Әдістемелік бірлестік туралыереж е icon

Әдістемелік бірлестік туралыереж е



НазваниеӘдістемелік бірлестік туралыереж е
Дата конвертации18.11.2012
Размер37.02 Kb.
ТипДокументы
источник

Әдістемелік бірлестік туралы Е Р Е Ж Е

І. Жалпы ережелер


Әдістемелік бірлестік білім мекемесіндегі (БМ) әдістемелік қызметтің негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Әдістемелік бірлестік бір немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, эксперименттік және сыныптан тыс жұмыстарды жүргізеді.
Әдістемелік бірлестік бір пән немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша құрамында кемінде 5 мұғалім болған жағдайда құрылады. Әдістемелік бірлестіктерді құру, олардың санына, құрамына өзгерістер енгізу мектеп директорының бұйрығымен жүзеге асырылады.
Әдістемелік бірлестіктер тікелей директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарына бағынады.

ІІ.  Әдістемелік бірлестіктің міндеттері мен қызмет бағыттары


Әдістемелік бірлестік төмендегідей міндеттерді шешу үшін құрылады:

- пән бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастыру және жүргізу;
- сабақ беру әдістемесін жетілдіру;
- мұғалімдердің педагогикалық біліктілігін көтеру;
- педагогикалық эксперименттерді жүргізу.

Әдістемелік бірлестіктің негізгі жұмыс түрлері:

- оқушыларды оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің проблемалары бойынша педагогикалық эксперименттерді өткізу және олардың нәтижесін білім процесіне енгізу;
- оқу-әдістемелік мәселелер бойынша мұғалімдердің шығармашылық есептері, дөңгелек үстел, кеңестер, семинарлар т.б;
- оқушыларды оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің мәселелері бойынша әдістемелік бірлестіктердің отырыстары;
- пән бойынша ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар;
- оқыту және тәрбиелеу әдістемесі, жалпы педагогика және психология мәселелері бойынша лекциялар, баяндамалар және дискуссиялар;
- озат педагогикалық тәжірибені және басқару құжаттарының талаптарын зерттеп, оқу-тәрбие процесіне енгізу;
- пән және әдістемелік апталықтарды өткізу;
- өзара сабаққа ену;
- оқу сабақтарының өткізу сапасын бақылау.


Әдістемелік бірлестік қызметінің негізгі бағыттары:

- пәндер бойынша білім деңгейінің қорытындыларын талдау;
- оқу жоспарының вариативтік бөлімдерін жасауға қатысу;
- оқу бағдарламаларындағы минимал көлем мен мазмұнға қойылатын талаптарға өзгерістер енгізу;
- оқу әдістемелік және дидактикалық материалдарды талдау;
- пәндер бойынша ашық сабақтар және ашық сыныптан тыс іс-шаралар өткізу;
- пәндерді оқыту әдістемесі бойынша баяндамалар дайындау және талқылау:
- оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жетекшілік жасау және бақылау мәселелерін қарастыру;
- оқытудың жаңа технологияларын іздеу және енгізу бойынша педагогикалық эксперименттерді ұйымдастыру және жүргізу;
- оқу пәндерін өту әдістемесін жетілдіру және тәжірибе алмасу мақсатында әдістемелік бірлестік ішінде және әдістемелік бірлестіктер арасында өзара сабаққа енуді ұйымдастыру;
- пәндер бойынша сайыстар, олимпиадалар, жарыстар өткізу туралы ережелер жасау.

ІІІ.     Әдістемелік бірлестіктің жұмысы


Әдістемелік бірлестікті бірлестік мүшелерінің келісімімен тәжірибелі ұстаздар тарапынан таңдалған төраға басқарады. Төрағаны БМ директоры тағайындайды.
Әдістемелік бірлестіктің жұмысы жылдық жоспар негізінде іске асырылады. Жоспар әдістемелік бірлестіктің төрағасы тарапынан құрылады, әдістемелік бірлестіктің отырысында қарастырылады, директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарымен келісіліп, мектеп директорымен бекітіледі.
Әдістемелік бірлестіктің отырысы тоқсанда кемінде бір рет өткізіледі. Отырыстың мерзімі, өтілу орны туралы төраға дер кезінде директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарына хабарлау керек. Қаралып отырған әр мәселе бойынша ұсыныс қабылданып, ол хаттама журналына жазылады. Ұсыныстар әдістемелік бірлестік төрағасының қолымен бекітіледі.

ІV.  Әдістемелік бірлестіктің құжаттары


1. ӘБ төрағасын тағайындау туралы бұйрық.
2. Әдістемелік бірлестік туралы ереже .
3. Өткен оқу жылының жұмысын талдау.
4. Әдістемелік жұмыстың тақырыбы, оның мақсаты, негізгі бағыттары және жаңа оқу жылының міндеттері.
5. ӘБ жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспары.
6. ӘБ мұғалімдері туралы мәліметтер.
7. ӘБ мұғалімдерінің өз білімін жетілдіру тақырыптары туралы мәліметтер.
8. ӘБ мұғалімдерінің біліктілін көтеру кестесі.
9. ӘБ мұғалімдерін аттестациялаудың перспективті жоспары
10. Пән бойынша ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар өткізу кестесі
11. Оқу бағдараламалары .
12. Пән апталықтарының жоспары.
13. Жас маманмен жұмыс жоспары.
14. Пән бойынша алынған бақылау жұмыстарының қорытындылары.
15. Мектепішілік бақылау (анықтамалар, диагностика).
16. ӘБ отырыстарының хаттамалары.

V.  Әдістемелік бірлестіктің құқықтары


Әдістемелік бірлестіктің құқығы бар:

- мұғалімдердің біліктілік разрядтарын көтеру туралы ұсыныс дайындауға;
- мектепте оқу процесін жақсарту бойынша ұсыныс беруге;
- ӘБ-те жиналған озат педагогикалық тәжірибе материалдарын жариялау туралы мәселені қоюға;
- оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша директор орынбасарларынан кеңес алуға;

- мұғалімдердің аттестациясын ұйымдастыру және мазмұны бойынша ұсыныстар беруге;
- ӘБ тарапынан «Жыл мұғалімі» сайысына мұғалімдерді ұсынуға.

VІ. Әдістемелік бірлестік қызметін бақылау


Әдістемелік бірлестіктің қызметі мектеп директоры және оның орынбасарлары тарапынан бақыланады. Бақылау мектептің әдістемелік жұмысы және мектепішілік бақылау жоспарларына сәйкес жүргізіледі.







Похожие:

Әдістемелік бірлестік туралыереж е iconБастауыш мектеп бойынша қалалық әдістемелік бірлестік жұмысына талдау. 2011ж
Осы мақсатта әдістемелік жұмыстар жүргізіліп келеді. Барлық мектептерде бастауыш бірлестіктері белгіленген,мектеп әкімшілігі бекіткен...
Әдістемелік бірлестік туралыереж е iconДіни бірлестік Діни бірлестік
Діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде...
Әдістемелік бірлестік туралыереж е iconОрыс мектептеріндегі қазақ тілі және әдебиеті ӘБ 2010-2011 оқу жылының жұмысына талдау
«Мұғалім құзырлылығы – оқушы құзырлылығының алғышарты» тақырыбымен жұмыс жүргізуді жалғастырды. Әдістемелік бірлестік бірнеше бағытта...
Әдістемелік бірлестік туралыереж е iconАқтөбе облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Ақтөбе облысы аумағында 112 діни бірлестік қызмет атқарады, олардың ішінде 81-і мұсылман қоғамы, 7 православие, 2 католиктік, 20...
Әдістемелік бірлестік туралыереж е iconТехнология пәні әдістемелік жұмыстарының 2010-2011 оқу жылындағы есебі
Ол әрбір мұғалім мен тәрбиенің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан жақты арттыруға бағытталған шаралар. Осы мақсатта әдістемелік...
Әдістемелік бірлестік туралыереж е iconӘдістемелік құрал ҚР ҚК Қаржылық қамтамасыз ету департменті ҚР ҚК Қызметшілер кәсіподағының қоғамдық бірлестігімен бірлесіп әзірледі
Скери қызметшілерге, жұмысшылар мен қызметшілерге еңбекақы төлеу мәселелері жөніндегі әдістемелік құрал
Әдістемелік бірлестік туралыереж е iconПәндерінің үлгі оқу бағдарламаларын әзірлеудің және ресімдеудің әдістемелік
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесіндегі оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру мақсатында БҰйырамын
Әдістемелік бірлестік туралыереж е iconЭнергетикалық қондырғылардың пісірілген тігістері мен бөлшектерін стилоскоптау бойынша әдістемелік ұсынымдар
Осы әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – ӘҰ) металлдарды, жартылай дайындалған өнімдерді, бөлшектерді, құрастыру бірліктері мен пісірілген...
Әдістемелік бірлестік туралыереж е iconҚазақ тілі мұғалімдерінің кәсіптік белсенділіктерін және инновациялық шығармашылықпен ойлау қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған әдістемелік жұмыстың мазмұны мен түрлерін жаңарту атты әдістемелік кеңестің ұсыныстарын орындау.
Бұл міндеттерді орындау үшін белсенді, жаңашыл, шығармашылық ойлау қабілеті бар педагогтар қажет
Әдістемелік бірлестік туралыереж е iconҮржар ауданындағы діни бірлестіктер туралы мәлімет
Бірлестік жетекшісінің аты-жөні. (туған жылы, жері, тұратын жері мен жұмыс орны, қысқаша мінездеме)
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы