Бигельдинова А. С. Көп бейінді №3 мектеп-гимназия icon

Бигельдинова А. С. Көп бейінді №3 мектеп-гимназия



НазваниеБигельдинова А. С. Көп бейінді №3 мектеп-гимназия
Дата конвертации08.01.2013
Размер78.33 Kb.
ТипДокументы
источник

Бигельдинова А.С.

Көп бейінді №3 мектеп-гимназия


ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ


Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі күні тиянақты білім беру үшін олардың құзіреттілігін дамыту басты мақсат болып отыр. Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде белсенді, шығармашылық бағыт ұстанып, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Орта мектептің оқушыларының дүниетанымын кеңейтуде, танымдық қабілеттігін арттырып, білім біліктерін, ойлау қабілетін жетілдірудің қоғамдық мәні зор.

Бұл проблема психология және педагогика саласындағы ғалымдардың, мамандардың назарын аударып отырған мәселелердің бірі. Ол туралы С.Т.Сабыров, Н.Д.Хмель, Т.И.Шамова, П.И.Педкасистый, А.Е.Әбілқасымова, М.Н.Скаткин, Л.В.Занков, Ю.К.Бабанский, Л.С.Выгодский, Д.Б.Эльконинның тағы да басқалардың еңбектерінен көруге болады. Осы еңбектердің құндылығына ғылыми-теориялық, әдістемелік-практикалық жағынан көз жеткізуге болады. «Танымдық қабілеттілік» деген ұғымға анықтама беретін болсақ: «танымдық қабілеттілікі дегеніміз – оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының құштарлығы». Танымдық қабілеттілік ойлау жолы арқылы ғана жүзеге асады, оқушының ой-өрісін дамытудың негізгі үрдісі ол - оқыту. Оқыту үрдісіндегі маңызды мәселелердің бірі оқушының саналы оқу әрекетін қалыптастыру және құзіреттілігін арттыру болып есептеледі. Оқу үрдісінде мұғалімнің басшылығымен оқушылардың құзіреттілік процестеріне (жады, зейін, ойлау, қабылдау тағы басқалары) негізделіп жүргізілсе нәтижелі болады. Оқыту таным - үрдісі, өйткені онда ілгері қарай қозғалыс болады, оқушы білмеуден білуге қарай жүріп отырады. [1:56-98]

Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Оқытудың нәтижелі болуы балалардың жоғары психикалық функциялары: зейін, есте сақтау және ойлаудың дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Балалардың танымдық қабілетінің маңыздылығы ерекше. Оқыту үрдісінде есте сақтау мен ойлау әрқашан бірге әрекет жасайды. Бүгінгі күннің ең көкейтесті мәселесі оқушыларды жүйелі және күрделі оқытудың тиімді үлгілерін жасау. Мектептегі баланың интелектуалды құрлымында негізгі орынды оқыту алатыны белгілі, себебі оқытуда қабылдау, ойлау және есте сақтау сияқты танымдық іс-әрекеттің жоғары деңгейлері құрылады. Мектептегі оқыту үрдісінің дамытушы тиімділігі оның мазмұнын, қолданатын әдістерімен тығыз байланысты. [2:3-11]

Бүкіл адамзат тарихында педагогика саласы пайда болғаннан бастап, болашақ ұрпақты оқытуда мұғалімдер одан да тиімді оқыту жолдарын іздеді. Мұғалімдердің ең маңызды тапсырмасы ол - сабақтарда оқушылардың құзіреттілігін ояту.

Педагогика ғылымының аяққы эксперименттерінің нәтижесіне сүйенсек оқушылардың құзіреттілігінің жоғарылауы сабақтың жүргізу әдістемесіне байланысты болады екен. Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырудың тиімді құралдарының бірі – оқушылардың өздік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті. Оқушының өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қаситеттер қалыптасады:

  1. Өз бетінше ойлау біліктері мен ізденімпаздығы

  2. Оқуға деген қабілетінің артуы

  3. Өз ойының дербестігі

  4. Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарауы.

Оқушылардың өздік жұмыстарына олардың өз еркімен жаңа амал – тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстар жатады. Оған оқушылардың өздігінен шығарма, баяндама, реферат, доклат, көрнекі құралдар жасауы тағы басқаларын жатқызуға болады. Оқушылардың сабақ үстінде құзіреттілігін қалыптастырудағы басты мақсат – білім берудің түрлі тиімді жолдарын қалыптастырып, оқыту үрдісін нәтижелі ұйымдастыру. Оқушылардың өзіндік әрекеті тек қана оқытудың педагогикалық әдістері мен құралдары төңірегінде ғана емес, сондай-ақ зерттеу нысанасы ретінде танылуымен сипатталады.

К.Д.Ушинский танымдық мәселесіне мән беріп, «өз бетінше жұмыс-оқытуды жетістікке жеткізудің бірден-бір жолы» деп есептейді. Ол мұғалімнің рөлін ескере отырып, оқушының белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған дербес бақылау мен тәжірибе өткізу, көрнекіліктер дайындау сияқты жұмыстардың маңыздылығына тоқталады. [3:9-10]

«Оқушылардың ой-өрісінің дамуы қоршаған ортаға да байланысты болады, мысалы: ақпарат құралдарына»,- деп көрсетеді Ю.К.Бабанский. яғни сабақ барысында оқушыларға мұғалім бағыт-бағдар беру керек, сол үрдіс арқылы олардың білім, білік және дағдылары қалыптасады. Л.В.Занковтың зерттеулері көрсеткендей, оқушылардың шамасы келетін қиындық дәрежі жоғары сабақтар өткізу олардың ақыл-ойының даму үрдісін тездетеді. Баланы дамыта отырып оқыту теориясынан негіздеген ғалымдар, білімді бағалауда мұғалімнің назары тек теориялық білім деңгейінде ғана болмай, оқушының ойлау әрекетінің барысы мен сапасына да аударылуын, яғни ақыл-ой әрекетін қалыптастырудың жолдарын табуға ұмтылу қажеттігін айтады.

XVII-XIX ғасырдың педагогтары Я.А.Коменский, И.Г. Песталоций, Ж.Ж.Руссо, Д.Дистерверг, К.Д.Ушинский және тағы басқалары оқытушының негізгі жұмысы – оқушыларды өзінше ойлау, зерттеу ізденістеріне бейімдеу деп санаған. Олар дамып келе жатқан оқытудың дидактикасын жасаған. Қазақстың ағартушылары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин қоғамдық қайраткер және педагогтар А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов өздерінің еңбектері мен тәжірибелік әрекеттерінде оқушыларды шығармашылықты дамытуға, ойларын жүйелеуге шақырған. Кеңес әдіскерлері мен психологтары Б.Г.Есипов, Л.С.Выгодский, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, М.Н.Скаткин дамып келе жатқан оқытудың тәжірибесі мен теориясына және оқушылардың танымдық әрекетіне үлкен, зор үлестерін қосты. Оқуға, білуге деген қызуғышылық танымдық қабілеттің қозғаушысы екені белгілі. Л.С.Выгодский ол туралы былай деген: «Ең алдымен баланы бір әрекетке тарту үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін барлық күшін, салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал оқытушы болса тек сол әрекетті басқарып, бағыттап отыруы керек. Оқушылардың құзіреттілігін олардың білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты, ойлау әрекетінің қалыптасуына тәуелді». [6:23]

Оқушылардың құзіреттігін дамыту жолында олардың әр пәнге қызығуын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу - әр мектептің міндеті. Білім мазмұны ақпарат көзі ғана болып қоймай, оқушылардың өздігінен білім алу құралына айналуы керек. Бұл мақсатқа жету жолында пән аралық байланыс, оқушылардың өздік танымдық қабілетін дамытуға арналған дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтардың түрін өзгертіп отыру нәтиже беретіні сөзсіз. Педагогикалық ахуалға байланысты оқытудың дара және ұжымдық түрлерін біріктіру, оқу құралдарын дұрыс пайдалана білудің де маңызы зор. Оқушылардың құзіреттілігін, ізденімпаздығын арттыру үшін оқу үрдісі оларды қанағаттандыратындай ұйымдастырылуы қажет. Құзіреттілік әркімге тән, тек оны дамыта білу - әр ұстаздың міндеті. Сондықтан, дайын ақпараттық фактілерді, заңдар мен ережелерді беріп қоймай, оқушыларды өз бетіншше іздендіретін, алған білімдерін тұжырымдай алатын оқу материалдарын беру қажет. [4:13]

Дәстүрлі әдістеме орнына жаңа технологиялардың келуі сөз жоқ оқу үрдісінің зор тиімділігін арттырады. Оқушылардың оқыту мәселесін жетілдіру жөнінде Н.Д.Хмельдің еңбектерін атап өтуге болады. Оқытудың жаңа технологиясы (инноватика, танымдық қабілетті дамыту, модуль жүйесі, саралап, көп деңгейлік негізде, мультемедия жүйесін қолдану тағы басқа) озат зерттеушілер, жаңашыл педагогтар идеясы орта мектеп жағдайындағы білім берудің қызметіне жаңаша сипат әкелді. Танымдық жаттығулардың барысы мынандай өлшемдермен анықталады:

  • интеллектуалдық деңгейі

  • оқу іс-әрекеті субъектісінің қалыптасуының мазмұны

  • іс-әрекеттің еркінділік деңгейі

  • эммоционалды орталық

  • жеке әлеуметтік даму деңгейі.

А.С.Мустоякова оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған сабақтар түрлерін 4-ке бөліп қарастыруды ұсынады:

  • Танымдық

  • Коммуникативтік

  • Шығармашылық

  • Әдіснамалық

Тарих пәнінде оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыруда сабақты түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше.

Ел өмірінде болып жатқан саяси әлеуметтік өзгерістерге байланысты білім беру саласына қойылатын талаптар да өзгеріп отырады. Мұғалім үнемі білімін молайтып, ізденісін тоқтатпауы керек, онсыз болмайды. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қаситетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру. Қазіргі кезде оқыту үрдісін жоспарлаудың, қолданудың және бағалаудың жүйелі әдісі ретінде жаңа педагогикалық технологиялар түрлері көбее түсуде. В.И.Шепелдің айтуы бойынша: «Технология - өнер, шеберлік, біліктілік, жағдайды зерттеуге бағытталған іс-әрекеттерінің жиынтығы ұғымын білдіреді». Оқушылардың тарих, құқық негіздері пәндері бойынша қосымша материалды мұғалімнен естуі - өздері таңдаған пәнге деген қызығушылығын арттырады. Технология – жеке тұлғаны дамытуға негізделген мақсатты педагогикалық жүйе.

Оқушылардың құзіреттілігін, белсенділігін арттыру үшін – ойын сабақтарын ұйымдастыруға болады. Сабақ ойын түрінде жүргізілетін болса оқушылардың белсенділігі артады, бір-бірімен бәсекеге түсу арқылы оқуға, көп білуге ынтасы өседі. Ол тәрбиеге де, оқу ісіне де зор ықпалын тигізеді. «Болашақ қайраткер ең алдымен ойын арқылы тәрбие алады», - деп А.С.Макаренко босқа айтпаған. Ойын арқылы бала адамгершілік қасиеттерді бойына біртіндеп сіңіреді және психологиялық қабілеттері дамиды. Ойын сабақтарының артықшылықтары.

Біріншіден, оқушының сабаққа деген ынталығы артады, үнемі түсіндіріп, 45 минут тыңдаған оқушы да, мұғалім де жалығады.

Екіншіден, сабаққа зауқы жоқ, нашар оқитын оқушының өзі де белсене қатысады. Ұялшақ оқушылардан да сабақ сұрауға ыңғайлы.

Үшіншіден, өтілген сабақ мазмұны оқушының ойында ұзақ сақталады. Бұл мұғалімнің үлкен бір жетістігі.

Тарих пәнін оқытуда жаңа технологияның мынандай элементтерін пайдалануға болады:

  1. И.С.Якиманская әдістемесін:

    • Оқушыға оқу-тәрбие үрдісінде құзіреттілігіне еркіндік беру;

    • Оқушының жинақталған тәжірибесін сүйену;

    • Оқушының жеке басының құндылығын мойындау;

    • Өзін-өзі тану, өзіндік айқындама, өзін көрсете білуі.

  2. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов әдістемесінен:

    • Оқушының танымалдық түрткісін тудыру;

    • Оқушыны зерттеу жұмыстарына бағыттау;

    • Тиімді мәселелерді шеше білуге үйрету.

  3. Л.М.Эрдниев әдісі:

    • Ауқымды материалдың негізгісінен және байланысын айыра білу.

  4. В.Ф.Шаталов әдістерінен:

    • Материалды ауқымды беру;

    • Тірек конспекті пайдалану;

    • Жеке тұлғаға бағытталған оқыту;

    • Жеке оқушыны жауапкершілікке тәрбиелеу.

  5. В.П.Беспалько әдісі:

    • Оқушыларды деңгейлік негізде оқыту.

  6. Ж.А.Қараев әдісі.

    • Әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру. [5:339-342]

Сонымен, тарих пәнін оқытуда оқушылардың құзіреттілігін жаңа технологиялар арқылы қалай дамытуға болатынын ғылыми педагогикалық әдебиеттерден қарастырдық. Жаңа технологияларды пайдалануда оқушылардың білімдерінің жоғарылауы мынандай критерилер арқылы анықталады. Баяндау дәрежесінен, фактілерді салыстыра алуынан, тарихи оқиғаларға сипаттама бере алуынан, тарихы оқиғаларға өзіндік пікірі болуы, талдау жасай алуынан, себептерін қорытындылауынан, қорытынды жасауынан, терминдерге анықтама бере алуынан. Міне, осындай сабақтар оқушының пәнге деген қызығушылығын оятып, құзыреттілігін қалыптастырады.


ӘДЕБИЕТ


  1. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения//-М., Педагогика, 1986.-239 б.

  2. Тоқсанбаева Н.Қ. Оқыту процесі жүйесіндегі танымдық іс-әрекеттің құрылымы//Алматы.,2001.-28 б.

  3. Мустояпова А.С. Қазіргі кезеңде жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары//Алматы.,2003.-29 б.

  4. Мұқанова Ү. Танымдық қабілет әркімге тән//Қазақстан мектебі.-2003.-№7.-13 б.

  5. Бабанский Ю.К. Педагогика//М., Просвещение., 1988.-47 б.

  6. Выгодский Л.С. Вооброжение и творчество в детском возрасте//СПб.,Союз.,1997.-96 б.



Похожие:

Бигельдинова А. С. Көп бейінді №3 мектеп-гимназия icon«Көп бейінді №3 мектеп гимназиясы» Мемлекеттік мекеме
Елімізде ұрпаққа білім беру саласында түбірлі өзгерістер жасалып жатқаны баршамызға аян. Ең бастысы әлемдік білім кеңістігіне ену...
Бигельдинова А. С. Көп бейінді №3 мектеп-гимназия iconШЖҚ «Көп бейінді облыстық балалар ауруханасы» мкк

Бигельдинова А. С. Көп бейінді №3 мектеп-гимназия iconТарбағатай аудандық білім беру бөлімінің 2011 жылдың 4 айында атқарған жұмыстарынан
Аудандық білім беру бөліміне қарасты 50 мектеп, оның ішінде 1 гимназия–интернаты, 36 орта мектеп, 2 негізгі мектеп 11 бастауыш мектеп...
Бигельдинова А. С. Көп бейінді №3 мектеп-гимназия iconТабиева Бакытгуль Алпысбаевна Көп бейінді №3 мектеп – гимназиясы Шифр секций вс-1 гэ ақпараттық оқушының құзыреттілігін дамыту
Соңғы кездері осы тіркес санаға үйреншікті болып сіңіп кетті. Тіптен біз мән беріп, мазмұнына үңілмейміз де. Ал, үңіліп ойланып көрсек...
Бигельдинова А. С. Көп бейінді №3 мектеп-гимназия iconБаскетбол турнирі
Аталған турнирге 35 жуық қала мектептерінің спортшылары қатысты. Жарыс нәтижелері бойынша І орын – «№1» орта мектеп, ІІ орын – «№3»...
Бигельдинова А. С. Көп бейінді №3 мектеп-гимназия iconКөп тіл білу-өнер Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Көп тіл білу-өнер»
«Көп тіл білу-өнер» байқауы болып өтті. Байқау қаламыздағы №9 орта мектеп ғимаратында болды. Бұл дәстүрлі байқау осымен алтыншы рет...
Бигельдинова А. С. Көп бейінді №3 мектеп-гимназия icon1. Жалпы ережелер Аталмыш Жарғы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген және «Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейдің «Даму»
Аталмыш Жарғы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген және «Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейдің...
Бигельдинова А. С. Көп бейінді №3 мектеп-гимназия iconБізде каникул «Мектеп – гимназия» мм күзгі демалыс кезінде тәрбиелеу жұмыстары қызметтік бағыттарға сәйкес жүргізілді: балалардың өмірімен және денсаулығын сақтау,
«Мектеп – гимназия» мм күзгі демалыс кезінде тәрбиелеу жұмыстары қызметтік бағыттарға сәйкес жүргізілді: балалардың өмірімен және...
Бигельдинова А. С. Көп бейінді №3 мектеп-гимназия iconАстана қаласы әкімінің 2014 жылғы
Орталығы Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназия, Қабанбай батыр данғылы, №9/1
Бигельдинова А. С. Көп бейінді №3 мектеп-гимназия iconБ. А. Камзина «№10 мектеп гимназия»ММ
ОҚушыны жеке тұЛҒа ретінде қалыптастыруда тілдің грамматикасын коммуникативтік бағытта оқыту жолдары
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы