|
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 332 қаулысы Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745, «Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулыларына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ^
5) «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту». 2. «Мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 146 қаулысының күші жойылған деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2622 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 11 – 21 тамыздағы № 93 (16722) - 97 (16726) «Дидар», 2012 жылғы 8 - 20 тамыздағы № 92 (19232) – 97 (19237) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланды). 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. ^ Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «28» желтоқсандағы № 332 қаулысымен бекітілген «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызметінің регламенті^ 1. «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша, жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, осы регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 14-1-бабының және «Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы бекiтілген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі. ^ 6. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес мереке күндері. Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртібімен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 7. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат: 1) уәкілетті органның стенділерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады; 2) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) www.auzr.kz интернет-ресурсында орналастырылған. 8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызмет алушы осы регламенттің 14-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күні; 2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут; 3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут. 9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 10. Мемлекеттік қызмет алушы осы регламенттің 14-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етпеген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады. Мемлекеттік қызмет алушыға көрсетілген өтінім келіп түскен күнінен бастап бір күн ішінде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін бекітуді тоқтатуға себеп болған құжатты, ресімдеудің тоқтатылуын жоюға мемлекеттік қызмет алушының қажетті іс-әрекеттерін көрсете отырып және оның мерзімі туралы жазбаша хабардар етеді. Уәкілетті орган белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет алушыға бекiтілген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін немесе қызмет беруден бас тарту туралы уәжделген жауап бермеген жағдайда, онда беру мерзімінің өткен күнінен бастап жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі бекітілді деп есептеледі. 11. Мемлекеттік қызмет алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру сәтіне дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi: 1) мемлекеттік қызмет алушы жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісін бекіту туралы өтiнiшті және қажетті құжаттарды уәкілетті органға ұсынады; 2) уәкілетті органның кеңсесі мемлекеттік қызмет алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды және тіркейді, құжаттарды қабылдағаны жөнінде қолхат береді. Уәкілетті органның басшылығына қарауға тапсырады; 3) уәкілетті органның басшылығы құжаттармен танысып, уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшылығына жолдайды; 4) уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшылығы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын белгілейді және құжаттарды тапсырады; 5) уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы ұсынылған жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісінің дұрыстығын тексеруді жүргізеді және уәкілетті органның басшылығына бекіту үшін жолдайды немесе дәлелді бас тартуды немесе мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтату туралы жазбаша хабарламаны әзірлеп, уәкілетті органның басшылығына қол қоюға тапсырады; 6) уәкілетті органның басшылығы құжаттармен танысып, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін бекітеді немесе дәлелді бас тартуға немесе мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтату туралы жазбаша хабарламаға қол қояды және уәкілетті органның кеңсесіне тапсырады; 7) уәкілетті органның кеңсесі жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін немесе дәлелді бас тартуды немесе мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтату туралы жазбаша хабарламаны мемлекеттік қызмет алушыға тапсырады. 12. Уәкілетті органда мемлекеттiк қызметті көрсету үшін құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны 1 (бір) қызметкер құрайды. ^ 13. Уәкілетті органда құжаттарды қабылдау кезінде кіріс хат-хабарларын тіркеу кітабына тиісті жазба енгізіледі. Өтініш берушіге: 1) сұрауды қабылдау күні мен нөмірі; 2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны және атауы; 4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны; 5) мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. 14. Мемлекеттік қызметті алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсыну қажет: осы регламентке 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызметті алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлғалар үшін; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, заңды тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі – заңды тұлғалар үшін; осы регламентке 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша мамандандырылған кәсіпорындармен есептелген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі; тиісті жергілікті атқарушы органдармен құрылған жер учаскесіне құқық беру туралы жер комиссиясының оң қорытындысының көшірмесі. Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмелерінің дұрыстығын тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін қайтарылады. 15. Ақпараттық қауіпсіздік талабы берілетін және қабылданатын материалдардың құпиялығы болып табылады. 16. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады: 1) ҚФБ 1 – уәкілетті органның кеңсесі; 2) ҚБФ 2 – уәкілетті органның басшылығы; 3) ҚБФ 3 – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшылығы; 4) ҚБФ 4 – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы. 17. Әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк әрекеттерінің (рәсiмдердiң) реттілігі мен өзара іс-қимылының әрбір әкімшілік іс-қимылдың орындалу мерзімі көрсетілген мәтіндік кесте түріндегі сипаттамасы осы регламентке 4 қосымшада келтірілген. 18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-қимылдардың қисынды реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты бейнелейтін сұлба осы регламентке 5 қосымшада келтірілген. 4. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымдытұлғалардың жауапкершілігі19. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметтер көрсету барысында олар қабылдаған шешімдер мен әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртіпте жауап береді. «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызмет регламентіне 1 қосымша ^
«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызмет регламентіне 2 қосымша _________________________________________ (уәкілетті органның атауы) жер қатынастары бойынша уәкілетті органның бастығы _________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) _________________________________________ (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты _________________________________________ не заңды тұлғаның толық атауы) _________________________________________ (жеке тұлғаның жеке _________________________________________ басын немесе заңды тұлғаның мемлекеттік _________________________________________ тіркеуін куәландыратын құжаттардың _________________________________________ деректемелерi, байланыс телефоны, _________________________________________ мекенжайы) Өтініш ____________________________________________________________ мекенжайында (жер учаскесінің орналасқан жері) орналасқан жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін бекітуіңізді сұраймын. Күні __________ Өтініш беруші________________________________ (жеке немесе заңды тұлға өкілінің тегі, ________________________________ аты, әкесінің аты, қолы) «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызмет регламентіне 3 қосымша Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі 1. Акті азамат (ша) өтінімі негізінде жасалды _______________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) заңды тұлғаның _______________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) ______________________________________________________________________________________ жер учаскесін бағалауға байланысты өтінімі негізінде жасалады. 2. Жер учаскесінің пайдалану мақсаты: _________________________________ _______________________________________________________________________ 3. Жер учаскесінің орналасқан жері: ___________________________________ _______________________________________________________________________ 4. Жер учаскесінің бағалау құнының есебі (жер пайдалану құқығы)
5. Жер учаскесінің бағалау (жер пайдалану құқығы) құны __________________________________________________________ құрайды. (жазбаша сомасы) Осы акт анықталды _____________________________________________________ (жер кадастрын жүргізетін кәсіпорынның атауы) М.О. ______________ ___________________________________________ (қолы) (басшының тегі, аты, әкесінің аты) М.О. ____________________ ___________________________________________ (қолы ) (уәкілеті орган бастығының тегі, аты, әкесінің аты) Күні «____» ____________ «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызмет регламентіне 4 қосымша Әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк әрекеттерінің (рәсiмдердiң) реттілігі мен өзара іс-қимылының мәтіндік кесте түріндегі сипаттамасы 1 кесте. КФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
^
^
«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызмет регламентіне 5 қосымша Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-қимылдардың қисынды реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты бейнелейтін сұлба 4. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісінің дұрыстығын тексеруді жүргізу, бекіту үшін жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін немесе дәлелді бас тартуды немесе мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтату туралы жазбаша хабарламаны әзірлеу (2 жұмыс күні) 3. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшылығы. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын белгілеу (15 минут) 2. Уәкілетті органның басшылығы. Құжаттармен танысу, орындау үшін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесін белгілеу (жұмыс күні ішінде) 1. Уәкілетті органның кеңсесі. Мемлекеттік қызмет алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу (30 минут) 6. Уәкілетті органның кеңсесі. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін немесе дәлелді бас тартуды немесе мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтату туралы жазбаша хабарламаны мемлекеттік қызмет алушыға беру (30 минут) 5. Уәкілетті органның басшылығы. Құжаттармен танысу және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін бекіту немесе дәлелді бас тартуға немесе мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтату туралы жазбаша хабарламаға қол қою (2 сағат) Мемлекеттік қызмет алушы |