|
Тарих пәнін оқытудағы тиімді әдістер Білім беру жүйесінің басты міндеті – Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру, дамыту және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Ал қоғамдық пәндердің алдында тұрған талаптар:
Тарих пәнін оқытуда осы міндеттерді басшылыққа ала отырып, бағдарлама талаптары негізінде сапалы білім беру - өмір талабы. Сапалы білім берудің тиімді жолдары:
Жоғарыда көрсетілген талаптардың ішінен өз тәжірбиемді жүзеге асырып жүрген бағыттарыма тоқталайын.
а)Тірек білімдер; б)Жаңа ұғымдар, нені меңгеру керек атап көрсетіледі. 11 сыныпта 7-тақырып Солтүстік Еуропа елдері. Мақсаты: 1. Солтүстік Еуропа елдеріне ортақ бейтараптылық бағыты. 2. Солтүстік Еуропаны ядролық қарусыз аймаққа айналдыру. 3.Финляндия . Швеция – 50 жылдары бейтараптылық саясат ұстады, соғыс блоктары саясатын айыптады. Швед социал – демократиялық үкіметі Еуропаны ядролық қарусыз аймаққа айналдыру бағытын ұстайтындығын мәлімдейді. Финляндия – 1946 жылы Финляндия президенті Ю.К.Паасикиви, 1950 жылы У.К.Кекконен бейтараптылық бағыты және Солтүстік Еуропа елдерін ядролық қарусыз аймақ деп жариялау бағытын ұстағандықтан оны «Паасикиви-Кекконен жолы» деп атады. ^ 9-сыныпта XVIII ғасырдағы Француз революциясы. Осы ел туралы білсем деген қызығушылығын тудыру үшін дүниедегі сегізінші кереметтің бірі – Франциядағы Эйфель мұнарасы туралы деректі келтіремін, суретті көрсетемін. 1889 жылы бүкіл әлемдік көрмеге арналып Француз инженері – Эйфельдің басшылығымен салынды. Биіктігі – 300метр, толық салмағы – 9мың тонна. 9-сыныпта «Азия мен Африкадағы ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбында Үндістан туралы өткенде дүниедегі сегізінші кереметтің бірі – Тәж-Махал мавзолейі туралы айту, оны көрсету. Ұлы Моғалдар әулиетінен шыққан ШаҺ-Жаһан 38 жасында қайтыс болған Мумтаз-Махалдың өсиеті бойынша 630-52жылдары салдырған. Тәж-Махал 5 күмбезді, биіктігі-75метр. Мазардың сырты түрлі-түсті тас , күміс, алтын мозаикаларымен нақышталған. Негізгі үйдегі сағаналар 24 қанат мәрмәр шарбақпен қоршалған. Осы тараудағы Қытай туралы өткенде «Ұлы Қытай қорғаны» туралы айту. Б.з.б. 221 жылы Император Цинь Ши-Хуанди империяны солтүстік батыс жақтағы көшпелі халықтардың шабуылынан қорғау мақсатымен тұтас қамал қабырға тұрғызу туралы жарлық берді. Шығыстан батысқа қарай созылып жатқан Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы 4-5мың км, биіктігі 6,6метр, ірге ені 6,5метр. Африкадағы араб елдері туралы өткенде бұл елдердің пирамидалары елі екендігі атақты Хеопс пирамидасынан танылады, оның биіктігі 146,59 метр екендігі туралы айту. ^ Әр елге байланысты жоғарыда көрсетілген ұғымдар туралы толық мағлұмат алу үшін, алған білімдерін тереңдету үшін энциклопедияны пайдалануға ұсыну және өтіп отырған дәуіріне байланысты материалдарды іріктеп пайдалана білуге дағдыландыру. Бұл оқушының есінде сол ел туралы мағлұматтың ұмытылмай сақталуына, сапалы білім алуына негіз болады. 9-сыныпта XVIII ғасырдағы Француз революциясы туралы толық мағлұмат алу үшін, энциклопедиядан Бастилия, Версаль, Марсельеза, Эйфель мұнарасы туралы жазып келуге ұсыну. ^ өте әдемі алтынмен қапталған, қабырғалары айна, хрусталь люстралы, айналасы бақ, фонтан, гүлзарлар XIV Людовиктің бұйрығымен салынған, Бастилия-1789 жылы 14 шілдеде абсолютизмнің символы – Бастилияны көтеріліс жасаған халық тұтқиылдан басып алды. Бұл Ұлы Француз революциясының бастамасы болды. Бұл күн Францияның Ұлттық мейрамы ретінде атап өтіледі. Марсельеза- француздардың революциялық әні. Бұл әнді «Марсельдіктер маршы» деген атпен Марсельдің еріктілер батальоны шығарды. Үшінші Республика кезінде мемлекеттік гимн болып бекітілді. ^ 10-сыныпта, 20-шы тақырып, Монғол Халық Республикасының құрылуы, Коминтерннің атқару комитеті Тұрар Рысқұловты Монғолияға жібереді. Шерхан Мұртазаның «Жұлдыз көпір, Қыл көпір» деген романын пайдалану. 1924 жылы 6 қараша күні Монғол Халық Республикасының бірінші ұлы құрылтайы ашылды. Ұлы Хуралда, сол Республиканы жариялап, Конституция қабылданды. Моғол Халық Республикасының астанасын не деп атау керек деген едәуір айтыс болды. Ұрға деген атының өзі қалсын деді. Ұрға – монғолша «Орда» деген мағынаны береді. Тұрар Рысқұлов: «Монғол халқы – революцияда жеңіске жеткен батыр халық. Халықтық үкімет құрып, қызыл байрақ көтеріп отыр, ендеше астана аты Қызыл Батыр-Улан-Батор болсын» -деді. Осы кітап оқуға ұсынылды, сабақпен байланысты тарауларынан реферат жасалды. 10-сыныпта, Қазақстан шетелдік соғыс интервенциясы, азамат соғысы жылдарында деген тақырыпта, 1918жылғы маусымда Орынборды басып алып, Қазақстанды орталық Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастаған атаман Дутов, оның талқандалуы туралы «Атаманның ақыры» киносы туралы айту, киноны естеріне түсіру, қайта көруге ұсыну. Кинорежиссер – Шәкен Айманов, чекист Чадияров Қасымхан рөлінде-Асанәлі Әшімов. Қасымханның арғы бетке Дутовтың ставкасына жіберілуі және оның өлтірілуі туралы. Бұл киноны айту арқылы азамат соғысы, атаман Дутовтың Қазақстанда жасаған тағылық әрекеттері, оның Қытайға қашу, жазалануы осы кино арқылы көрініс тапқан. Оқушылар әйгілі кинорежисер –Шәкен Аймановпен, әйгілі киноактер – Асанәлі Әшімовпен танысады. ^ Қазіргі білім саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Мен өз іс-тәжірибемде С.Н.Лысенкованың «Оза оқыту», В.Ф.Шаталов технологиясы бойынша тірек-жазба және тірек-конспектісінің көмегі арқылы оқыту тәсілін «Адам және қоғам» пәнінде пайдаланамын. ^ А ![]() ![]() Ұсақ топтар ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() М ![]() Белгілі бір өнім 1.Бірлік ш ![]() 3.Бедел Н ![]() 2.Ойлау ерекшелігі 3.Тұрағы 1.Билік 2.Мәртебе Ә ![]() 4.Даңқ Жаңа оқыту технологияның тиімділігі сонда, оның элементтері арқылы балмен тиімді жұмыс істеуге болады. 1. Ұжымды жұмыс істеуге болады. 2.Ақпаратты өз бетінше түсінуге бағыттайды. 3.Сабақтын тысқары қалатын оқушы болмайды. ^ Әр елдің тарихы туралы тереңдете білу үшін, әр оқушыға берілген рефераттарды тыңдау. Өтілген конференциялар: Ш.Мұртаза «Жұлдызды көпір, Қыл көпір». Қ.Жұмаділов «Соңғы көш». Н.Анов «Ән қанатында». 6. Жергілікті жер материалдарын пайдалану. 9-сыныпта «Жоңғар шапқыншылығы» деген тақырыпты өткенде батыр бабамыз-Дәлетбайдың 300жылдық тойы туралы айту. Дәулетбай бабамыз-Жоңғар шапқыншылығында еліміздің Шығыс шекарасын қорғауда өлшеусіз із қалдырған. Пайдаланылған әдебиеттер. 1.Ә.Байбатша. «Қазақ даласының ежелгі тарихы». Алматы, «Санат»2001ж 2. «Қазақстан тарихы» әдістемелік журнал 3. В.Ф.Шаталов «Тірек-сызбалары», Алматы, 1989жыл 4.Педагогикалық ізденіс. Алматы, Рауан, 1983 |
![]() | Тарих пәнін оқытудағы электронды оқулықТЫҢ Әсері. Қазақстанның еуразиялық аймаққа кіруі, ХХІ ғасырға аяқ басуы ел Президентінің «Қазақстан-2030» Осыған орай білімнің мақсаты, мазмұны және оны оқыту тәсілдері қайта қаралып, оқу жүйесін реттеу, ұйымдастыру мәселелері зерттеліп,... | ![]() | Бигельдинова А. С. Көп бейінді №3 мектеп-гимназия Тарих пәнін оқытуда оқушылардың ҚҰзіреттілігін жаңа технологиялар арқылы дамыту жолдары |
![]() | Тарих пәнін оқытуда сыни ойлау жобасы негізінде оқушының шығармашылығын дамыту арқылы қҰзыреттілігін қалыптастыру Мектептің білім беру ортасын білім беру үрдісі субъектілерінің даму жағдайы негізі ретінде қалыптастыру | ![]() | Өскемен қаласының білім беру бөлімінің «Өзін-өзі тану» пәнін 2010-2011 жылдан бастап оқу үрдісіне енгізу іс-шараларының жоспары Білім беру мекемелерінде «Өзін-өзі тану» пәнін оқу үрдісіне енгізу бойынша жұмысты үйлестіру үшін жауапты адамдарды анықтау |
![]() | Тарих пәнінен сапалы білім беруді жүзеге асырудың тиімді жолдары Білім беру жүйесінің басты міндеті Ұлттык және жалпы адамзаттық құндылыктар жетістіктері негізінде жеке адамды калыптастыру, дамыту... | ![]() | Результаты первого тура Республиканской дистанционной олимпиады «Тарих ата» Республиканский научно-практический центр «Дарын» в целях выявления, отбора, обучения и развития одаренных детей и молодежи проводит... |
![]() | Қарағанды қаласындағы 2011-2012 оқу жылындағы тарих және қоғамдық пәндерінің берілісіне талдау 2011-2012 оқу жылында «Тарих», «Қоғамдық білім негіздері» «Тарих», «Қоғамдық білім негіздері», «Адам және Қоғам» пәндері 2010ж. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік... | ![]() | Докторлық диссертацияның тақырыбы ретінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары тарих мамандықтарының докторанттарына «Халық тарих толқынында» бағдарламасының шеңберінде 2014 жылға ұсынылатын перспективалық тақырыптар тізбесі Азақстанның ежелгі және орта ғасырлар тарихының тарихи және археологиялық зерттеулер |
![]() | Облыс әкімінің гранты бойынша оқу «Тарих. Құқық және мемлекеттік негіздер» мамандығы бойынша Семей қаласындағы педагогикалық институтта оқыған Аян Ардақұлы Жанұзақов... | ![]() | А қ паратты қ қ ызметтер к ө рсету рыногында а қ парат берушілерді ң, кредиттік бюроларды ң ж ә не кредиттік есептерді алушыларды ң (кредиттік тарих субъектілерін Ақпараттық қызметтер көрсету рыногында ақпарат берушілердің, кредиттік бюролардың және кредиттік есептерді алушылардың (кредиттік... |