|
Мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдеріне меңгерту – қиын және қызғылықты жұмыс. Ұстаздың қолданып жүрген технологиялары оқытудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Бағыты: оқу үрдісіндегі субьектілердің құзыреттілігін қалыптастыру. Чайкымуратова Акмарал Чайкымураткызы «Ново-Явленка орта мектебі» КММ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ Адамға екі нәрсе тірек тегі: Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі. Жүсіп Баласағұни. «Қос тіл – қос қанатың» деп ұлы Абай айтқандай, біздің елімізде яғни, Қазақстанда қос тілді білу - өмір талабы. Қазақстанда қазақ тілі 1989 жылдан бастап мемлекеттік тіл болғаннан бері, қазақ тілі біртіндеп өз орнын тапты. Сондықтан да біздер мұғалімдер, әсіресе, қазақ тілі пәннің мұғалімдері өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету - әрбіреуіміздің басты міндетіміз. Осы алдымызға қойған міндетімізге жету үшін бізге күш-жігер, еңбек, тәжірбие, білімділік, шыдамдылық, айла-тәсілдер керек. Көбінесе осының барлығы болса да біз әлі сапаға жете алмай жатырмыз. Балаларымыз қазақ тілінде сөйлей алмайды. Ол үшін не керек? Ол үшін оқушыда «үйренгім, білгім келеді» деген тілек болу керек. Оқушыға тек бір сарынды дәстүрлі сабақ түрін өткізе берсек, бала жалығып кетеді. Оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырсақ, нәтижеге жетеміз. Қызығушылығын арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану қажет. Әр ұстаз өзінің қалауы бойынша технологияларды таңдап, оқушыға ыңғайлысын қолданады. Мен өзім тек бір ғана технологияны таңдап алған жоқпын. Себебі үнемі бір технологияны ғана пайдаланудан гөрі әр түрлі технологияны, яғни қажеттісін пайдалансам бір нәтижеге жетем деген ойда болдым. Қазақ тілін оқыту – қиын да қызықты жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап - жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдеру. Уақытты дұрыс пайдалану, сабақты мазмұнды да қызықты өткізу - мұғалімнің жеке басының интеллектісін, оқу іс-әрекетін, өтілетін тақырыптың мазмұнын аша білу. Оқу орындарында жаңа технологиялар арқылы оқыту қазақ тілін үйренудің сапасын, маңызын арттырады. Білім берудің мынандай жаңа технологияларын атап өтуге болады. «В.Ф. Шаталов технологиясы», «Саралап оқыту технологиясы», «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы», «Ұжымдық оқыту технологиясы», «Модулдік технология», «Ш.А. Амонашвили технологиясы», «Оқу мен Жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы» т.б. Әр технологияның өзіндік ерекшеліктері, әдіс-тәсілдері бар. Сонда технология деп нені айтады? Технология - өнер, шеберлік, біліктілік әдістемелер жиынтығы. Адамның ойына және іс-әрекетіне байланысты мәдениетті ұғым өте маңызды сапа мен дағдының интеллектуалды сарапталуы. Технология – грек сөзі, өнер, шеберлік ғылымы деген мағынаны білдіреді. Өз сабақтарымда М.Жанпейісованың «Модульдік техноло- гиясын», «Ойын технологиясын», «Оқу мен Жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын» қолданып жүрмін. Осы технологияларды сабақта қолдана отырып түрлі тапсырмалар, деңгейлік тапсырмалар, ойындар арқылы оқушының ойлау қабілеттерін дамытып, қызығушылығын арттыру идеяларын жүзеге асыруға болады. Модуль дегеніміз қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын дербес бөлігі. Оқу модульдің ерекшелігіне, жалпы санына қарамастан, кіріспе, қорытынды бөлімдері болып, оған бір-екі сағат берілсе, қалған бөлімі сұхбаттасу бөлімі болады. Кіріспе бөлімінде оқушылар оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен танысады. Сұхбаттасу бөлімінде сыныпты шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқушылардың іс-әрекетіне құрылады. Сұхбаттасу бөлімінде оқушыларды үш деңгейге бөліп, әр деңгейге өзіне лайық тапсырмалар беріледі. Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты - жеңілден ауырға, қарапайымнан күрделіге қарай ауысу арқылы оқушыларды ізденушілікке, шығармашылыққа баулу. Модульда деңгейлік тапсырмалар өте құнды. Әр баланың деңгейі бойынша берілетін тапсырмамен жұмыс істейді. Егер де өз деңгейіне қарай тапсырма берілмесе, оқушы жұмыс істей алмайды. Тапсырма оқушыға не қиын, не өте жеңіл болғандықтан, оны қызықтырмайды. Мысалы: 7 сыныпта «Табиғат тамашасы» атты 4-ші модульда мынандай үш деңгейлік тапсырма беруге болады. А
Удивителный, вечно, сохранился, давление воздуха, лес, родник, луга, пустыня, окружающая среда, защищать, заповедник, трава, территория, стихийное бедствие .
а) Ормансыз - ... , отансыз - ... . ә) Табиғаттың қорғаушысы - ... , зерттеушісі - ... , көркейтушісі - ... , сәні - ... , - ... , таусылмайтыны - ... , байлығы - ... , барлығына қажеттісі - ... Ә
а) ... табиғаты сондай тамаша. ә) ... елден береді, ... жерден береді. б) ... сырын білгің келсе, баласынан сұра. Керек сөздер: біреудің, бұл, біреуге.
а) Қазақстанның табиғаты қандай? ә) Шығыс Қазақстанда қандай өзендер бар? б) Табиғатқа байланысты қандай мақал-мәтелдерді білесің? 3. Шығыс Қазақстанның табиғаты туралы әңгімеле. Б
а) Табиғатты қорғау - ... борышы. ә) Табиғат пен адамның арасында қандай байланыс бар? 2. Мақал –мәтелдердің жалғасын тап. Сулы жер -нулы жер, ... . Егін ексең тыңға ек, ... . Көлдің көркі – құрақ, ... . 3. Болашақта табиғатта қандай өзгерістер болады деп ойласың? Ойыңды әңгімелеп жаз. Мысалы 7-ші сыныпта 3-ші модуль «Елтану аясы». Бұл модульді мен былай құрадым.
Осы модуль нәтижесін мынандай оқушылардың жұмыстарынан көруге болады. М. Жанпейісованың ұсынған осындай модульдік технологияның бір модулінің үлгісін көрдіңіздер. Модульдің ерекшелігі мен басты мақсаты әр баланың жеке тұлға ретінде қабілетін ашу және дамыту, сол үшін жағдай жасау. Ол үшін, тіл үйренуші оқушыны қызықтыру, белсенді сөздік қорын жасау және тілін дамыту. Яғни басты артықшылығы – тіл үйрету мақсатында ең жақсы нәтижеге жету үшін алдын-ала құрылған жобаны жасап алу қажет. Осымен қатар, қызығушылығын арттыруда қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданаған қызық. Ойын технологиясын әсіресе бастауыш және ортаңғы сыныптарда қолданса, баланың қызығулышығын, белсенділігін арттырады. Яғни оқушының қызығушылығы, белсенділігі артса, онда білім сапасы да артады.Ойын технологиясы – жағдаяттар қызметінің түрі, жаңа бағытталған және қоғамдық тәжірбиені игеру, өзін басқару құлқын қалыптастыру. Кез келген ойынның негізі – шындық өмір. Ойында өзінің даму заңдары бар. Ойын оқушының жас ерекшелігіне сай болу міндетті. Ойында оқушылар бір жағынан демалып, көңілдерін көтерсе, екінші жағынан ойын шығармашылыққа, ізденушілікке үйретеді. Ойындарды барлық сынып оқушыларына өткізуге болады. «Сөйлемнен әңгімеге» атты ойында мұғалім бірнеше сөйлемді өзі ойлап айтады. Оқушылар сөйлемге өзідерінің ойлаған сөйлемдерін қосып, әңгімені аяқтайды. Мұғалім оқушыларға айтылған сөйлемдерді қолданып, әңгіме жазуды тапсырады. «Қазақшаңыз қалай?», «Балаға ат қою», «Көктем», «Етістік», «Сын есімдерді қайталау» атты өткізген сабақтарымда «Кім жылдам», «Көргенді есіңе сақта», «Тізбек ойыны», «Рольдік ойындар», «Кім тез», «Кім жалғасын табады» сияқты ойындарды қолдандым. Мысалы, «Кім жылдам?» ойынында әр бала өз атынан басталатын жер- су аттарын, сын есімдер, етістіктер айтады. «Көргенді есіңе сақта» ойынында оқушыға суретті бір-ақ сәт көрсетіп, оқушының есінде қалғанын, көргенін бірінші сөзбен, одан кейін сөз тіркесі, сөйлеммен жеткізіп айтады. Бұл ойында баланың сөздік қоры, тілі, ойы дамиды. Рольдік ойынның да маңызы зор. Мысалы «Дәрігерде» деген тақырыпты өткенде оқушылар дәрігер мен ауру адамның ролінде ойнап, өздері диалог құрып, сұхбаттасады. Бұл ойындарда оқушының көңілі көтеріліп демалды. Екінші жағынан тілі, ойы, сөздік қоры дамыды. Әр ойынды оқушының жас ерекшелігіне сай, өз орнында қолдансақ, сабақтарымыз нәтижелі, қызықты болады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы мені қызықтырғаннан кейін, соңғы кезде осы технологиямен де жұмыс істеп жүрмін. Бұл технологияның ерекшелігі мұғалімнің бағыттауымен оқушылар өз бетінше білімді игереді, кейбір практикалық іскерліктерін қалыптастырады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясында мұғалім тек ұйымдастырушылық қызмет атқарады. Оқушы өз бетімен ойлау арқылы жаңа білім алады. Осы технологияның ЖИГСО, кластер құру, аялдамамен оқу, Венн диаграммасы, Т кестесі, Білемін, білгім келеді, үйрендім және де интервью, Рафт сияқты стратегиялары көп. Мен өз сабақтарымда осы стратегиялардың өзіме қолайлысын қолданып жүрмін. «Тілшілер», «Абылай хан», «Шәкәрім», «Марқакөл - ел мақтанышы» сияқты сабақтарда сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдандым. Мысалы «Тілшілер» атты 8-ші сыныпта өткен сабақта оқушыларды ең алдымен, «Адамға ең алдымен не керек?» деген сұрақ арқылы 3 топқа бөлдім. Оқушылыр отан, білім, денсаулық керек деп жауап берді. Осы 3 топ үш газеттің аты болды. Сабақ соңында әр топ өз газеттерін шығарды. Сабақ барысында кластер, аялдамамен оқу, интервью, Венн диаграммасы, не білдім деген стратегияларды қолдандым. Қорыта келгенде, жаңа технологияларды қазақ тілі сабақтарында пайдаланудың тиімділіктері көп. Біріншіден, оқушының қазақ тіліне деген қызығушылығы, белсенділігі артады. Соның нәтижесінде оқушы жұмыс істейді. Екіншіден, оқушы жұмыс істейді. Нәтижесінде білім сапасы артқандықтан, бұл мұғалімге тиімді.Үшіншіден, біз оқушыны болашақ мамандық иесі болуға даярлаймыз. Қай салада мамандық таңдаса да, ол жан – жақты дамыған, өмірге бейімделеген адам болып шығуға мектептен үйреніп, білуі тиіс. Жоғарғы оқу орындарында кредиттік жүйе. Сондықтан осы технологияларды қолдану арқылы болашақ студентті жоғарғы оқу орындарының қабырғасында ауыртпашылық көрмей, тез үйреніп кетуге жағдай жасаймыз. Әдебиеттер:
7. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде», №8, 2011 ж. Алматы. |