Ойындар оқушыларды ынталандыру қҰралы тұяқова Айнаш Кулатаевна №35 жалпы орта білім беру мектебі,бастауыш сынып icon

Ойындар оқушыларды ынталандыру қҰралы тұяқова Айнаш Кулатаевна №35 жалпы орта білім беру мектебі,бастауыш сынып

НазваниеОйындар оқушыларды ынталандыру қҰралы тұяқова Айнаш Кулатаевна №35 жалпы орта білім беру мектебі,бастауыш сынып
Дата конвертации22.11.2012
Размер37.33 Kb.
ТипДокументы
источник

ОЙЫНДАР - ОҚУШЫЛАРДЫ ЫНТАЛАНДЫРУ ҚҰРАЛЫ

Тұяқова Айнаш Кулатаевна

35 жалпы орта білім беру мектебі,бастауыш сынып

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан – жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу – ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады.

Ойын – балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Бала өмірі ойынмен байланысты. Бала ойынсыз өсе алмайды. Бұл - өмір заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды, өмір сүру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, ал мектеп оқушылары сабақ үстінде, ойын үстінде көрсетеді.

Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.

Ойын – бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері, ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір – біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әректтерінен туындайды. Ойынның басты шарты - жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір – біріне деген сенімін арттырады.

Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар, баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады.Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілет бар екенін байқап көреді. Ал ақыл – ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын ойын сабақ , ойын жаттығу,сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сезім ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар, т.б. Бұндай ойындар оқушыны жан – жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.

Оқу үрдісінде – кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол – дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта- ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп білім, білік дағдыны қалыптастыру.Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап – оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.

Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:

а) балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;

ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;

б)білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге

қамтамасыз ету;

в) ойын барысында балаға жаңа білім, білік дағдылардың

қайнар көзіне жету;

г) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білі, білік,

дағдыларымен сәйкес келетіндігі;

Осы көрсетілген сұраныстардың ішінде балалардың танымдық әрекеттерін дамытуда әсіресе кейінгі үш бөлімнің маңызы зор.

Дамытушы ойындардың ішінде оқушылардың өздері қолдан жасап, құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше. Өйткені, өздері ойын барысында жаңа білім алып, олардың елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілі мен олардың түрлі қабілеттері: конструкциялық, музыкалық, ұйымдастырушылық т.б қасиеттері дамиды.

Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына аса назар аударып тез қабылдап, ұғып алады.

Ұлы Абайдың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Бастауыш сынып оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен: Ж.Аймауытұлы, М. Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, Т.Тәжібаев.

Сонымен бірге бастауыш сынып оқушыларының назарын аударатын ойын түрлерінің бірі - спорттық ойындар. Бұл ойын түрі берілген тапсырманы орындаумен қатар баланың денсаулығын нығайтып т.б көптеген қасиеттерін дамытады.

Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті – оқу, қарым – қатынас, ойын және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу – білім алу мен білік, дағдыны қалыптастырса, қарым – қатынас – бұл балалардың бірін – бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ойын – пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Ал еңбек – қолдың қозғалысын жақсартып, практикалық кеңістік және көрнекі ойлауын жетілдіреді. Балалардың бұндай әрекеттерге белсене қатысуы олардың психикалық дамуын арттырады деп түсіндірген.

Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану – бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай – ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде,яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.

Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде «Ойын» түрлерін пайдалану; біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Бастауыш мектеп, №2 2003Ж.

2. Бастауыш мектеп, №5 2008ж.

Похожие:

Ойындар оқушыларды ынталандыру қҰралы тұяқова Айнаш Кулатаевна №35 жалпы орта білім беру мектебі,бастауыш сынып iconБастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
«Бастауыш, негізгі орта жјне жалпы орта білім беруЄдіѕ жалпы білім беретін оќу баєдарламаларын іске асыратын білім беру ўйымдарына...
Ойындар оқушыларды ынталандыру қҰралы тұяқова Айнаш Кулатаевна №35 жалпы орта білім беру мектебі,бастауыш сынып iconБастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруҒдің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...

«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...
Ойындар оқушыларды ынталандыру қҰралы тұяқова Айнаш Кулатаевна №35 жалпы орта білім беру мектебі,бастауыш сынып icon«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты

Ойындар оқушыларды ынталандыру қҰралы тұяқова Айнаш Кулатаевна №35 жалпы орта білім беру мектебі,бастауыш сынып iconЖоба Келісім шарт № Жаңақала ауылы 2008 ж. Осы Келісім шарт «Жаңақала жалпы білім беретін орта мектебі»
«Жалпы білім беру» бюджеттік бағдарламасы 105 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мектептер, гимназиялар, лицейлер,...
Ойындар оқушыларды ынталандыру қҰралы тұяқова Айнаш Кулатаевна №35 жалпы орта білім беру мектебі,бастауыш сынып icon«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...
Ойындар оқушыларды ынталандыру қҰралы тұяқова Айнаш Кулатаевна №35 жалпы орта білім беру мектебі,бастауыш сынып iconБастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына...
Ойындар оқушыларды ынталандыру қҰралы тұяқова Айнаш Кулатаевна №35 жалпы орта білім беру мектебі,бастауыш сынып icon«Приозерск қаласының №1 жалпы білім беру орта мектебі» кмм
Алғаш ашылғанда мектептің атауы «Қазақстанның 60 жылдығы» атындағы орыс тілінде жалпы білім беретін орта мектеп болған
Ойындар оқушыларды ынталандыру қҰралы тұяқова Айнаш Кулатаевна №35 жалпы орта білім беру мектебі,бастауыш сынып icon«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы