Павлодар облысы Ақсу қаласы бас жоспарының жобасы icon

Павлодар облысы Ақсу қаласы бас жоспарының жобасы



НазваниеПавлодар облысы Ақсу қаласы бас жоспарының жобасы
страница1/3
Дата конвертации23.12.2012
Размер0.52 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3





Павлодар облыстық мәслихатының

(ІV сайланған, ХVІ сессиясы) 2009 жылғы 24 шілдедегі

"Павлодар облысы Ақсу қаласының бас жоспары туралы" № 215/16 шешіміне

қосымша




Павлодар облысы Ақсу қаласы

бас жоспарының жобасы


1. Бас жоспардың мәні


Павлодар облысы Ақсу қаласының бас жоспары (бұдан әрі – бас жоспар) қала салудың кешенді жоспарлауын анықтайтын, аумақтың аймақтандырылуын, жоспарлау құрылымын және қызметтік ұйымдас-тырылуын, көліктік және инженерлік коммуникация, көгалдандыру мен абаттандыру жүйесін белгілейтін негізгі қала құрылысының құжаты болып табылады

Осы бас жоспарды әзірлеу мына жағдайларға байланысты туындаған:

алдыңғы бас жоспардың әрекет ету мерзімі өтіп кетті (1990 ж.);

қала халқының саны жоспарланған санға жеткен жоқ (алдыңғы бас жоспар бойынша – есептік мерзімге 80 мың адам, нақты – 43,0 мың адам);

қаланың қала салу базасы өзгерді;

бас жоспарды әзірлеуде нормативтік және әдістемелік талаптар өзгерді.

Бас жоспар келесі кезеңдерге орындалды:

2030 жылға арналған ұзақ мерзімді даму болжамы (тұжырым-дамасы);

есептік мерзім ретінде 2020 жыл алынды;

құрылыстың бастапқы кезеңі – 2013 жыл.

Бас жоспармен қамтылған шекараларға мыналар: Ақсу қаласы, Ақсу, Беловка, Черемушки кенттері кіреді.

Бас жоспарды әзірлеген кезде Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңнамалық және нормативтік әдістемелік база пайдаланылды.


^ 2. Қаланың қала құрылысы дамуының мақсаты

Ақсу қаласының қала құрылысы дамуының негізгі мақсаты – қаланың тұрақты дамуы және қазіргі халқы мен болашақ ұрпағы үшін тіршілік ету әрекетінің қолайлы ортасын қалыптастыру. Осы мақсатқа қол жеткізу мыналармен сипатталады: тіршілік әрекеті ортасының экологиялық қауіпсіздігі және табиғи кешенінің тұрақтылығы; қаланың қала құрылысының мәдени сабақтастығы, кеңістік бірлігі, эстетикалық көрнекілігі, үйлесімділігі мен көптүрлілігі; көліктік және инженерлік инфрақұрылымның сенімділігі мен қауіпсіздігі; тұрғын үй мәселесін шешудің кешенділігі, тұрғын үй аумақтарын дамыту және тұрғын үй ортасын қалыптастыру; өндірістік аумақтарды пайдалану тиімділігі, қоғамдық орталықтар жүйесінің қол жетімділігі. Көрсетілген мақсатқа жету Ақсу қаласының аумақтарын салу, қайта ұйымдастыру және абаттандыру, қала салуды жаңғырту, тіршілік әрекеті ортасының сапалық сипаттамаларын арттыру арқылы жүзеге асуы керек.

Табиғи-климаттық жағдайларды есепке ала отырып, әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік және инженерлік инфрақұрылым-дарды қоса алғанда, Ақсу қаласының аумақтарын дамытудың негізгі бағыттары, сондай-ақ функционалдық аймақтандыру, резервтік аумақтар және табиғи мен техногендік құбылыстардың қауіпті әсерінен қорғау, экологиялық ахуалды жақсарту шаралары бас жоспармен айқындалды.

Қаланы дамыту экономиканың өсуінің келесі нүктелерін құрайды және былай бөледі: энергетикалық кешен, тау-кен-металлургиялық кешен, сушаруашылық кешені (Ертіс-Қарағанды арнасы), құс, балық аулау шаруашылығын, сүт пен ет мал шаруашылығын (мал шаруашылығы кешенін салу) дамыту, өсімдік шаруашылығын дамыту, ауылшаруашылық өнімін қайта өңдеуді дамыту, көлік дәлізі (темір жолға, Павлодар – Астана, Павлодар – Омск автомобиль магистраліне сервистік қызмет көрсету және Шығыс Қазақстан облысына жүктер транзиті), туристік-рекреациялық аймақ, инерттік және ұстастырғыш құрылыс материалдарын (құм, балшық, гипс) өндіру, өндіріс қалдықтарының пайдаланылуымен құрылыс материалдарын шығару.


^ 3. Табиғи-климаттық және инженерлік-геологиялық аспектілер


Ақсу қаласының және оған іргелес аудандардың аумағы солтүстік және солтүстік-шығыс жаққа қатты еңістенген, көп бөлігін аккумулятивтік тегістік (Ертіс өзенінің жайылмасы) және денудациялық тегістік алып жатқан терассаланған тегістік екенін көрсетеді. Тегістік бетінің жалпы төмендеуі абсолюттік белгінің 116 метрден 125 метрге дейін өзгеруімен оңтүстіктен солтүстікке қарай байқалады.


Климат


Ақсу қаласы Павлодар облысының аумағында Қазақстан Республикасының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Ол материкке ылғалды ауа массасын жеткізетін – Атлант мұхитынан едәуір алыстатылған. Ол оның климатының континенталдығын, бір жыл ішінде ауа райы жағдайының айрықша ауытқуларын анықтайды. Температуралық режім осында құрылыстық-климаттық ауданның 1-В-сіне тән. Жаз орташа 4 айға - мамырдың басынан қырқүйектің ортасына дейін созылады. Ең ыстық ай шілде айы болып табылады, оның орташа температурасы 21,6°. Күндізгі уақытта ол 27,9°-қа жетеді, түнде 15,3°-қа дейін төмендейді. Кейбір жылдары абсолюттік барынша жоғары температура +41°-қа жетуі мүмкін.

Қыс бірсыпыра ұзақ – 5 айға жуық, тұрақты суық ауа райымен, күннің көзі көп болатын күндермен, жиі қатты желдерімен қарашадан сәуірге дейін болады. Қысқы ауа температурасы гигиеналық крите-рийлер бойынша қатты суыққа жатқызуға болады, оның қаттылығы желдің жылдамдығымен ұлғаяды. Өте төмен температурамен қаңтар ерекшеленеді, орташа айлық температура мәні -17,7°. Түнде ауа тем-пературасы -22°-ға дейін төмендейді. Абсолюттік ең төменгісі -43°-қа дейін жетеді.


^ Ылғалдық режімі


Ылғалдық режімі жауатын жауын-шашынның жеткілікті төмен мәнімен (жылына 269 мм) сипатталады, ол барынша көп (40-45 мм) жазғы айларға: шілде-тамызға, барынша төмен қысқы айларға (10-12 мм) келеді.

Тұрақты қар қабаты, орташа алғанда, қарашаның бірінші онкүндігінде қалыптасады, ал сәуірдің басында бұзылады. Қар қабаты-ның орташа биіктігі – 20 см., барынша жоғары биіктігі – 50 см.


^ Жел режімі


Жел режімі қыстыгүні оңтүстік-шығыс пен оңтүстік-батыс желде-рінің және жаздыгүні солтүстік желдерінің көп соғуымен сипатталады.

Ауданның белсенді жел режімі шаң борандары болатын күндер-мен де байланысты. Шаң борандары қала аумағында жыл бойы байқалады, ол ең алдымен шаң таситын жергілікті көздердің болуымен байланысты. Барынша көп шаң бораны сәуір айында болады. Метео-станцияның деректері бойынша ауданның шаң бораны жылына 17,5 күнді құрайды.

^ Гидрографиялық, гидрологиялық жағдайлар


Ертіс өзені негізгі су тамыры болып табылады. Қ. Сәтбаев атындағы арна Ақсу қаласын сумен қамту көзі болып табылады. Ертіс өзені ауданның аумағын оңтүстіктен солтүстікке қарай қиып өтеді. Су бетінің еңісі 0,06-0,14%. Ертіс өтпелі шекаралық өзен болып табылады, өйткені ол Монғолия аумағындағы Алтай тауларынан бастау алып, Ресей аумағындағы Объ өзеніне құйылады.

Ақсу маңындағы учаскеде Ертіс 6-дан 20 шақырымға дейін созылған кең жайылмалық кесілмелі аңғарда ағады. Негізгі арна оң жақтағы өзеннің байырғы жағасына жақындайды. Арнаның ені 200-500 метр шегінде ауытқиды, тармақталған жерлерде 1100-1300 метрге дейін барады.


^ Су режімі


Ақсу қаласы жанындағы Ертіс өзенінің мұз режімі мына ерекшеліктермен сипатталады:

Бірінші мұз құбылыстары қыркүйектің үшінші онкүндігінде – қарашаның басында байқалады. Аздаған күзгі сең жүруден кейін (8-12 күн) мұзқұрсау пайда болады, оның ұзақтығы орташа алғанда 140-160 күнді құрайды. Мұздың орташа қалыңдығы 60-90 см-ді құрайды, өте қалыңы 150 см-ге дейін болады. Өзен сәуірдің екінші онкүндігінде ашылады. Ашылуға мұздың жылжуы себеп болады. Ашылу көктемгі сең жүрумен (3-5 күн) және қуатты сең буумен бірге өтеді. Қатты жылжулар мен сең буулары кезінде кейбір жерлерде (әсіресе ойыс жағалардың жанында) мұз алаңдары толады және мұз жағаға көп болып үйіледі, кейбір кезде оның биіктігі 3-5 метрге дейін барады.

Химиялық құрамы бойынша өзен суы гидрокорбонат класына жатады. Ертіс өзен суының, оның тармағы мен жайылмалық өзендерінің орташа минералдануы бір жыл ішінде және саба кезеңінде төмен болады және су тасуы кезеңінде 100-130 мг/л-ге дейін төмендей отырып, 200-500 мг/л-ді құрайды.

Тұзды өзендердің бар болуы және ағын суларының жоқтығы ауданның қыр бөлігінің гидрографиялық айырма ерекшелігі болып табылады. Бұл жерге көлемі, әдетте, 100-300 га-дан аспайтын суффозиялық ағынсыз, тайыз сулы өзендер (1-2 м) тиесілі. Өзен негізінен атмосфералық жауын-шашын арқылы толығып отырады, сондықтан оның режімі тұрақсыз гидрологиялық және гидрохимиялық болып сипатталады. Жазғы кезеңде өзендердің көбі сорға айналып, құрғап қалады.


^ Инженерлік-геологиялық жағдайлар


Зерделенетін аумақта: геоморфологиялыққа жататын және геологиялық құрылыс ерекшеліктері, түпкілікті тау жынысы жатысының тереңдігі бойынша аудандар (І, ІІ, ІІІ), сондай-ақ ыза суы жатыс деңгейінің тереңдігі, отырымдылығы жағынан топырақ жағдайының түрі бойынша учаскелер бөлінген.

І аудан – Ертіс өзенінің төменгі жайылмасы. Геморфологиялық жағынан төменгі жайылма мен 2 жайылма үсті террассасының беткейін алып жатыр. Аудан кіші аудандарға бөлінеді: 1-1 - қуаттылығы 0,3-тен 3,0 м-ге дейінгі саздақтардан құрылған өзендік-аллювийлік қазаншұңқырлар; ІІІ-2 – 0-ден 5 м-ге қуат қалыңдығы қабаттандырумен плиоцен-миоценнан (N pv) топырағынан жасалған жазық дала; қала аумағының 10%-ға жуығын алып жатыр. Ауданда ыза суының жер бетінен 1-ден 3 м-ге дейінгі тереңдікке төмен түскен бір учаске ғана бөлінген.

1-аудан аумақтың батпақтануы/тұздануы (6,7%-ға құрылыстың қымбаттауы), 0-ден 3 м-ге дейінгі ыза суы деңгейінің жоғары жағдайы (4%-ға құрылыстың қымбаттауы), отырымдылығы бойынша ыза жағдайының І-ші түрі (4%-ға қымбаттау), сондай-ақ жоспарлы жұмыстарды өткізу (4%-ға қымбаттау) есебінен құрылыс үшін қолайсыз ауданға (17,7%-ға қымбаттау) жатқызылады.

ІІ-аудан – денудациялық өзендік-аллювийлік тегістік, ирек жатық және Ертіс өзеніне аздап аңғарлы. Геморфологиялық жағынан жоғарғы жайылма мен жайылма үсті террассасының 2-ші беткейін алып жатыр. Аудан төрт кіші ауданға бөлінеді: ІІ-1 – қуаттылығы 0,3-тен 5,0 м-ге дейін болатын құм шөгіндісінен жасалған өзендік-аллювийлік шұңқырлар; ІІ-2 - 5-15 м қуатымен саздақ пен құмдауыт топырағының қоспасы қалыңдығымен қабаттандырылған белсенді аймақтан тұратын жазық дала; Ақсу қаласының солтүстік-батыс жағында орналасады; қуаттылығы ІІ-3 – 0-ден 10 м-ге дейін болатын қалыңдығы қабаттандырумен плиоцен-миоценнан (N pv) топырағынан тұратын жазық дала; қала аумағының 30%-ға жуығын алып жатыр. ІІ-В учаскенің аумағы аумақтың батпақтануы/тұздануы (6,7%-ға құрылыстың қымбаттауы), 0-ден 2 м-ге дейінгі ыза суы деңгейінің жоғары жағдайы (4%-ға қымбаттау), отырымдылығы бойынша ыза жағдайының І түрі (3%-ға қымбаттау), сондай-ақ жоспарлы жұмыстарды өткізу (4%-ға қымбаттау) есебінен құрылыс үшін қолайсыз ауданға (17,7%-ға қымбаттау) жатқызылады.

ІІІ аудан – жайылма үсті терассасы және Ертіс өзенінің жоғары жайылмасы. Балшық жаппасы 1-ден 5 м-ге дейінгі тереңдікте жатыр, кейде одан да асады. Аудан төрт кіші ауданға бөлінеді: І-А-1 – Ертіс өзенінің қазіргі заманғы жайылма үсті терассасы; белсенді аймақта жалпы қуаттылығы 5 м-ге дейін болатын балшық (аQ) жатыр; қала аумағының 15% алып жатыр; І-А-2 Ертіс өзенінің жайылма үсті терассасы; жалпы қуаттылығы 10-12 м болатын жоғарғы бірден төрт аллювийлік құмдауыт топырағы мен саздақтан жасалған; қала аумағының 70% алып жатыр; І-А-3 – Ертіс өзенінің жоғарғы жайылмасы, Ертіс өзенінің солтүстік жағасында орналасқан және жалпы қуаттылығы 3-8 м тереңдікте батпақты топырақпен (аQ) ауысатын жоғарғы бірден төрт аллювийлік құмдауыт топырағы мен саздақтан жасалған. І-А-4 – жайылма үсті терассасы және Ертіс өзенінің жоғарғы жайылмасы белсенді аймақта 5 м-ге дейінгі қуатпен терең балшық қабатшаларымен негізгі құмға кіреді. 3-ауданның аумағы құрылыс үшін шектелген – қолайлыға жатады. Инженерлік іс-шаралар ретінде негізгі ғимараттарды суланудан сақтау, тігінен жоспарлау, атмосфералық жауын-шашынды аумақтан нақты шығару ұсынылады.


^ Ыза сулары


Ақсу қаласының аумағы және оның маңындағы аудандар геоморфологиялық жақтан Ертіс өзенінің жайылма үсті терассасы, жоғарғы және төмен жайылмалары шегінде орналасқан. Жер асты суларының көбі ашық және босатудың жергілікті ошақтары жанында төмен түсіп, жақын жерде (өзен шұңқыры, Ертіс жайылымы) 1-ден 17 м-ге дейін ұлғаятын тереңдікке (әдетте 2-5 м) түседі.

Су басу үдерісі табиғи факторлармен ғана емес, сондай-ақ техногендік факторлардың толық кешеніне негізделген: жылумен және сумен жабдықтау трассаларының апаттық жағдайына, қалада нөсерлік кәрізі дамыған және дұрыс жұмыс істейтін жүйесінің жоқтығы, тұндырғыштардың және өндірістік кәсіпорындардың жинақтағыштары герметикасының, топырақ суының табиғи ағынын бетондандаудың (жағажайдың құрылысы) жеткіліксіздігі және басқалар.


^ Физикалық-геологиялық үрдістер мен құбылыстар


Қала аумағында жаға беткейінің бұзылуы, жыралардың пайда болуы, жер қыртысының батпақтануы мен тұздануы байқалады. Неогендік жыраның қалыптасуы Ертіс өзенінің жарлы жағалауының пайда болуына әкеліп соғады. Ертіс өзені жайылымында батпақтану үдерісі басым дамыған. Олар жайпақ бедерге, үстіртін ағынның жоқтығына және осы учаскелерде су өткізбейтін топырақ–балшықтың, саздақтардың болуына байланысты болады.


^ Сумен жабдықталу жағдайы


Ертіс өзенінің жер үсті сулары Ақсу қаласының тұрғындарын, өнеркәсіп кәсіпорындары мен мекемелерін сумен жабдықтаудың негізгі көзі болып табылады. Қаланың шаруашылық-ауыз су және өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесі, кәсіпорындардың өнеркәсіптік сумен жабдықталуы Сәтпаев атындағы Ертіс-Қарағанды арнасынан сумен қамтамасыз етіледі. Жер үсті сулары сутартқысы арнада қаладан жоғары орналыстырылады. Сутартқы имараттары мына құрамда: 1353 м жалпы арақашықтығымен 600 мм d аванкамералар арқылы суқұбыры тазартқыш имараттарына (СТҒ) беріледі. Сутартқының және СТҒ жобалық өнімділігі тәулігіне 63 мың текше метрді құрайды.


^ 4. Әлеуметтік-экономикалық аспектілер


Демография


Демографиялық үрдістерді, халықтың қалыптасқан жастық-жыныстық және этникалық құрылымын және қаладағы көші-қон үдерісінің беталысын болашаққа болжауын талдау негізінде халық санының, оның жастық-жыныстық және еңбек құрылымының 2030 жылға дейінгі кезеңге үш нұсқа бойынша бес жылдық аралықтарды бөлумен автоматтандырылған есебі жүргізілді.

Қала халқының жастық-жыныстық ерекшеліктерін, халықты қалпына келтіру режіміндегі беталыстарын, сондай-ақ халықтың механикалық қозғалысының қалпына келтіру үдерістеріне әсер етуін ескеретін Ақсу қаласы халқының жобалық санының автоматтандырылған есебі 3 нұсқада орындалды.

1-нұсқа бойынша есеп халықтың тууының өте төмен деңгейімен және өлімінің жоғары деңгейімен сипатталатын қалыптасқан қалпына келтіру режімі негізінде халықтың механикалық қозғалысын есепке алмай жүргізілген болатын.

2-нұсқа бойынша есеп көші-қон үдерістерінің әсерін есепке алмай есеп жүргізілген болатын, бірақ 1-нұсқаға қарағанда үлгінің негізіне Қазақстан Республикасының қалаларында соңғы жылдары болып жатқан халықты қалпына келтіру режімінің өзгеруіндегі беталыстарды ескере отырып есептелген әйелдердің жүкті болуының барынша жоғары коэффициенттері мен өлім-жітімнің барынша төмен коэффициенттері салынған болатын.

3-нұсқа бойынша есеп 2-нұсқада қабылданған қалпына келтіру режімінің үлгісіне сәйкес, бірақ көші-қонның әсері ескеріле отырып (көші-қонның оң сальдосы қабылданды) жүргізілді.

Жоғарыда баяндалғандай, соңғы 3-4 жылда қаладағы демография-лық жағдайдың тұрақты жақсару беталысы және қала халқының Қазақстан Республикасының басқа өңірлерімен көші-қон ауысуларының оң ілгерілеуі байқалды, оған республикада қалыптасып жатқан жағымды әлеуметтік-экономикалық жағдай әсер етті. Көрсетілген ұғымдар негізінде жоғары өндірістік және көліктік-географиялық әлеуетті, сондай-ақ жұмыс орындарын құру және инвестициялық тартымдылық пен аумақтық даму мүмкіндігін орнату арқылы экономиканың қызмет көрсету секторының дамуын назарға алып, 2030 жылға дейінгі кезеңдегі Ақсу қаласының аумақтық даму көлемдерін анықтау бойынша есептеулер үшін қаралып отырған демографиялық болжамның үшінші нұсқасы (еңбек балансы әдісі) бойынша алынған көрсеткіштер қабылданды.

Таңдалған нұсқа бойынша сандарды дөңгелектеген кезде, Ақсу қаласы халқының жобалық саны (2030 жылға дейінгі болашаққа халық санының есебі) халық саны 2006 жылы - 43,0 мың адамды, 2020 жылы - 51,0 мың адамды құрайды, ал 2030 жылға қарай халық саны - 53,1 мың адамға ұлғаяды.


^ Тұрғын үй құрылысы


Таңдалған “Оңтүстік бағыт бойынша дамыту” нұсқасына сәйкес бас жоспарда қаланың аумақтық дамуы қаланың қазіргі заманғы әкімшілік шекараларында оңтүстік бағытта ғана көзделген.

Қаланың айқын кескінін және әсіресе қаланың бас көшелерінің маңында жаңа құрылыс салуды қалыптастыру үшін жеке жобалар бойынша орындалған түрлі қабатты қазіргі заманғы сәулет ансамбльдерін (7 қабатқа дейін қоса алғанда) қалыптастыру ұсынылады.

Жаңа аз қабатты тұрғын үйдің бөлігін аздап жабық аула кеңістіктерін құрумен енгізу ұсынылады, олар жеке тұрғын үйлердің топтарынан қалыптасады. Осындай құрылыс өмір сүру жайлылығын арттырады, тұрғындар (көршілер) қоғамдастықтарының пайда болуы үшін, соның ішінде коммуналдық мәселелерді бірлесіп шешу үшін жағдайлар жасайды.

Бірінші кезек көп қабатты тұрғын үйдің құрылысын (қамтылуы 25 шаршы метр/адам), блокталған тұрғын үйдің құрылысын (қамтылуы 25 шаршы метр/адам) және үй жанындағы жер учаскесі бар жеке тұрғын үйлердің (қамтылуы 26 шаршы метр/адам) құрылысын көздейді.

Есептік мерзімге бас жоспармен көп қабатты тұрғын үй (қамтылуы 25,5 шаршы метр/адам) және үй жанындағы жер учаскесі бар жеке тұрғын үйдің (қамтылуы 30 шаршы метр) құрылысы көзделеді.

Болашаққа көп қабатты тұрғын үйлердің де (қамтылуы 26 шаршы метр), үй жанындағы жер учаскесі бар жеке тұрғын үйлердің де (қамтылуы 36 шаршы метр) құрылысы ұсынылады.

Нұсқаның оң сапасына мынадай:

қала келбетін сақтауға мүмкіндік беретін негізгі көлік магистральдері бойымен көп қабатты құрылыстарды салу;

әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасын дамытуға жәрдем көрсету және таңдау мүмкіндігі;

қала шекарасын кішірейткен кезде жол тораптары мен инженерлік инфрақұрылымдар құрылысына жұмсалатын шығындарды (мемлекеттік бюджет) қысқарту сияқты жағдайларды жатқызуға болады.

Көп қабатты және аз қабатты құрылыстың тікелей көршілес болғандығы кемшілік болып табылады.

Құрылыс нормалары мен ережелерінің қолданыстағы нормаларына сәйкес тұрғын үй қорының әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілерімен (мектептер, балабақшалар, спорт имараттары және басқа объектілер), жасыл желектермен, демалыс орындарымен және автотұрақтармен қамтамасыз етілуін талдау және оларға деген қажеттілікті есептеу жүргізілді.

2020 жылға бір адамның тұрғын үймен қамтамасыз етілуі 24 шаршы метр болып қабылданды.


^ Көгалдандыру жүйесін дамыту


Қазіргі уақытта жалпы пайдаланымдағы көгалдандырылған аумақтың алаңы 132,3 га құрайды. Қалалық және қала маңы ландшафттарының басымдықты түрі мәдени ландшафт болып табылады, оны көгалдандыру (Ертіс өзенінің жайылма өсімдіктерін қоспағанда) жасанды сипат алады.

Ақсу қаласының ашық көгалдандырылған аумақтарының қазіргі заманғы құрылымы көше ағаштары мен бұтақтарын егуден, шағын бақтарды, қалалық мәдениет және демалыс саябағын, жас натуралистер бақшасын, жағажайдың табиғи өсімдіктерін, сондай-ақ мектеп жанындағы және үй жанындағы учаскелерді көгалдандырудан тұрады.


^ Экономикалық қызмет


Ақсу қаласының айтарлықтай экспорттық әлеуетке ие өнеркәсіптік кешені бар. Қала құрайтын кәсіпорындардың бар болуы өңірдің бәсекеге қабілетті басымдықтарының бірі болып табылады, олар қаржы-шаруашылық қызметін тұрақты оң нәтижелерімен, білікті кадрларымен ерекшеленеді.

Қаланың тұрақты дамуы экономиканың негізгі секторларының дамуындағы айтарлықтай прогрестің қамтамасыз етілуін, қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруды, Ақсу қаласы тұрғындарының өмір сүру деңгей мен тұрмыстық жағдайын жақсартуды, шектес аумақтардың ұзақ уақытты экологиялық қауіпсіздігіне қол жеткізуді, ресурстардың барлық түрлерін тиімді пайдалануды, көліктік инженерлік жүйелерді ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістерін, өмір сүру үшін қолайлы қалалық ортану құруды көздейді.


^ Экологиялық талаптар


Халықтың тұрмысы үшін қолайлы ортаны құруға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі негізгі іс-шаралар кешені.

Атмосфера ауасына алюминий, хром, органикалық емес шаңдар, қалқыңқы заттар жиынтығының шығарылымдарын азайту.

Қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарынан санитарлық-қорғау аймағын ұйымдастыру.

Қаланың көлік қозғалысын ұйымдастырудың кешендік сұлбасын әзірлеу және оны іске асыру.

Әртүрлі мақсатқа арналған жасыл желектер алаңын кеңейту, орман қорғау алқабын жайластыру.

Шаңдатушы аумақтардың топырағын қалпына келтіру, бұзылған аумақтарды эстетикалық тартымды бейнеге келтіру.

Қала үшін сапалы ауыз судың баламалы көзін негіздеу.

Сырғытқы жүйесін салу жолымен ыза суы деңгейін төмендету, тұзды емес сорғытқы суын жасыл желектерді суару үшін пайдалану.

Нөсерлі кәріз жүйесін кеңейту, ағындарды тазарту және оларды шаруашылық қызметте пайдалану.

Ақсу қаласының аумағында Ертіс өзенінің су қорғау аймағын (жолағын) ұйымдастыру.

Ертіс өзенінің шайылатын жағаларын нығайту жөніндегі инженерлік іс-шараларды орындау.

Ертіс өзені жер үсті суының ластануын төмендету мәселесін кешенді шешу (өңір шеңберінде).

Жерасты суларындағы ластаушы заттардың көшу мониторингі.

Кәсіпорындарда ағын суларын тазарту бойынша тиімді жергілікті тазартқыш имараттарын салу, кәсіпорындардың айналмалы сумен жабдықталуға көшуі.

Қалалық кәріздік тазартқыш имараттары жұмысының тиімділігін арттыру, тазартылған ағындарды шаруашылық қызметте пайдалану.

Қала аумағын барлық табиғи орталары бойынша (жер қыртысы, жер үсті сулары, өсімдіктер және басқалар) кешенді геохимиялық картаға түсіруді өткізу.

Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонын орналастыру үшін учаске таңдау, қолданыстағы қоқыс үйіндісін қалпына келтіру, қалдықтарды жинаудың іріктемелі әдісі, ҚТҚ өнеркәсіптік қайта өңдеу жәніндегі тәжірибелі қондырғылардан оларды қайта өңдеу жөніндегі зауыт құрылысына көшу.

Өнеркәсіптік қалдықтардағы ластайтын заттардың болуын төмендету, қалдықтарды шаруашылық қызметте пайдалану.

Уытты қалдықтарды көмуге арналған полигонды ұйымдастыру.

Ақсу қаласының ауданындағы Мемлекеттік табиғи қорықшадағы шаруашылық пайдалануды шектеу туралы ережені әзірлеу.

ЖҚЕ жиынтық томын қала құрайтын кәсіпорындар үшін де әзірлеу.

Кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймақтары шегінде орналасқан саяжай учаскелерінен алынатын азық-түлік өнімдерінің сапасын зерделеу.

Қоршаған орта мониторингісінің автоматтандырылған басқару жүйесін ұйымдастыру, экологиялық дерекқорын (экологиялық кадастр) құру.

Бұрын әзірленген әлеуметтік-экономикалық және экологиялық бағдарламаларын іске асыру жағдайына жеткізу.

  1   2   3



Похожие:

Павлодар облысы Ақсу қаласы бас жоспарының жобасы icon30/12 қаулысынан үзінді
«Ақсу қаласы әкімдігі, Ақсу қаласы білім беру бөлімі «Ақсу қаласы балалар өнер мектебі» мкқК-да жергілікті бюджет қаражатын атқару...
Павлодар облысы Ақсу қаласы бас жоспарының жобасы icon2012 жылғы 12 қаңтардағы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Павлодар облысы бойынша Салық департаментінің Ақсу қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жергілікті бюджетке түскен түсімдердің толықтығы мен уақтылығын,
Салық комитеті Павлодар облысы бойынша Салық департаментінің Ақсу қаласы бойынша салық басқармасы мемлекеттік мекемесінде жергілікті...
Павлодар облысы Ақсу қаласы бас жоспарының жобасы icon«Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту»
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Астана көшесі, 21 үй а мекен жайы бойынша «Ақсу қаласы жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесі...
Павлодар облысы Ақсу қаласы бас жоспарының жобасы icon«Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту»
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Астан көшесі, 21 а үй мекен жайы бойынша «Ақсу қаласы жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан...
Павлодар облысы Ақсу қаласы бас жоспарының жобасы icon2011 жылғы Ақсу қаласының бюджетін атқару жөніндегі жылдық есебіне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі
Жылға арналған Ақсу қаласының бюджеті қалалық мәслихаттың (IV сайланған XXIX сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға...
Павлодар облысы Ақсу қаласы бас жоспарының жобасы iconКонкурс комиссиясының хатшысы мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Гаухар Қайыртайқызы Байтілесова, байланыс телефоны 8 (7182) 345052, 8 (7182) 556839. Гу «Управление здравоохранения Павлодарской области»
«Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» мм 140002, Павлодар қаласы, 1 Мамыр көшесі, 7-үй
Павлодар облысы Ақсу қаласы бас жоспарының жобасы icon03/03 қаулысынан үзінді
«Павлодар облысы әкімдігінің, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ақсу қаласының жедел және қауырт медициналық станциясы»...
Павлодар облысы Ақсу қаласы бас жоспарының жобасы iconПостановление 2012 жылғы 24 қыркүйек №615/7 Ақсу қаласы город Аксу Ақсу қаласы әкімдігінің 2012 жылғы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» №836...
Павлодар облысы Ақсу қаласы бас жоспарының жобасы iconПостановление 2012 жылгы 24 мамыр №367/4 Ақсу қаласы город Аксу Ақсу қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы "Ақсу қаласында 2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" №84/2 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы” №836...
Павлодар облысы Ақсу қаласы бас жоспарының жобасы iconАқсу қаласы Әкімдігінің қызмет тиімділігін жалпы бағалау
Ақсу қаласы Әкімдігінің (бұдан әрі Әкімдік) қызмет тиімділігі төмен деп бағаланды. Орташа балл 6 бағыт бойынша 63,96 баллды құрады...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы