Қазақ тілінен білім сапасы деңгейін арттыруда жеке білім беру картасын қолданудың маңызы icon

Қазақ тілінен білім сапасы деңгейін арттыруда жеке білім беру картасын қолданудың маңызы



НазваниеҚазақ тілінен білім сапасы деңгейін арттыруда жеке білім беру картасын қолданудың маңызы
Дата конвертации08.01.2013
Размер70.54 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақ тілінен білім сапасы деңгейін арттыруда жеке білім беру картасын қолданудың маңызы.


Мамалакова К.С., Абдрахманова К.Т.

Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 29 орта мектебі» КММ

ҰБТ-ға дайындық кезінде жеке білім беру картасын қолданудың мүмкіндіктері


Кез келген сабақтың тиімділігі мұғалім оқушыларға не бергенімен емес, олар оқыту үдерісінен не алғанымен анықталады (сабақтан немен кетті). Мұғалімнің міндеті – оқыту үдерісін оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуымен, олардың саналық әрекетінің негізгі тетіктері қалыптасумен байланыстыра білу. Мұғалім әрекетінің сынағы соңғы нәтиже болып табылады: оқушыға тек пән бойынша білім беріп қана қоймай, тұлға қалыптастыру. Оқушылардың шығармашылық әрекеті тек жаңаны қабылдауымен шектелмейді. Жұмыс оқушы өзі ойланғанда, тапсырма беріліп, ол игерілген білім арқылы шешімін тапқанда ғана шығармашылық болады.

Осылайша, оқушы мұғалім оқытатын адам емес, керісінше мұғалімнен үйренетін адам. Мұғалім оқу үдерісін ұйымдастырушы, оқушыларға қажетті қолдау мен көмекті беретін жеке іс-әрекет жетекшісі ретінде көрінеді. Бұл оқыту үдерісінде басты «жұмысшы» оқушы болатын, оқыту әрекеті тұлға қалыптастыруға бағытталған, ал негізгі түрткісі оқу-танымдық болып табылатын сабақ.

Білім үдерісіне ұлттық бірыңғай тестілеуді енгізу бізден, қазақ тілі мұғалімдерінен тек оқушыларды ҰБТ-ға дайындау әдістемесін өзгертуді ғана емес, сонымен қатар тақырыпты түсіндіру, бекіту және қайталау тәсілдерін өзгертуді талап етті. Бір түрі – тест бойынша үй тапсырмалары, бұл әр оқушының әр тақырып бойынша білім деңгейін бақылауға және қайталау үдерісін жекешелендіруге мүмкіндік береді. Тексеруден кейін қателерді талдау, сонымен қатар ерекше қиындық тудырған тапсырмаларды талдау жүзеге асырылады. Осы бақылау жұмысының тапсырмалары қазақ тіліне деген қызығушылықты тудырып, өздік жұмыс орындау дағдыларын қалыптастырады.

ҰБТ- ға дайындаудың ең тиімді тәсілі, біздіңше, мұғалім дайындайтын жеке білім беру картасы болып табылады. Әр оқушыға пән бойынша тест тапсырғаннан кейін жеке білім беру картасы жасалады. Жеке карта пән бойынша оқу материалдарының тақырыптық тізімін құрайды. Ол тест тапсырғаннан кейін қалыптасады және үнемі кезекті тесттен кейін өзгеріп отырады.

Кесте 1. Қазақ тілінен жеке білім беру картасының бөлшегі (10 сынып)


Этап, цель работы

Вид работы

(что делать)

Сроки

Как делать, что использовать

Оценка

Қазақ отбасы. Фонетика. Дыбыс үндестігі.


1. Повторить теоретический материал.

2. Выполнить фонетический разбор.

3. Пересказать тексты.

4. Уметь отвечать на вопросы.

5. Выучить 5 пословиц.

3.09-10.09.2011

1 Қ.т.10кл. Алматы «Мектеп»,2010ж., стр.39-правила; §1текст IV;

2. Т.М.Артыкова «Опорные схемы по казахскому языку», Алматы «Атамұра»2005, блок №1,2,3;

3. Қ.т.9кл. Алматы «Атамұра»,2005ж.,стр. 45-46;

урок №1 упр№4; урок№2 упр№2.




Қасиетті қара шаңырақ.

Зат есімнің жалғаулары (көптік, септік, тәуелдік, жіктік).

1. Повторить теоретический материал.

2. Уметь правильно определять виды окончаний, знать пути способы образования притяжательных, личных окончаний, знать падежные вопросы и окончания.

3. Пересказать тексты.

4. Уметь отвечать на вопросы.

12.09-26.09.2011

1. Қ.т.10кл. Алматы «Мектеп»,2010ж., стр.60-61-правила; §1 текст IV;

2. Т.М.Артыкова «Опорные схемы по казахскому

языку», Алматы «Атамұра»2005, блок №6,7,8;

3.Қ.т.9кл.Алматы «Атамұра»,2005ж.,стр. 45-46; урок №1 упр№1,3; урок №2 упр. №1.





Ақ бата. Қазақтың ұлттық тағамдары.

Синонимдер, антонимдер, омонимдер.

1.Повторить и выучить теоретический

материал.

2. Выучить: Антонимы-20;

Синонимы-15; Омонимы-10;

3. Уметь задавать вопросы к заданной

теме.

4. Написать конспект, реферат на тему:

«Қазақтың ұлттық тағамдары ».

1.10-6.10.2011

1. Қ.т.10кл. Алматы «Мектеп»,2010ж., стр.15; §1 текст IV; стр.154; §7 текст VI;

2. А.Тұрлыбаева «Ақ бата»,Алматы «Өнер»1992;

3. Т.М.Артыкова «Опорные схемы по казахскому

языку», Алматы «Атамұра»2005, блок №4.





Кесте 2. Қазақ тілінен жеке білім беру картасының бөлшегі (11 сынып)


Этап, цель работы

Вид работы (что делать)

Сроки

Как делать, что использовать

Результат

Етістік

Етістіктің шақтары

1. Етістіктің ережесі

2. Нақ осы шақ және оның түрлері

3. Келер шақ және оның түрлері

4. Өткен шақ және оның түрлері

Январь

(2-3нед.)

1. Опорные схемы стр.18-19

2. Қ.т. 5кл.стр.109-111

3. Қ.т. 6кл.стр.102-103, 108

4. Қ.т. 7кл.стр.60-61




Етістіктің райлары

1. Ашық рай (мысал)

2. Бұйрық рай (мысал)

3. Шартты рай (мысал)

4. Қалау рай (мысал)

Январь

(4нед.)

1. Опорные схемы стр.19

2. Қ.т. 5кл.стр.110

3. Қ.т. 6кл.стр.114

4. Қ.т. 7кл.стр.81




Есімше

Көсемше

Етіс

1. Есімшенің жасалу ережесі

2. Көсемшенің жасалу ережесі

3. Етіс түрлері

Февраль

(1-2нед.)

1. Опорные схемы стр.20

2. Қ.т. 7кл.стр.102

3. Қ.т. 7кл.стр.113




Үстеу

1. Үстеудің ережесі

2. Үстеудің сұрақтары

3. Үстеудің түрлері

Февраль

(3-4нед.)


1. Опорные схемы стр.21

2. Қ.т. 5кл.стр.134

3. Қ.т. 6кл.стр.131-132





Жеке білім беру картасын қолдану технологиясы «Барлығын емес, жеке-жеке оқыту» ұстанымын ұстанады және өзінің соңғы кезеңінде оқушылардың қазақ тілі пәнінен ҰБТ тапсыру кезіндегі білім сапасының артқанын байқатады.

Жеке білім беру карталарын қолдану арқылы қорытынды қайталау үдерісі қалай құрылады?

Ең алдымен ҰБТ материалына кіретін әр тақырыпты сынып оқушыларының меңгеру сапасының диагностикасы жасалады. Бұл диагногнистка жыл бойы немесе оқушылардың әр кешенді тестілеуінен кейін жасалып отырады. Диагностикадан кейін мұғалім жақсы меңгерілген және де әлі де қайталауды қажет ететін тақырыптарды анықтайды. Осыған сәйкес мұғалім материалды тақырыптық жағынан бөлуді жоспарлайды.

Сабақты қайталау жүйесі тақырыптық және грамматикалық блоктардан тұрады, мысалы, «Фонетика», «Лексика», «Морфология», «Құрмалас сөйлем синтаксисі», «Лексикалық тақырыптар»,  «Пунктуация», т.б. Әр блок сәйкесінше ұйымдастырылған белгілі сабақ көлемінен тұрады.

Жеке білім беру картасы оқушылар орташа деңгейде меңгерген тақырыптарға жасалады. Қалған тақырып бойынша олар қалған оқушылармен бірге жұмыс жасайды.

Қайталау бойынша жеке білім беру картасының құрылымы келесідей:

  • әр сабақ сайын тақырыпты қайталау жүріп жатқанда оқушы карточка түрінде үш блок бойынша құрылған жеке үй тапсырмасын алады: грамматикалық терминдер, лексикалық тесттер, өздік жұмысқа арналған тесттер;

  • келесі сабақта үй тапсырмасын талдау барысында бұл балалар жауаптары бар тесттерді алады, өзін-өзі тексеру жүргізіледі;

  • келесі кезең: мұғалім туындаған сұрақтар бойынша кеңес береді, оқушылар үйде орындай алмаған тапсырмаларын аяқтайды;

  • Ары қарай бұл оқушылар сыныптағы жалпы жұмысқа қосылады.

Сабақ аяқталғаннан кейін олар қайтадан үйге жеке тапсырма алады; жеке білім беру картасы бойынша жұмыс жасайтын балалар өз қалауы бойынша сыныптағы жалпы үй жұмысын да орындай алады.

Оқушылардың дайындығын жеке білім беру картасы арқылы ұйымдастыру мұғалімдерге оқушылардың білім, білік пен дағдысының өсу деңгейін бақылауға, оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді.

3 жыл ішіндегі ҰБТ нәтижесі бойынша оқушылардың білім сапасы мониторингісінің диаграммасын ұсынамыз.


2007-2010 жж. ҰБТ нәтижелері


Учебный год

ЕНТ-11 класс

(средний балл)

качество ЗУН (в %)

2008-2009

17,3

87,2

2009-2010

15,9

81,6

2010-2011

19,4

100




әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Астана, 2011.

  2. К. Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б

  3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б.

  4. Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет



Похожие:

Қазақ тілінен білім сапасы деңгейін арттыруда жеке білім беру картасын қолданудың маңызы iconБілім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру жүйесіне жаңаша қарау, білімнің сапасы мен тиімділігін қалыптастыру – заман талабы
Қазақ тілінен білім сапасы деңгейін арттыруда жеке білім беру картасын қолданудың маңызы iconБілім беру грантының иегерлері бұқаралық ақпарат құралдарында («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда») жарияланады
Жоо-ға 70 балдан кем жинамау керек, соның ішінде бейіндік пәннен 7 балдан (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан), ал қалған пәндерден...
Қазақ тілінен білім сапасы деңгейін арттыруда жеке білім беру картасын қолданудың маңызы iconЖалпы білім беру мектебі үшін геометрия билеттері
Мақсаты: Математика пәні бойынша жалпы білім беру стандартындағы белгіленген оқушылардың білім деңгейін теқсеру
Қазақ тілінен білім сапасы деңгейін арттыруда жеке білім беру картасын қолданудың маңызы iconТереңдетіп оқыту бағдарламасының негізгі мақсаты
Бағдарлама Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, жалпы орта білім беру ғылыми –зерттеу институты даярлаған «Орыс, ұйғыр,...
Қазақ тілінен білім сапасы деңгейін арттыруда жеке білім беру картасын қолданудың маңызы iconҚазіргі мектепте білім сапасын жетілдіру -білім беру үрдісіндегі жеке тұлғаның дамуының шарты
География сабағында жергілікті жер материалдарын пайдалану арқылы жеке тұЛҒаны дамытудағы экологиялық білім мен тәрбие беру
Қазақ тілінен білім сапасы деңгейін арттыруда жеке білім беру картасын қолданудың маңызы iconБілім беру қызметтерін көрсету үлгі шартының нысаны
Тапсырыс беруші (өкілі) білім беру ұйымының жылдық төлем сомасынан білім беру ұйымы белгілеген сомада білім алушы оқуға қабылданғанға...
Қазақ тілінен білім сапасы деңгейін арттыруда жеке білім беру картасын қолданудың маңызы iconСақалбаева Ж. Б
Білім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру. Қазақ тілі сабағындағы халық...
Қазақ тілінен білім сапасы деңгейін арттыруда жеке білім беру картасын қолданудың маңызы icon«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
...
Қазақ тілінен білім сапасы деңгейін арттыруда жеке білім беру картасын қолданудың маңызы iconМодульдік технологияны қолдану арқылы қазақ тілі сабағында оқушылардың білім сапасын көтеру
Ел алдындағы маңызы зор міндет. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жол сілтеп адам дәрежесіне...
Қазақ тілінен білім сапасы деңгейін арттыруда жеке білім беру картасын қолданудың маңызы iconБілім беру грантын беру ережесі
Білім беру гранты – кәсіптік білім алуға төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы