Жаңа білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру icon

Жаңа білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру



НазваниеЖаңа білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру
Дата конвертации07.01.2013
Размер91.7 Kb.
ТипДокументы
источник

Жаңа білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру


Арыстанбек Д.

ГУ «Средняя школа №16»


ТАРИХ ПӘНІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫ СУБЪЕКТ РЕТІНДЕ ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ДАҒДЫСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдермен иық тіресіп тең тұруы үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.

Атақты суретші Репин өз өнер туындыларының 1 пайызы талант, 99 пайызы еңбектің күшімен жасалғанын айтады. Бұдан түсінетініміз – адам таланты қаншалықты ғаламат болса да оқытудан, ізденуден, бір дүниені өз бетімен зерттеуден тыс дами алмайды. Чехтың ұлы педагогы Ян Амос Каменский «оқушыға өзінің тәсілдерін үйретуден бұрын, алдымен оның бойында білім алуға деген талпынысты оятып алуды қажет екенін ойлайтын ұстаз бар ма екен?», - дейді. Қазіргі таңда бұл сұрақтың мәні тереңдемесе жоғалған жоқ.

СТО технологиясының шеберлері Курт Мереди, Чарльз Тембл ұстаздан тек қана білім алған оқушының ертең өмірден өз орнын табуы қиын болатынын, ол үшін оқушыны білімді іздеуге, зерттеуге, жан-жақты зерттелген білімді бойына сіңіре білуге үйрету қажет екенін айтады.

Шығармашылық – адам қажетінің сан қырлы формалары арқылы көрінетін өте күрделі құбылыс. Оның қатарынан мектеп қабырғасында оқушының өз бетімен жұмыс жасауды да жатқызуға болады. Бүгінгі күні осы құбылыстың мәні мен даму заңдылықтарының психологиялық проблемаларын Дж. Гилфорд, С.Л. Рубенштейн, Я.Н. Пономарев сияқты ғалымдар жан-жақты зерттегенін білеміз.

Ал Б.М. Теплов оқушыны өз бетімен шығармашылықпен жұмыс жасауға табиғи ерекшеліктер әсер ететіндігін баса айтса, А.Н. Монтьев бұл дағдының белсенді қызмет барысында аға ұрпақтан үйрену арқылы, адамдармен тығыз қоғамдық қарым-қатынас арқылы қалыптасатындығын айтады. Сонымен біздің мақсат ғалымдардың зерттеуіне сәйкестендіре отырып оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамыдатын жолдарды іздеу.

Сол жолдардың бұрыс-дұрыстығына көз жеткізу, зерттеу барысында сәтсіздік, қажеттілік болса дер кезінде жөндеу арқылы қоғамның шығармашылық мүмкіндігі мол жеке тұлғаға деген қажеттілігін қамтамасыз етуге өзіндік үлес қосу. Тақырыптың өзектілігі де осында.

Зерттеу обьектісі: №16 орта мектебінің 5-11 сынып оқушылары

Зерттеу әдісі: Оқушы, ата-ана, ұстаздарға арналған психологиялық, педагогикалық сауалнамалар жүргізу және эксперимент сыныбын таңдап алып, эксперимент жүргізу.

Зерттеу пәні: № 16 жалпы білім беретін мектеп жағдайында тарих пәні бойынша оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін түрлі педагогикалық-психологиялық қолайлы жағдайлар тудыра отыра дамыту.

Зерттеу мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеті негізінде зерттеу-ізденушілік бәсекелестік қабілетін ашу.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Оқушылардың өз бетімен ізденушілік жұмыстарын ұйымдастыру;

  2. Оқудан тыс алған білімін пайдалана білуге баулу;

  3. Өзінің білгенін өзгелерге үйрету және үйрену;

  4. Жан-жақты алған білімін бір-бірімен үйлестіре, ұштастыруға баулу;

  5. Өзін де, өзгені де бағалай білуге үйрету.


«Жеке тұлға» анықтамасын даралық және тұлға деген екі ұғымдарға бөлуге болады.

Даралық – адамның бірегей және әмбебап қасиеттерінің бірлігі, тұтас жүйе. Адамзаттың прогресс жолымен дамуы үшін қажетті шарттарының бірі. Сондықтан да әр оқушы дара тұлға болып қалыптасуға тиісті.

Тұлға - жеке адамды белгілі бір қоғамның немесе қауымдастықтың мүшесі ретінде сипаттап, оның әлеуметтік маңызды нышандарының орнықты жүйесі мағынасында қолданылады. Тұлғаның даралық қасиеттері қызметтің белгілі бір түрін жемісті атқарудың субьективті алғышарттары болып табылады. Тұлғаның қасиеттерінің негізгі түрі – қабілет.

Дарынды балаларды зерттеу үшін педагогикалық-психологиялық әр-түрлі әдістерді пайдалану керек. Мысалы, жас ерекшелігіне сәйкес іс-әрекетін, танымдық, ғылыми көзқарасын, ойлау қабілетін, мінез-құлқын тесттер, тренингтер арқылы зерттеу қажет.


Шығармашылық Еркін сөйлеу Логикалық ойлау

белсенділігі қабілеті


Сөзді қорының^ Дарынды оқуш Өз бетімен

молдығы ізденуі


Пікірін дәлелдеп Білімге құштарлығы Білімнің

қорғай алуы жан-жақтылығы


Өзекті тақырыпты нәтижелі жүзеге асыру мақсатында ол үш негізгі кезеңге бөлінді. Олар:

  1. Теорияны меңгеру кезеңі (2008-2009 оқу жылы)

  2. Эксперименттік кезең (2009-2012 оқу жылы)

  3. Қорытындылау кезеңі (2012-2013 оқу жылы)



Кесте 1. І – кезең: Теорияны меңгеру




^ Педагогикалық – психологиялық әдебиеттерді оқу

Орындалу мерзімі

Әдебиеттер бойынша пікір алмасу

Қолданылған әдебиеттер

1

Тарихты оқытудың әдістемесі

Жыл бойы

Бірлестік отырысы

Г.В. Рогова

2

Мектеп тәжірибесіне коммукативтілікті енгізу.

Қыркүйек, қазан

Бірлестік отырысы

Е.Н. Пассов және

басқалар.

3

Коммуникативтілі оқытудың әдістемесі

Желтоқсан

Бірлестік отырысы

Е.Н. Пассов

Якиманская О.С.

4

Жобалар әдісі

Қаңтар




Е.С. Полат

5

Тарих сабағындағы шығармашылық және қызығушылқыты туғызу жолдары

Жыл бойы




Буланкина Н.Г.

6

Тарихты оқытуда интернетті пайдалану

Жыл бойы

Ашық сабак

Астафурова Т.Н.

7

Жеке тұлғаның психологиясы

Жыл бойы




Психология

Немов Р.С.

8

Қоғамдық қатынастардағы психологияның орны

Жыл бойы

Мектепшілік семинар

Психология

Немов Р.С.

9

Вербалды−логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Жыл бойы




Рогов Г.И.



Кесте 2. ІІ – кезең: Эксперименттік



^ Оқушылармен жүргізілетін шығармашылық жұмыстар

Орындалу мерзімі

Көрсетілетін орны

1

Эксперимент сыныбын таңдау

Қыркүйек (2009 ж)

7 – 11 сыныптарда

2

Тәжірибені іске асыру мақсатында,

жаңа ақпаратты технологияны

пайдалана отыра сабақтар жүргізу.

Жыл бойы

2009-2010 жж.

2010-2011жж.

2011-2012 жж

Мектеп ішілік өзара сабаққа қатысу, тәжірибе алмасу.

4

Тарихқа қызығушылық көрсеткен оқушылармен қосымша жұмыстар жүргізу.

2009-2012 оқу жылдары

Мектеп ішілік, қалалық олимпиадаларға қатысу.

5

Оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарға қатыстыру. Шығармашылық жұмыстарын жинақтау.

2009-2012 оқу жылдары

Рефераттар қорғау, жобалау жұмыстарын қорғау, оқушы портфолиосын жинатау.

6

МАБ-ке оқушылар әзірлеу.

2009-2012 жж.

МАБ-та



^ Кесте 3. ІІІ – кезең: Қорытындылау



Ұстаздың зерттеу жұмысының нәтижесі.

Мерзімі.

^ Нәтижесін қайда көрсетеді.

1

Өзекті тақырып бойынша жүргізілген сабақтардың жоспарын жинақтау.

2009–2013 жыл аралығында

Мектепте, бірлестік бойынша

2

Бағдарлы оқыту сыныптары бойынша оқулыққа қосымша бағдарлама әзірлеу.

2012-1013 оқу жылы

Қала бойынша.

3

Қазақстан және Дүние жүзі тарихы туралы электронды оқулықтар әзірлеу.

2012-2013 оқу жылы

Қала бойынша

4

Мектеп, бойынша өзекті тақырып бойынша сабақтар көрсету.

II-III тоқсанда

Мектеп, қала бойынша.

5

Оқушы және мұғалім портфолиосын жинақтау.

Жыл бойы.

Бірлестік, мектеп, қала бойынша.

6

Баспа бетіне мақала әзірлеу.

Әдістемелік кітапшалар шығару.

III-IV тоқсанда көкек- наурыз


Қазақстан мектебінде журналы.


Өз бетімен жұмыс жасайтын жеке тұлғаны қалыптастыру үшін сабақтан тыс жұмыстарда өз ықпалын тигізеді. Олар: «Зерде» ғылыми қоғамы, басқа білім мекемелері, интернет, кітапхана және басқа да ақпарат көздерінің пайдасы зор.

Сабақта және сабақтан тыс жүйелі жүргізілген жұмыс оқушы бойына іскерлік пен дағдыны қалыптастырады. Бұны оқушылардан алынатын тест, бақылау, өздік жұмыстар, емтихан жұмыстарының нәтижесі көрсетеді. Сұрақтар мен тапсырмалар логикалық жүйеде құрылады. Сондықтан тоқсан сайынғы мониторингтің қорытындысы оқушы дамуын көрсете алады.

Тарих сабағында оқушы оқулықтағы тақырыптың мазмұнын білумен шектелмей, ол тақырыпты кеңейтіп зерттейді, әрі зерттеп тапқан жұмыстарын алған біліміне сәйкес бойына сіңіреді. Мысалы, сын тұрғысынан ойлау технологиясымен сабақ бергенде «аялдамамен оқыту» стратегисында оқушы әр обзацтан кейін тақырыптың қалай жалғасатынын ойша зерттеп, өз ойынын сәйкестігін тақырыппен салыстырады.

Сонымен қатар модульдік техногияның және де деңгейлік тапсырмаларды сабақ беру барысында пайдалану оқушылардың материалды жоғары деңгейде меңгеруде үлесі үлкен болып табылады.

Оқушы логикасының дамуы оқушының мінез-құлқы мен тәрбиесіне де әсер етеді. Бірнеше рет алынған сауалнамалардан оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуі пәнге қызығушылығын арттырып, тарих пәнінің өзге пәндерден өзгешелігін, ерекшелігін тани білуіне көмектеседі. Бұлайша оқушылардың жетілуі емтихандарға дайындау кезінде пәнді тез қабылдап ұғынуына пайдасы зор.

Бұл жұмыстардың нәтижесі ретінде МАБ-тың қорытындысында, қалалық ғылыми жобалар байқауында жүлделі орындардың және олимпиада қорытындыларын айтуға болады.


Қорытынды: Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 45 минут сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қомай шығармашылықпен жан-жақты жетілуі керек. Білімді алуда іс-әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ сақталады. Ол жұмыс істеуге, ізденуге, талдауға үйренеді. Осылай жан-жақты жетілген бала ғана болашақта өмірден өз орнын таба алатын, жеке тұлға ретінде қалыптасады.

Қазіргі нарықтық экономикалық жағдайда өмір сүріп отырғандықтан оқушыларға тарихи-экономикалық материалдарды да терең оқыту керек. Соныдқтан, алдымен Қазақстан тарихының тарихи экономикалық материалында кездесетін фактілерді, құбылыстарды дүние жүзі тарихында оқытылып жатқан елдердің осындай ұқсас материалдарымен байланыстырып отыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, себептерін оқушыларға түсіндіру қажет. Сонда оқушылар күш жігерімен, еркімен өмір сүретін қоғамда орнын таба алады.



Похожие:

Жаңа білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру iconБілім беру үрдісін ақпараттандыру
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын...
Жаңа білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру iconМодульдік технологияны қолдану арқылы қазақ тілі сабағында оқушылардың білім сапасын көтеру
Ел алдындағы маңызы зор міндет. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жол сілтеп адам дәрежесіне...
Жаңа білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру iconАудандық білім беру бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Мақсаты: Білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілікке бағытталып жаңғыруы жағдайында білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігі...
Жаңа білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру iconДамыта оқытудың тиімділігі
Дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, ОҚушылардың субъекті ретінде білім сапасын арттыру
Жаңа білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру iconҚазақ тілінен білім сапасы деңгейін арттыруда жеке білім беру картасын қолданудың маңызы
Оқушылардың шығармашылық әрекеті тек жаңаны қабылдауымен шектелмейді. Жұмыс оқушы өзі ойланғанда, тапсырма беріліп, ол игерілген...
Жаңа білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру iconБастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін арттыру
Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып,оқушылардың логикалық ойлау қабілетін және ой-өрісін дамыту
Жаңа білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру iconҚ. Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің химия пәні мұғалімі Жанжаксина Альмира Шайхслямқызы
Саулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім үдерісін ақпараттандыру –жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану...
Жаңа білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру iconҚұзыретті тұлға қалыптастыру жолдары Білім беру үрдісінде субъектілердің құзыреттілігін дамыту
Зыретті тұЛҒА Қалыптастыруда оқушылардың жеке бес ерекшеліктерін ескере отырып, ОҚу-ойлау қабілеттерін жетілдіру
Жаңа білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру iconАзаматтық және патриоттық білім беру мектебі шарттарында педпгогтар мен оқушыларда субъективтілікті дамыту
Дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, бастауыш сынып оқушыларының танымдық ҚҰзіреттілігін қалыптастыру
Жаңа білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру iconАлға қойылған мәселе оқытудың жаңа элементтерін пайдалану арқылы
Мектепте берілетін білім мазмұны тәрбиелеу мен сезімді дамытудың барлық өрісін ескере отырып, оқытудағы негізгі салмақты оқушылардың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы