Ахметова М. Д icon

Ахметова М. Д



НазваниеАхметова М. Д
Дата конвертации08.01.2013
Размер71.75 Kb.
ТипДокументы
источник

Білім ордасында толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни оқушыдан болашақта жақсы маман, білімді азамат шығары анық. XXI ғасыр оқыту процесіне жаңа педагогикалық технологияны пайдалануды талап етеді. Педагогикалық технология оқушылардың оқу процесіндегі белсенділігін арттыруға, шығармашылықпен жұмыс жасауға, күтілетін түпкі нәтижеге жетуге тікелей әсер етеді.

Ахметова М. Д.

«№ 26 орта мектеп» КММ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі


«М. Жанпейісованың модульдік оқыту

технологиясының жеке тұлғаны дамытудағы маңызы»


ХХІ ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз делінген Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында.

Білім ордасында толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни оқушыдан болашақта жақсы маман, білімді азамат шығары анық. Себебі, біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасыр жан- жақты дамыған, білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанының әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына үлесін қоса алатын азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр.

«Ел боламын десең – бесігіңді түзе» - деп заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезов айтқандай, ел болашағы жасөспірімдердің сапалы білімі мен саналы тәрбиесіне тікелей байланысты. Егемен еліміздің тірегі- білімді ұрпақ. Баламен тіл табысып, оның бойына білім нәрін себетін басты тұлға – ұстаз. Ұлы Абай атамыз айтқандай, білімімен теңессе ғана ұлттар теңесе алады.

Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кірігуіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы – шығармашылықпен жұмыс істей алатын, қабілетті тұлға тәрбиелеп қалыптастыру. Сондықтан XXI ғасыр оқыту процесіне жаңа педагогикалық технологияны пайдалануды талап етеді. Бұл тәсіл оқытудың мазмұнын жетілдіреді, олардың әдістері мен құралдарының бірлігін қамтамасыз етеді. Бұл заңды процесс, себебі мемлекетімізде болып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да өзгерістер білім беру жүйесіне жаңаша тұрғыда қарауды талап етіп отыр.

Педагогикалық технология оқушылардың оқу процесіндегі белсенділігін арттыруға, шығармашылықпен жұмыс жасауға, күтілетін түпкі нәтижеге жетуге тікелей әсер етеді. Соңғы он жылдықта оқу – тәрбие процесіне жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту технологияларын енгізу мен жеке тұлғаның шығармашылығын дамытуға үлкен мән берудің өзі Қазақстанда болып жатқан өзгерістерді жаңаша тұрғыдан қарастыруды талап етеді. Соның бірі, он екі жылдық білім беру жүйесінің дүниеге келуі – қоғамдағы өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Мұндағы жаңа білім мазмұны әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтиды.

Оқытудың жаңа жүйесіне көшу әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін, өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басына, сондай-ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру, оның болашақ кәсіби бағдарын айқындауына ықпал ету болып табылады.

Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беру үшін олардың танымдық қасиетін дамыту басты мақсат болып отыр. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолында олардың әр пәнге қызығуын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу – әр пән мұғалімінің міндеті.

Білімге деген ынталылық пен танымдық қабілетін дамытудың негізгі тәсілдерінің бірі – оқушылардың өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті. Соңғы кезде оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін арттыру бағытында ғалымдар көп еңбектер жазып, әртүрлі көзқарастар айтылуда. Ғалымдар пәнге танымдық қызығудың үш шарты бар деп көрсетеді:

  1. Мазмұнның жаңартылуы.

  2. Өз бетінше жұмыс істеудің әр қилы түрлеріне негізделген

оқушының шығармашылық, зерттеушілік, практикалық жұмыстарына бағытталған оқыту тәсілдері.

  1. Оқушының қабілетін ұштау.

Осы үш шартты орындау әр мұғалімнің пәнге оқушылардың қызығушылығын арттыруына себеп болмақ.

Ғалым Е.Ө.Жұматаеваның пікірінше дәстүрлі оқыту жүйесінің негізгі кемшіліктері:

− пікірдің қажеті жоқ, оған уақыт кетеді.

− күрделі оқу материалын мұғалімнің жеңілдетіп түсіндіруі.

− фактілерге жүгініп, білімді жинақтап қабылдауға мән берілмейді.

Ендеше мұндай олқылықтың орнын толтырып, білім сапасын арттыруға қолайлы жағдай туғызудың бір жолы − бұл оқу процесіне тұлғаға бағдарланған технологияларды енгізу деп ойлаймын. Міне осы бағытта қазіргі білім беру жүйесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиялары кеңінен қолданылып жүр. Оның ең тиімдісі − М.М.Жанпейісова ұсынған интерактивтік модульдік оқыту технологиясы.

М.Жанпейсованың оқыту технологиясының бір ерекшелігі тұлғаның танымдық қабілеттерін дамытуға, шығармашылығын арттыруға сөздік қорын дамытуға бағытталуы.

Модуль латынның "өлшем" "шама" "мөлшер" деген сөзі.

Модуль жүйесін оқу процесіне кіргізудің өз мақсаттары бар.




Рис.1 «Оқытудың тиімділігін арттыружолдары»

Модульдік технологияда бірінші орынға бала тұлғасы, оның ой жұмысының дамуы, шығармашылықпен ойлауы қойылады. Осындай сұраныстарға орай оқытудың әр түрлі технологиясы жасалып, мектеп тәжірибесіне кеңінен енгізілуде. Мәселен, М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», Ж.А.Қараевтің «Деңгейлік саралап оқыту технологиясы» және тағы басқалар.

Технология – гректің өнер, шеберлік, ғылым деген сөзінен шыққан. Яғни шеберлік туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Адамның ойына және іс-әрекетіне байланысты мәдениетті ұғым өте маңызды сапа мен дағдының интеллектуалды сарапталуы.Ал технологиялық оқыту түсінігі педагогика саласында 1995 жылдан бастап пайдалана бастады.

Педагогикалық технология – қазіргі талапқа сай анықталып, іріктеліп, реттеліп оқытудың жаңа мазмұнын, әдіс-амалдардың дидактикалық талаптардың психологиялық-педагогикалық жиынтығы.

Қазақстанда осындай технология үлгісін М.Жанпейісова ұсынды. Модульдің ерекшелігі мен басты мақсаты әр баланың жеке тұлға ретінде қабілетін ашу және дамыту, сол үшін жағдай жасау.Ол үшін тіл үйренуші оқушыны қызықтыру, белсенді сөздік сөздік қорын жасау және тіл ортасын ұйымдастыру керек. М.Жанпейісованың ұсынған модульдік технологиясының басты артықшылығы – оның тіл үйрету мақсатында ең жақсы нәтижеге жету үшін алдын-ала құрылған жобаны жасап алу шарты. М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы бойынша өз тәжірибемнен сабақ жоспарын ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы:

«Өнерлі өрге озар»

^ САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ.

Сабақ тақырыбы: Өнерлі өрге озар

Сабақ мақсаты:

1. Білімділік: Тақырып бойынша алған білімдерін қорыту, бекіту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды, тақырып бойынша өтілген сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйрету, оқушылардың өнер туралы білімдерін жетілдіру.

2. Дамытушылық: Топтық, жұптық жұмыстарын жүргізуді дамыту.

Сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілетін дамыту. Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Тіл байлығын дамыту.

3. Тәрбиелік: Өнерді құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойында өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Ұлттық өнерді қастерлеуге,өнер адамдарын қадірлеуге тәрбиелеу. Өзара сыйластыққа, бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.

^ Сабақ түрі: Тақырыпты қорыту-бекіту сабағы.

Сабақ типі: Дәстүрлі емес сабақ

Сабақ әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, 3 деңгейлік тапсырмалар, ойын жүргізу, диалог, монолог, әңгімелеу, іздену.

^ Оқыту формасы: топтық.жұптық жұмыс.

Сабақ барысы:

Құрманғазының күйі.

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

Сабақтың мақсатымен таныстыру. Балалар, біз қандай модулді өтіп жатырмыз. Өнер дегенде не ассоциаланады.

^ Сабақтың эпиграфы: «Өшпес өмір кілті-өнерде» деп аталады.

Ал бүгінгі сабағымыздың тақырыбы өнер жайында болмақ. Бүгінгі сабақта біз тақырып бойынша алған білімдерімізді пысықтаймыз, бекітеміз. Сабақтың мақсатына жету үшін топ бойынша жұмыс істейміз. 3 топ болады, әр топтың топ жетекшілерін таңдап алайық. Топ жетекшісі бағалау парағына бағаны түсіріп отырады.

^ Фонетикалық жаттығу. Осы нақыл сөзде қазақ тіліне тән қандай дыбыстар бар? Бұл дыбыстарға сипаттама беріңдер. «Ө» дыбысынан басталатын қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Өнер туралы мақал-мәтелдер айту.

^ Лексикалық жаттығу. 9-10 сұрақ-жауап.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Аудирование жүргізу. Нұрғиса Тілендиев мәтінін оқу. Кім туралы, не туралы екенін, аудармасын сұрау.

^ Ойын «Кім жылдам?».

Ойынның мақсаты:

Алған білімдерін пысықтау.

Ойынның шарты:

Жұмыс үш топқа бөлініп жүргізіледі,

3 кезеңнен тұрады.

Ойынның кезеңдері:

  • Әр топ берілген уақытта өнер тақырыбына байланысты сөздерді естеріне түсіріп, айтулары керек.

  • Осы сөздермен сөйлем құрастыру.

  • Әңгімелеу:

1-топ: Нұрғиса Тілендиев.

2-топ: Домбыра.

3-топ: Қазақтың музыкалық аспаптары.

Деңгейлік тапсырмалар орындау. «Брейн-ринг» ойыны.

  • Ойынның мақсаты: алған білімдерін пысықтау.

  • ^ Ойынның шарты: Сынып 3 топқа 4-5 ойыншыға және 1 жүргізушіге бөлінеді. Оқушыларға жетон таратылады, әрбір топтың деңгейлік тапсырмасы қойылады. Жүргізуші бағалау парағы бойынша бағалайды.

Сергіту сәті.

Сөзжұмбақ шешу.



1. «Искусный» сөзінің аудармасы.

2. Күй анасы.

3. Жеті ішекті аспап.

4. Күй атасы.

Күй тыңдау. Күй туралы шағын шығарма жазу.

Көз алдарына не елестетесіңдер?

Қорытындылау. «Сен маған, мен саған» ойыны. Балалар өздері бір-біріне сұрақтар қояды.

Үйге тапсырма.Қазақ музыка өнері туралы шығарма жазып келу.

Бағалау.Бағалау парағы арқылы бағаланады.

^ Мұғалімнің қорытындылауы. Сабақтың эпиграфына қайта оралайық. «Өшпес өмір кілті - өнерде» (Қорқыт ата).

Сонымен оқыту технологиясы бұрыннан келе жатқан классикалық педагогика жетістіктерінен іздене отырып, оны жаңа өнімді әдістермен байытуды, білім алуды оқушының өз іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруды талап етеді.


әдебиет


1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы\\ Қазақстан мектебі, №2, 2004.

2. Н.Ә.Назарбаев \\ «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»(Қазақстан халқына Жолдауы).28.02.2007.

3. Педагогическая энциклопедия. \\ М: Советская энциклопедия,1966,т.3.

4. Жексенбаева У.Б.Организация научно – исследовательской деятельности школьников. \\ «РАДиАЛ».Алматы,2006.

5. Фаберман Б.Л.Передовые педогогические технологии \\Т.Фан, 2000.

6. М. Жанпейісова Модульдік оқыту технологиясы



Похожие:

Ахметова М. Д iconБекітемін алматы қ. Алмалы ауданының ХҚко мм-нің директоры Ахметова А. М. Шешім Банер жане қазақ тілі кабинетіне керекті кеңсе жабдықтарын
Бекітемін алматы қ. Алмалы ауданының ХҚко мм-нің директоры Ахметова А. М
Ахметова М. Д iconНачальник Райоо м. Ахметова Годовой план государственных закупок товаров

Ахметова М. Д iconМ. М. Ахметова Годовой план государственных закупок на 2008 год. Решение

Ахметова М. Д iconАхметова Айгуль Айтмухановна главный бухгалтер секретарь конкурс
Гу «Средняя общеобразовательная школа №18 отдела образования акимата г. Экибастуза»
Ахметова М. Д iconУтверждаю директор сош №62 Ахметова А. Н
Составить списки учащихся состоящих на внутришкольном учете, на учете гдн и неблагополучных семей
Ахметова М. Д iconАхметова М. Д. «№26 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі
...
Ахметова М. Д iconГрафик проведения отчетных встреч акима Камыстинского района Ахметова Е. С. с населением Камыстинского района

Ахметова М. Д iconПриложение №3 к решению от 24 апреля 2009 года №17/136-iv состав окружной избирательной комиссии №1 по выборам депутата городского маслихата центр – Дом офицеров, пр. Ауэзова, 95
Ахметова Дамильян Уакасовна – от оо «Коммунистическая народная партия Казахстана»
Ахметова М. Д iconАхметова Гульфия Тельмановна главный специалист производственно-экономического отдела управления архитектуры и градостроительства Павлодарской области секретаря конкурс
Павлодар, пл. Победы 5б,каб. 801, произвела процедуру вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе
Ахметова М. Д iconАхметова Гульфия Тельмановна главный специалист производственно-экономического отдела управления архитектуры и градостроительства Павлодарской области секретарь конкурс
Эксперты для представления ими заключений по соответствию предложенных в заявке на участие в конкурсе работ технической спецификации...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы