|
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 332 қаулысы Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745, «Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулыларына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ^
7) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру». 2. «Мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 146 қаулысының күші жойылған деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2622 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 11 – 21 тамыздағы № 93 (16722) - 97 (16726) «Дидар», 2012 жылғы 8 - 20 тамыздағы № 92 (19232) – 97 (19237) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланды). 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. ^ Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «28» желтоқсандағы № 332 қаулысымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметінің регламенті ^ 1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, мекенжайлары осы регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 49-1-бабының және «Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы жер учаскесінің пайдалану мақсатын өзгертуге шешім (бұдан әрі – шешім) немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі. ^ 6. Жергілікті атқарушы органның жұмыс кестесі: күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мереке күндері. Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртібімен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 7. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат: 1) жергілікті атқарушы органның стенділерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады; 2) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік): www.auzr.kz интернет-ресурсында орналастырылған. 8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызмет алушы осы регламенттің 14-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 37 күнтізбелік күн; 2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут; 3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут. 9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 10. Құқықтық режимі, жер учаскесінің санатқа тиесілігі және жерді аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсат етілген пайдалану негізінде нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру мүмкін емес болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады. Осы регламенттің 14-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызмет алушының құжаттарды тапсырған күнінен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын уақытта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде жазбаша хабардар етеді. Жергілікті атқарушы орган белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет алушыға бекiтілген шешім немесе қызмет беруден бас тарту туралы уәжделген жауап бермеген жағдайда, онда беру мерзімінің өткен күнінен бастап шешім берілді деп есептеледі. 11. Мемлекеттік қызмет алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру сәтіне дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi: 1) мемлекеттік қызмет алушы қажетті құжаттарды жергілікті атқарушы органға ұсынады; 2) жергілікті атқарушы органның кеңсесі мемлекеттік қызмет алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды және тіркейді, құжаттарды қабылдағаны жөнінде қолхат береді. Жергілікті атқарушы органның басшылығына қарауға тапсырады; 3) жергілікті атқарушы органның басшылығы орындау үшін жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесін белгілейді; 4) жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің басшылығы жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын белгілейді және құжаттарды тапсырады; 5) жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы құжаттардың заңнамаға сәйкестігін қарап, жер учаскелерні беру бойынша жер комиссиясының отырысына материалдарды немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты әзірлейді; 6) жер учаскелерін беру бойынша жер комиссиясы материалдарды қарап, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы немесе бас тарту жөнінде шешім қабылдайды; 7) жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты әзірлейді; 8) жергілікті атқарушы органның кеңсесі шешімнің көшірмесін немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты мемлекеттік қызмет алушыға тапсырады. 12. Жергілікті атқарушы органда мемлекеттiк қызметті көрсету үшін құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны 1 (бір) қызметкер құрайды. ^ 13. Жергілікті атқарушы органда құжаттарды қабылдау кезінде кіріс хат-хабарларын тіркеу кітабына тиісті жазба енгізіледі. Өтініш берушіге: 1) сұрауды қабылдау күні мен нөмірі; 2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны және атауы; 4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны; 5) мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. 14. Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет: 1) осы регламентке 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі; 4) салықтық қарыздың жоқтығы туралы салық органдарынан анықтама; 5) жер учаскесіне ауыртпалықтардың жоқтығы туралы әділет органдарынан анықтама; 6) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының актісі (қажет болғанда); 7) елді мекеннің бас жоспарына сәйкес құрылыс объектілерін салған жағдайда, жылжымайтын мүліктердін әр бұрынғы меншік иесімен жер учаскесін сатып алу бойынша жасалған келісім шарттың көшірмелері (қажет болғанда); 8) жылжымайтын мүлік объектісіне құқықты куәландыратын құжаттың көшірмесі (қажет болғанда); 9) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық төлқұжатының көшірмесі (қажет болғанда); 10) мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызмет алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлға үшін; 11) заңды тұлғаның тіркелуі туралы куәлігі, заңды тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – заңды тұлға үшін. Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмелерінің дұрыстығын тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін қайтарылады. 15. Ақпараттық қауіпсіздік талабы берілетін және қабылданатын материалдардың құпиялығы болып табылады. 16. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады: 1) ҚБФ 1 – жергілікті атқарушы органның кеңсесі; 2) ҚБФ 2 – жергілікті атқарушы органның басшылығы; 3) ҚБФ 3 – жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің басшылығы; 4) ҚБФ 4 – жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы; 5) ҚБФ 5 – жер учаскелерін беру бойынша жер комиссиясы. 17. Әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк әрекеттерінің (рәсiмдердiң) реттілігі мен өзара іс-қимылының әрбір әкімшілік іс-қимылдың орындалу мерзімі көрсетілген мәтіндік кесте түріндегі сипаттамасы осы регламентке 3 қосымшада келтірілген. 18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-қимылдардың қисынды реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты бейнелейтін сұлба осы регламентке 4 қосымшада келтірілген. 4. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымдытұлғалардың жауапкершілігі19. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметтер көрсету барысында олар қабылдаған шешімдер мен әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртіпте жауап береді. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет регламентіне 1 қосымша ^
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет регламентіне 2 қосымша ____________________________________ әкімі (жергілікті атқарушы органның атауы) _________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) _________________________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты _________________________________________ не заңды тұлғаның толық атауы) _________________________________________ (жеке тұлғаның жеке _________________________________________ басын немесе заңды тұлғаның мемлекеттік _________________________________________ тіркеуін куәландыратын құжаттардың _________________________________________ деректемелерi, байланыс телефоны, _________________________________________ мекенжайы) ^ өтініш Сізден менің жеке меншігімдегі (жер пайдаланудағы) _______________________ ___________________________________________________________________ мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі____________________________ жер учаскесінің ____________________________________________________________ нысаналы мақсатын ____________________________________________________________ нысаналы мақсатына ________________________________________________________________________________ (нысаналы мақсатын өзгерту қажеттілігінің себебін көрсету) байланысты өзгертуді сұраймын. Күні __________ Өтініш беруші________________________________ (жеке немесе заңды тұлға өкілінің тегі, ________________________________ аты, әкесінің аты, қолы) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет регламентіне 3 қосымша Әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк әрекеттерінің (рәсiмдердiң) реттілігі мен өзара іс-қимылының мәтіндік кесте түріндегі сипаттамасы 1 кесте. КФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
^
^
^
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет регламентіне 4 қосымша Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-қимылдардың қисынды реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты бейнелейтін сұлба 5. Жер учаскелерін беру бойынша жер комиссиясы. Материалдарды қарау және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы немесе бас тарту жөнінде шешім қабылдау (5 жұмыс күні) 4. Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы. Құжаттардың заңнамаға сәйкестігін қарау, жер учаскелерін беру бойынша жер комиссиясының отырысына материалдарды немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты әзірлеу (15 күн) 1. Жергілікті атқарушы органның кеңсесі. Мемлекеттік қызмет алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу (30 минут) 2. Жергілікті атқарушы органның басшылығы. Құжаттардың мазмұнымен танысу және орындау үшін жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесін белгілеу (бір күн ішінде) 3. Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің басшылығы. Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын белгілеу (15 минут) 7. Жергілікті атқарушы органның кеңсесі. Шешімнің көшірмесін немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты мемлекеттік қызмет алушыға беру (бір күн ішінде) 6. Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы. Жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты әзірлеу (15 күн) Мемлекеттік қызмет алушы |