|
от 25.05.2011 № 268 Облыстың жалпы білім беру мекемелеріндегі 2011-2012 оқу жылының басталуы туралы Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 163 «Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында 2011-2012 оқу жылының басталуы туралы» бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Облыстық білім мекемелерінің, қалалық, аудандық білім бөлімі басшылары 1) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 163 «Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында 2011-2012 оқу жылының басталуы туралы» бұйрығын басшылыққа алсын; 2) Жалпы білім беру мекемелерінде 2011-2012 оқу жылының басталуын және оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыру мақсатында - Қазақстан Республикасы өкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсанындағы № 1256 «Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы» қаулысын; - «Жалпы орта білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.03.2005 жылғы №224 қаулысын: - «Білім мекемелерінің тәрбиеленушілері және оқушыларын оқу-құралдарымен қамтамасыз ету туралы ережені бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.02.2003 жылғы №173 қаулысын: - «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру мекемелерінде 2010-2011 оқу жылының басталуы» туралы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 16.07.2010 жылғы №386 бұйрығын басшылыққа алсын; - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің «Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, күтіп-ұстаға және оқыту жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 25 қазандағы № 834 бұйрығын; - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің «Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған білім беру ұйымдарының дайындық және 1-12-сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру үшін оқу жоспарларын бекіту туралы» 2009 жылғы 8 шілдедегі № 333 бұйрығын басшылыққа алсын. 3) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің «Жалпы білім беру мектептерінде 1-8 сыныптар үшін жолда жүру Ережелерінің Типтік оқу бағдарламасын бекіту туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 404 бұйрығын;
4) «Жалпы орта білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 наурыздағы №224 қаулысына сәйкес сыныптарды, сыныптар-топтамаларын қалыптастыруды, 9,10,11 сыныптарды сынып-топтамаларына қосуға жол бермейтін мүмкіндіктер бойынша оқу жылының басындағы оқушы санын ескере отырып, шағын комплекті мектептерде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің «Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, күтіп-ұстаға және оқыту жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 25 қазандағы № 834 бұйрығының талаптарына сәйкес сынып-топтамаларын қамтамасыз етсін; 6) Оқу жылы кезеңінде, сондай-ақ жазғы кезеңде дәлелді себепсіз өткен оқу жылындағы 10 сыныптардың оқушыларының кетуіне жол бермеу, кетуінің себебін анықтап, білім басқармасына ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін 11 сыныпқа келмей қалған 10 сыныптың әрбір оқушысы бойынша нақты ақпарат жіберілсін; 7) Орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы экстернат формасында оқытатын Ережелерге сәйкес, әр түрлі себептер бойынша орта білім беру ұйымдардағы уақтылы оқытуды аяқтамаған жастарды экстернат формасындағы оқытуды қамтамасыз етілсін. (Үкіметтің 31.01.2008 жылғы № 34 қаулысы). Осы мақсаттар үшін мектептерді экстернат формасымен оқитын оқушылардың тізімі анықталып, 2011 жылғы 10 қыркүйегіне дейін білім беру басқармасына жіберілсін; 8) 2011 жылғы 20 қыркүйекке дейін білім беру басқармасына әлеуметтік қорғау бөлімімен келісілген аз қамтылған отбасылардың балаларының, қамқорлықтағы балалардың, жетім балалардың нақтыланған тізімі берілсін; 9) 2011 жылғы 10 қыркүйекке дейін білім беру басқармасына қала, аудан әкімдерімен бекітілген, аудандық қаржы бөлімімен келісілген оқу жылын бастауға арналған титулдық тізімдерін жіберсін; 10) 2011 жылғы 10 қыркүйекке дейін 5 күндік режиммен оқытылатын сыныптарды көрсете отырып мектептердің тізімін негіздемемен жіберсін; 11) Білім беру ұйымдарында білім беру сапасын көтеру бойынша шаралар қабылдансын; 12) Ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін білім мекемелерінің оқушылары «Білім мекемелерінің тәрбиеленушілері және оқушыларын оқу-құралдарымен қамтамасыз ету туралы ережені бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.02.2003 жылғы №173 қаулысына сәйкес қамтамасыз етілсін; 13) 2011 жылғы 3 қыркүйекке дейін білім беру басқармасына Білім күнін өткізу туралы түбегейлі ақпарттарды жіберу. 2. 2011 жылдың 1 қыркүйегінде жалпы білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жыл толуына арналған «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің,келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы» тақырыбында сабақтар өткізілсін; 3. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беруді дамыту бөліміне (Г.А.Маткаримова), экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне (Г.З. Елубаева), арнайы, қосымша білім беру мен тәрбиелеу жұмыстары бөліміне (М.И. Асанова): 1) Титулдық тізімдерді талдап, «Жалпы орта білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 наурыздағы № 224 қаулысына сәйкес сыныптарды, сынып-топтамаларын қалыптастыруды бақылауға алсын (есеп беру кезеңі). 2) Белгілі бір себептерсіз 11 сыныпқа келмей қалған 10 сыныптың әрбір оқушысы туралы ақпараттар жинап, келмей қалған себебін анықтап, 2011 жылдығы 25 қыркүйегіне дейін оқушылардың себепсіз сабаққа келмей қалғаны үшін білім беру ұйымдарының басшыларына тәртіптік шаралар қолдану бойынша ұсыныстар енгізілсін. 3) Жаңа оқу жылының басталуы туралы, оқушы контингенттерін қалыптастыру туралы Білім және ғылым министрлігінің берген мерзіміне дейін оперативтік ақпаратты жолдауды қамтамасыз етсін. 4) 2011 жылғы 3 қыркүйегіне дейін Білім және ғылым министрлігіне 1 қыркүйекте Білім күнін өткізу туралы ақпаратты жинап жіберуді қамтамасыз етсін. 5. Білім қызметкерлерін қайта даярлау біліктілігін арттыру институты (С.З Байхонова) 1) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жыл толуына арналған «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы» тақырыбында 1 қыркүйек күні өтетін сабаққа әдістемелік көмекті қамтамасыз етсін; 2) Жаңа оқу жылын ұйымшылдықпен ұйымдастыру мақсатында әдістемелік көмекпен қамтамасыз етсін. 6. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын. Бастықтың м.а. Д. Арғынғазин |