Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының рейтингі туралы Ереже Жалпы ережелер icon

Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының рейтингі туралы Ереже Жалпы ережелер



НазваниеӨскемен қаласының білім беру ұйымдарының рейтингі туралы Ереже Жалпы ережелер
Дата конвертации07.01.2013
Размер137.25 Kb.
ТипДокументы
источник

Өскемен қаласының білім беру бөлімінің

«____»________2009 жылғы

№_________ бұйрығына қосымша


Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының рейтингі туралы

Ереже


Жалпы ережелер

1. Білім беру ұйымдарының рейтингі туралы ереже (бұдан әрі Ереже) қаланың білім беру ұйымдарының сыртқы бағалауын және рейтингісін жүзеге асыру барысында біріңғай талаптарды белгілейді.

2. Ереже білім беру ұйымдарын 2005-2010 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту Мемлекеттік бағдарламасын, Шығыс Қазақстан облысының 2005-2010 жылдар кезеңіне арналған білім беру жүйесін дамыту Бағдарлама-ларын жүзеге асыру бойынша қызметінің жағдай жасау механиазмдерін белгілейді.

3. Ереже Өскемен қаласының білім беру бөлімінің ведомствосына қарасты барлық меншік түріндегі білім беру ұйымдарының қызметіне таралады.

4. Ереже қаланың білім беру ұйымдарының сыртқы бағалауының және рейтингісінің мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын белгілейді.

5. Ереже және оның қосымшалары мен өзгертулері, рәсімдері, мерзімдері мен жауаптылары қала әкімінің өкімімен бекітіледі.

^ Білім беру ұйымдары рейтингін өткізу мақсаттары мен міндеттері


6. Білім беру ұйымдарының рейтингін өткізу мақсаты білім беру ұйымы қызметінің (жұмысының) сапасының жағдайы, нәтижелер мен оларға қол жеткізу шарттарының мемлекеттік және әлеуметтік стандарттармен белгіленген талаптарға сәйкестік дәрежесі туралы, білім сапасының өзгеру үрдісі және оның деңгейіне әсер ететін себептер, білім беру ұйымы басшыларының атқарушылық тәртібі мен жауапкершілігін арттыру үрдісі ту-ралы объективті ақпаратты алу.

7. Негізгі мақсаттары:

–білім критерилерінің біріңғай түсінігін және оны өлшеу әдістерін қалыптастыру;

- мектептегі білім сапасының мемлекеттік және әлеуметтік стандарттар талаптарына сәйкестігін анықтау;

- білім беру үрдісі шарттарының мемлекеттік талаптарға сәйкестік дәрежесін анықтау;

- мектептік білім беру жүйесі бақылауының ақпараттық, талдау және сараптамалық қамтамасыз етілуі;

- білім беру ұйымы қызметі сапасын бағалау жүйесінің бірыңғай ақпараттық-технологиялық негізін жасау;

- ресурстік негіз қалыптастыру және мектеп білім беру статистикасы мен білім сапасы бақылауы қызметін қамтамасыз ету;

- білім беру ұйымы қызметінің сапасын арттыруға ықпал ететін факторларды анықтау;

- білім беру ұйымы қызметін бағалау мәселелері бойынша стратегиялық шешім қабылдау барысында қоғамдық сараптама, жариялық пен алқалылық механизмдерін жүзеге асыру;

- бәсекеге қабілеттік сапасын қолдау және үнемі арттыру мақсатымен инновациялық үрдістерді ынталандыру.


^ Білім беру ұйымы рейтингі жүйесінің құрамдастары


8. Білім беру ұйымы қызметін бағалау:

- мектепішілік бағалау жүйесі, білім сапасының сараптамасы (мектепішілік аудит);

- білім беру бөлімімен және Өскемен қаласы әкімдігінің басқа да құрылымдарымен ұйымдастырылатын білім беру ұйымы қызметінің сараптамасы (сыртқы аудит) арқылы жүзеге асырылады.

9. Мектепішілік бағалаумен, білім беру сапасы сараптамасымен (мектепішілік аудит) айналысатын ұйымдастыру құрылымына: (мектеп әкімшілігі, әдістемелік бірлестік, психологиялық-педагогикалық қызмет, педагогикалық кеңес, нысаналы талдау топтары (комиссиялар), мектеп кеңесі, ата-аналар комитеті) енеді.

10. Нысаналы талдау топтары (комиссиялар) педагогтар нәтижелілігі мен кәсіпқойлығын бағалауға қатысады.

11. Білім беру ұйымы қызметін бағалау қорытындылары білім беру ұйымдары басшыларын жоғары нәтижелерге жетуге ынталандыру үшін пайдаланылады.

12. Білім беру ұйымы қызметінің сараптамасы бағалау қызметін жүзеге асыруда сарапшылар ретінде қоғамдық және кәсіби бірлестіктердің кеңінен қатысуын болжайды (білім беру бөлімі, Өскемен қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімішелері мен басқалар (сыртқы аудит).

13. Білім беру ұйымы қызметінің қоғамдық сараптамасы білім сапасына, қоғамның әлеуметтік үмітіне және мүддесіне қойылатын талаптарға сәйкестігін және білім сапасының тәуелсіз механизмдерінің дамуын қамтамасыз етеді. .

14. Білім сапасы сараптамасының негізгі нысандары болып:

– білім алушылардың оқудан тыс жетістіктері (жалпыланған нәтижелер негізінде);

– мектеп оқушыларының рухани, адамгершілік, әлеуметтік және мәдени дамуының жалпы деңгейі;

– мектепте оқушылардың психикалық, психологиялық және дене саулығын сақтау және нығайту мақсатында жасалған жағдайлар;

– мектепті басқару тиімділігі, соның ішінде қаржы-экономикалық саладағы болып есептеледі.

15. Білім сапасының кәсіби сараптамасы білім сапасына, қазіргі заманғы білім беруді дамыту үрдістеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін және білім алушылардың жеке жетістіктерінің диагностикасы үшін арнайы инструментарии қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

16. Білім сапасының кәсіби сараптамасының негізгі нысандары болып::

– білім беру бағдарламаларының сапасы;

– оқушылардың медициналық тексерулерінің нәтижелері;

– жалпыланған түрдегі кәсіби психологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша оқушылардың психикалық функцияларының даму деңгейі;

– педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық тестілеу барысында алынған тестілердің, сұрақ-жауаптардың нәтижелері және т.б.;

– білім алушылардың жеке сұраныстарын жүзеге асыру үшін және талдау жасау үшін арнайы педагогикалық немесе психологиялық білім қажет негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін құрылған жағдайлар болып табылады.

17. Жұртшылыққа білім беру ұйымдары қызметі сапасын бағалау нәтижелері туралы хабарлау білім беру бөлімінің Интернет желісіндегі сайтында жариялау және көпшілік және аналитикалық баяндамаларды орналастыру арқылы жүзеге асырылады.


^ Білім беру ұйымдарының рейтинг индикаторлары




Көрсеткіштер

Есеп

Балл

  1. ^ Оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелілігі

1.1

МАБ орташа балл (4,9 сыныптардағы ең жоғарғы балл санынан %)

10% - 1 балл




1.2

ҰБТ орташа балл (5 пән бойынша ең жоғарғы балл санынан %)

10% - 1 балл




1.3

Үздік аттестат, үздік куәлік алған оқушылар саны

1 аттестат – 15 балл

1 куәлік – 10 балл




1.4

ЖОО қабылдану үшін шеккі деңгейді еңсерген түлектер саны(ҰБТ тапсырған түлектердің жалпы санына %)

10% - 1 балл




1.5

Жұмысшы кәсіпті таңдаған 9,11 сынып түлектері-нің саны

1 % – 1 балл




1.6

КТЛ-де, КТМ-де, ОКБОО-да оқуын жалғастырған 9,11 сынып түлектерінің саны (түлектердің жалпы санына %)

10% - 1 балл




1.7

Грантқа ие болған түлектердің саны (жоо-на түсу-шілердің жалпы санына %)

10% - 1 балл




1.8

Үздік оқушылардың саны (өткен тоқсанның, жылдың қорытындысы бойынша) – 2-10 сы-ныптар (2-10 сынып оқушыларының жалпы санына %)

10% - 1 балл




1.9

Екі жыл бір сыныпта қалған балалардың болмауы (2-10 сыныптар) ең жоғарғыдан 10 балл.

екі жыл бір сыныпта қалған 1 бала – минус 2 балл




1.10

Мектеп бітіргені туралы анықтама алған оқушы-лардың болмауы.

1 анықтама – минус 2 балл




1.11

Құқық бұзушылықты жасаған оқушылардың бол-мауы (ең жоғарғыдан 10 балл)

Құқық бұзушылықтың болмауы – 10 балл




1.12

КІБ тіркеуінде тұрған оқушылардың саны (ең жоғарғыдан 10 балл)

1 оқушы – минус 1 балл




1.13

Қалалық, облыстық, республикалық олимпиада жүлдегерлерінің саны.

1 қалалық жүлде-гер– 1 балл;

1 облыстық жүлде-гер – 3 балл;

1 республикалық жүлдегер – 5 балл




1.14

Ғылыми жобалардың қалалық, облыстық, рес-публикалық сайыстарының жүлдегерлер саны.

1 қалалық жүлде-гер – 1 балл;

1 облыстық жүлде-гер – 3 балл;

1 республикалық жүлдегер – 5 балл




1.15

Барлық деңгейдегі шығармашылық байқаулар жүлдегерлерінің саны (1, 2, 3 орындар, гран-при)

1 жүлдегер – 1 балл

1 жүлдегер-команда –– 1 балл




1.16

Барлық деңгейдегі спорттық байқаулар жүл-дегерлерінің саны (мектеппен дайындалған және мектеп атынан шығатын).

1 жүлдегер – 1 балл

1 жүлдегер–коман-да - 1 балл




1.17

Мектептен тыс ұйымдарда қосымша білім беру бағдарламаларымен қамтылған оқушылар саны (оқушылардың жалпы санына %).

10 % – 5балл




1.18

Үйірмелік мектеп сабақтарына үнемі қатысатын оқушылар саны, олардың ішінде тәуекел тобы қатарынан –

10 % – 3балл


1 оқушы – 2 балл




1.19

www.sabak.kz сайты арқылы интерактивті сабақтарға шығу тұрақтылығы

орынсыз себептер-мен 1 рет шықпай қалу – минус 1 балл




1.20

АТТ бағдарламасы бойынша 11 сынып түлектерін тестілеу нәтижесі (1реттен тест тапсырғандардың % санын түлектердің жалпы санына)

10 % – 1 балл







Бөлім бойынша барлығы







  1. Жалпыға міндетті оқуды ұйымдастыру

2.1.

Балаларды мектепалды даярлықпен қамту.

1 қамтылмаған – минус 1 балл




2.2.

Мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту (мектепің шағын ауданына бекітілген оқушылардың жалпы санына %).

10 % – 1балл




2.3.

10 және одан көп күн мектепке бармаған балалардың саны

1 мектепке барма-ған – минус 10 балл




2.4.

Балаларды ыстық тамақпен қамту.

10% – 5 балл




2.5

Тамақ сапасына және бағасына арыздар.

1 арыз – минус 10 балл







Бөлім бойынша барлығы







  1. ҚР-да Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау

3.1

Қазақ тілін тереңдетіп оқитын оқушылар саны ( тіл пәндерін тереңдетіп оқитын оқушылардың жалпы санына %).

1 % – 1балл




3.2

Қазақ тілінен оқушылардың білім сапасы

МАБ және ҰБТ қо-рытындылары бой-ынша орташа балл




3.3

Құжаттардың жалпы көлеміндегі мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі

10% – 1балл




3.4

Көрнекі және көзбен шолып қарайтын ақпарат-тың сапасы.

3 балға дейін







Бөлім бойынша барлығы







  1. ^ Оқушылар денсаулығын сақтау, бала құқығын қорғау

4.1

Арнайы медициналық топтармен қамту (созылма-лы аурулары бар оқушылардың далпы санына %).

10 % – 1 балл




4.2

Тереңдетілген медициналық қараумен қамту (3, 5, 8 сыныптар).

10 % – 1балл




4.3

Жазғы ұйымдасқан демалыс және еңбекпен қамту (оқушылардың жалпы санына %).

10 % – 1балл




4.4

Қалыпты жылы, жарық режімін, қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету.

1 ұйғарым – минус 2 балл




4.5

Спортпен тұрақты шұғылданатын оқушылар саны.

10 % – 1балл




4.6

Президенттік және ұлттық даярлық тестілерін тапсырған оқушылар саны ( оларды тапсыруға қатысқан оқушылардың жалпы санына % ).

1 % – 1балл




4.7

Мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметі арқылы көмек көрсетілді

1 адам – 1 балл







Бөлім бойынша барлығы







  1. ^ Педагог кадрлардың сапалық құрамы, шығармашылық белсенділік таныту

5.1

Бірінші және жоғары санатты мұғалімдер саны (мұғалімдердің жалпы санына %).

10 % – 1 балл




5.2

Жоғары білімі бар мұғалімдер саны (мұғалімдердің жалпы санына %).

10 % – 1 балл




5.3

Зияткерлік байқаулар, әр деңгейдегі жарыстар жеңімпаздарының саны.

1 жүлдегер– 1 балл

1 жүлдегер- команда – 1 балл




5.4

Жұмысындағы ерекше жетістіктері үшін қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі марапаттармен марапатталған мұғалімдер саны (мұғалімдердің жалпы санына %).

10 % – 1 балл




5.5

Мектеп негізінде оның қатысуымен өткізілген облыстық, қалалық семинарлар саны.

1 іс-шара – 5 балл




5.6

Қолайлы психологиялық климат.

1 арыз – минус 2 балл




5.7

Компьютерлік технологияларды меңгермеген мұғалімдер саны.

1 мұғалім – минус 1 балл




5.8

Электронды пошта жұмысының тұрақтылығы.

алу бойынша ескертулер – минус 2 балл







Бөлім бойынша барлығы







^ 6 Мектептің материалдық техникалық негізін дамыту.

6.1.

Мектептің жаңа оқу жылына дайындығы (ең жоғарғы балдар %)

ең жоғарғы балдан %




6.2.

Бюджеттік қаражатты уақытылы игеру.

Әрбір игерілмеген 100 мың. тг. үшін – минус 3 балл







Бөлім бойынша барлығы










Бөлімдер бойынша барлығы









Похожие:

Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының рейтингі туралы Ереже Жалпы ережелер iconБілім беру грантын беру ережесі Жалпы ережелер Осы ереже «Білім туралы»
Осы ереже «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және білім беру гранттарын тағайындау...
Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының рейтингі туралы Ереже Жалпы ережелер iconЖоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесі Жалпы ережелер Осы Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру туралы ереже (бұдан әрі Ереже) «Білім туралы»
Осы Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру туралы ереже (бұдан әрі Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының...
Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының рейтингі туралы Ереже Жалпы ережелер icon1. Жалпы ережелер Осы Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі (бұдан әрі Ереже) «Білім туралы»
Осы Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі (бұдан әрі Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27...
Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының рейтингі туралы Ереже Жалпы ережелер iconЕрежесі жалпы ережелер
Білім ұйымдарының түлектері «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестаттың иегерлеріне берілетін естелік сыйлықтың үздік эскизына...
Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының рейтингі туралы Ереже Жалпы ережелер icon«Ең үздік білім беру интернет-ресурсы» конкурсының ережесі жалпы ережелер осы Ереже «Ең үздік білім беру интернет-ресурсы»
Осы Ереже «Ең үздік білім беру интернет-ресурсы»конкурсының(бұдан әрі Конкурс)мәртебесін, мақсаты мен міндеттерін, оның өткізілу...
Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының рейтингі туралы Ереже Жалпы ережелер iconӨскемен қаласының білім беру мекемелерінің рейтинг туралы Ережесін бекіту туралы
...
Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының рейтингі туралы Ереже Жалпы ережелер iconБілім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ережесі
Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарының...
Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының рейтингі туралы Ереже Жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасы
Жалпы бастауыш, жалпы негізгі және жалпы орта бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім беру қызметінде...
Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының рейтингі туралы Ереже Жалпы ережелер iconҮлгілік ережесі Жалпы ережелер
Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 5-бабының 44-5 тармақшасына сәйкес әзірленген және балаларға арналған...
Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының рейтингі туралы Ереже Жалпы ережелер iconҰлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары Жалпы ережелер
Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және ағымдағы жылғы жалпы орта білім...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы