Шымкент қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы icon

Шымкент қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы



НазваниеШымкент қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы
страница1/4
Дата конвертации23.12.2012
Размер0.88 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4



Шымкент қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 19 сәуірдегі

376 қаулысымен бекітілген


Шымкент қаласы әкімдігінің

2011 жылғы 12 қаңтардағы

7 қаулысына өзгерістер

енгізу туралы


Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 29 наурыздағы «Шымкент қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» №43/369-4с шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №47/398-4с шешімін іске асыру мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қала әкімдігінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы «Шымкент қаласының білім бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» №7 қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген «Шымкент қаласының білім бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары» осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Ш.Әліқұловқа жүктелсін.


Қала әкімі А.Жетпісбаев


«Шымкент қаласы білім бөлімі» ММ

^ 2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары


  1. Миссия және көзқарасы.


Миссиясы : бәсекеге қабілеттілікті және тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

Пайымдауы: жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, интеллектуалды ұлт.


2. Шымкент қаласының білім беру саласын дамытудың ағымдағы жай - күйін талдау


2.1. Мектепке дейінгі білім беру


Қалада мектепке дейінгі білім беруге тең қол жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілмеген. Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша 98 бала-бақша қызмет атқаруда, оның ішінде 51 бөбекжай бала-бақшасы жалпы нығайтуға, 7 арнайы (коррекциондық) бөбекжай бала-бақша және 40 жеке меншік бала-бақшалар. Бала-бақшаларда 12016 орын бар, 15318 мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиеленуде. Сонымен қатар мектеп жанынан ашылған 32 шағын орталықта мектеп жасына дейінгі 1788 бала тәрбиеленуде және 6 бастауыш мектеп бала-бақша кешенінде 996 бала, жалпы білім беретін мектептердің мектепке дейінгі даярлық топтарында 4705 бала тәрбиеленуде.

Қалада 34,5 мыңнан артық бала мектепке дейінгі мекемелерден орын алуға кезекте тұр.

Қаладағы 0 – 7 жастағы бала тұрғындардың саны бала туылуына және көш-қонға байланысты едәуір ұлғайды: егер 2000 жылы 46409 бала болған болса, ал 2008 жылы балалар саны 92206, 2009 жылы балалар саны 100010 құрады. Тек қана 2008 жылы қалада 16889 , 2009 жылы 15418 аса бала туылған. Балалардың осындай көп туылуы мектепке дейінгі мекемелердің, сонымен қатар 2015 жылы жалпы білім беру мектептеріндегі оқушы орындарының жетіспеушілігіне әкеліп соғады.

Балаларды мектепке дейінгі оқытумен қамтамасыз ету 2000 жылмен салыстырғанда 18,7% өскен. 2009 жылмен салыстырғанда қаладағы мектепке дейінгі мекемелер желісі 31 (олардың ішінде 21 жеке меншік) бірлікке көбейген.




5-6 жасар балаларды мектепалды алды даярлықпен қамтамасыз ету





^ 2.2. Орта білім


Бүгінгі күні мемелекеттік орта жалпы білім беру жүйесі 2009 жылдың 1 қазанына – 85 мектепті құрады. 2010-2011 оқу жылында 87 мектеп қызмет атқаруда. Оның ішінде:

Жалпы орта мектеп – 72;

Бастауыш мектеп бала-бақша кешені – 6;

Негізгі мектеп – 6;

Кешкі мектеп – 3;

Сонымен қатар жалпы білім беретін 6 жеке меншік мектеп бар.

Бір мектептің ғимараты апаттық жағдайда тұр.

Мектептердің 84,5% (71 мектеп) 2 ауысымда, 7,1% (6 мектеп) – 3 ауысымда жұмыс істейді.

Облыстағы жалпы білім беретін мектептерді компьютерлендіру жалғасуда. 2003 жылы 1 компьютерге 69 оқушыдан келсе, 2009 жылы бұл көрсеткіш 1 компьютерге 36 оқушыны құрады.

Мектептердің 94% интернет желісіне қосылған, 100% телефонмен қамтамасыз етілген.

Қалада мектептердің 91% лингафондық және мультимедиялық кабинет бар. Мектептерде 1970-1990 жылдары алынған жиһаздары моральдық жағынан да, физикалық жағынан да ескірген және балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейді.

2009 жылға мектептердің пән кабинеттерімен қамтамасыздығы мынаны құрайды:

Физика – 65,4%,

Химия – 23,1%

Биология – 37,2%

ЛМК – 91,0%


.

^ 2.3. Ұлттық бірыңғай тестілеу.


Қаланың білім басқармасы мектептердің мәртебесіне қарамай білім сапасын жоғарылату бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.

2010 жылға ҰБТ бойынша орта балл 92 баллды құрады. 2009 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 18,9 баллға өскен. Оқушылардың білімдегі жетістіктері көрсеткішінің бірі – «Алтын белгімен» және үздік аттестатпен аяқтаған түлектер үлесі. 2010 жылы 109 түлек мектепті «Алтын белгімен» аяқтады және 48 оқушы үздік аттестат алды.

Бес жыл бойына ҰБТ орта баллы жоғарылауда



Жылдар

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Орташа балл

56,5

65,1

68,7

75,1

72,2

73,1

92

Республика бойынша рейтингтегі орын


1


1


1


4


3


3


3


2009-2010 оқу жылы «Алтын белгі» жалпы орта білім аттестатын 109 (үміткерлердің 84,5 %) түлек алды.


Жыл

Үміткерлер саны

Олардың ішінде растағандары

%

2005

82

41

50

2006

85

51

60

2007

96

74

77

2008

100

35

35

2009

80

41

51,2

2010

129

109

84,5



Қала бойынша 2005-2010 жылдардағы ҰБТ орта баллы төмендегі

динамикада көрсетілген.




2009 жылы қаланың 82 жалпы орта білім беру мекемесінде оқыту сапасын қадағалаудың білім беру мекемесінен тәуелсіз түрлерінің бірі – МАБ өткізілді, оған 9 - сыныптың 8520 және 4 – сыныптың 7262 оқушысы қатысты.

^ 2009 жылғы МАБ қорытындысы: мектептің негізгі сатысы (9-сынып) бойынша 90 мүмкін баллдан 65,8 баллды құрады (орындау пайызы 66,8-ге тең) аталған көрсеткішке сай қала облыс бойынша 2-ші нәтижені көрсетіп отыр.

Мектептің бастауыш сатысы бойынша (4-сынып) орта балл 20 мүмкін баллдан 17,8 баллды құрады (орындау пайызы 94,0 тең, 2008 жылғы осы көрсеткіш 83,5%). Орта балл көрсеткішіне сай қала облыс бойынша 2 нәтижені көрсетіп отыр.

^ 2010 жылғы МАБ-қа 82 мектеп қатысты, 4- сыныптың 8005 оқушысы және 9-сыныптың 8817 түлегі. 4- сыныптар бойынша орта балл 17,8 бірлікті және 9- сыныптар бойынша – 74,2 бірлікті құрады.


^ 2.4. Мектеп оқушыларының интеллектуалдық жарыстары


Республикалық мектеп оқушылары олимпиадасында, ғылым негіздері бойынша мектеп оқушыларының ғылыми жарыстарында қала оқушылары жүлделі орындарға қол жеткізді.

2009-2010 оқу жылының қорытындысы бойынша қаланың 18 оқушысы облыстық пәнаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болса, 8 оқушысы мақтау қағаздарымен марапатталды, облыстық конкурста 8-11 сыныптардағы 82 оқушыдан 14 оқушы ғылыми жобасын қорғау бойынша жүлделі орындарға ие болды, 24 оқушы мақтау қағаздарымен марапатталды, сондай-ақ түрлі халықаралық жарыстардың жеңімпазы болды.


^ Республикалық және халықаралық конкурстарға қаты.суы


р/с

Конкурс атауы

Қатысқандар

Жүлделі орын алғандар

1

Республикалық халықаралық интелектуалды ойындар:

5669

779




Русский медвеженок

1121

167




Золотое руно

1100

213




Кенгуру - лингвист

605

65




Кенгуру-математик

1295

89

2

«Ақбота» республикалық конкурсы

1548

245



^ 2.5. Қаладағы мектеп оқушыларының оқулықтармен және ОӘҚ қамтамасыздандырылуы


Қаланың білім беру жүйесінде жаңа буын оқулықтарымен оқытуға көшу 1997 жылдан бері жүргізілуде. Ағымдағы оқу жылынан бастап 1-11 сынып оқушылары жаңа буын оқулықтарымен білім алу үстінде. Нақты аяқталу мерзімі 2009-2010 оқу жылына белгіленген.

Қаладағы мектеп оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету 87% құрайды. Барлық оқушыларды оқулықтармен түгел қамтамасыз ету оқушылар контингентінің үнемі көбеюіне, облыстағы тұрғындар санының өсуіне байланысты күрделі жағдайда. 10-11 сыныптардың оқулықтармен қамтамасыздығы 35% құрайды.

2008 жылы мектеп кітапханаларының оқу қоры балама оқулықтармен және басқа оқу әдебиетімен айтарлықтай толықтырылды.

Жалпы білім беру бағдарламасымен қатар эксперименталдық бағдарлама бойынша оқып жатқан балалар оқулықтармен толық қамтамасыз етілген:

  • 12 жылдық білім беру,

  • Ағылшын тілі 2 сыныптан ,

  • «Өзін-өзі тану»,

  • Мектеп алды оқыту

.


^ 2.6. Тәрбие жұмысы


Кәмелетке жасы толмаған балалардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізілуде. Оларды мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуға, спортпен айналысуға, түрлі үйірмелер мен спорт секцияларына қатысуға тарту жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіледі.

Сабақтан тыс уақытта жұмыс істейтін 9 мектептен тыс мекемелер қызмет атқаруда,

Соның ішінде:

№1,2, Балалар музыкалық мектебі

№3 Балалар эстетикалық музыкалық мектебі

Өнер мектебі

Көркемсурет мектебі

Балалар және жастар орталығы

Балғын туристер станциясы

«Ақ-су» оқу-сауықтыру кешені

2 оқу орнында 10-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдарлау және кәсіпшілікке дейінгі дайындық топтары ұйымдастырылған.

Жоғарыда аталған мекемелердегі үйірмелерге 8,458 мыңнан аса балалар мен жасөспірімдер қатысады, , бұл мектеп оқушыларының жалпы санының 9% құрайды.

Қосымша білім беру мекемелері халықаралық, республикалық және облыстық іс-шараларға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Мысалы, Шымкент қаласының өнер мектебі жыл сайынғы жас музыканттардың республикалық конкурсында жүлделі орындарға ие болады. Шымкент қаласының №1 музыкалық мектеп оқушылары халықаралық дәрежедегі (Мәскеу, Болгария, Германия ) түрлі конурстарда бірнеше рет лауреат атанды.

Жаздық сауықтыру демалысы «Жаз-2010» жемісті өткізілді.

2010 жылдың жазғы кезеңінде всеобуч қорынан 12000,0 мың теңге бөлініп, демалыс, сауықтыру жүйесі, жұмыс бастылық келесі ретпен орналасты:

«Ақ-су» демалу және сауықтыру кешені – 312 бала,

Балалар және жасөспірімдер орталығы жанындағы сауықтыру алаңы – 776 бала.

Сонымен қатар білім қызметкерлерінің балаларына арналған кәсіподақ комитетінің 150 балаға 50% жеңілдікпен.

Мектеп жанындағы лагерлердегі 5635 баланы құрайтын 300 топқа ыстық тамақпен қамсыздандыру ұйымдастырылған.


^ 2.7.Оқушыларды әлеуметтік қолдау


Қалада 84 мектептің 68 мектебінде оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастырылған, ал қалған 16 мектепте буфеттік өнім іске асады.

Оқушылардың қоректенуі ата-аналардың шотынан ұйымдастырылған. 2008-2009 оқу жылында барлық мектептер осындай тамақпен қамтылған болатын.

Тамақтандыру ұйымдарының ерекше назары әлеуметтік қорғанбаған жанұялардың балаларының қамтамасыз етілмеген соның ішінде – көп балалы отбасылар, жетім-балалар, қамқоршының қолындағы балалар, мүмкіншіліктеріне шек қойылған балаларға және басқа да категориялардағы балаларға аударылуда.

2010 жылы әлеуметтік қорғанбаған 3177 балаларды тегін тамақпен қамту мақсатында 54400,0 мың теңге қарастырылған, Сондай-ақ жалдаушылардың қаржысына жетім балаларға және көп балалы, қамтамасыз етілмеген отбасылардағы балаларға тегін тамақ қарастырылып отыр.

2010 оқу жылында 3820 оқушы, мұқтаж болғандарды тегін тамақтандыру жалпы санынан 100% құрады:



Жылдар

Бөлінген қаржы(мың тенге)

Оқушылардыңсаны

Барлығы

%

Всеобуч қорынан

Жалға алушылар қорынан

^ Всеобуч қорынан

Жалға алушылар қорынан

Балалар саны

Соммасы

%

2008

8 156

24 840

1 500

2 300

3 800

32 996

82,2

2009

46 964

11 491,2

3 822

798

4 620

58 455,2

100

2010

54400

13052,9

3177

643

3820

67452,9

100



2.8. .Ақпараттық-коммуникациялық технологияларының дамуы дүние жүзілік стандарттардан артта қалуы.


Компьютерлік техниканың физикалық және адами тозуына байланысты оны жыл сайын жаңарту қажет. Дүниежүзілік көрсеткіштерге жету үшін (1 компьютерге 5-6 адам) мектептерді компьютер техникасымен қамтамасыздандыру.

Қазіргі күнге мектептерде 2751 компьютер болса, олардың 918 ауыстыруды қажет етеді, яғни 36 оқушыға 1 компьютер, бұл көрсеткішті төмендету үшін жыл соңына дейін облыс бюджетінен 1397 компьютерге ие болу жоспарланып отыр, бұл 1 компьютерге шаққандағы оқушы санын 23,6 (4148 компьютерге) төмендеуіне әкеледі. Дүниежүзілік көрсеткіштерге жету үшін (1 компьютерге 5-6 адам) мектептерге 16166 компьютерлерді алуды қажет етеді, яғни қазіргі кездегіден 3,9 есе көп.

Мектептердің 100% телефонмен қамтылған және Интернет желісіне қосылған. Әрбір білім мекемелерінде оздерінің жеке сайттары ашылған және вэб-порталға қосылған. Қала бойынша 19 мектеп қашықтықтан оқыту жүйесіне қосылған.

Алғаш рет 2007 жылы қаланың 36 мектебінде интерактивті тақта қойылып, сол 2007 жылдың 3 қыркүйегінде алғаш рет мемлекет басшысының қатысуымен интерактивті сабақ өткізілді. 2008 жылы Республикалық бюджет шотынан 176 интерактивті тақта алынды. (36 мектептке 4 тақтадан, қалған 32 мектепке 1 тақтадан.) 2009 жылы Республикалық бюджет шотынан қосымша 128 интерактивті тақта алынды (комплектацияға дейінгі 32 мектепке 4 интерактивті тақтадан.)

Білім информатизациясының нәтижелілігі білім алу процесінде көбіне педагогикалық кадрлардың дайындауына, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жүйелі пайдаланылуына тәуелді болады.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша педагогикалық кадрлардың квалификациялық жоғарылауы 2009-2010 оқу жылына білім информатизациясы бойынша 36 аса информатика және пән мұғалімдері дайындалды.


^ . Нормативтік құқықтық актілер


1. Қазақстан Президентінің 1997 жылғы 11 қазандағы «Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатын жақсарту» атты Қазақстан халқына Жолдауы.

2. 1989 жылғы 20 қарашадағы Бала құқықтары туралы конвенция (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 маусымдағы қаулысымен ратификацияланған).

3. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы.

4. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы.

5. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңы.

6. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы.

7. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңы.

8. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйелерін жаңарту өлшемдері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылдың 13 қаңтарындағы №273 жарлығы

9. «Қазақстан Республикасына 2005-2010 ж.ж. білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 жарлығы.

10. «2030 жылға дейін Қазақстанда Стратегия дамуының былайғы іске асыру шамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы №735 Жарлығы.

11. «Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы №1332 қаулысы.

12. «Нәтижелерге бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасының үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы №1297 қаулысы.

13. «2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан Балалары» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1245 қаулысы

14. «2008-2010 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2007 жылғы 16 қазандағы №958 қаулысы.

15. «Жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мен дамытудың 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 маусымдағы №516 қаулысы.

16. «Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға арналған ақша қаражатын төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Рсепубликасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы №306 қаулысы.

17. «Ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар мен жетімдер ішінен білім беру ұйымдарының түлектерін жұмыс және баспанамен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 жылғы 22 желтоқсандағы №1882 қаулысы.

18. «2011-2013 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Қалалық маслихаттың 2010 жылғы 23 желтоқсандағы №43/369-4с шешімі;

  1   2   3   4



Похожие:

Шымкент қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы iconЕрежеге 11- қосымша
Шымкент қаласы ветеринария бөлімі мм-сі, мекен жайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Шымкент қаласы әкімдігінің ғимараты, Тыныбаев көшесі 49...
Шымкент қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы iconЖоба шымкент қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 4 тамыздағы «Қалалық коммуналдық меншік туралы» №1138 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»...
Шымкент қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы icon«бекітемін» Шымкент қаласы әкімдігінің 2010 жылғы № қаулысымен бекітілген Шымкент қаласы
Аудан аумағында әлеуметтік – экономикалық дамуға және халықтың әл – ауқатын жақсартуға бағытталған жалпы мемлекеттік мақсаттарға...
Шымкент қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы iconӘкімдігінің 2010 жылғы
«Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Шымкент қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы iconШымкент қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «18» мамыр
«Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай-Бөлім) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын...
Шымкент қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы iconПавлодар қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 5 қаңтардағы «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» №2/1 қаулысына

Шымкент қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы iconШымкент қаласы әкімдігінің 2012 жылғы
«Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеме (әрі қарай-Бөлім) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы...
Шымкент қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы iconШымкент қаласы әкімдігінің
Шымкент қаласының аумағында бақша өнімдерін сату үшін көшпелі сауданы жүзеге асыру орындары
Шымкент қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы iconШымкент қаласы әкімдігінің 2010ж
Шымкент қаласының ТҰРҒын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің
Шымкент қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы iconШымкент қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы»
Заңына, Шымкент қалалық мәслихатының 2010 жылғы 15 қаңтардағы «Шымкент қаласының басқару схемасы туралы» №29/281-4с шешіміне сәйкес,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы