Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың icon

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың



НазваниеЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
Дата конвертации07.01.2013
Размер341.08 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2007 жылғы «19» желтоқсандағы № 638 бұйрығымен бекітілген


Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың

үлгі ережесі


1. Жалпы ережелер

 

1. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) және жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.

2. Жоғары оқу орындарында студенттер контингентiн қалыптастыру бюджеттiк қаржыландыру мамандар даярлауға мемлекеттiк тапсырысты (бiлiм беру гранты) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа қаражат көздерi есебінен оқуға төлеу арқылы жүзеге асырылады.

Бiлiм беру гранты Қазақстан Республикасының азаматымен бiрдей басқа мемлекет азаматы болып табылатын қазақ ұлтының өкiлдерiне, Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға, сондай-ақ белгіленген квотаға сәйкес Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Тәжiкстан Республикасының және Қырғыз Республикасының азаматтарына берiледi.

Басқа шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар жоғары оқу орындарына (бұдан әрі - ЖОО) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарға сәйкес қабылданады.

3. Жоғары оқу орындарына азаматтарды қабылдау ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң (бұдан әрi - ҰБТ) немесе Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм беру мен тестiлеудiң мемлекеттiк стандарттарының ұлттық орталығы (бұдан әрi - БТМСҰО) әзiрлеген технология бойынша өткiзiлетiн кешендi тестiлеудiң нәтижесi бойынша берiлген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша азаматтарды оқуға қабылдау кешенді тестілеу нәтижелері бойынша өткізіледі.

Кешендi тестiлеу ҰБТ-ның нәтижесi бойынша ең төменгі балдар деңгейі кемінде 60, оның ішінде бейіндік пән бойынша кемінде 7 және қалғандары бойынша кемінде 3 балл жинаған ағымдағы жылы жалпы орта бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер; өткен жылғы бітірушілер үшін, бастауыш және кәсiптiк орта оқу орындарын бiтiрушiлер (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі), халықаралық оқушылармен алмасу желiсi бойынша шетелде оқыған ҰБТ-ға қатыспаған жалпы бiлiм беретiн мектепті бiтiрушiлер, өзбек, ұйғыр және тәжiк тілдерiнде оқытатын жалпы орта білім беретін мектептi бiтiрушiлер, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бiтiрген азаматтар үшін өткізіледі.

5. Азаматтарды ақылы негізде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындары жүзеге асырады.

6. Азаматтарды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiне, Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiне, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің комитетіне, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігіне ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына қабылдау 1-қосымшаға сәйкес кешендi тестiлеудiң сертификатындағы балдарға сәйкес жүргізіледі.

7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтарды жоғары оқу орындарына медициналық мамандықтардан басқа ақылы негiзде қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

Ұқсас мамандықтарға қабылдау бекітілген тізбеге сәйкес өткізіледі.

Кәсiптiк жоғары бiлiмi бар (жоғары) азаматтарды жоғары оқу орындарына ақылы негiзде қысқартылған мерзiмде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

8. Екi немесе одан көп елдер арасында мемлекетаралық келiсiмдер бойынша құрылған халықаралық жоғары оқу орындарына мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде белгiленген квота бойынша шетел азаматтарын қабылдауды жоғары оқу орындары дербес түрде жүзеге асырады.

9. Оқу орындарына оқуға қабылдау кезінде «Кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде адамдардың жекелеген санаттары үшін қабылдау квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысымен бекітілген қабылдау квотасы белгіленеді.

Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген бакалавр және жоғары арнайы білім мамандықтарының тізбесі осы Қабылдаудың үлгі ережесінің 2-қосымшасына сәйкес белгіленеді.

10. Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша мемлекеттiк құпиялармен жұмыс iстеудi талап ететiн жоғары бiлiм берудiң жекелеген мамандықтары бойынша оқуға қабылдауды ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар білім беру ұйымдары жүзеге асырады.

11. Азаматтарды арнаулы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтарға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.

12. Кешенді тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.

Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 1 шілде аралығында ЖОО қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар тек қана бір шығармашылық мамандықты көрсетеді.

6-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына өтiнiштердi қабылдау мерзiмiн тиiстi мемлекеттiк органдар белгiлейдi.

13. Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар өздері таңдаған ЖОО қабылдау комиссиялары өткізетін арнайы (шығармашылық) емтихан тапсырады.

Арнайы (шығармашылық) емтихан 2 7 шілде аралығында өткізіледі.

Шығармашылық емтихан бойынша ең жоғарғы балл саны - 45.

Арнайы (шығармашылық) емтихан бойынша 10 балдан төмен алған немесе емтиханға келмеген талапкерлер осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді.

Арнайы (шығармашылық) емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

14. Шығармашылық мамандықтарға, сондай-ақ Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарынан басқа 6-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсу кезiнде өтiнiштер ЖОО орналасқан жерде қабылданады.


2. Кешенді тестілеуді өткізу

15. Кешенді тестілеу білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес тестілеу өткізу пункттерінің базасында (базалы ЖОО) өткізіледі.

Шығармашылық мамандықтарға түсетін, сондай-ақ 6-тармақта көрсетілген мемлкеттік органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсетін азаматтарға кешенді тестілеу азаматтың таңдаған ЖОО-ға бекітілген базалы ЖОО-да өтеді.

16. Жергілiктi жерде ұйымдастыру және ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзу үшiн талапкерлердiң кешенді тестілеуін ұйымдастыру мен өткізу жөнiнде мемлекеттік комиссиялар құрылады (бұдан әрi - мемлекеттік комиссия).

Мемлекеттік комиссия тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды қолданған (ақпараттық материалдар, электронды жазба кітапшалары, калькулятор, ұялы телефон, пейджер және басқа да байланыс құралдары) талапкерлердің тестілеу нәтижелерін жою туралы шешім қабылдайды.

17. Кешенді тестілеуге қатысу үшін азамат жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтiнiшін, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік) немесе кәсіптік орта (ортадан кейінгі) оқу орнының аттестатын немесе дипломын (түпнұсқа), тест сынағын өткiзуге қажеттi ақыны төлегенi туралы түбiртекті (квитанция), 3х4 көлемiндегi екi фотосуретті, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесiн тапсырады.

18. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі.

19. Кешендi тестiлеуге келген талапкер куәлiгiн (төлқұжат) және емтиханға рұқсат қағазын көрсетуi тиiс.

20. Кешенді тестілеу азаматтардың қалауы бойынша қазақ және орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде 3-қосымшаға сәйкес талапкердің таңдаған мамандығына байланысты анықталған үш пән бойынша өткізіледі.

21. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны 30. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір балмен бағаланады.

Шығармашылық мамандыққа түсуші азаматтар үшін кешенді тестілеудің екі пәні бойынша балдары есептеледі: қазақ немесе орыс тілі және дүниежүзі тарихы.

22. Кешенді тестілеуге 2 астрономиялық сағат бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыру рұқсат етілмейді.

23. Кешенді тестілеу нәтижелерін өңдеу кешенді тестілеу жүзеге асырылған жоғары оқу орнында өткізіледі.

24. Тестiлеуден кейiн өткiзiлетiн жауап парақтарын сканерлеу аяқталғаннан кейiн бiрден дұрыс жауаптар коды iлiнедi.

25. Сертификаттарды алу үшiн өткiзiлген тест нәтижелерiн мемлекеттік комиссия тест сынағы өткiзiлген күнi жариялайды.

26.  Кешенді тестлеу нәтижелері бойынша әр қатысушыға белгiленген үлгідегі сертификат толтырылады, оны мемлекеттік  комиссия тест сынағы өткеннен кейiнгi үш күнтізбелік iшiнде бередi.

27. Тест сынағының нәтижесiмен келiспеген азаматтың апелляцияға өтініш беруге құқы бар.

Апелляциялық комиссия әрбір базалы ЖОО-да құрылады.

Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша талас тудыратын сұрақтарды республикалық аппеляциялық комиссия қарайды.


3. Білім беру грантын тағайындау тәртібі

 

28. Бiлiм беру грантын тағайындау конкурстық негiзде белгіленген мемлекеттiк тапсырыс шегінде нақты мамандықтар және тiл бөлiмдерi бойынша жүргiзедi.

Тағайындауды білім саласындағы уәкілетті органның конкурстық комиссиясы жүзеге асырады.

29. Білім грантын бөлу конкурсына қатысу үшін азамат жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтiнiш, білімі туралы құжат (түпнұсқа), кешенді тестілеудің сертификаты, 3х4 көлемiндегi екi фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесiн өткiзедi.

Білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін азамат өтініште өзі таңдаған ЖОО мен мамандықтарды көрсетеді.

Кешенді тестілеу пәндері сәйкес келген жағдайда азамат 3-қосымшада анықталған төрт мамандықты көрсете алады.

30. Білім беру грантын алу үшін басым құқыққа ие азаматтар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына құқықты растайтын құжат тапсырады.

31. Шет тілінде берілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды расталған аудармасы болуы тиіс.

Шетелдік білім беру ұйымдарымен берілген білімі туралы құжаттар белгіленген тәртіпте нострификаттанылуы тиіс.

32. Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектер, бала кезден мүгедектер, мүгедек балалар таңдаған мамандығы бойынша оқу үшін теріс көрсеткіштің жоқтығы туралы медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) қорытындысын ұсынады.

33. Білім беру грантын бөлу конкурсына қатысу үшін өтініштер 23-31 шілде аралығында қабылданады.

34. Білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысушы азаматтар үшін белгіленген қабылдау квоталары (жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, I, II топ мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедек­теріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар, бала кезінен мүгедек, мүгедек балалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар үшін) барлық мамандықтар бойынша бөлінеді.

35. Шығармашылық мамандықтарын таңдаған талапкерлер, оның ішінде “Алтын белгі” белгісінің иегерлері білім беру грантын алу конкурсына бір мамандық бойынша қатысады және тек шығармашылық емтихан тапсырған жоғары оқу орнын ғана көрсетеді.

36. Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін төменгі балл деңгейі 45 балды құрайды, оның ішінде кемінде 7 балл бейіндік пәннен, (кемінде шығармашылық емтихан бойынша 10) ал қалған пәндерден кемінде 3 балл болуы қажет

37. Білім беру гранттарын алуға сертификат балдарына сәйкес конкурс өткізілген кезде:

1) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған оқушылардың;

2) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталған), республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстардың (I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың ағымдағы жылғы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандығының олар жеңімпазы болып табылатын олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда басым құқығы болады.

Халықаралық және республикалық олимпиадаларды, ғылыми жарыстарды, орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстарды дайындау мамандықтары мен пәндері бекітілген тізбеге сәйкес болу қажет.

38. Білім беру гранттары бірінші кезекте осы үлгі ереженің 37-тармағына сәйкес ЖОО-ға түсуге басым құқығы бар азаматтарға тағайындалады.

39. Бұдан әрі білім беру гранттарын тағайындау талапкерлер өтініш білдірген тіл бөлімдері, жоғары оқу орындары және мамандықтардың реті бойынша кешенді тестілеудегі сертификаттар балдарына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.

40. Тiл бөлiмдерiнiң бiрiнде босаған орындар мамандықтар iшiнде конкурстық негiзiнде тағайындау үшiн берiледi.

Бiлiм гранттарын конкурстық тағайындаудан кейiн қалған бос орындар мәлiмделген оқыту нысанына және тiл бөлiмiне қарамастан, жоғары өту балымен мамандықтарға дайындау бағыттарының iшiнде қайта бөлiнедi.

41. Сертификаттар балдарының көрсеткiштерi бiрдей болған жағдайда бiлiм гранттарын тағайындау, сондай-ақ бюджеттiк қаржыландыру арқылы тегiн мемлекеттiк бiлiм алудың басым құқығы жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға; бірінші және екінші топтағы мүгедек балаларға; соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне кепілдіктер мен жеңілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалаларға, бала кезден мүгедектерге; медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) қорытындысына сәйкес тиiстi бiлiм беру ұйымдарында оқуға тиым салынбаған мүгедек балаларға, үздік білімі туралы құжаттары (аттестаттары, куәліктері, дипломдары) бар, содан соң аттестаты немесе дипломының ең жоғарғы орта баллы бар азаматтарға беріледі.

42. Бiлiм беру грантын  алған азаматтарға білім беру саласындағы уәкілетті орган белгiленген үлгiдегi куәлiкті бередi.

Аталған куәлiк иелерiнiң тiзiмi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

43. Талапкерлерге кешенді тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссия бiлiм гранттарын  иеленген азаматтарды тиiстi куәлiк алу керектiгi туралы хабардар етедi.

Бiлiм беру грантын тағайындау туралы куәлiк азаматтарға қабылдау комиссиясына тапсырылған құжаттарымен бірге 15 тамызға дейiн беріледi.

 

4. Жоғары оқу орындарына қабылдау

 

44. Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары студенттер қатарына қабылдауды 10-25 тамыз аралығында өткiзедi.

Азаматтар жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (жалпы орта білім), кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі (түпнұсқа) туралы құжатын, 3х4 көлеміндегі 6 суретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, сертификатты, сондай-ақ білім беру гранты тағайындалғаны туралы куәлігін (ол болған жағдайда) қоса береді.

Студенттер қатарына қабылдау конкурсына қатысу үшін төменгі балл деңгейі ҰБТ нәтижесі бойынша 60 балды, ал кешендi тестiлеу нәтижесі бойынша 45 балды құрайды, оның ішінде бейіндік пәннен кемінде 7 балл, ал қалған пәндерден кемінде 3 балл болуы қажет.

45. Мемлекеттiк бiлiм беру грантын алу құқығына ие болғаны туралы куәлiк алған азаматтар, куәлiкте көрсетiлген ЖОО-ға қабылдау туралы өтiнiш бередi және ЖОО ректорының бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.

Шығармашылық мамандық бойынша мемлекеттiк бiлiм беру гранттарын тағайындау  туралы куәлiгi барлар өздерi арнайы (шығармашылық) емтихан тапсырған ЖОО-ға қабылданады.

46. Ақылы оқуға ағымдағы жылғы ҰБТ нәтижелері бойынша жалпы орта білім беру ұйымын бітірушілер, тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі балл жинаған кешенді тестілеуге қатысушылар қабылданады.

Оқуға қабылдау мамандықтар бойынша және тілдік бөлімдерге жеке жүргізіледі.

47. 6-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына студент қатарына қабылдауды талапкерлердің медициналық, тәндік және психофизиологиялық көрсеткiштерiн ескере отырып осы жоғары оқу орнының мандат комиссиясының сертификат балдарына сәйкес қабылдаған шешімімен жүргізіледі.

48. Меншiк нысанына қарамастан жоғары оқу орындары білім беру саласындағы уәкілетті органға белгiленген нысанда және белгіленген мерзiмде ақпаратты ұсынады, қабылдау өткізгеннен кейiн 10 күннiң iшiнде қабылдауды ұйымдастыру мен өткiзу жөніндегі қорытынды есепті, студенттерді қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, сондай-ақ одан бас тартқан білім беру гранты иегерлері куәліктерінің түпнұсқасын және жоғары оқу орнына келмеген тұлғалардың мәліметтерін (А.Т.Ә, мамандығы) бередi.

49. Осы Үлгі ережеде регламенттелмеген мәселелердi ЖОО-ның қабылдау комиссиялары дербес түрде шешеді.


Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №638 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне 1-қосымша


Күштік және өзге құрылымдарға ведомстволық бағынысты

жоғары оқу орындарының тізбесі




^ Жоғары оқу орнының атауы

Ораналасқан жері

1.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің академиясы

Алматы қ.

2.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды заң институты

Қарағанды қ.

3.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің Комитеті Қостанай заң институты

Қостанай қ.

4.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Құрлықтағы әскерлердің әскери институты

Алматы қ.

5.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кенес Одағының екі мәрте батыры Т. Я. Бегелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты

Ақтөбе қ.

6.

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің Қаржы полициясы академиясы

Ақмола облысы

7.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі Көкшетау техникалық институты

Көкшетау қ.

8.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шет тілдерінің әскери институты

Алматы қ.

9.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Петропавл жоғары әскери училищесі

Петропавл қ.

10.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-теңіз институты

Ақтау қ.

11.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ұлттық университеті

Көкшетау қ.

12.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы

Алматы қ.

13.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институты

Алматы қ.

14.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника мен байланыс әскери-инженерлік институты

Алматы қ.



Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №638 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне 2-қосымша


Ауылдық бiлiм беру ұйымдарын бiтiрген азаматтар

үшiн арналған Қазақстан Республикасы жоғары оқу

орындарына қабылдау квотасының жоғары арнайы бiлiм

және бакалавриат мамандықтарының тiзбесi

   

  Код 

     Мамандықтар топтары және мамандықтардың атауы     

Бакалавриат мамандығы

1. Бiлiм беру

050101 Мектепке дейiнгi оқыту және тәрбиелеу                    

050102 Бастапқы оқытудың педагогикасы мен әдiстемесi             

050103 Педагогика және психология                               

050104 Бастапқы әскери дайындық                                 

050105 Дефектология                                             

050106 Музыкалық бiлiм                                           

050107 Бейнелеу өнерi және сызу                                 

050108 Дене шынықтыру және спорт                                

050109 Математика                                               

050110 Физика                                                    

050111 Информатика                                              

050112 Химия                                                    

050113 Биология                                                 

050114 Тарих                                                     

050115 Құқық және экономика негіздері                           

050116 География                                                

050117 Қазақ тiлi мен әдебиетi                                  

050118 Орыс тiлi мен әдебиетi                                    

050119 Шет тілі: екі тіл                                       

050120 Кәсіптік оқыту             

050121 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті  

050122 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті

2. Гуманитарлық ғылымдар

050203 Тарих                                                     

050204 Мәдениеттану                                             

050206 Дінтану                                                  

050208 Археология және этнология                                

3. Өнер

050404 Дәстүрлі музыка өнері                                    

050418 Кiтапханатану және библиография                          

050419 Мұражай ісі және ескерткіштер қорғау                     

5. Әлеуметтік ғылымдар және бизнес

050504 Журналистика                                             

050505 Аймақтану                                                

050506 Экономика                                                 

050507 Менеджмент                                               

050508 Есеп және аудит                                          

050510 Мемлекеттік және жергілікті басқару                      

050511 Маркетинг                                                 

6. Жаратылыстану ғылымдары

050601 Математика                                               

050602 Информатика                                              

050604 Физика                                                    

050606 Химия                                                    

050607 Биология                                                 

050608 Экология                                                 

050609 География                                                 

050610 Гидрометеорология                                        

7. Техникалық ғылымдар және технологиялар

050701 Биотехнология                                            

050703 Ақпараттық жүйелер                                       

050706 Геология және пайдалы қазбалар көздерiн барлау           

050708 Мұнай-газ iсi                                            

050711 Геодезия және картография                                

050713 Көлiк, көлiк техникасы және технологиясы                 

050715 Теңiз техникасы мен технологиясы                         

050717 Жылу энергетикасы                                        

050718 Электр энергетикасы                                      

050719 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар       

050724 Техникалық машиналар және жабдықтар                      

050725 Ағаш өңдеу технологиясы                                  

050726 Жеңiл және тоқыма өнеркәсiбi тауарлары мен заттары       

       технологиясы                                             

050727 Тағамдық заттар технологиясы                             

050728 Өңдеу өндiрiстер технологиясы                            

050729 Құрылыс                                                   

050731 Қоршаған ортаны қорғау және өмiр сүру қауiпсiздiгi       

050732 Стандарттау, сертификаттау және метрология               

8. Ауыл шаруашылық ғылымдары

050801 Агрономия                                                 

050802 Зоотехния                                                

050803 Аң өндiру және аң аулау                                  

050804 Балық шаруашылығы                                        

050805 Суды қолдану және су ресурстары                           

050806 Агроинженерия                                            

050807 Орман шаруашылық iсi                                     

050808 Топырақтану және агрохимия    

050809 Жеміс-көкөніс шаруашылығы                      

050810 Мелиорация, жерді баптау және қорғау

9. Қызмет көрсету

050901 Көлiктi пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды 

      ұйымдастыру                                              

050903 Жерге орналастыру                            

050904 Тұрмыстық қызмет көрсету және сервис                     

050905 Әлеуметтiк жұмыс                                         

050906 Мәдени түрде дем алу жұмысы                              

10. Әскери iс және қауiпсiздiк

051001 Өрт қауiпсiздiгi                                         

11. Денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамтамасыз ету (медицина)

051101 Мейіркештік ісі                                                

051102 Қоғамдық денсаулық сақтау                                            

051103 Фармация

Жоғары арнайы бiлiм мамандықтары

2. Денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамтамасыз ету (медицина)
^

051301 Жалпы медицина


051302 Стоматология

3. Ветеринария

051201 Ветеринарлық медицина                                     

051202 Ветеринарлық санитария                                   



Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 638 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне 3-қосымша


Кешенді тестілеу жүргізілетін пәндер және бейіндік пәндер көрсетілген мамандықтар тізбесі




Пәндердің тізбесі

Мамандықтар топтарының атауы

Жоғары арнайы білім бакалавриат мамандықтары

Бейіндік пән

1

Математика, физика, химия

1.Білім беру

050109-Математика

Математика

050110-Физика

Физика

050111-Информатика

Математика

050112-Химия

Химия

2.Жаратылыстану ғылымдары

050601-Математика

Математика

050602-Информатика

Математика

050603-Механика

Математика

050604-Физика

Физика

050605-Ядролық физика

Физика

050606-Химия

Химия

050611-Астрономия

Физика

3.Техникалық ғылымдар және технологиялар

050702- Автоматтандыру және басқару

Математика

050703- Ақпараттық жүйелер

Математика

050704- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Математика

050705- Математикалық және компьютерлік моделдеу

Математика

050706-Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау

Математика

050707- Тау-кен ісі

Математика

050708- Мұнай-газ ісі

Математика

050709-Металлургия

Математика

050710- Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

Физика

050712-Машина жасау

Математика

050713- Көлік, көлік техникасы және технологиялары

Математика

050714- Авиациялық техника және технологиялары

Физика

050715- Теңіз техникасы және технологиялары

Математика

050716- Приборлар жасау

Математика

050717- Жылу энергетикасы

Математика

050718- Электр энергетикасы

Математика

050719- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Математика

050720- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

Химия

050721- Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Химия

050722-Полиграфия

Физика

050723-Техникалық физика

Физика

050724- Технологиялық машиналар және жабдықтар(салалар бойынша)

Физика

050725- Ағаш өндеу технологиясы

Математика

050726- Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы

Физика

050727- Азық-түлік тағамдары технологиясы

Химия

050728- Өндеу өндірістерінің технологиясы

Химия

050729- Құрылыс

Математика

050730- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру

Математика

050731- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

Математика

050732- Стандарттау, метролгия және сертификаттау

Математика

050733- Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы

Математика

4.Ауылшаруашылық ғылымдары

050806-Агроинженерия

Математика

050807- Орман шаруашылық ісі

Математика

5. Қызмет көрсету


050901- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

Математика

6.Әскери іс және қауіпсіздік

051001- Өрт қауіпсіздігі

Математика

051002- Ақпараттық қауіпсіздендіру жүйесі

Математика

2

Математика, химия, биология

1.Білім беру


050101-Мектепке дейiнгi оқыту және тәрбиелеу

Математика

050102-Бастапқы оқытудың педагогикасы мен әдiстемесi

Математика

050103-Педагогика және психология

Биология

050105-Дефектология

Биология

050113-Биология

Биология

2.Әлеуметтік ғылымдар және бизнес

050503-Психология


Биология

3. Жаратылыстану ғылымдары

050607-Биология

Биология

050608-Экология

Биология

4.Техникалық ғылымдар және технологиялар

050701-Биотехнология

Биология

5.Ауыл шаруашылық ғылымдары

050801-Агрономия

Биология

050802-Зоотехния

Биология

050803- Аң өндiру және аң аулау

Биология

050804-Балық шарушылығы

Биология

050808- Топырақтану және агрохимия

Биология

050809–Жеміс-көкөніс шаруашылығы

Биология

050810- Мелиорация, жерді баптау және қорғау

Математика

6. Денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамтамасыз ету (медицина)

051101- Мейіркештік ісі

Биология

051102- Қоғамдық денсаулық сақтау

Биология

051103-Фармация

Химия

051301-Жалпы медицина

Биология

051302-Стоматология

Биология

7. Ветеринария


051201-Ветеринарлық медицина

Биология

051202-Ветеринарлық санитария

Биология

3

Математика, география, дүниежүзі тарихы

1.Білім беру


050115- Құқық және экономика негіздері

География

050116-География

География

050120-Кәсіптік білім

Математика

2.Әлеуметтік ғылымдар және бизнес


050506-Экономика

Математика

050507-Менеджмент

Математика

050508-Есеп и аудит

Математика

050509-Қаржы

Математика

050510- Мемлекеттік және жергілікті басқару

Математика

050511-Маркетинг

Математика

3.Жаратылыстану ғылымдары

050609-География

География

050610-Гидрометеорология

География

4.Техникалық ғылымдар және технологиялар

050711-Геодезия және картография

Математика

5.Ауылшаруашылық ғылымдары

050805- Су ресурстары және суды қолдану

География

6. Қызмет көрсету


050902- Туризм

География

050903-Жерге орналастыру

Математика

050904- Тұрмыстық қызмет көрсету және сервис

География

050905- Әлеуметтік жұмыс

География

050907-Кадастр

География

050908-Бағалау

География

4

Қазақ тілі (орыс тілі), шетел тілі, дүниежүзі тарихы

1.Білім беру


050104- Бастапқы әскери дайындық

Шығармашылық емтихан

050106-Музыкалық білім беру

Шығармашылық емтихан

050107- Бейнелеу өнерi және сызу

Шығармашылық емтихан

050108- Дене шынықтыру және спорт

Шығармашылық емтихан

050114-Тарих

Дүние жүзі тарихы

050117-Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ тілі

050118- Орыс тілі мен әдебиеті

Орыс тілі

050119-Шетел тілі: екі шет тілі

Шетел тілі

050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ тілі

050122-Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті

Орыс тілі

2.Гуманитарлық ғылымдар

050201-Философия

Дүние жүзі тарихы

050202-Халықаралық қатынастар

Шетел тілі

050203-Тарих

Тарих

050204-Мәдениеттану

Тарих

050205-Филология

Ана тілі

050206-Дінтану

Тарих

050207-Аударма ісі

Шетел тілі

050208-Археология және этнология

Дүние жүзі тарихы

050209-Шығыстану

Шетел тілі

050210-Шетел филологиясы

Шетел тілі

050211-Теология

Дүние жүзі тарихы

3.Құқық


050301-Құқықтану

Дүние жүзі тарихы

050302-Халықаралық құқық

Шетел тілі

050303- Құқық қорғау қызметі

Дүние жүзі тарихы

050304-Кеден ісі

Дүние жүзі тарихы

4.Өнер

050401- Музыкатану

Шығармашылық емтихан

050402- Аспаптық орындау

Шығармашылық емтихан

050403-Вокалдық өнер

Шығармашылық емтихан

050404- Дәстүрлі музыка өнері

Шығармашылық емтихан

050405- Дирижирлеу

Шығармашылық емтихан

050406- Режиссура

Шығармашылық емтихан

050407- Актерлік өнер

Шығармашылық емтихан

050408- Эстрадалық өнер

Шығармашылық емтихан

050409-Хореография

Шығармашылық емтихан

050410-Сценография

Шығармашылық емтихан

050411-Композиция

Шығармашылық емтихан

050412-Операторлық өнер

Шығармашылық емтихан

050413- Сурет салу

Шығармашылық емтихан

050414-Графика

Шығармашылық емтихан

050415-Мүсіндеу

Шығармашылық емтихан

050416-Өнертану

Шығармашылық емтихан

050417-Декоративтік өнер

Шығармашылық емтихан

050418- Кітапханатану және библиография

Әдебиет

050419- Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау

Дүние жүзі тарихы

050420-Сәулет

Шығармашылық емтихан

050421-Дизайн

Шығармашылық емтихан

050422- Баспа ісі

Әдебиет

5.Әлеуметтік ғылымдар және бизнес

050501-Социология

Дүние жүзі тарихы

050502-Политология

Дүние жүзі тарихы

050504-Журналистика

Шығармашылық емтихан

050505- Аймақтану

Шетел тілі

6.Қызмет көрсету

050906- Мәдени дем алу жұмысы

Шығармашылық емтихан





Похожие:

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың iconТехникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі
Рі – Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес меншік нысаны және ведомстволық бағыныстылығына...
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі
Тын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және...
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың iconТехникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына
Лдедегі Заңының 26-бабымен және «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың iconТехникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына
Лдедегі Заңының 26-бабымен және «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық...
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық...
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық...
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың iconАрнайы немесе шығармашылық даярлауды талап ететін мамандықтардың
«Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту...
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы №296 Қаулысы «Білім туралы»
Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру...
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың iconОрта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
Білім туралы Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 11 тармақшасына сәйкес БҰйырамын
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы