Курчатов қаласының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы icon

Курчатов қаласының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы



НазваниеКурчатов қаласының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
Дата конвертации01.02.2013
Размер266.46 Kb.
ТипДокументы
источник


Курчатов қаласы

әкімдігінің 2012 жылғы

« » қазандағы №

қаулысына қосымша


Курчатов қаласының 2013-2017 жылдарға

арналған әлеуметтік-экономикалық даму

болжамы


Курчатов қ., 2012 ж.

Мазмұны



1. Кіріспе ………………………………………………………………………............3




2. Курчатов қаласының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы…………………………...........................................4




3. Курчатов қаласының 2011-2012 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары.................................................................................................................5




4. Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық даму басымдылықтары………………………………………………………….....................8

4.1. Индустриялдық-инновациялық даму……………………….................................8




4.2. Курчатов қаласының бюджет және салық саясатының негізгі басымдылықтары.……………………………..............................................................10




Курчатов қаласының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына қосымша .........................................................................................14
































1.Кіріспе


Курчатов қаласының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 423 қаулысымен, облыстық әкімдіктің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 233 қаулысымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесіне сәйкес әзірленді.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың өзара әрекетін орнату мақсатында әзірленеді және бес жылға әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамынн, үдерістерінен, көрсеткіштерінен және үш жылға бюджеттік параметрлер болжамынан тұрады.

Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы 2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджетті әзірлеу үшін негіз болып табылады.


2. Курчатов қаласының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы


Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен индикаторлардың атауы



2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

бағалау

болжам

^ Нақты сектор көрсеткіштері

Өнеркәсіп, өткен жылға қарағанда %

100,6

103,8

103,9

105,2

106,0

107,1

Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді өңдеу, өткен жылға қарағанда %

109,6

100,1

103,0

105,0

101,6

101,9

Өңдеу өнеркәсібі, өткен жылға қарағанда %


151,0

103,4

103,5

103,1

105,8

107,0

^ Электрмен қамту, газ беру, бу және ауаны кондиционерлеу, өткен жылға қарағанда %

98,2

102,0

103,4

104,5

105,1

106,3

^ Ауыл шаруашылығы



















Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, өткен жылға қарағанда %

101,4

102,0

102,3

102,8

103,0

104,0

Құрылыс, өткен жылға қарағанда %

73,1

101,0

101,3

101,5

101,6

101,7

Әлеуметтік сала көрсеткіштері

Экономикалық тұрғыдан балсенді халық саны, мың адам

7,3

7,4

7,5

7,6

7,8

8,0

Жұмыс істейтіндер саны мың адам

7,0

7,1

7,2

7,4

7,6

7,7

Олардан жалданбалы жұмысшылар, мың адам

6,4

6,5

6,7

6,8

7,0

7,2

Жұмыссыздар саны, мың адам


0,3

0,3

0,3

0,3

0,3

0,3

Жұмыссыздық деңгейі, экономикалық белсенді халыққа %-да


4,7

4,7

4,7

4,4

4,4

4,3

Барлық мамандарға қажеттілік, адам.


15

13

23

18

24

19

Жалақы төлемінің минимальді мөлшері, теңге


17 439

18 660

19 966

23 307

24 939

26 684

Орташа айлық ең төменгі жалақы төлемі, теңге


104370

105435

106582

107895

109024

110286

Айлық есептік көрсеткіш, теңге


1 618

1 731

1 852

1 982

2 121

2 269

Зейнеткерлер саны, мың адам


1,3

1,3

1,4

1,4

1,4

1,5

Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері, теңге

8 720

9 330

9 983

13 984

14 823

15 713

Зейнетақының ең төменгі мөлшері, теңге

17 491

19 066

20 781

22 651

24 690

26 458

Күнкөріс минимумы, теңге

18395

19406

20377

21599

22896

24269

Күнкөріс минимунан төмен табыстармен халық үлесі, %

1,6

1,6

1,5

1,5

1,5

1,4



^ 3. Курчатов қаласының 2011-2012 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары.

Жалпы 2011 жылы облыстың қол жеткізілген әлеуметтік-экономикалық қарқыны сақталды.

2011 жылы өнеркәсіпте өнеркәсіптік өнімдер көлемі 26,1%-ға артып, 4303,7 млн. теңгені құрады. Облыстық көлемдегі үлес 0,5 % құрайды. Нақты индекс көлемі 135,6% құрап, және тұрақты емес сипатта. Сәйкес жағдай өнеркәсіп саласында да байқалады.

Тау-кен өнеркәсібінің тауарлық өнімдер көлемі 17,4%-ға өсіп, нақты индекс көлемі саналмайды. Тау-кен саласының үлесі жалпы өнеркәсіптік өнімдер көлемінде 27,3% құрайды.

Өңдеу өнеркәсібінде тауарлық өнімдер көлемі 16,5%-ға, нақты индекс көлемі 85,0% артты. Жалпы көлемдегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 15,9% құрайды.

Соның ішінде ішінде резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 50,3%-ға артты, жаңа өндірістер ашылды соның ішінде: бір реттік медицина киімдерін, теміржолдың жылжымалы құрамы үшін тежеуіш жабдықтарын өндіру бойынша.

Электр- және жылумен қамтуда тауарлық өнімдер көлемі 22,7%-ға өсіп, нақты индекс көлемі – 108,5%.

Сумен жабдықтау және су бұруда 36,1%-ға өсімімен 2095,8 млн. теңге сомасына өнімдер өндірілді, нақты индекс көлемі 128,8% құрады.

Жұмыс және қызмет, тауар сатып алу кезінде қазақстандық ұстау мәселелерінде 2009 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуларда және жүйеқұраушы кәсіпорындарда қазақстандық құрам үлесін арттыру, ұлттық өндірушілермен байланысты нығайту және отандық өндірушілерді қолдау бойынша жұмыстар бастылды.

2011 жыл қорытындылары бойынша жүйеқұраушы кәсіпорындардың жұмыс және қызмет, тауар сатып алу мониторингі 2342,6 млн. теңгені құрады, соның ішінде қазақстандық ұстау – 90,5% немесе 2121,0 млн. теңге, 2012 жылдың 1 қазанына 2143,9 млн. теңгеге қызмет және тауарлар сатып алынды, соның ішінде отандық өндірушілерден – 1451,1 млн. теңге немесе 67,7%. 2010 жылмен салыстырғанда жүйеқұраушы кәсіпорындар бойынша сатып алуларда қазақстандық ұстау үлесінің артуы байқалады.

Қаланың мемлекеттік мекемелерімен 2011 жылы жалпы 155,5 млн. теңге сомасына жұмыс, қызмет және тауарлар сатып алынды, соның ішінде қазақстандық ұстау 124,1 млн. теңгені құрады немесе 80,0%, 2012 жылдың 1 қазанына 151,1 млн. теңге сомасына олардан қазақстандық ұстау – 126,8 млн. теңге немсе 84,0%.

^ Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 248,6 млн. теңгені құрайды, бұл 2010 жылдың деңгейінен 44,5% жоғары. Нақты индекс көлемі 102,2% құрайды.

Тірідей салмақта 142,2 тонна ет өндірілді (өсім 0,6%), сүт – 670,7 тонна (өсім 0,2%), жұмыртқа – 44,7 мың дана (төмендеу 3,7%-ға).

^ Негізгі капиталға инвестиция көлемі 2205,9 млн.теңгені құрады, бұл 2010 жылдың деңгейінен 31,6% төмен, нақты индекс көлемі 67,2%.

Салынған инвестициялардың негізгі үлесін кәсіпорындардың меншікті қаражаты құрайды – 48,2%, республикалық бюджет қаражаты – 39,7%, жергілікті бюджет қаражаты – 11,1% қаржыландырудың басқа көзі – 1,0 %.

Соның ішінде ғимараттарды салу және күрделі жөндеу бойынша жұмыстарға 1 165,7 млн. теңге, машиналар, жабдықтар мен мүліктер сатып алуға - 1030,6 млн. теңге жұмсалды.

Жалпы алаңы 15,8 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл 2010 жылдың деңгейінен 89,2% жоғары.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1162,2 млн. теңгені құрады бұл 2010 жылдың деңгейінен 3,2 есеге көп.

Шағын және орта бизнестің белсенді сукбъектілерінің саны 13,2%-ға артып, 428 бірлікті құрады.

Шағын бизнестің белсенді кәсіпорындар саны 2010 жылдың деңгейінде қалып, 31 кәсіпорынды құрады.

Сонымен шағын бизнестің тіркелген кәсіпорындар саны 4,6%-ға қысқарып және 62 бірлікті құрады, жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 37 бірлік және 7,5 %-ға қысқарды.

Қалада халықтың әлеуметтік қорғалмаған қатпарын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік дүкен жұмыс істеп тұр. Нанға бағаның өсуін болдырмау мақсатында қаланың наубайхана иелерімен меморандумдарға қол қойылды.

^ Бөлшек тауар айналымының көлемі 3108,0 млн. теңгені құрады, бұл 2010 жыл деңгейінен 17,1%-ға артық.

Мемлекеттік бюджетке салым көлемі 1073,8 млн. теңгені құрады, болжам 112,5% орындалды, соның ішінде жергілікті бюджетке түсімдер көлемі 0,2 % өсіммен 588,2 млн. теңгені құрады.

Экономика өсімі еңбек нарығындағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді. 2011 жылы жұмыссыздық 4,4 % дейін, экономикалық белсенді тұрғындарға қарсы 2010 жылы 4,6 % қысқарды.

Білім беру саласына «Балапан» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде қаланың мектеп іштерінде 2 шағын – орталық жұмыс істейді, олардың біреуі 2011 жылы құрылған.

2012 жылдың 1 қаңтарына жалпы мектепке дейінгі біліммен қамту 88,6% құрады және жыл басымен салыстырғанда 29,4% өсті.

Компьютерлік техникамен қамтылу бір компьютерге 9 оқушы құрады (2010 жылы көрсеткіш 9,6). Кең жолақты Интернетке барлық мектептер қосылған.

^ Денсаулық сақтау саласында 2011 жылы әлеуметтік-маңызды көрсеткіштердің реттелуі бақыланады. 2010 жыл ұқсас кезеңімен салыстырғанда туберкулезбен ауру – 0,6% (100 мың тұрғынға 81,6) төмендеп, жаңа ісік пайда болу – 0,2% (100 мың тұрғынға 1,8) төмендеді, сәби өлімінің жағдайы тіркелмеген.

Курчатов қаласының 2012 жылғы 9 айындағы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары экономиканың тұрақты өсімінің тенденцияларын сақтау туралы куәләндірады.

Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 3574,0 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 39,3 % жоғары.

Өнеркәсіптік өнімдерді өндірудегі нақты индекс көлемі 154,6% құрады, бұл орташа облыстық көрсеткіштен 33,8 пайыздық тармаққа жоғары.

Өнеркәсіптің оң өсімінің негізгі локомотиві болып сумен жабдықтау саласы; кәріздік жүйе, қалдықтарды жинау мен бөлуге бақылау табылады, ондағы өсу 63,4% құрайды, сонымен қоса өңдеу өнеркәсібе де тұрақты дамуда, ондағы өсу 2012 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 2011 жылдың сәйкес кезеңіне 56,3% құрады. Тау-кен өнеркәсібіндегі өсу 15,4% -ға.

^ Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 160,3 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес деңгейінен 1,6 %-ға жоғары.

Нақты индекс көлемі 1012,9 % құрайды.

Шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны саны 3,0 %-ға қысқарып және 394 бірлікті құрады.

Есепті кезеңде тұтыну сұранысының артуы байқалады, бұл туралы бөлшек тауарайналымының өсімі куәләндірады. 2012 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек тауар айналымы 1779,3 млн. теңгені құрады. Нақты индекс көлемі 116,3% құрады.

Тұтыну сұранысының кеңейтуіне тұрғындар табысының және еңбекақының табыс өсімі әсер етеді. Қалада ірі және орта кәсіпорындар жұмысшыларының еңбекақы төлемін кем дегенде 10 пайызға арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда. 2012 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы орташа айлық номинальды еңбекақы 103380 теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында статистикалық мәліметтері бойынша ірі және орта кәсіпорындардың еңбекақы төлемінің қоры өткен жылдың ұсас кезеңіне 34,7 %-ға өсті.

^ Негізгі капиталға инвестиция көлемі 2012 жылғы қаңтар-қыркүйегінде 1030,9 млн. теңгені құрады, бұл 2011 жыл деңгейінен 20,6 %-ға төмен. Нақты индекс көлемі – 75,4 %. Тұрғын үйді пайдалануға беру жалпы алаңы 3850 мың шаршы метр құрады және 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,0 %-ға қысқарды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 321,9 млн. теңгені құрады, нақты индекс көлемі –74,5 %.

^ Меншік кірістер бойынша қала бюджеті толық көлемде орындалды, болжам 101,0% -ға орындалып, жоспардан тыс 4,2 млн. теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстыру бойынша бюджетке 5,2 %-ға меншік кірістер түсімінің қысқаруы байқалады.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстыру бойынша әлеуметтік салада мемлекеттік атаулы көмекті алушылар саны 23,7%-ға, тұрғын үй жәрдемақысын алушылар саныны – 32,3%-ға төмендеуі байқалады, сонымен қатар балалар жәрдемақысын алушылар саны 9,6%-ға артты.

2020 жұмыспен қамту Бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. 2012 жылға арналған 2020 жұмыспен қамту Бағдарламасын жзүзеге асыруға 5,6 млн. теңге сомасында қаражат қарастырылды. Кәсібиоқытудың бірінші бағыты аясында 16 адам жіберілді, жастар іс-тәжірибесіне -12 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 87 адам жіберілді.

Мектепалды тәрбиемен және оқытумен балалардың қамтылуы 13,8 % -ға өсуімен 95,5% -ды құрады.

Денсаулықсақтау саласында әлеуметтік-маңызды көрсеткіштер тұрақтылығы байқалады.

^ 4. Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық даму басымдылықтары

4.1. Индустриялдық-инновациялық даму

Инновациялық қызметті белсендіру семинарлар, кеңестер, форумдар аясында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы индустриялдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы механизмдері туралы ақпараттандыру жолымен жүзеге асырылатын болады.

Шетел делегацияларының іссапарлары аясында салалық және өңірлік Технопарктерді жайғастыру жақын және алыс шетелдерінің арасындағы ғылыми-техникалық және инновациялық серіктестіктерді кеңейту мақсатында үнемі негізде жүзеге асырылып отырады, бұлбұдан әрі басым инновациялық жобаларды іске асыру үшін жаңа өндіріс құруға және инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.

Жоспардағы ғылыми қаланы құру ғылыми – техникалық және тәжірибелі-өнеркәсіптік зерттеулер мен сынақтардың орындалуының кеңеюіне жағдай жасайды.

Инновациялық саланы әрі қарай дамыту өңірдің инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыруға жағдай жасайды, оған Ұлттық ядролық орталық, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ жатады.

Осының бәрі келешекте Қазақстанның атом саласының орталығы мен қаланың маңызын арттырады.

Өнеркәсіп.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардағы шығарылатын өнімдердің түрлерін кеңейтуге және сапасын арттыруға мақсатталған қосымша шаралар жүзеге асырылады.

Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардағы шығарылатын өнімдердің түрлерін кеңейтуге және сапасын арттыруға мақсатталған, жұмыс істеп тұрған өндірістерді қайта жөндеу мен модернизациялау, салудан басқа қосымша шаралар жүзеге асырылады, сонымен қоса қаралған кезеңдік жетістік маңызы мақсатты индикаторлар бойынша.

Өнеркәсіптің өңдеуші саласын дамыту. Негізгі тірек саланың тоқтап тұрған кәсіпорындарын қалпына келтіруге, сондай-ақ бәсекеге қабылетті өнімдер өндіру үшін кәсіпорындарда технологиялық жабдықтарды жаңартуға, индустриализациялау Картасына қосылған кәсіпорындардың жобалық қуаттылығына шығуына жасалатын болады.

Бәсекеге қабілетті өнім өндірісін ұйымдастыру мақсатында машина жасау, киімдер, тағам өнімдерін өндіру, химия өнеркәсібін дамытуды жандандыру бойынша шаралар қабылданатын болады.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу және көзделген тапсырманы шешу үшін Индустрияландыру картасына енгізілген инвестициялық жоба іске асырылатын болады қосымша 31 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Осы орайда, жұмыс атқаратын кәсіпорындарда шығарылатын өнім түрлерін кеңейтуге және сапасын арттыруға бағытталған қосымша шаралар қабылданатын болады.

Моноқалаларды дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған бағдарламасының аясында экономиканы әртараптандыру бағыты бойынша экономиканы ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін 1 «зәкірлік» инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша іс-шаралар қарастырылған. «Зәкірлік» инвестициялық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5 994,9 млн. теңгеге (2011 жылмен салыстырғанда 27,4 пайызға) артады.

^ Коммуникациялық инфрақұрылым. Электрэнергетикадағы экономикалық саясат мақсаты қала экономикасының электрэнергиясына қажеттілігін және энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету болады.

^ Энергия үнемдеу. Энергия үнемдеу саясатын өткізу үшін негіздеме қолданыстағы нормативті құқықтық база болып табылады: «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» және «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңдары және Шығыс Қазақстан облысының энергия тиімділігін арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған Кешендік жоспар.

Кешендік жоспар аясында заңнамалық, ұйымдастырушылық ғылыми, техникалық, экономикалық және қаржылық шаралар қарастырылған, соның ішінде:

  1. энергия үнемдеу саласында бірыңғай мәліметтер базасын әзірлеу;

  2. мемлекеттік энергетикалық реестрді қалыптастыру;

  3. энергия үнемдеу саласында мөлшерлеу, стандарттау, сертификациялау және бақылау жүйесін әзірлеу;

  4. энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды ынталандыратын жағдай жасау.

«Ядролық технологиялар паркі» салалық технопаркінің әлеуетін пайдалану қажет, ол радий-226 және актиний-225 радиоизотоптарының ғылыми сыйымды және жоғарытехнологиялық өндірісін құрудың бастамашысы болып табылады.

Барлық қолда бар инфрақұрылымды дамытудың негізгі міндеті біздің қажеттіліктерге сәйкес жаңа технологиялық құралдарды және технологиялық процесстерді, өндіріске бұдан әрі енгізу және игерумен олардың тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарын, сондай-ақ оны Қазақстанның басқа аумақтарына таратуды дамытуда болып табылады.

Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасын іске асыру экономиканы әрі қарай әртараптандыру және жаңартудың басты құралы болып қалады.


^ 4.2. Курчатов қаласының бюджет және салық саясатының негізгі басымдылықтары

Салық-бюджет саясаты орта мерзімді кезеңде мемлекеттік саясаттың әзірленген шараларын тиімді іске асыруға және экономиканың теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Экономиканың одан әрі өсуі үшін жағдайлар салық және бюджет саясаты құралдары арқылы қамтамасыз етілетін болады.

^ Салық саясаты шеңберінде 2013 – 2015 жылдары салықтардың кірістерді қайта бөлу бойынша мемлекеттің әділ құралы ретіндегі әлеуметтік маңызды, ынталандырушы және фискалдық функциялары нығайтылатын болады.

Осыған байланысты, салық саясатының шаралары орта мерзімді кезеңде мыналарға:

қолайлы инвестициялық ахуал жасауға және ішкі, сондай-ақ сыртқы жеке инвестицияларды ынталандыруға;

бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуға;

мемлекеттік функциялар мен міндеттемелердің толық көлемде орындалуын қаржылық қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Экономиканың одан әрі өсуін қамтамасыз ету мақсатында бюджет саясаты орта мерзімді кезеңде мыналарға:

халықтың әл-ауқатын арттыруға;

экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға;

мемлекет тарапынан ішкі сұраныстың қажетті деңгейін қолдауға бағытталатын болады.

Шығыстар саясаты да бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттігіне сүйене отырып, бюджетті әзірлеу және атқару жолымен мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға бағытталатын болады.

Осы мақсатта тиімділік пен нәтижелілік индикаторларына негізделген бюджетті қалыптастыру және атқару жүйесі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметтерінің тиімділігін жыл сайын бағалау жүйесі жұмыс істейтін болады, бұл жетекшілік ететін салада/жүйеде/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, тікелей, түпкілікті нәтиже көрсеткіштеріне және тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу (жеткізбеу) дәрежесін айқындауға мүмкіндік береді.

Экономикада жағдай өзгерген кезде бюджет саясатын түзету бойынша жедел және икемді шаралар қабылданады, оның ішінде бюджет параметрлерін нақтылау жолдарымен.


^ 2013-2015 жылдарға арналған бюджет шығындарының басымдылықтары. Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңарту – Қазақстанның дамуының басты бағыты» халыққа Жолдауында қойған тапсырмаларын ескере отырып, 2013-2015 жылдарға арналған бюджет шығыстарының негізгі басымдылықтары мыналар болып табылады:

  1. ^ Халықтың жұмыспен қамтылуын жоғарылату. Тұрақты және өнімді жұмыспен қамтылуға қолдау көрсету арқылы халықтың табысын жоғарылату үшін Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру жалғастырылады.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде оқыту, қайта оқыту және жұмысқа ораналастыруда жәрдем көрсету, бизнес-машықтарына оқыту және шағын кредиттер ұсыну арқылы ауылда кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ еңбек ресурстарының мобильділігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қаржыландырылатын болады.

^ 2. Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету. Халықты, бірінші кезекте жас отбасыларды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысының жаңа бағыты дамытылады.

Қолжетімді тұрғын үй құрылысы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» жаңа бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын болады. Бағдарлама шеңберінде келесі бағыттар бойынша мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады:

жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй салуы және Қазақстан Тұрғынүйқұржинақбанк арқылы іске асыруы;

кезектегілер үшін жалдамалы тұрғын үй салу;

жас отбасыларға арналған жалдамалы тұрғын үй салу;

ИЖС салу (инженерлік желілер);

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу.

  1. Өңірлік даму. Моноқалалардың экономикасын әртараптандыруға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру басталады. Жыл сайын моноқалаларды дамытуға республикалық бюджеттен кәсіпкерлікті, еңбек ресурстарының ұтқырлығын жоғарылатуға, инвестициялық жобаларды іске асыруға трансферттер бөлінеді.

^ 4. Адами капиталдың сапалы өсімі. Әлеуметтік саланы әрі қарай жандандыру масатында бірінші кезектегі тәртіпте «Саламатты Қазақстан» Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы білімді дамыту, «Балапан» бағдарламаларын қаржыландыру жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ақ білім беру, мәдениет мекемелерінің базасын материалды-техникалық дамыту бойынша іс-шаралар қаржыландырылатын болады.

Әлеуметтік инфрақұрылымның әрі қарай дамуы жалғасатын болады (балабақшалар, мектептер).

  1. ^ Халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту. Осы бағыт шеңберінде тұрғын үй қорын жақсартуға, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, сумен қамту және су бұру жүйесін дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасында 2011 – 2020 жылдарға арналған Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, 2010 – 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму», 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламаларын іске асыру басым болып табылады.

Бұдан басқа, халыққа мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігі мен сапасын жоғарылату бойынша оларды одан әрі электронды форматқа ауыстыру арқылы іс-шаралар қаржыландырылатын болады.

  1. ^ Индустриалдық-инновациялық даму. Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялдық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру экономиканы одан әрі әртараптандыру және жаңғыртудың басты құралы болып қалады.

Бұдан басқа, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекетттік бағдарламасын, сондай-ақ «Өнімділік 2020», «Бизнестің жол картасы 2020», салалы бағдарламаларды және энергетикалық, көлік және газ инфроқұрылымдарын қамтамасыз етуді, арнайы экономикалық аймақ құруды қоса алғанда іске асыруы қабылданған бағдарламалардың іс-шаралары басым қаржыландырылатын болады.

Сондай-ақ Курчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру жалғастырылатын болады.

^ Инвестициялық саясаттың басымдылықтары. Алдағы кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық саясат Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңарту – Қазақстанның дамуының басты бағыты» халыққа Жолдауында берілген стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен тапсырмаларда айқындалған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға бағытталады.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін интеллектуалдық және инфрақұрылымдық негіз құратын салалар басым болады.

Орта мерзімді перспективада мемлекеттің бюджеттік инвестицияларының негізгі бағыттары мына салаларда болады:

  1. Әлеуметтік саланы жаңғырту. Аталған бағдарлама аясында 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және ҚР білімді дамыту, 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламаларын қаржыландыру жүзеге асырылатын болады.

Білім беру саласында мектепке дейінгі ұйымдар желілерін кеңейту, білім беру мекемелерін күрделі жөндеу мен материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.

  1. ^ Индустрияландыру бағдарламасы. Индустрияландыру бағдарламасы экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қалады.

Аталған бағдарлама аясында «Өнімділік 2020», «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламаларының, сондай-ақ энергетиканы, көлікті қоса алғанда ҮИИДМБ іске асыруға қабылданған басқа да салалық бағдарламаларының іс-шараларының қаржыландыруға басымдылық берілген болады.

3. Халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй құрылысын жаңғырту арқылы, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, сумен қамту және су бұру жүйесін дамыту. Осы бағыт шеңберінде бірінші кезекте 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы ҚР 2011-2020 жылдарға арналған Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы, бойынша жобалар іске асырылатын болады.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында 2011-2014 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде қолжетімді жалданбалы тұрғын үй құрылысы бойынша тұрғын үй қорын ұлғайту жоспарланған.

^ 4. Өңірлік даму. Курчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру жалғасады.

Моноқалаларды дамытудың бағдарламасын іске асыру арқылы моноқалалардың проблемаларын шешу, соның ішінде тұрғындарының оңтайлы саны есебінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын басым түрде дамыту қарастырылған.


Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013-2017 жылдарға арналған болжамына

қосымша

^ 2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджеттің бюджеттік параметрлері

^ Көрсеткіштер атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

(бағалау)

болжам

Қала бюджеті

Түсімдер

642,5

629,3

651,2

672,2

Кірістер (трансферт есебінсіз)













Салықтық түсімдер

546,1

552,8

574,4

599,0

Салықтық емес түсімдер

3,6

3,6

3,9

4,1

Негізгі капиталды сатудан түсімдер

6,3

4,9

3,9

3,9

Трансферттер (субвенциялар) түсімдері

86,5

68,0

69,0

65,2

Бюджеттік несиелерді өтеу

0

0

0

0

Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсімдер

0

0

0

0

Шығыстар

642,5

629,3

651,2

672,2

Өткен жылға пайызбен

119,7

97,9

103,5

103,2





Похожие:

Курчатов қаласының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы icon2013-2017 жылдарға арналған Қостанай ауданының әлеуметтік – экономикалық даму болжамы Кіріспе
Республикасы Үкіметінің №423 қаулысымен бекітілген әлеуметтік – экономикалық даму болжамын рәсімдеу ережесіне енгізілген өзгерістерге...
Курчатов қаласының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы icon2013-2017 жылдарға арналған приозерск қаласының Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы приозерск қ. – 2012 ж. Мазм ұ н ы
Приозерск қаласының әлеуметтік-экономикалық даму Болжамының негізгі көрсеткіштері
Курчатов қаласының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы iconКурчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға...
Курчатов қаласының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы icon2013-2017 жылдарға Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27. 08. 2009 жылғы 1251 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің Ережесін бекіту туралы»...
Курчатов қаласының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы iconКурчатов қаласының 2012 -2014 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Уралы қаулысына және Қазақстан Республикасының 2012-2016 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2012 -2016...
Курчатов қаласының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы iconЛисаков қаласының 2011-2015 жылдарға арналған
Лисаков қаласының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27...
Курчатов қаласының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы iconI. 2012-2016 жылдарға арналған Жаңақорған ауданың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы ережесіне» сәйкес...
Курчатов қаласының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы icon2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша ақпарат Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын іске асыру Ережесін бекіту туралы»
Республикасы дамыту болжамын және 2011-2015 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес...
Курчатов қаласының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы icon2012-2014 жылдарға арналған аудан бюджетінің негізгі параметрлері бойынша ақпарат 2012-2014 жылдарға арналған аудан бюджеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1251 27 тамыз 2009 ж. «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жасаудың Ережесін бекіту туралы»
Республикасының даму болжамы және 2011-2015 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысы әлеуметтік-экономикалық даму болжамымен Қазақстан...
Курчатов қаласының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы iconМЕҢДІҚара ауданының Әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013-2017 жылдарға арналған болжамы мазмұНЫ
МЕҢДІҚара ауданының Әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013-2017 жылдарға арналғАН
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы