|
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекетік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. "Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының экономика жене бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әpi қарай – Бөлім) қаржы саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару органының қызметтерін жүзеге асыратын, сәйкес бюджеттен қаржыландырылатын бюджетті орындау бойынша мемлекеттік орган болып табылады. 2. Бөлім өзінің кызметін Қазакстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік кұқықтық актілеріне, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-кұқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі атауы жазылған мөpi мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында есеп-шоттары бар. 4. Бөлім азаматтық - құқықтық қатынасқа өз атынан түседі. 5. Бөлімнің кұрамы мен штат санының лимиті Курчатов қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі. 6. Бөлімнің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 071100 Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы Тәуелсіздік көшесі 4. 7. Толықтай атауы: "Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі"мемлекеттік мекемесі. 8. Бөлімнің кұрылтайшы кұжаты осы Ереже болып табылады. 9. Бөлім туралы Ережеге өзгертулер мен толықтыруларды Курчатов қаласының әкімдігі енгізеді. 10. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің қызметі болып табылатын міндеттерді орындау үшін келісім-шарт қатынастарына түсуге тыйым салынады. ^ 11. Бөлімнің негізгі тапсырмалары болып табылады: 1) басқарудың шаруашылық-экономикалық тәсілдерін енгізу және жетілдіру бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын әзірлеу, қаланың экономика саласын дамытудың басым бағыттарын белгілеу; 2) жергілікті бюджетті қалыптастыру процесін жетілдіру, бюджетттік болжам тәсілдерін енгізу; 3) кipicтep мен шығындардың экономикалық негізделген жоспарына байланысты қолданыстағы заңнамаларға сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік бюджетінің жобасын құрастыру. ^
13. Бөлім заңнамамен белгіленген тәртіпте негізгі тапсырмаларды іске асыру және өз қызметін жүзеге асыру үшін құқылы: 1) бөлімге жүктелген тапсырмаларды орындау үшін статистика қызметтерінен, салық органдарынан және басқа аумақтық органдар мен өзге де ұйымдар мен заңды тұлғалардан ақпараттар сұрауға және алуға; 2) Бөлімге заңнамалармен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға. ^ 14. Бөлімнің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар. Бөлімнің мүлкі оған мемлекет берген мүліктер есебінен қалыптасады және ол негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ бағасы бөлімнің баланысында көрсетілетін басқа мүліктерден тұрады. 15. Бөлімнің өзіне бекітілген мүліктері коммуналдық меншікке жатады. 16. Бөлімнің оған бекітіліп берілген мүлікті өз бетімен иесінен айыруға немесе басқа тәсілдермен оларға билік етуге құқы жоқ. ^ 17. Бөлімді қала әкімі тағайындайтын және босататын бастық басқарады. 18. Бөлім бастығы бөлімнің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады. 19. Бөлім бастығы бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, басқарады, жүктелген міндеттердің орындалуы және өз қызметінің жүзеге асырылуы үшін жеке жауапкершілікте болады. 20. Осы мақсатта бастық: 1) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын және басқа құжаттарды бекітеді; 2) бекітілген штаттық санның құрылымына сәйкес бөлімнің штаттық кестесін бекітеді; 3) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бұйрықтарына қол қояды; 4) заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады және тәртіптік жаза қолданады; 5) мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің атынан өкілдік етеді; 6) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 7. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату
|