енгізілген нақтылаулармен орындалғанын көрсетеді. Есепті жылдың бюджетінде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын өзекті аймақтық әлеуметтік-экономикалық шарттар контексіндегі басымдылықтар ескерілген. Тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, білім беру, мәдениет және әлеумет аясының басқа да салаларының қызмет етіп, дамуына арналған бюджеттік бөлінген ақшаның әлеуметтік бағыттылығы қамтамасыз етілген.

Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы Баянауыл аудандық мәслихатқа, әкімдікке және ауданның мемлекеттік мекемелеріне ұсыным етеді: 

- аудан бюджетін сапалы және толық жоспарлау бойынша шаралар қабылдау;

- аудан бюджетінің кредиторлық және дебиторлық қарызға жол бермеу жұмыстарын жалғастыру;

- кәсіпкерлік субъектілерін дамыту және экономикалық белсенділігін арттыру үшін жағымды жағдай жасау есебінен аудан бюджетінде жеке меншік кірістерінің үлесінің өсімін қамтамасыз ету;

- бюджеттік бағдарламаларды атқару кезінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының тікелей және соңғы нәтижелеріне жетуіне бағдарлану.


Павлодар облысы бойынша

тексеру комиссиясының төрағасы С. Байсейітов



Похожие:

2011 жылғы Баянауыл ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Павлодар ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Павлодар ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXIII сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Баянауыл ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Май ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Май ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXХ сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Баянауыл ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Лебяжі ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Лебяжі ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXV сессиясы) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Баянауыл ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Ертіс ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Ертіс ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXVII сессия) 2010 жылғы 22 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Баянауыл ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Шарбақты ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Шарбақты ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXXII сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Баянауыл ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Успенка ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Успенка ауданының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXVIII сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Баянауыл ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Ақтоғай ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Ының бюджеті аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXVIII сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға арналған Ақтоғай ауданының...
2011 жылғы Баянауыл ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Павлодар қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Павлодар қаласының бюджеті қалалық мәслихаттың (IV сайланған XXIX сессия) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
2011 жылғы Баянауыл ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Екібастұз қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Екібастұз қаласының бюджеті қалалық мәслихаттың (IV сайланған XXVII сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013...
2011 жылғы Баянауыл ауданының бюджетті атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі icon2011 жылғы Ақсу қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Ақсу қаласының бюджеті қалалық мәслихаттың (IV сайланған XXIX сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы