Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі icon

Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі



НазваниеКіріспе Зерттеудің көкейкестілігі
Дата конвертации07.01.2013
Размер75.88 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазіргі мектептегі білім сапасын жетілдіру оқу үрдісінің субьект дамуының

жағдайы

Қазақстандық патриоттық және азаматтық белсенділік – тәрбие үрдісіндегі

субьект даму шартының бірі

Халықтар тұрмысының ерекшеліктерін, ел мәдениетін , тарихын оқыта

отырып, құндылықтарға тәрбиелеу


Усимбаева М.С

КММ «№23 орта мектеп»


ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІН ЕСКЕРІП, ҚАЗАҚТЫҢ АСПАПТЫҚ МУЗЫКАСЫН ҮЙРЕТЕ ОТЫРЫП, ҚҰЗЫРЕТТІ ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУ


Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: « Бәрі де мектептен басталады, сондықтан біз 2013 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшіп , педагогтардың кәсіптік деңгейін, оқулықтар мен білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға тиіспіз». «Біз мұғалім мамандығының беделі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз, » - деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында » атты дәстүрлі Жолдауында атап көрсетуі мұғалімдер алдына үлкен жауапкершілік жүктеп отырғаны анық.

Бүгінгі таңда заман талабына сай өнегелі де, өнерлі, білімді, білгір жеке тұлға тәрбиелеуде жас ұрпақтың таланты мен дарынын ашып, келешек еліміздің тұғырлы туын биік ұстап, еңселі Елтаңбасын көзінің қарашығындай сақтап, Әнұранын асқақтата шырқайтын, шығармашыл тұлға тәрбиелеуде- осынау қадір-қасиеті жоғары, жан дүниесі рухани байлыққа кенелген, киелі де, ұлы тұлға – ұстаз.

Өйткені, жаңа ХХI ғасырда білімін бәсекеге қабілетті етіп дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Ал, жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты биік, өз отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеудегі басты тұлға – ұстаз. Сондықтан бүгінгі таңда шығармашылық ізденісіміз бен жемісті еңбегіміздің нәтижесінде шынайы жаңару жолына шығуға толық мүмкіндіктің негізін қалаймыз.

Мектептегі музыка сабағы тек қана музыка жөнінде мағлұмат беріп қоймай, ең бастысы- біздің өсіп келе жатқан жас ұрпақты жоғары идеялық- адамгершілік және азаматтық қасиеттерге дағдыландыру болғандықтан, жоғарғы деңгейде міндеттер қойылады. Музыка пәні ең бірінші көркемдікке, сұлулыққа, эстетикалық талғампаздыққа үндейтіні анық. Қазақтың ұлттық музыка тілін түсіну арқылы рухани бай, шығармашылығы мол, жан-жақты дамыған музыка өнерін, отанын, туған елі мен жерін сүйетін тұлға тәрбиелейді десем және қателесе қоймаспын. Сондықтан әр тақырыпты бастамас бұрын немесе сабақтан тыс уақытта оқушылардың қызығушылығы мен белсендігін арттыру мақсатында қазақтың музыка тілінің көркемдеуші құралдары туралы білім игертуге, дәстүрлі қазақ музыкасы және оның халық өмірімен байланысты, аспаптық музыка туралы, қазақ халқының ауыз әдебиеті мен халық музыкасы туралы жүйеленген мәліметтер беруге, азаматтық, отансүйгіштік, адамгершілік сияқты қасиеттерді қолдануға болады.

Жеке басымның проблемалық тақырыбым бойынша байқағаным, зерделеп көңілге тоқығаным музыка әлемі әрбір оқушыны әсемдікке баулиды, рухани мәдени деңгейін көтеруге табиғи жағдай жасайды. Оларды өнерпаздыққа баулу өмір заңдылығы болса керек.

^ Зерттеу обьектісі- оқу-тәрбие үрдісінде оқушының белсенділік қабілетін дамыту

Зерттеу пәні- қазақтың музыкалық тілі туралы музыкалық танымдарын жүйелі түрде дамыту

^ Зерттеу мақсаты- музыка сабағында дәстүрлі қазақ музыкасын және ұлттық музыканың ғаламдану үрдісі дамып қалыптасу кезеңде ДЭККО жанры туралы түсінігін кеңейту

^ Зерттеу болжамы- егер болашақ ұрпақты қазақтың ұлттық музыка өнерімен тәрбиелесе, онда процесс субъектілерінің бүгінгі таңда заман талабына сай өнегелі де,өнерлі,білімді де білгір азамат тәрбиелеуде жас ұрпақтың таланты мен дарынын ашылып ,келешек еліміздің түғырлы туын биік ұстайтын, еңселі Елтаңбасын көзінің қарашығындай сақтап, Әнұранын асқақтата шырқайтын, шығармашыл осынау қадыр-қасиеті жоғары, жан дүниесі рухани байлыққа кенелген, киелі де ұлы тұлға тәрбиеленеді.

Зерттеудің мақсатын іске асырып, болжамды тексеру үшін төмендегі зерттеу міндеттері анықталды:

1)Орындаушылық дағдысын меңгерту.

2)музыканы саналы түсінуге баулу

3)Оқушының шығармашылық қиялын дамыту

^ Зерттеу әдістері:

  • аналитикалық ( әдебиеттерді талдау, модельдеу, жіктеу,жалпылау, т.б.)

  • диагностикалық (сауалнама, жеке және топтық әңгіме, сұхбат, бақылау)

Зерттеу кезеңдері: . Зерттеудің болжамы, мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні қалыптасты, базалық ұғымдар нақтыланды.

  • бірінші кезеңде (2008-2009 ж.ж.) проблемалық зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді оқу және жинақтау.Пәнаралық байланыстарын қарастыру, оқушыларды аспаппен қамтамасыз ету.Мектеп ішілік семинар сабағы,қала аралық сабақтар3орта мектебінің мұғалімі Талғат Асылбекұлының, «Дарын» мектеп-лицейінің мұғалімі Абай Сабырбекұлымен тәжірибе бөлістім.

  • екінші кезеңде (2009-2010ж.ж.) эксперимент іске қосылды.

  • үшінші кезеңде (2010-2011 ж.ж.) жас өспірімдердің рухани мәдениетін қалыптастыру музыка мәдениетіне тәрбиелеу жүйесін қолдану және енгізу тиімділігі бойынша эксперимент мәліметтері талданды және өңделді. Алынған нәтижелер салыстырылды және жалпылама қорытындылар, ұсыныстар жасалды.

^ Зерттеудің негізгі базасы: «№23 орта мектеп» 5«к» сынып оқушылары ;

Негізгі бөлім : ДЭККО жанры туралы зерттеу

«ДЭККО» жанры- жаңа компьютерлі домбыра жанры болып табылады. Ал мұндай технология домбыра аспабы меңгерген, оғана дәлел ДЭККО жанры. ХХІ ғасыр компьютерлік өнердің дамуы және ғаламдану үрдісі ұлттық музыкамыздың дамып қалыптасу кезеңі. Музыка сабағыда «Музыка тыңдатпайынша,тәрбие беру,балалық шақтың өзінде адамның сүйіп тыңдайтын ән-күйінсіз тәрбие беру деген менің басыма қонбайтын нәрсе»-деп В.В.Сухомлинскиидің тәрбие саласына өнердің орнын ерекше бағалап пікірін айтқан. Олай болса, музыка әуені белгілі бір аспаппен құралады. Домбыра өнері әуенді құрап адамның сыртынан қаулап, жан сезіміне ұялап, жанын тазартып, өмірде сүйіп, қызығушылығын арттырады. Домбыра өнері тәлім тәрбие үлгісінің басты баспалдағы, оған дәлел сабақта өтілген дәлел бабалардан қалған мұра күйлер, ән, ертегілер, айтыс пен терме өсиеттер.

Домбыра үйрену-еңбек. Домбыра пернесін басып әуен шығару-поэзия, логика. Домбыра- екі ішегін тартып, есту-физика. Домбырада күй тыңдау-бейнелеу. Домбыраға қосылып ән-терме, өсиет орындау-әдебиет. Домбырадағы күй аңызы, ән әңгімесін айту- тарих. Күй сезімінің мәнін жеткізу-философия. Айтысқа түсу-демократия. Аспапты меңгеру, халық алдына шығу-артистизм, театр. Әуеннің пайда болуы- музыка. Әр адамға бәрінен қымбат анасы мен әкесі, алған тәрбие, тарихы, ұлттық музыкасы мен тілі қымбат. Егер осы бес мұраны жетесіне жеткізсе отбасында береке, жауына алдырмас қамал бола алады. Өз тегін, тілі мен домбырасын ұмытса оны менсінбей қиық көзбен қарайтын болса, онда біртіндеп бәрін ұмытады. Олай болса домбыра өнері бойынан шыққан әуен, ата-бабаның аманат етіп қалдырған аспабы, келіп жеткен киесі, кеппеген иісі аңқып тұрған өнер болашақ ұрпақты сақтай алады, -деген Жасарал Еңсеповтың қазақтың ұлттық менталитетінің айнасы- домбыра туралы айтқан құнды пікірі осыған дәлел.

Қай халықтың да ұлттық тілі мен өнері болады.Халқымыз ертеден-ақ өнерді ерекше қастерлеп, жез таңдай әншілері мен күйшілерін, тілге жүйрік шешендерін, бармағы майысқан шеберлерін құрметтеп, майталман таланттарға бас иіп, олардың өнерін мақтан еткен, өздері де солардай болуға ұмтылып отырған.

«Өнер жастан шығады», - дейді халық даналығы.Сол жастар – оқушылар.

Болашақ ғалым, ұл жазушы, көрнекі өнер қайраткерлері жас өрендер. Өнерпаздық, тапқырлық, шешендік, даналық деген қадірлі қасиеттер адам бойында бірден пайда болмайды – жастан ізденуден, үйренуден, машықтанудан, ерікті тәрбиелей білуден шығады, бірте – бірте дамып қалыптасады.

Домбыра бойындағы әлеуметтік қызмет

  • Домбыра – еңбекқорлыққа үйретеді

  • Домбыра – шежірені білуді талап етеді

  • Домбыра - адамның ішкі жан дүниесін емдеп, көңілін көтереді, денсаулығын нығайтады

  • Домбыра – иманды болуға жол ашады

  • Домбыра – әдебиеттің дамуына ықпал етеді

  • Домбыра – жарысу мен таласуға, ізденуге баулиды

  • Домбыра – рухани ынталандырады

Сонымен, біз эксперимент қорытындысын талдау барысында мынадай қорытындыға келдік:

а) әрбір тұлғаны ұлттық салт-дәстүр мен ата-баба мұраларын қастерлеуге, тілі туралы түсінуге баулу;

ә) мәдениетті сөйлеуге, ұлттық мәдениетті сақтауға тәрбиелеу;

б) тақырып маңайында жүргізілетін жұмыстар қарама-қайшылықтарды бейбіт жолмен шешуге апарады және оқушының оң шешім қабылдауына ықпалын тигізеді;

Қорытынды:

Зерттеу жүргізу барысында біз төмендегідей тұжырымдарға келдік:

  1. Оқушылардың ұлттық аспапқа деген қызығушылығы артып, еліміздің егемендік алуы, рухани қайта түлеуіміз, төл музыка көкжиегін кеңейтуге көп мүмкіндік берді.

  2. Музыка өнері біздің білім өрісімізді, өмір қиындығы жайлы түсінігімізді молайтып, әдемілік сезіміне биік адамгершілік қасиетіне, моральдік табандылыққа, адамгершілік қасиетіне баулиды.

  3. Қазіргі таңда қазақтың ұлттық музыка тілін түсіну арқылы рухани бай, шығармашылығы мол, музыка өнерін, Отанын сүйетін тұлға тәрбиеленеді.

  4. Оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамып, жаңа жанрға деген қызығушылығы артады.

Жүргізілген зерттеу жұмысы бірқатар теориялық және практикалық маңызы бар ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:

  1. Оқушылармен сыныптан тыс жұмыстарды жүйелі жүргізе отырып, музыкадан алған білімдерін бекіте отырып, эстетикалық ой-өрісін дамыту.

  2. Мектептегі мерекелерге, кештерге, қалалық іс-шаралар, конкурстарға белсене ат салысу.

  3. Оқушыларға музыка өнерімен музыкалық білімнің негізін қабылдауға, шығармашылық үрдіске баулуға үйрету.



ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Халық сазы.Алматы: Ғылым, 1992 ж.

  2. Жас жеткіншекке халықтық музыка аспаптары арқылы эстетикалық тәрбие берудің маңызы /Жоғары оқу орны, орталық ғылыми еңбектер жинағы.алмаьы, 2009 ж./

  3. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында» жолдауы 2009 ж.

  4. Қ.Бітібаева «Азаматтық әуенмен ұлттық рух» Қазақстан мектебі, 2006 ж.№9

  5. «Өнер – бұлақ, білім - шырақ» Жүнісов Уатхан 2011 ж.





Похожие:

Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі icon«Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы
Р Үкіметінің 2010. 21. 10. №1092 Қаулысымен (бұр ред.қара); 2011. 11. 03. №253 Қаулысымен (бұр ред.қара) кіріспе өзгертілді; ҚР Үкіметінің...
Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі iconIii газ заңдары – 5 сағат 10 сынып II тоқсан
Жылулық құбылыстар және оларды зерттеудің екі әдісі. Ішкі энергия. Оны өзгерту тәсілдері
Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі icon2013 жылдың тамызда жалпы мемлекеттік статистикалық бакылаулар бойынша бастапқы статистикалық мәлеметтерді респонденттердің тапсыру кестесі
Дербес энергия көздері бар кəсіпорындарды (ұйымдарды) іріктеп зерттеудің сауалнамасы
Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі iconҚазақстан республикасында шағын жинақты мектептерді дамытудың
Кіріспе
Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі iconЖеке тұлғаны адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің көкейкестілігі
С бейнесін қалыптастыруға, көптүрлі мәдениеттерді құрметтеуге тәрбиелеуге, руханилыққа, адамгершілікке қызығушылығын оятуға, өскелең...
Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі iconҒылыми зерттеу жұмысының тақырыбы: «Компьютерлік вирустар және олармен күресу»
Кіріспе
Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі iconКазталов аудан әкімдігінің 2011 жылғы № қаулысымен бекітілген
Пайымдау және кіріспе бет
Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі iconКоммуникативтік технологияны қолдану арқылы бастауыш буын оқушыларының тілдесім білім-біліктіліктерін
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш буынды оқытудағы сөйлесім дағды-шеберліктерін қалыптастыру, дамыту бойынша коммуникативтік технологияны...
Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі iconСынып: 6 Пәні: математика
Мұғалімнің кіріспе сөзі: өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар. Әр топқа үш сұрақтан
Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі iconМазмұны кіріспе
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуы. «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы