1 слайд
 | Тренингтің тақырыбы: «Қазақ тілін халықаралық стандарт негізінде деңгейлеп оқыту» «Разноуровневое обучение казахскому языку на основе международного стандарта» Тренингтің мақсаты: заман талабына сай оқытудың жолдарын меңгерту. Міндеттері: Деңгейлеп оқыту жүйесімен теориялық түрде танысу; Тренинг арқылы теория мен практиканы ұштастыру; | 3 мин |
2 слайд 
| Психологиялық тренинг - Қатысушылармен танысу «Күннің шуағы» немесе «Жүрек жылуы» (Өзім бастаймын қолымда «жүрек» өзімді таныстырамын қысқаша 2-3 сөзбен келесі адамға жақсы тілек, лебіз білдіремін, ол жүректі алады өзін таныстырып тілегін айтып келесі адамға береді. Осылай айналып қайта өзіме келеді.) | 5 мин |
3 слайд 
| Өз тәжірибемізден - орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқытуда туындайтын жағдайлар Жеңіл / Қиын (қатысушылардың бәрі жұмыс жасау керек - ауызша) | 5 мин |
4 слайд 
| КОМПОТ 1. Алма 2. Алмұрт 3. Шие 4. Қант 5. Су (сіз алмасыз, сіз алмұртсыз, сіз шиесіз, сіз қантсыз, сіз сусыз) Жүргізуші: біреуін атағанда орындарынан тұрып келеді. Компот дегенде өз орындарына отырады. Осы ойын арқылы топқа бөлінеміз.
| 5 мин |
5 слайд 
|
Жобаны қорғау- Мен де режиссер бола аламын. (Сам себе режиссер) | 1 мин |
6 слайд 
| “Үндемес” ойыны Топқа тақырып беріледі. Мысалы: Қазақстан, Аналар мерекесі, Наурыз мейрамы т.б 2. Плакат, маркер беріледі де, тақырып бойынша сурет салады. (Топ мүшелері бір-бірімен сөйлеспеу керек) 3. Сыныптын алдында жұмыстарын қорғайды. | 5 мин |
7 слайд 
| Мультипликациялық бағдарлама І Жеке дара жұмыс: Топ мүшелері өзіне ұнайтын мултькейіпкердің суретін қағазға салады; ΙΙ Топпен жұмыс Топпен бірге отырып ертегі құрастырады. Ертегіні рөлге бөліп сыныптың алдында ойнайды. | 8 мин |
8 слайд 
| Сөйлесу әрекеттері: Оқылым-чтение Жазылым –письмо Сөйлесім-говорение
| 1 мин
|
9 слайд
 | “Апта күндері” ойыны Ойынның мақсаты: апта күндерін пысықтау. Ойынның шарты: кестені толтыра отырып, монолог құрастыру Мысалы: Мен дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі....күні мектепке бардым. Ал жексенбіде демалдым. Сен ше? (ойында сөйлесу әрекеттерінің барлығы қолданылады)
| 5 мин |
10 слайд
 | “Бинго” ойыны Ойынның мақсаты: ай аттарын және отбасы, достар тақырыбын бекіту Ойынның шарты: туысыңның, достарыңның туған күнін есіңе түсіріп, ұяшықтарды тез толтыру.
| 5 мин
|
11 слайд
 |
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
| 1 мин
|