«Құтқарылған әлем жадында сақтайды » Эссе icon

«Құтқарылған әлем жадында сақтайды » Эссе



Название«Құтқарылған әлем жадында сақтайды » Эссе
Дата конвертации20.11.2012
Размер30.26 Kb.
ТипДокументы
источник

«Құтқарылған әлем жадында сақтайды...»

Эссе. .

Отан үшін отқа түскен күймеген,

Анасынан туған жандар жейдемен.

Майдангерлер ардақтысы елімнің,

Ерлігіне жан жоқ басын имеген.

Ардагерлер, ардагерлер,

Қабылан жүрек, батыл ерлер.

Біз бақытты болр ма едік,

Болмағанда мына Сіздер?

«Мен қазақ» деп жауға батыл айта алған,

Майданда өлген достар кегін қайтарған.

Жеңіс күнін алып келген халқыма,

Тағзым етпей, саған қалай жай табам?!

Бұл алдамшы дүниеде мәңгілік еш нәрсе жоқ қой. Адамзат баласы үшін де тумақ бар да, өлмек бар. Ал осы күн мен түн сияқты бір-біріне қарама-қарсы екі ұғымның аралығындағы әр жанның жолсапары әртүрлі. Біреулер баянды ұзақ, енді біреулер қамшының сабындай қысқа ғұмыр кешеді. Дегенмен, кім қанша ғұмыр сүрсе де алға қойған арман мақсаты түп негізінде ортақ. Ол- адамзат тіршілігін жалғастырып, ұрпағы үшін игілікті іс атқарып, артына өшпес бір белгі қалдыру. Өкінішке орай, бұл әркімнің қолынан келе бермейді.

Сонау сұрапыл соғыс жылдары бірте-бірте тарих қойнауына тереңдей еніп, өткен, ХХ ғасырдың ең үлкен, аса елеулі уақиғаларының біріне айналды. Арада бір адамның ғұмырына татитын уақыт жатыр. 65 жыл өтті. Бірақ біз, кейінгі ұрпақ өкілдері, Ұлы Отан соғысында елі мен жері үшін отқа түсіп, кеудесін оққа төсеген аталарымыз бен әкелеріміздің ерлік шежіресін еш уақытта ұмытпақ емеспіз. Егер де олар қара құмырсқадай қаптап алға қарай ентелей ұмтылған жауды алғаш рет Москва түбінде тоқтатып, қатты тойтарыс бермесе, өз ордаларына дейін қуып барып, қайтадан бас көтермейтіндей етіп талқандамаса бәлкім біз бұл өмірге келмес те едік.

Келген күннің өзінде бүгінгідей жарқын, бейбіт өмірді сүрмес те едік. Сол үшін де біз, бізден кейінгілер де майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне шаш-етектен қарыздармыз.

Бақыттымыз біз соғысты көрмедік,

Қару ұстап сұм фашисті жеңбедік.

Төрт жыл бойы сыз окопты мекендеп,

Жеңіс үшін аяқ-қолды бермедік.




Ұйқы көрмей тер төкпедік тылда да,

Қорек іздеп бек қазбадық жылғада.

Соғыстан соң дүниеге келіппіз,

Болған кезде күл-қалалар-гүл қала.


Сонысы үшін оларға тағзым етейік,

Ізбасар боп көңілдерге жетейік.

Қадау-қадау қалған осы жандарды,

Төбемізге көтерумен өтейік.

Ж.Қызыров

Отанымызды қорғауға, Еуропа елдерін фашистік обадан азат етуге қазақстандықтар қомақты үлес қосты. М.Мәметова мен Ә.Молдағұлованың, 28 панфиловшы- батырлардың, Н.Әбдіровтың, майдандар мен флоттарда, партизан отрядтарында жан аямай, табан тіресе, ерлікпен шайқасқан ондаған, жүздеген, мыңдаған адамдардың сұмпайы жаумен күресу үшін қару-жарақ пен оқ-дәріні, онсыз төтеп беріп, жеңіске жетуге болмайтын нәрселердің бәрін бере отырып тылда жан аямай еңбек еткендердің есімдері ұлы жеңістің шежіресіне алтын әріптермен жазылады.

Соғыстың алғашқы кезінде майданға көп адам жөнелтілді. Оларды соғыс өнеріне баулып, үйретудің өзі қысқа мерзімде іске асырылды. Сондықтан болар, соғыстың алғашқы екі жылында майданға алынған адамдардың дені қаза болды. Олардың көпшілігі 1942 жылдың көктемі мен жазында Харьков түбіндегі шегіністен Еділге дейінгі аралықта және Сталинград шайқасында ерлікпен қаза тапты.

1942 жылдың шілдесінен қараша айына дейін Сталинград қаласы қоршауда болды. Қызыл Армия қарашаның 19-да шабуылға шығып, 1943 жылы 2 ақпанында неміс-фашист әскерлерінен Сталинград шекарасынан қуып шықты. Осы шайқаста немістерден 91 мың адам тұтқынға түсті, оның 2500 офицерлер, 24-і генералдер еді.

Қазіргі кезде арамызда тірі жүрген соғыс ардагерлерінің ең жасы 70-80-дерде. Олардың барлығы да соғыстан келген соң ауылдың бүкіл бейнетін мойнымен көтеріп, халық шаруашылығын қалпына келтіруге ат салысты, бәріміз армандаған «нұрлы болашақты» орнатысуға қол ұшын берді. Енді бүгін аумалы-төкпелі заманға кез болып, сонда да болашақтан үміт үзбей, уа, құдайым, тыныштығыңды бере гөр, деп балаларының, немерелерінің ортасында егемен еліміздің тілегін тілеп жүріп жатыр. Қазіргі ұрпақ алдындағы парызын да, қарызын да адал атқарған соғыс ардагерлеріне алғысымыз шексізЖақындап келе жатқан ұлы Жеңіс мерекесін барлығымыз бірге тойлайық. Ел аман, жұрт тыныш болсын.



Похожие:

«Құтқарылған әлем жадында сақтайды » Эссе iconҚазақстан тарихы бойынша қашықтық жоба туралы ереже Тақырыбы: «Құтқарылған әлем жадында сақтайды (И помнит мир спасённый…)»
Жобаның мақсаты: оқушылардың Қазақстан тарихын оқуға деген қызығушылығын арттыру
«Құтқарылған әлем жадында сақтайды » Эссе icon«Құтқарған әлем жадында сақтайды »
Сондықтан, біз соғыс туралы бәрін білеміз бе, Жеңістің шын бағасын түсінеміз бе және келер ұрпаққа жеңіс туралы ұғымды сақтап қала...
«Құтқарылған әлем жадында сақтайды » Эссе iconРекомендации по выполнению самостоятельной работы слушателя (срс) Эссе
Как правило, эссе предполагает новое, субъективно окрашенное слово о чем-либо и может иметь философский, историко-биографический,...
«Құтқарылған әлем жадында сақтайды » Эссе icon«Бокстан әлем чемпионаты. Алматы 2013» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығару туралы хабарлайды. «Бокстан әлем чемпионаты. Алматы 2013»
Республикасының Ұлттық Банкі 2013 жылғы 4 қазаннан бастап «proof» сапасымен номиналы 100 теңгелік «Бокстан әлем чемпионаты. Алматы...
«Құтқарылған әлем жадында сақтайды » Эссе iconАрал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2013 жылы атқарған жұмысы туралы мәлімет 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне «Әйел әлем тірегі»
Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне «Әйел әлем тірегі» атты мерекелік концерт ұйымдастырылып, өткізілді
«Құтқарылған әлем жадында сақтайды » Эссе iconСведение о проведенной работе Аральского районного отдела культуры и развития языков за 2013 год 8 марта- в Международный женский день организовано праздничный концерт «Әйел әлем тірегі»
Марта- в Международный женский день организовано праздничный концерт «Әйел әлем тірегі»
«Құтқарылған әлем жадында сақтайды » Эссе iconЖекеленген әлем елдеріндегі жұмыссыздық деңгейі*

«Құтқарылған әлем жадында сақтайды » Эссе icon­­­­­Эссе «И помнит мир спасенный…»
Вов. Мама предложила участвовать в дистанционном конкурсе «И помнит мир спасенный». А сама с опаской спросила, помнишь ли ты эти...
«Құтқарылған әлем жадында сақтайды » Эссе iconӨскемен қаласының тж бойынша Басқармасы хабарлайды
Оттан сақтанудың жолы – жем-шөпті сақтау ережелерін сақтау. Жем-шөпті ашық алаңдарда сақтайды. Алаңдар электр желісінен 15 м қашықтықта,...
«Құтқарылған әлем жадында сақтайды » Эссе icon«Математика керемет әлем»
Білімділік: математикалық заңдылықтарын логикалық және шығармашылық есептерді ауызша әрі тез есептей білуге, ой ұшқырлығын, оқуға...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы