Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы icon

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы



НазваниеШымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы
Дата конвертации09.02.2013
Размер38.19 Kb.
ТипДокументы
источник

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің

2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы

ЕСЕБІ

Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңын орындай отырып, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі 2012 жылдың 6 айында бірқатар жұмыстар атқарды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық модернизация-Қазақстанның дамуының басты бағыты» Жолдауындағы дене шынықтыру және спортпен халықтың бұқаралық шұғылдануы үшін спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Шымкент қаласы бойынша спорт ғимараттарының жалпы саны 595. Оның ішінде 2 стадион, 1 спорт сарайы, 14 спорт кешені, 4 спорттық манеж, 13 ату тирі, 1 ату алаңы, 326 жазықтықты алаңшалар, 12 теннистік корттар, 1 ипподром, 5 жүзу бассейндері, 149 спорттық залдар, 67 ыңғайластырылған спорт залдар. (№1 слайд)

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты 2011 жылы салынған 40 спорт алаңшалары халықтың пайдалануына берілді. Аула тұрғындары жаңа алаңшаларда футбол, волейбол және баскетбол ойындарын шектеусіз ойнауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар қала әкімдігі тарапынан, спорт нысандарында ашық есік күндері бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспар бойынша спорт мектептері мен спорт нысандарында ашық есік күндері ұйымдастырылуда. (№2 слайд)

2012 жылы қаламызда маңызды спорт нысандарының құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталуы күтілуде. Олардың ішінде: халықаралық теннис корты, жабық жүзу бассейні құрылысы, «Ипподром» мен қалалық №3 спорт мектебі жүзу бассейнінің күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталуы жоспарлануда. Спорт нысандары пайдалануға берілген жағдайда, қаламызда дарынды спортшыларды дайындауға қолайлы жағдайлар жасалады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа

онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ұсынылған стратегия елдің әл-ауқатын әрі қарай арттыруға, экономиканың өсуіне, қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға, білім сапасы мен халық денсаулығына баса назар бөлінген.

Жолдауға сәйкес, 2020 жылға дейін 30%-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылу керек делінген болатын.

2011 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласында дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылардың саны 99 801адамды құраса, 2012 жылдың 6 айында бұл көрсеткіш 100 407 адамды құрады. (№3 слайд)

Қаламызға қарасты 10 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері жұмыс істейді. Осы спорт мектептерінде спорттың 34 түрі бойынша

261 жаттықтырушылардың жетекшілігімен, 5822 балалар мен жасөспірімдер спортпен айналысады. (№4 слайд)

2012 жылы Лондонда өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына облысымызда 13 лицензия болса, қалалық спорт мектептері 2 жолдаманы жеңіп алды. Атап айтсақ: жеңіл атлетикадан Ивонинская Наталья, велоспорттан Дьяченко Александр. Спортшыларымыз олимпиадада қаламыздың абыройын асқақтатып, еліміздің туын көктен желбіретеді деген сенімдеміз. (№5, 6 слайд)

Спорт саласына қарасты заңдылықтарға сәйкес бөлімнің 2012 жылға спорттық-бұқаралық іс-шараларының күнтізбелік жоспары жасалып, бекітілген. Жоспар халықтың әр-түрлі жастағы өкілдері арасында дене шынықтыруды түбегейлі ендірудің және балалар мен жасөспірімдерге дене тәрбиесін берудің негізгі аспектілерін қамтиды. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап мектеп оқушыларының қысқы демалысы кезінде баскетболдан, волейболдан, футболдан «Қысқы турнир» жарысын, мектеп оқушылары, жоғары және арнаулы орта оқу орындары спартакиадалары бағдарламасындағы волейболдан, баскетболдан, гандболдан, дойбыдан, тоғызқұмалақтан, шахматтан, үстел теннисінен, футболдан, президенттік көпсайыс, президенттік тесттен, гимнастикадан жарыстар ұйымдастырылды.

Ақпан айында бөлімге қарасты қалалық №5 бокс мектебінің ұйымдастыруымен бокстан Шымкент қаласы әкімінің кубогі халықаралық жарысы жоғары деңгейде өткізілді. Наурыз айында қалалық №7 футбол мектебінің ұйымдастыруымен футболдан Шымкент қаласы әкімінің жүлдесіне арналған халықаралық жарыс өткізілді. Жарысқа Қырғызстан, Өзбекстан, еліміздің басқа да облыстары командалары қатысып, турнир жоғары деңгейде өткізілді.

Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесі қарсаңында ұлттық ат спорты ойындарынан (көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, бәйге, саят, конкур), қазақ күресінен, каратэден, таэквондодан, дзюдодан, тоғызқұмалақтан, жүзуден, самбодан, еркін күрестен, спорттық биден, бокстан және басқа да спорт түрлерінен қаланың ашық біріншіліктері мен чемпионаттары өткізілді.

Сәуiр және мамыр айларында қала мектептерiнiң арасында 3 жас бойынша “Былғары доп-2012” футбол турнирi ұйымдастырылды, осы турнирге жалпы саны 1800 аса қала мектептерiнiң оқушылары қатысты.

Мамыр айында 62-ші мектеп оқушылары спартакиадасы, жоғары және арнаулы орта оқу орындары спартакиадасы мәресіне жетті. Самбо күресінен қаланың ашық біріншілігі, «Балаларды қорғау күніне» арналған жетім балалар арасында өткізілетін спортық байқау ұйымдастырылды.

Маусым айында шахматтан қаланың чемпионаты, оқушылардың «Жастар салауатты өмір салтын қолдайды» ұранымен мектеп жанындағы

жазғы сауықтыру алаңдар командалары арасындағы спартакиадасы, таеквандодан, садақ атудан,семсерлесуден «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен қала біріншілігі, ХХХ жазғы олимпиада ойындарына арналған «Экологиялық соқпақ» немесе «Туризм - нашақорлыққа қарсы» атты қалалық туристік жарысы, Оңтүстік Қазақстан облысының 80-жылдығына арналған Шымкент қаласы мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері арасында спорттың 7 түрінен спартакиада өткізілді. Балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтыру

және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында Машат шатқалындағы «Машат», «Орленок», «Самал» демалыс лагерінде демалушы жастар арасында қаламыздың атақты спортшыларымен кездесу ұйымдастырылды. (№7, 8, 9, 10 слайд)

Жыл басынан 90 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 22 500 аса адам қатысты. (№11 слайд)

Шымкент қаласының

дене шынықтыру және

спорт бөлімінің бастығы Н.Сманов



Похожие:

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы iconБілім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2012 жылдың 1 жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы ақпарат
Жылдың қаңтар – шілде айларында аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша жылдық жоспар негізінде біршама жұмыстар...
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы icon«Бекітілді» Шымкент қаласының әкімдігінің «Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесіне толықтырулар енгізу туралы
Ласының дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекеме (әрі қарай Бөлім) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган...
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы icon«келісілген» ОҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы iconШымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы есебі
Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Қазақстан Республикасының мәдениет туралы» және «Қазақстан Республикасының...
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы iconЖарма ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 2012 жылдың І жартыжылдығындағы жұмыстары туралы ақпарат
Жарма ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 2012 жылдың
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы iconАбай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы
Жылдың 5 айында аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша жылдық жоспар негізінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Жоспарланған...
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы iconАбай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет
Жылдың 6 айында аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша жылдық жоспар негізінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Жоспарланған...
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы iconШымкент қаласының жер қатынастары бөлімімен 2011 жылдың 12 айында және 2012 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар туралы есебі
Шымкент қаласы жер қатынастары бөлімінің штатында бүгінгі күні 13 мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы iconШымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2012 жылдың 6 айындағы атқарылған жұмыстары туралы МӘлімет шымкент қаласының Бас жоспары туралы
Шымкент қаласының Бас жоспары туралы: «Шымкент қаласының бас жоспары» жобасына келісім алуға тиісті 11 министрлік пен агенттіктерінің...
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы iconЖарма ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 2011 жылдың і-жартыжылдығындағы жұмыстары туралы ақпарат

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы