Тарих сабағында жоба технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың ҚҰзыреттілігін қалыптастыру icon

Тарих сабағында жоба технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың ҚҰзыреттілігін қалыптастыру



НазваниеТарих сабағында жоба технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың ҚҰзыреттілігін қалыптастыру
Дата конвертации08.01.2013
Размер67.11 Kb.
ТипДокументы
источник

Исина Н.О.

«№32 орта мектеп»К ММ


ТАРИХ САБАҒЫНДА ЖОБА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Бүгінгі ғаламдану кезеңінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігінің даму тенденциясынан ажыратып қарастыру мүмкін емес. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру, даму жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиясының бағыттарына сәйкес, халықаралық білім кеңістігіне кірігу және жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарттарын модернизациялау жалпы орта білімнің мазмұнды және процессуалды жақтарын ұйымдастырудың жаңа әдіснамалық негізіне көшуі нәтижеге бағдарланған білім моделі арқылы жүзеге асырылатыны көрсетілген.

Осыған орай, мектепте білім мазмұнын жақсартудың алғы шарттарының бірі - дарынды балаларды тәрбиелеп жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін дамытуға мүмкіндік туғызу. Баланы оқыту мен тәрбиелеуде психо-педагогикалық жағдайды шешу үшін түрлі іздену жұмыстары арқылы дарындылығын анықтап және олардың жетілуіне тиімді жағдай жасау жолға қойылған.

Оқушылардың ғылыми қоғамы - оқушыларды ғылыми ұғымдармен, зерттеу әдістері жайлы білімдермен қаруландыруға, зерделенетін әдістерді практикада қолдана алу үшін қажет біліктілігін жетілдіруге, оқушылардың ғылыми ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жауапкершілікке, ғылыми мәдениетке, ғылыми жүмыстың әлеуметтік ролін түсінуге тәрбиелеуге үйретеді.

 Ел президенті Н.Назарбаевтың  Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі.  “Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”. Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан дарынды оқушымен жұмыстың негізгі  мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби  біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.

^ Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:

    дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

    дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;

   оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

    дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

    дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

   дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.

^ Дарындылықты қалай дамытуға болады?

        оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.

        Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);

    Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);

        Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);

        Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы

  • Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;

Оқушы бойындағы дарындылық:

  1. Шығармашылық қабілеті артады, ғылыми жұмыстар жазады;

  2. Ұйымдастыру қабілеті жоғары болады;

  3. Өз ойын, пікірін толық жеткізе алады;

  4. Рөлдерде ойнай алады

  5. Жан-жақты сұрақтар;

  6. Талдау;

  7. Салыстыру;

  8. Қосымша білім көздері

Шығармашылық дегеніміз – оқушылардың даралық бейімділіктері мен қабілеттерінің көрінуі. Ал бейімділік бұл – адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бет-бұрысы, оған көңілінің аууы, қабілеттің алғашқы бейнесі.

Қабілетіне қарай тапсырма беру арқылы оқушының қабілетін ашып, дамытуға жан-жақты жағдай жасағанда ғана мақсатқа қол жеткізуге болады.

Қорыта келгенде айтарым, дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, білімге деген құштарлыған арттыру – біздің басты парызымыз. Дарынды балаларды тәрбиелеуде шығармашылықпен еңбек ету- бүгінгі өмір талабы, ал жаңа технологиялар соған зор мүмкіндіктер беріп отыр.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңының» 1 тарауында «жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту қажет»,- деп көрсетілген. Дарындылыққа тән ақыл, ой, білім, еңбекқорлық сияқты қасиеттерді бойына сіңіріп, дұрыс бағытта тәрбиеленген адам, елінің өркендеуіне пайдалы үлес қоса алатыны сөзсіз. О.Бальзактың “ұдайы еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық  қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.

^ Мұғалімнің ТЭЖ тақырыбы:

«Тарих сабағында жоба технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру»

3 кезеңдегі ТЭЖ-дің жоспары

Міндеттері


Шешу жолдары

мерзімі

Тәжірибеге зерттеу, ізденіс бағдарламасын енгізу

Әдістемелік апталықтарында ашық сабақ өткізу


Жыл көлемінде


Қазіргі кздегі жетістіктердің талдамасы

Тақырыптық тесттер, эссе жазу


Қыркүйек, қазан


Жаңа технологияларды енгізу арқылы оқушылардың түйінді құзіреттіліктерін қалыптастыру


қалалық семинар,

ашық сабақ

ақпан


Оқушылардың бойындағы тақырыпқа деген қызығушылықтың қалыптасуы


Әдістемелік бірлестікте қарастыру, педагогикалық кеңесте баяндама жасау

қараша


Осы кезеңдегі нәтиженің тиімділігі

Психологиялық диагностика

желтоқсан


Түзету жұмыстары, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану

Оқушылардың мектепішілік қалалық жоба сайыстарына қатысуы

Қараша, сәуір




^ ТӘЖ- дің сараптамасы


1. Тәжіребеге зерттеу бағдарламасын жалғастыру және енгізу, мұғалімнің жұмыс түрін анықтау арқылы оқушылардың түйінді құзіреттіліктерін қалыптастыру.


2. 5-8 сынып оқушыларының бойындағы түйінді құзыреттіліктердің қалыптасуын анықтайтын аралық байқау-бақылау жұмыстары жүргізілді, мектеп психологтарымен талдау жүргізілді.


3. Тақырыптық- эксперименттік жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында мұғалім жаңа педагогикалық курстық дайындаудан өтті.(СТО технологиясы).


4. Оқушылардың бойындағы түйінді құзіреттіліктердің қалыптасуы ҰБТ-ға дайындық кезінде және жобалық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болғанынан көруге болады.

Өз сабақтарымда дарынды балалармен мына салаларда жұмыс істеймін:

  • Ғылыми-зерттеу жұмыстармен айналысу (Тақырыптары: «Өлкеміздегі оралмандардың жағдайы», «Ұлы Отан соғысына қатысқан шығысқазақстандықтар», «Өскемен қаласындағы мүгедектер мәселесі», «Ертіс өзенінің ластануы»)

  • Қашықтық жобаларға қатысу;

  • Қалалық олимпиадаларға қатысу;

  • Тақырыптық түрлі сайыстар;

Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп  оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Қолданылған әдебиеттер:

1.     ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.

2.     Н.Назарбаев “Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек”.//”Егемен Қазақстан”. 31 мамыр. 2000 ж.

3.     Бабаева Ю.Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 1997г.

4.     Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. – Алматы. “Ғылым”. 1988г.



Похожие:

Тарих сабағында жоба технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың ҚҰзыреттілігін қалыптастыру iconБілім беру үрдісі субъектілерінің құзыреттіліктерін, құзырлықтарын қалыптастыру
Тарих сабағында сыни тұРҒыдан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың коммуникативті қҰзыреттілігін қалыптастыру
Тарих сабағында жоба технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың ҚҰзыреттілігін қалыптастыру iconТарих сабағында ж. А.ҚАраевтің ОҮӘж технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ПӘнге деген қызығушылығын арттыру

Тарих сабағында жоба технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың ҚҰзыреттілігін қалыптастыру iconТүйінді сөздер: оқушының ақпараттық құзыреттілігі, сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Тарих сабағында оқушылардың АҚпараттық ҚҰзыреттілігін дамытудағЫ Қосымша материалдарды пайдалану жолдары
Тарих сабағында жоба технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың ҚҰзыреттілігін қалыптастыру iconБейсембина Жадыра «№45 бейімделген орта мектеп» мм
Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясын қолдану жолдары. Дидактикалық ойындар арқылы оқушы құзыреттілігін дамыту
Тарих сабағында жоба технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың ҚҰзыреттілігін қалыптастыру iconИмангазинова А. Н
Математика сабағында сыни тұрғыдан әр түрлі стратегияларды, жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың құзыреттілігін...
Тарих сабағында жоба технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың ҚҰзыреттілігін қалыптастыру iconТарих пәнін оқытуда сыни ойлау жобасы негізінде оқушының шығармашылығын дамыту арқылы қҰзыреттілігін қалыптастыру
Мектептің білім беру ортасын білім беру үрдісі субъектілерінің даму жағдайы негізі ретінде қалыптастыру
Тарих сабағында жоба технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың ҚҰзыреттілігін қалыптастыру iconОйын технологиясын қазақ тілі сабағында қолдану туралы. Смагулова А. Д
Азақ тілі сабағындағы ойын элементтері арқылы оқушылардың СӨйлеу қабілеттерін арттыру
Тарих сабағында жоба технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың ҚҰзыреттілігін қалыптастыру iconУликбекова А. С
Ал қазақ тілі сабағында оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру арқылы білім, білік, дағдының жоғары деңгейіне шығу, яғни, жеке...
Тарих сабағында жоба технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың ҚҰзыреттілігін қалыптастыру iconЖаңа білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру
Тарих пәні арқылы оқушыны субъект ретінде өз бетімен жұмыс жасау дағдысы негізінде жеке тұЛҒаны қалыптастыру
Тарих сабағында жоба технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың ҚҰзыреттілігін қалыптастыру iconТүйінді сөздер: коммуникативтік құзыреттілік, құзыр, құзыреттілік
Сын тұРҒысынан ойлау технологиясын пайдалану арқылы оқушының коммуникативтік қҰзыреттілігін дамыту
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы