|
Тақырыбы : « Менің құлыншағым». Мақсаты : Балаларға құмшекердің қасиеттерін айтуға, одан түйін шығарып, қорытындылауға үйрету. Міндеті : Көргендерін сұрақтар арқылы жауап беруге үйрету, сөздік қорын, тілін дамыту. Көрнекілік : Үй, әженің киімі, телефон, ойыншық ат, құмшекер, су, қасық. Сабақтың барысы. Тәрбиешінің алдында үстел үстінде телефон тұр, біреу қоңырау шалады. Балалар тәрбиешінің қарама- қарсы отырады. Тәрбиеші : Әже, сәлеметсіздер ме! Қалыңыз қалай? Әлде бір жағдай болды ма? Жақсы, біз балалармен саған келеміз. Тәрбиеші : Балалар, ауылдағы әжеміздің құлынмен бір жағдай болыпты. Барып, әжемізге көмектесейік! Көмектесеміз бе? Балалар : Иә, барайық. Тәрбиеші : Немен барамыз? Балалар : Поездбен. Тәрбиеші : Міне, біз ауылға келдік. Әжеміз қайда екен? Әже шығады. Әже: Амансындар ма, балалар? Мен сендерді көргеніме құаныштымын. Маған көмектесуге келдіндер ме? Балалар : Иә. Әже : Мынау менің құлыншағым. Оның аты- Жұлдызша. Оған не болғанын білмеймін, ол шөп жемейді, су ішпейді. Тәрбиеші : Әже, біз қазір сізге көмектесуге тырысамыз. Балалар, қане Жұлдызшаға жақындап, неге ол көңілсіз екенін білейік. Олар құлынға келіп, тәрбиеші онымен «сөйлеседі». Тәрбиеші : Балалар, оның көңілсіз екенін, ол ойнағысы келіп тұр екен. Қане, онымен бірге ойын ойнап көрейік ! Ойын: «Құлыншақтар». Тәрбиеші: Балалар, қарандаршы, құыршақ көңілденді, оған ойын ұнады. Енді, құлыншақ не жақсы көреді екен, соны сұрайықшы. Әже: Балалар, менің құлыншағым шөп, жем және қантты жақсы көреді. Тәрбиеші : Құмшекерді ме? Әже : Иә, балалар, құмшекерді. Енді орнымызға отырамыз. - Мынау не? (Құмшекер). - Оның түсі қандай? (Ақ). - Қолдарына алындаршы, ол қандай? (Қатты). - Дәмін көріндерші ! (Тәтті). Енді, құмшекерді суға салып, оны қасықпен араластырамыз. Балалар орындайды.
Балалар : еріп кетті. Тәрбиеші : Дұрыс, балалар, қант суда ериді. Қанттың қандай қасиеттері бар екен?
Балалар құлынды тамақтандырады. Әже: Балалар, қарандаршы, Жұлдызша сендерге ризашылық білдіріп жатыр. Оның көңілі көтеріліпті, ол енді оның жақсы қөретінін құмшекерді жейді. Қорытынды : Әже, бізге сенде өте ұнады. Бірақ қоштасатын кезі келді. Біз балабақшаға ораламыз. Балалар әже мен Жұлдызшамен қоштасады. Тәрбиеші балалармен поездге отырып, кетеді. |
![]() | Тақырып: Менің достарым Мақсаты Тақырыбы бойынша оқушының сөздік қорын қалыптастыру оқылым,тыңдалым,айтылым,жызылым әрекеттерін жүйелі түрде,қолданып, тілдесім... | ![]() | Сынып: 3 Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы : Құттықтау Сабақтың мақсаты Сабақтың тақырыбы : Құттықтау Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша тілдесім әрекеттерін жандандыру. Тақырыпты шынайы өмірмен... |
![]() | Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным Сабақтың мақсаты: Білімділік Білімділік: Жаңа сөздерді дұрыс айтуға, сөйлемдерде дұрыс пайдалана білу, тақырып төңірегінде сөйлей білуге үйрету | ![]() | Тақырыбы: Математика патшалығына саяхат. Мақсаты Мақсаты: Балалардың сурет салу тәсілімен геометриялық пішін туралы білімдерін жинақтау және бекіту |
![]() | Тақырыбы: Су патшалығына саяхат. Мақсаты Мақсаты: Балаларды судын құрамымен жане касиеттерІмен таныстыру және адамның өмірінде қандай рөльді атқаратынын түсіндіру | ![]() | Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер –ұлт мақтанышы Мақсаты Мақсаты:Қазақстан Республикасының рәміздерін оқып үйрену.Әрбір белгісін түсіндіру,мағынасын ашу. Оқушыларды ел рәміздерін қастерлеуге,құрметтеуге... |
![]() | Тақырыбы:«Қош, бол, құтты Әліппем!» Мақсаты Мақсаты: білімнің бастауы болған, Әліппеден үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау, білімдерінің артып, сөз байлығының молайғанын,... | ![]() | Тақырыбы: «Қар жауып тұр » Мақсаты Мақсаты: Жыл мезгілдері туралы білімдерін бекіту, қыстың қасиеттері жайлы ұғымдарын кеңейту; қардың қасиеттерімен таныстыру. «Қаршық»... |
![]() | Сабақтың тақырыбы: Құстар – біздің достарымыз. Сабақтың мақсаты Сабақтың мақсаты: Құстар туралы мәлімет беру, тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру | ![]() | Сабақтың тақырыбы: Құстар – біздің достарымыз. Сабақтың мақсаты Сабақтың мақсаты: Құстар туралы мәлімет беру, тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру |