Келісілді Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Н.Әлтаев icon

Келісілді Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Н.Әлтаев



НазваниеКелісілді Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Н.Әлтаев
страница2/5
Дата конвертации23.12.2012
Размер0.59 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5

Өнеркәсіп.

Шымкент қаласының өнеркәсібі әсіресе, өңдеу өнеркәсібі дамыған (өнеркәсіп өнімі көлемінен 83,6%), сондай-ақ электроэнергия, газ және су өндіру мен бөлу (16,0%). Өңдеу өнеркәсібінің үлесі облыстың өнім көлемі ішінде облыстың басқа өңірлерімен салыстырғанда ең жоғары болып табылады.

2005-2009 жылдар ішінде қала өнеркәсібінің көлемі атап айтқанда (баға деңгейін есепке алумен) 27% ұлғайды. Шымкент қаласындағы өнеркәсіптің жыл сайындық өсімі орташа 8% құрайды.

2010 жылдың қаңтар-желтоқсанында қаланың өндірістік кәсіпорындармен – 133,3 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 2009 жылмен салыстырғанда 13,9 пайызға өсті. Оның ішінде:

^ Кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарында 1 129,2 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, өнімнің нақты көлем индексі есепті айдың алдыңғы айына 113,6 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында 112 425,8 млн.теңгенің өнімі өндірілді немесе нақты көлем индексі есепті айдың алдыңғы айына 133,1 пайызды құрады.

^ Электрмен қамтамасыз ету, газ және бу беру – 17 492,8 млн.теңгені құрап, нақты көлем индексі есепті ай алдыңғы айға 148,9 пайызды құрады.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуы және таратылуын бақылау – 2 230,7 млн.теңгені құрап, ай алдыңғы айға 93,1 пайызды құрады.


Ауылшаруашылығы.

2010 жылы ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі 1 850,2 млн. теңгені құрады, 2009 жылмен салыстарғанда 0,1% ұлғайды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінен 60,7% мал шаруашылығы өнімі, 39,3% - өсімдік шаруашылығының өнімі құрайды.

2010 жылы қалада 98 ауыл шаруашылық құрылымдары жұмыс жасап, 1380,6 тонна мал мен құс еті, 10,8 мың тонна сүт, 3304,6 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Мал мен құс саны 15,9 мың басты құрап, ірі мүйізді қара малдың саны 2,5 пайызға өсті.


Кәсіпкерлік.

Шымкент қаласында кәсіпкерлік субъектілерінің саны жыл сайындық өсімі байқалып отыр. 2010 жылы қалада 48,2 мың кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде белсенділері 33 271 субъекті немесе 61,9 пайыз. Ал, 2009 жылы 49 432 субъеті тіркеліп, белсенді жұмыс істейтіндері – 28 554 субъетіні құраған. Дегенмен, 2010 жылы белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілері 2009 жылғы 57,7 пайыздан 61,9 пайызға дейін өсті.

2010 жылы кәсіпкерлік субъектілерімен шығарған өнім көлемі 21,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылдың деңгейінен 2,6 пайызға жоғары. Ең бастысы кәсіпкерлермен өндірілген өнім, өндіріс саласында шығарылады, өндірілген өнім көлемінен 50,6%, сауда (қызмет көрсету) көлемінен – 26,5%.

^ Сауда және қызмет көрсету.


Қалада 2312 астам сауда дүкендері мен сауда үйлері, 986 қоғамдық тамақтандыру орындары мен 34 базар мен сауда қатарлары жұмыс жасайды. Сауда саласында 24,4 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

2010 жылы бөлшек сауда айналымы 95,6 млрд.теңгені құрап, 2009 жылдан 14,3 пайызға өсті. Көтерме сауда 14,6 пайызға, көлік құралдарына қызмет көрсету 39,2 пайызға өсті.

Облыс көлеміндегі қаланың бөлшек тауар айналымының үлесі 70% астам. Сонымен қатар Шымкент қаласының облыстың көтерме тауар айналымының барлық көлемі жатады. Қаланың облыстық сауда көлеміндегі үлесі жылдан жылға өсіп келеді.


2.1. Стратегиялық бағыт 1.

Индустриалық-инновациялық даму.

2.1.1) Қаланың индустриалық-инновациялық даму бағытында негізгі көрсеткіштерге тұрақты мониторинг жасап, бірінші кезекте өзекті мәселелерді айқындау қажет.

Бөлімнің маңызды функциясы жалпы аумақтық өнім (ЖАӨ) құрылымының ішінде өнеркәсіп және кәсіпкерлік өнімдерінің үлесін ұлғайту, жұмыспен қамту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, өнеркәсіп кәсіпорындары мен кәсіпкерлердің несие қаражаттарын алуын жеңілдетуге ықпал жасау болып табылады. Сондықтан, бұл стратегиялық бағыт экономиканың одан әрі диверсификациялануына және шаруашылық жүйесіне баяу интеграциялануына жағдай жасалынады. Аталған саясаттың негізгі құралы, өнеркәсіп саласындағы өңдеу секторын және шикізаттық емес секторды дамытуға бағытталған индустриалды-инновациялық даму Стратегиясы болады.

Стратегияны іске асыру барысындағы басты тұспалы болып орташа жылдық экономикалық өсімді қадағалау, еңбек өнімділігінің өсімін 1,5 есе арттыру және энергиялық ресурстар шығын көлемін 2 есеге төмендету.

Стратегияның алғашқы кезеңінде технологиялық дамудың ұйымдастырушылық және жүйелі мәселелері шешілді, пилоттық жобалардың іске асырылуы және қамтамасыз етуші инфрақұрылымдар құрылысы (АЭА, кластерлер, технопарктер) бастау алды.

Стратегияның 2 кезеңіндегі міндет «іске асырудың белсенді фазасына» жүзеге асыру қажет. Қазіргі таңда, Жедел индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы және Елді индустрияландырудың егжей-тегжейлі картасы әзірленді.

Сондықтан осы стратегиялық міндетті орындау мақсатында бөлімнің жанынан кәсіпорындардың және кәсіпкерлердің инвестициялық жобаларын жүзеге асыру үшін зерттеу Кеңесі құрылды. Аталған Кеңеспен басым бағыты бар инвестициялық жобалар іріктеліп, бағдарламаның координаторы ОҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарамасының жанында құрылған аймақтық үйлестіру Кеңесіне одан әрі қарай жүзеге асыру үшін ұсынылады.

Осы тұста бөлімнің басты функциясы аймақтық үйлестіру Кеңесіне әрбір инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарын уақытылы және толық пакетін тапсыруға ықпал жасау, сонымен қатар соңғы нәтижеге жеткенше мониторинг жасау болып табылады.

Қазіргі таңда, Шымкент қаласы бойынша Жедел индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасына 9 жоба енгізілді.

Оның ішінде:

^ Республикалық индустрияландыру Картасының шеңберінде 1 жоба 2011-2014 жылдар аралығында іске қосылады:

- «Химфарм» АҚ - қазіргі Шымкент қаласындағы қуаттылығын арттыру және Астана қаласында GMP стандарттарына сай фармацевтикалық фабрика құрылысы.

^ Сонымен қатар, облыстың аймақтық индустриаландыру Картасына 7 инвестициялық жобалар енгізіліп («Азия керамик» ЖШС, «НІLL Corp» ЖШС, «ШКПОШ» ЖШС, «ШЗМ» ЖШС («Alageum Electric» АҚ), «Корпорация Ак Орда» ЖШС іске қосылды.

Қалған 2 жоба 2011-2013 жылдар аралығында іске қосылады. Олар:

  • «АГРОФОС-ЮГ» ЖШС – минералды тыңайтқыштар өндірісі;

  • «Шымкент» Сауда-логистикалық орталығы» ЖШС – Шымкент қаласында сауда-логистикалық орталығының құрылысы.

Қалада өндірісті дамытудың негізгі параметрлері:

  1. Мұнайды терең өңдеу;

  2. Металлуригия өнеркәсібі өндірісін кеңейту;

  3. Фосфорлық қоспа өндірісін, синтетикалық жуу құралдарын, автокөлік шиналарын өндіру салаларында қызмет жасайтын кәсіпорындардың қызметін қайта құру және жаңарту;

  4. Құрылыс заттары (шифер, асбоцементтік бұйымдар, цемент, құрылыс кірпіш, бетоннан жасалған құрамалық конструкциялар, тауарлы бетон, керамогранит) өндірісін жаңарту және жаңа өнім түрлерін игеру;

  5. Ауыл шаруашылық өнімдерін (жүн, ет-сүт өнімдерді, сыра, өсімдік май, ұн, кондитерлік және темекі тағамдар, арақ өнімдері) терең өңдеу;

  6. Тоқыма және тігін өнімдерін терең өңдеу және жаңа өнім түрлерін игеру;

  7. Химиялық-фармацевтикалық өнімдерін өндіру;

  8. Халықаралық ИСО сапа жүйесін ендіруді жылдамдату, бәсекелестік жағдайды қамтамасыз ету;

  9. Инновациялық қызметтің дамуына жағдай жасау.


2.1.2) Индустриалық-инновациялық дамудағы өзекті мәселелер:

- шизатты өңдеуден бастап дайын өнімге дейінгі толық циклды өндірістік кешеннің жоқтығы (мысалға, мақта, тері шикізаттарын терең өңдеуден өткізудің жоқтығы).

- қаржы секторының шынайы экономикадан бөлінуі (несиенің негізгі бөлігі сауда секторының 50 пайызына келеді), дағдарыстан кейінгі жылдары несие ресурстарына қол жетімділігі төмендеді.

- жаппай жергілікті базарларда арзан және сапасыз өнімдер қолданылады, яғни ұсақ-түйек, электрлік құрылғылар және т.б..

- өнідірс қызметіндегі ғылыми-техникалық қолдаудың әлсіздігі әсерінен, шикізаттарды қайта өңдеуден өткізбегедіктен өндірілген өнімдер сапасыз олар шетел тауарларына бәсекеге қабілеттілігі болмай отыр.

- өнімге электр, материал шығындығының үлкен көлемде жұмсалуы өнімнің өзіндік құнының көтерілуі, тапсырыс берушінің төлем қабілеттілінің төмендеуі, ішкі сұраныстың жетіспеуі, өнім шығарушының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы.

- төмен техникалық жабдықталуы және материалды техникалық базаның тозуы, әсіресе машина жасау саласында, онда өндірістік тозудың 60-70 пайызын құрайды, өңдеу саласындағы жаңарту коэффициенті 10,7 пайыз болса, бұл тозудың маңында 43,7 пайызын құрайды, электр қуатын, газ және суды өндіру және тарату саласында 5,9 пайызға жаңартылған, тозуы 38,7 пайыз, көлік және коммуникация 19,6 пайызға жаңартылған, тозуы 46,4 пайыз болып отыр.

2.1.3.) Индустриалық-инновациялық дамуға әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар.

Шымкент қаласы тиімді жағрафиялық Қазақстанның Орта Азиямен тоғысқан жерінде, Еуропаның Оңтүстік-шығыс Азия мен жақын және алыстағы Шығыс елдеріне бағытталған көлік магистральдарының қиылысында орналасқан.

Шымкент қаласының өнеркәсіп өнім көлемі облыстың көлемінде басым үлесін алатын, ірі өндірістік-индустриалдық орталық болып табылады. Қалада азық түлік өндірісі, мұнай өнімдерін өндеу, химия өнеркәсібі, мата және тігін өндірісімен айналысатын 69 ірі және орташа өндіріс кәсіпорындары тіркеліп қызмет етеді.

Шымкент қаласының бәсекеге қабілеттілігінің факторларына талдаудың негізінде келесі ұстанымдар анықталды:

Өңірлік және ұлттық нарықта ұстанымдануы:

- Мұнайды қайта өндеуден шығатын өнімдерді өндіруші/жеткізуші;

- Минералдық шикізатты (алтын, қорғасын);

- Құрылыс заттарын (шифер, асбоцементтік бұйымдар, цемент, құрылыс кірпіш, бетоннан жасалған құрамалық конструкциялар, тауарлы бетон, керамогранит) өндіруші/жеткізуші;

- Ауыл шаруашылық өнімдерін (жүн, ет-сүт өнімдерді, сыра, өсімдік май, ұн, кондитерлік және темекі тағамдар, арақ өнімдері) өндіруші/жеткізуші;

- Тоқыма және тігін өнімдерін өндіруші/жеткізуші;

- Қағаз және қатырма қағаз өнімдерін өндіруші/жеткізуші;

- Электртехникалық және машина құрал-жабдықтарын өндіруші/жеткізуші;

- Жиһаз өндіруші/жеткізуші;

- Химиялық-фармацевтикалық өнімдерін өндіруші/жеткізуші.

Әлемдік нарықта қаланың ұстанымдануы:

  1. Минералдық шикізатты және мұнай өндеу өнімдерін (алтын, қорғасын, мұнайды қайта өндеуден шығатын өнімдер) өндіруші/жеткізуші;

  2. Ауыл шаруашылық өнімдерді (сыра, темекі тағамдар, мақта талшығы, мата) өндіруші/жеткізуші;

  3. Фармацевтикалық өнімдерін өндіруші/жеткізуші;

  4. Электротехникалық және машина құрал-жабдықтарын өндіруші/жеткізуші ретінде.

^ 2.2. Стратегиялық бағыт 2.

Ауылшаруашылық саласын дамыту.

2.2.1) Ауылшаруашылық саласын дамытудағы басты мақсат саланы диверсификациялау арқылы ішкі және сыртық нарықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, экспорттық әлеуетті кеңейту болып табылады.

Қалада тамақ өнеркәсібі айтарлықтай дамыған, жалпы өңдеу өнеркәсібінің шамамен 45 пайызын құрайды. Сонымен қатар, қалада ауылшаруашылық дақылдарының көлемін, жылыжай шаруашылғын дамытуға, өндіріске заманауи ылғал үнемдеуші технологияларды ендіру, азық-түлік өнімдерін сақтау қоймаларын дамыту мүмкіндіктері бар.

Осы тұста бөлімнің басты міндеті қала аумағында ауыл шаруашылғы саласында мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады. Сондықтан, жұмыс барысында ауылшаруашылық саласында жанар-жағармай мөлшерінің жұмсалуына талдау жасайды, қосалық бөлшектермен жабдықтандыру, лизингтік қатынастарды енгізумен кеңейтуге ықпал жасайды. Сонымен қатар, ауылшаруашылық құрылымдарын қаржылай сауықтыру, шағын шаруашылықтарды ірілендіру арқылы қаржылай қолдау көрсету, қаланың азық-түлік белдеуін қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізеді.

Ауылшаруашылық саласын дамытудың басты параметлері:

    • агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту;

    • азық-түлік қауісіздігін қамтамасыз ету;

    • егін шаруашлығын субсидиалау арқылы жанар-жағар май және басқада тауарлық-материалдық құндылықтардың бағасын арзандатып беру;

    • жылыжай шаруашылығын дамыту;

    • асыл тұқымды мал шаруашлығын дамуын субсидиалау;

    • шағын шаруашылықтарды ірілендіру арқылы қаржылай қолдау көрсету.

2.2.2) Ауыл шаруашылық саласын дамытудағы өзекті мәселелер:

- Ауылшаруашылық құрылымдарының материалдық-техникалық қордың төмен деңгейі. Ауылшаруашылығы кәсіпорындарының қызметі соңғы 3 жыл ішінде шығынды болды;

- 2005-2008 жылдар ішінде ауылшаруашылық дақылдарының егіс жерлері 5,7 мың га кеміді, бұл өз кезегінде дәнді дақылдар, көкөніс, жеміс-жидек көлемінің төмендеуіне әкелді;

- Жүнге, мақта және былғары өнімдеріне сұраныстың болмауы;

- қорғалған топырақ пен көкөніс сақтау қоймаларының жетіспеушілігі.

2.2.3) Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінен 60,7% мал шаруашылығы өнімі, 39,3% - өсімдік шаруашылығының өнімі құрайды.

Қалада ауыл шаруашылық өнім көлемінің жыл сайынғы өсімі байқалып отыр. 2010 жылы 1 850,2 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі – 100,1 пайызды құрады. Қала аумағында жыл көлемінде 98 ауылшаруашылық құрылымдары жұмыс атқарып, 1380,6 тонна мал мен құс еті, 10,8 мың тонна сүт, 3304,6 мың дана жұмыртқа өндіруге қол жеткізді. Ірі мүйізді қара мал саны 2,5 пайызға өсіп, 15,9 мың басты құрады.

Қалада азық-түлік белдеуін қалыптастыру мақсатында 27,19 га алқапқа жылыжайлар іске қосылды. Оның ішінде «Асар» шағынауданында алаңы 20,0 га құрайтын 670 жылыжайлар, жеке кәсіпкерлердің есебінен алаңы 7,19 га жылыжайлар іске қосылды. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде.

^ 2.3. Стратегиялық бағыт 3.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.

2.3.1) Кәсіпкерлік саласының дамуы - халықты жұмыспен қамту және бюджеттің кіріс көзін құрауда маңызды рөл атқарады.

Сондықтан, бөлім кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру және қызметін жандандыру бағытында жұмыс жүргізеді.

Жаңа компаниялардың нарыққа кірердегі кедергілер, тосқауылдарды қалпына келтіру, нарықтың монополиязациялану дәрежесін төмендету, экономиканың салаларындағы бәсекелестік деңгейінің жеткіліксіз дамуын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Жеке қолға» шоғырланған жоғары дәрежелі нарық және нарықтың негізсіз монополиязациялануы (қолдан жасалынған) бар жерлерге, экономика секторлары мен белгілі салалардың қызметтерін анықтау мақсатында және ішкі нарықтағы тауарлардың сараптамасы тұрақты жүргізіліп отырады.

Тауар нарығындағы жүргізілген сараптамалар, тікелей тауар өндірушілер немесе олардың меншік иелері сауда үйлерін құрайтындығын көрсетті. Тауарларды сатудағы бірінен кейін келесіге жалғастыра беру қымбатшылыққа соқтырады және сатып алушылардың бөлімін құрайды.

Мұндай топтарды анықтау бойынша және оларды түрлі қызметтерді көрсету (тауарлар, жұмыстар) Тізіміне қосу жұмыстары күшейтілуде.

Қала экономикасының дамуында орта және шағын кәсіпкерлік басты тұғырдан орын алды, шағын кәсіпкерліктің қызметінің анағұрлым көтерілуі, бәсекелес ортаның құрылымында, базарды отандық тауар мен қызметке толтыруды, халықты жұмыспен қамтудағы өзекті мәселелерді шешуге ықпал етті.

Кәсіпкерліктегі қысымдарды қысқарту және әкімгершілік тосқауылдарды қалпына келтіру үшін экспертті кеңес құрылды.

2010 жылы зерделеу комиссиясымен 23 жоба іріктеліп, қаржыландыру көздері қарастырылуда. Оның ішінде 2010 жылы 3 жоба («South Textіline», «ERNUR Print», «Эко Шина» ЖШС) 42,5 млн.теңгеге қаржыландырылды.

Сонымен қатар, «Максимум» АИО ЖШС-мен 13 жоба 183,2 млн. теңгеге қаржыландырылып, бұл жобаларда жаңадан 686 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Кәспкерлік сласын жандандыру мақсатында бұрынғы фосфор зауытының аймағында «индустриялық аймақ» құру жұмыстары басталды.

Қазіргі таңда аумағын тазарту жұмыстары жүргізіліп, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын қалпына келтіру және жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

«Индустриалдық аймақ» дирекциясы құрылды. Осы аймақта жүзеге асыру үшін инвестициялық жобаларды талдау және іріктеу Кеңесімен 17 жоба мақұлданды.

Кәспкерлік саласын дамытудағы негізгі параметрлері:

- Кіші және орта бизнес субъектілердің басым жобаларын қаржыландыру («Максимум» ЖШС-і)

- «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ», Екінші деңгейлі банктер (ЕДБ), «Оңтүстік» ӘКК ұлттық компаниясы қаржы институттары арқылы кредиттік қаражат алуға қолдау көрсету;

- кәсіпкерлікке қолдау көрсетуші қоғамдық бірлестіктермен (СодБи, ЮСАИД) бірлесе отырып, кәсіпкерлік мәселелері бойынша әлеуметтік сұрау мен талдау-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

- қоғамдық ұйымдар кәсіпкерлерін тарту арқылы кәсіпкерлікке қолдау көрсету бойынша орталықтар құру арқылы кәсіпкерлердің ақпараттық-талдау, консалтингтік және оқу-әдістемелік қызмет көрсету бойынша мәселелерін шешеді;

- кіші және орта бизнес субъектілерінің қашықтықтан, виртуалды консалтинг жүйесін құру, мемлекеттік органдар және кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарымен бірлескен семинарларын және оқыту тренингтерін ұйымдастыру арқылы кәсіпкердің ақпарат алуы үшін қаржысын және уақыты үнемдеуге мүмкіндік береді.

- бюрократтық процедураларды оңтайландыру арқылы бизнес үшін қолайлы жағдайды туғызу.

«Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасын» іске асыру бойынша түзілген іс-шара


қ/с

Іс шар атауы

Жауапты орган

Өткізілетін уақыты

1

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша сервистік қызмет көрсету үшін облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен келісім шартқа отырған консалтинг топ «СМК-консалтинг» ЖШС-мен көрсетілетін қызмет түрлерін қала кәсіпкерлерінің толық пайдалануы үшін бірлесіп жұмыстар ұйымдастыру.

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі

Әр ай сайын 2 рет

2

«Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасы жөнінде түсіндерме және ақпаратта мәлімдемелерді БАҚ жариялау

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі

Әр ай сайын 2 рет

3

«Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасын түсіндіру жөнінде «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры, ЕДБ (екінші деңгейлі банктермен тағы да басқа даму институттардың) /келісімімен/ семинар кеңестер өткізу

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі

Тұрақты

4

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімет тапсырып отыру

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі

Әр ай сайын

5

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын барынша тиімді пайдалануға ықпал ету мақсатында жұмысшы топ құру

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі

Тұрақты

6

Қаладан ұсынылған жобаларды «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына кіргізу үшін екінші деңгейлі банктермен тікелей жұмыс жүргізу.

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі

Тұрақты




^ Міндет 4. Шағын кәсіпкерлікті дамыту

1

Шағын және орта кәсіпкерліктің тиімді өзін-өзі ретеуші ұйымдары мен салалық ассоциацияларын құру

Есеп беру

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі

2011-2015 жж

Өтінімдер шегінде

Кәсіпкерлік субъектілердің өз қаржысы

2

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы сауда ассоциациясын құру

Есеп беру

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі

2011-2015 жж.

Өтінімдер шегінде

Кәсіпкерлік субъектілердің өз қаржысы

3

«Максимум» АИО арқылы бизнес-жобаларды іске асыру

Есеп беру

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі

2011-2015 жж.

Өтінімдер шегінде

«Максимум» АИО
1   2   3   4   5



Похожие:

Келісілді Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Н.Әлтаев iconОҚо кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Н.Әлтаев 2011 жыл
Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2011 жылға арналған
Келісілді Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Н.Әлтаев iconОңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Шымкент қаласы Мазмұны
Стратегиялық бағыт-бағдар, Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мақсаты мен қызмет және
Келісілді Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Н.Әлтаев iconПавлодар облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Павлодар облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының миссиясы облыс аумағында кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті тиімді дамыту үшін...
Келісілді Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Н.Әлтаев iconПавлодар облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Павлодар облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының миссиясы облыс аумағында кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті тиімді дамыту үшін...
Келісілді Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Н.Әлтаев iconПавлодар облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Павлодар облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының миссиясы облыс аумағында кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті тиімді дамыту үшін...
Келісілді Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Н.Әлтаев iconКелісілді Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы басқармасының бастығы Г. Морозова
«Шымкент қаласының экномика және қаржы бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Келісілді Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Н.Әлтаев iconИнновациялар және жаңа технологиялар жөніндегі облыстық кеңестің құрамы
Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының индустриялық-инновациялық дамыту бөлімінің бастығы, хатшы
Келісілді Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Н.Әлтаев icon«келісілді» Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бастығы
Сондай-ақ, мемлекеттің тәуелсіздігін, қоғамдық процестерді демократияландыруда қоғамның, азаматтардың қатысуын қамтамасыз етуді нығайту...
Келісілді Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Н.Әлтаев iconОңтүстік Қазақстан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы

Келісілді Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Н.Әлтаев iconКелісілді Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының М.Әлі
Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының М.Әлі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы