|
2012 жылғы 13 шілдедегі «Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің жалпы білім беру мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде есепті және есептілікті анық, дұрыс жүргізуін, жергілікті бюджет қаражатын, жоғары бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану сәйкестігін бақылау қорытындылары туралы» № 44/18 қаулысынан үзінді
Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларын бұзған «Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің жалпы білім беру мектеп-интернаты» КММ-де лауазымды тұлғаларының тәртіптік жауапкершілігін қарастырсын; республикалық бюджетке 2011 жылы мақсатты емес тағайындылығы бойынша пайдаланылмаған 168,2 мың теңге сомадағы нысаналы трансферттерді (464064000 бағдарлама), сондай-ақ 2012 жылға артық жоспарланған 224,2 мың теңге сомадағы нысаналы трансферттерді қайтаруды қамтамасыз етсін; бюджет қаражатын жоспарлау кезінде бақылауды күшейтсін және ведомствоға қарасты мекемелерде осы тектес фактілерге жол бермеу шараларын қолдансын; 111,8 мың теңге сомада қаржылық бұзушылықтар қалдығының өтелуін қамтамасыз етсін. ^ бухгалтерлік есептің лайықты ұйымдастырылуына назар аударсын; мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізуді лайықты ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін; қалған қаржылық бұзушылықтар сомасының, соның ішінде 30,8 мың теңге сөлшерінде жалақыны негізсіз асыра төлеу сомасының, дәрі-дәрмектер бойынша жеткіліксіздік – 27,5 мың теңгенің, бекітілген нормативтен аса тамақ өнімдерін шығынға жазу – 53,5 мың теңгенің орнын толтыру шараларын қолдансын; республикалық бюджетке мақсатты емес тағайындылығы бойынша пайдаланылған 168,2 мың теңге соманың өайтарылуын қамтамасыз етсін; бұдан әрі қатаң түрде нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алсын, алдағы уақытта осы тектес бұзушылықтарға жол бермесін. 3. Тексеру комиссиясы аппаратының ұйымдастыру-құқық бөлімі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және есептілік аясындағы заңнаманы бұзу фактілері бойынша анықталған материалдарды процессуалдық шара қолдану үшін Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясына жіберсін, олардың атына жіберілген материалдарды қарастыру қорытындылары бойынша мониторинг жүргізсін. 4. Бақылау барысында «Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің жалпы білім беру мектеп-интернаты» КММ-нің бюджет кірісіне – 610,8 мың теңгенің орнын толтырғанын, 464003000 бағдарламасы бойынша 2012 жылға арналған жоспарлы тағайындаулар 581,2 мың теңге сомаға төмендегені назарға алынсын. |