Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі icon

Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі



НазваниеЖаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі
Дата конвертации08.01.2013
Размер88.34 Kb.
ТипДокументы
источник

Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі.

Жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушылардың таным белсенділігін арттыру.


Жигитекова А.Е.

«№7 орта мектебі» КММ

ОҚУ ҮРДІСІНДЕ СУБЪЕКТІНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ТИІМДІ ҚОЛДАНУ


Қазіргі заманда Қазақстанның өзіне ғана тән ұлттық сипаты бар білім беру жүйесін одан әрі дамыту,білім беру сапасында әлемнің басқада алдыңғы қатарлы беделді де,белді елдерімен қатар жұмыс жасау,қазақ тілін дамытуда өзіндік үлес қосу,бүкіл әлемдік деңгейге көтеру,білім беру ісінде әлеуметтік кеңістікке шығу-алдағы тұрған міндеттер.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»деп,білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.

Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда.Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды,қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды,жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды,мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру-маңызды мәселелердің бірі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш.Қаланованың, Ж.Қараевтің, Ш.Таубаеваның, Қ.Қабдықайровтың, С.Көшімбетованың, т.б ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады.Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр.Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын құдіретті күш –білімге тән.Жас мемлекетіміздің болашағы-бүгінгі мектеп оқушылары.Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі обьект- субьектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субьектісі ретінде, өзін - өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін - өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субьектілар – оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. «Педагогика технологиялар – бұл білімнің; басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды».

Бүгінгі таңда П.М. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру (УДЕ) технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті – тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модулбді оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал.

Қазақстанда Ж.А.Қараевтің, Ә.Жүнісбековтың,Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.

Дәстүрлі сыныптық – сабақ жүйесінің барлық элементтерін және сабақты құрастыру технологияларын қолданумен қатар, мұғалім келесі педагогикалық техноглогиларды пайдалана алады: ойын технологиялары, проблемалық оқыту, оқу зерттеуін ұйымдастыру технологиясы, жобалау әдісі, ақпараттық – коммуникативтік технологиялар. Осылардың ішіндегі ақпараттық –коммуникативтік технологиясы туралы айтпақшымын.

Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық – технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерін жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек»- деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.

Мемлекеттік тілді оқытуда жаңа технологияларды сабақта жан-жақты қолдану жаңаша оқытудың тиімді жолдарының бірі болып саналады Осындай жаңа жолдарының біріне заман талабына сай 21 ғасырдағы ақпараттық оқыту жүйесіндегі жобалау технологиясы арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады. Білім берудің озық технологияларын меңгермейінше сауатты да жан-жақты болу мүмкін емес. Соның бәрі компьютер, интернет, мультимедиялық құралдар және интерактивтік тақта көмегімен болмақ.

21 ғасырдағы ақпараттық оқыту жүйесіндегі жобалау технологиясының ерекшелігі: оқушының танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру.

Қазақ тілін үйретуде бастапқы мақсат коммуникативтік бағытта оқыту. Осылай, біз оқушылардың жалпы ойларын бір жүйеге келтіріп, жақсы психологиялық жағдай жасаймыз. Осының бәрі оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Оқушы үшін тіл өз ойын жеткізуде қажетті құрал болып табылады. Бұл бағытта негізгі лингвистикалық жұмысты қарым-қатынас түрінде жүргізіп, бір мезгілде іске асырамыз. Жаңа технологияларды қолдана келе сабақ бойы біз бүкіл топтың жұмыс істеуін талап етеміз, сондықтан өткізген сабағымыз мазмұнды, интенсивті болады. Ақпараттық сабақта бұрын адам ойында болмаған оқытудың жаңа әдістерін ұйымдастыруға болады.

Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:

  1. Көмпьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.

  2. Компьютер адамның зерттеу – танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшелінеді.

  3. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни білімгер ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.

  4. Құрал білімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады.

  5. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.

Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.

Ақпараттық оқу құралдары сабақты түрлендіруге көмегін тигізіп,сабақтың барлық кезеңінде оқытуды қызықты да әсерлі өткізуге ықпалын тигізеді.

Оқушылардың қызығушыларын арттыруда, сабақ барысында дидақтикалық материал түрінде қолдануға, жаңа тақырыптар меңгерген кезде мұғалімге түсіндіру барысында, оқушыларға тақырыпты меңгеруге көмекші ретінде қолданылады. Әр тұлғаның қайталанбас мүмкіндігін есепке ала отырып, әр оқушының өзіндік дамуына, өзіндік ізденуіне ықпал ету арқылы оның ой - өрісін кеңейту, біліктілігін нығайту. Бұл технология оқыту әдісінің тиімділігі, баланың жеке тұлға ретінде ашылуы, оның жан – жақты дамуына табиғи әсер етеді.

Интерактивті оқыту әдісі – оқушының оқу үрдісін ұйымдастыруға толық қатынасын белсенді тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік ашатын тиімді оқыту әдісі.

Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды тиімді қолдану әр ұстаздың міндетіне айналып келеді. Бірақ бұл технологияларды біз қалай қолдануымыз керек?

Мұғалім бұрынғыдай дайын білім бермейді, оқушыларға өз бетімен ізденуге нұсқау ғана береді. Оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы нәтижеге жетемін деген мұғалім алдымен келесі міндеттерге мән беру керек:

Компьютерлік оқу құралдарын зерделеу және қолдану;

  1. Ақпараттық технологияларды зерделеу;

  2. Тиімді тәсілдерді анықтау;

  3. Тәсілдер мен материалдарды құрастыру және қолдану;

  4. Қолданылған тәсілдердің нәтижесін бағалау.

Қазіргі кезде сабақта әдістемелік мақсатқа қарай келесі бағдарламаларды қолдануға болады:

  1. Тренажер – бағдарламалар;

  2. Бақылаушы - бағдарламалар;

  3. Тәлімгерлік бағдарламалар;

  4. Көрнекіліктер бағдарламалары;

  5. Ақпараттық-анықтамалық бағдарламалар

Тренажер – бағдарламалар оқушының білімін, білік-дағдысын бекітуге, пысықтауға арналған.

Бақылаушы - бағдарламалар бақылауға қажетті тұрақтылықты, көпнұсқалылықты, бағаның мұғалімнің субъективтік көзқарасынан және тағы да басқа факторлардан тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, білім беру үрдісінің сапасын жоғарлатып, оқытушының еңбек өнімділігін, нәтижелілігін жоғарлатады.

Тәлімгерлік бағдарламалар - оқушылардың жауабын өндейтін бағдарламалар.

Көрнекілік - бағдарламалары арқылы компьютерді көрнекілік құралы ретінде қолдана отырып оқушыларды жаңа тақырыпқа керекті материалдармен таныстыруға болады.

Бүгінгі қазақ тілінің негізгі талабы – білім сапасын арттыру болып табылады. Ал білім сапасын көтеру дегеніміз – оқушыны жоғары деңгейге көтеру. Осы мақсатты алға қоя отырып, қазақ тілі сабақтарында өзім қолданып жүрген компьтерлік бағдарламамен кейбір жұмыс істеу түрлерін атап кетейін. Оқушылар Word, Power Point, Excel, Актив студио т.б программаларының көмегімен жаңа тақырыптарды және мәтіндер жазу, оқу, талдау, сурет салу жұмыстарын үйренеді.Сонымен қатар интерактивтік тақтада ертегілер көрінісі, ролдік ойындар өткізіледі. Таңдалған тақырып бойынша оқушылар үй тапсырмасына презентация жасайды. Интернет желісін пайдалана отырып, тақырып туралы ең қызықты оқиғаларды, мәліметтерді іріктеп алады. Презентациясын қорғағанда оқушылар өз ойын ашық айтуға, логикалық, тілдік, грамматикалық жағынан дұрыс құруға ұмтылады.

Жазуды оқытқан кезде сауатты жазу дағдыларымен, есте сақтау қабілеттері дамиды, әрі пернетақтаны меңгеруге септігін тигізеді. Тыңдау, сауатты жазу, әріптерді теру секілді үш іс-әрекетті бір уақытта біріктіреді. Ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио-визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді.

Сонымен қорыта келгенде, жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі. Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгеру, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу-бүгінгі күннің мақсаты.


ӘДЕБИЕТ

1. Білім туралы. Қазақстан Республикасының заңы.Алматы.Литература,1999

2. Қазақстан мектебі. № 11, 2004

3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» (Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы) Алматы. «Білім баспасы», 1998

4.«Обучение для будущего» Проектная деятельность в информационной образовательной среде 21 века. Астана 2009г.

5.Қазақ тілі мен әдебиет орыс мектебінде. №4,8 2006ж, №3,9 2008, 7,9 2009ж



Похожие:

Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі iconЖаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі
ОҚу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілін оқытудың Үрдістеріне байланысты жаңа бағыт бойынша ізденістер
Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі iconЖаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі
ОҚУ Үрдісінде субъектіні қалыптастыруда инновациялық технологияларды қазақ тілі сабағында тиімді қолдану
Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі iconБілім беру үрдісін ақпараттандыру
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын...
Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі icon1 Қыркүйек – білім күНІ
Білім сапасына ерекше көңіл бөлініп отырған кезеңде салаға жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық техологиялар енгізіліп, ұстаздардың...
Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі iconҚабдуалиева А. К. «№45 бейімделген орта мектеп»ММ
АҒылшын тілі пәнінің білім сапасын арттырудағы ақпараттық-коммуникативтік технологиясының РӨЛІ
Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі iconҚ. Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің химия пәні мұғалімі Жанжаксина Альмира Шайхслямқызы
Саулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім үдерісін ақпараттандыру –жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану...
Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі iconТұрқанова Нұргүл Табаракқызы
Білім берудің жаңа технологиялары. Білім берудің жаңа технологияларын оқу үрдісіне енгізу. Білім беру технологияларын оқу үрдісіне...
Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі iconБілім берудегі жаңа технологияның ТҰЛҒА Қалыптастырудағы ролі
Жаңа педагогикалық технология оқушылардың білім сапасын арттыруға, ой-санасының дамуына мүмкіндік жасайды. Үнемі өзгеріп тұрған әлем...
Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі iconОқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық технологияны тиімді қолдану жолдары
Азақ тілі пәні бойынша білім беру сапасын жетілдірудегі ақпараттық технологиялардың МҮмкіндігі
Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі icon«Ұлттық бірыңғай тестілеуде білім сапасын арттырудағы әдіс-тәсілдер» Өткізілетін орны: жоббм «Абай атындағы мектебі»
Круглый стол «Формирование единых подходов к оцениванию знаний обучающихся, через подготовку тестовых заданий»
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы