2010 жылдың 10 қыркүйегіне арналған баяндамасы Құрметті депутаттар! icon

2010 жылдың 10 қыркүйегіне арналған баяндамасы Құрметті депутаттар!



Название2010 жылдың 10 қыркүйегіне арналған баяндамасы Құрметті депутаттар!
Дата конвертации05.01.2013
Размер116.7 Kb.
ТипДокументы
источник

«Курчатов қаласы әкіміне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау

туралы есеп» Курчатов қаласының әкімі А.Н.Генрихтың

2010 жылдың 10 қыркүйегіне арналған

баяндамасы


Құрметті депутаттар!

Құрметті шақырылғандар!


Курчатов қаласының атқарушы органдарымен жыл бойы атқарылған барлық жұмыстар ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жыл сайынғы Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды.

Жүргізілген жұмыстар арқасында қаланың экономикалық және қоғамдық –саяси өмірінде жақсы нәтижелерге қол жеткіздік.

Осы нәтижелерге жету үшін Қазақстан Республикасы бойынша жүргізілген рейтинг қорытындылары негіз болды. 2010 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Курчатов қаласы облыстық маңыздағы екі жүзге жуық қалалар ішінде 2 тоқсан бойы дамудың жоғары қарқынын қалыпты жағдайда ұстап тұрған 38 қаланың құрамына кірді.

Енді қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерімен таңыстыруға рұқсат беріңіздер.

Ағымдағы жылдың сегіз айына өндірістік өнеркәсіпті өндіру өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 49,8% артты. Бұл көрсеткіш тауды өндіруде, өндіру өнеркәсібінде, сонымен қатар электрмен, бумен, газбен және қалыпқа келтірілген ауамен қамтамасыз ету саласында өсімнің арқасында артты.

Негізгі капиталға инвестицияның көлемі 2009 жылдың деңгейіне қатысты 2,7 есе өсті. Қаржыландыру көздерінің резервісіне кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі қаражаттарының көлемі жатады-43,4%.

^ Ауыл шаруашылығында мал шаруашылығының өнімдерін өндіру өсімі сақталуда: ет, сүт, тауық жұмыртқасы. Курчатов қаласында екі мал сою алаңдары жұмысын жалғастыруда, жеке кәсіпкер У.О.Абдукаримовтың қосалқы шаруашылығында тағы бір мал сою алаңы құрылуда. Жеке қоныстар мен шаруа қожалықтарында эпизодияға қарсы шаралары жүргізілді: сібір язвасына және ящураға қарсы вакцинация жүргізіліп, мал басы бруцеллез бен лейкозға тексерілді.

^ Шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің мемлекеттік шараларын жүзеге асыру нәтижесінде оның негізгі көрсеткіштерінің оң қарқыны анықталды. Бүгінгі күні шағын бизнестің 69 кәсіпорны тіркелді, оның ішінде жұмыс істейтіні-57; ағымдағы жылдың есептік кезеңіне 11 жаңа кәсіпорын ашылды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін салық өсімінің жыл сайынғы тенденциясы байқалуда. Алты айға салық түсімдердің көлемі 48 млн.400 мың теңгені құрды, өткен жылдың сәйкес келетін деңгейінен 35% жоғары. Шағын бизнестің кәсіпорындарында мемлекеттік тапсырысты орнату жүзеге асуда, 1 жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 24 млн.300 мың теңгені құрды.

Мемлекеттік меншіктің қолданылмайтын нысандарын жеке меншікке тапсыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін аукционнан бұрынғы «Иртыш» мейрамханасының ғимараты, бұрынғы солдаттар қалашығынан арка қоймасы сатылды. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін 14 жер телімдері тапсырылып, пәтерлерді қайтадан жобалауға 5 рұқсат қағазы берілді.

Курчатов қаласының кәсіпкерлігін дамытудағы барьерлерді жою бойынша жұмыс топтары жұмыс істейді. Жұмыс тобы «Фортуна» кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестігінің қатысуымен қаланың мемлекеттік мекемелерімен жүргізілген рұқсат беру процедураларына түгендеу жүргізді.

Еңбекақы қорын жоғарлату қоры бойынша іс-шараларды жүргізуге сәйкес экономика саласында салық төлемейтін жұмысшыларды, минималды еңбекақы алатын жұмысшыларды анықтау бойынша зерттеулер жүргізілді.

Барлығы 6 заңды тұлға, 2 шаруа қожалығы, 82 жеке кәсіпкерлер тексерілді; минималды еңбекақы алатын 77 жұмысшы және есепке алынбаған 6 жалдамалы жұмысшы анықталды. Шағын бизнес кәсіпорынның басшысымен әңгімелесу жүргізілді, қорытындысы бойынша тексерулер жүргізілген барлық шағын бизнесте жұмыс істейтін барлық жұмысшылардың еңбекақысын 20 мың теңгеге арттыру бойынша келісім жасалды. Есепке алынбаған жұмысшылармен келісім-шарт жасалды.

Ағымдағы жылдың сәуір айында шағын бизнестің кәсіпорындары Астана қаласында «Мемлекеттік тапсырыс-2010» атты қазақстандық мазмұнды дамыту бойынша өткізілген бірінші көрмеде қатысты.

Инфляциялық процестерді ұстау мақсатында штаб жұмыс істейді. Сауда нысандарында сатылатын өндірістік тауарлар мен жанар –жағар майлардың бағаларына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Әкімдік пен дүкендер иелерінің арасында негізгі өндірістік өнімдерді төмен бағада жүзеге асыруға 26 меморандум келісілді (10% мөлшерде үстеме). Сонымен қатар наубайханалардың иелерімен меморандум келісілді (1 бөлке нанға үстеме 2 теңгеден).

Өнімдер төмен бағада жүзеге асырылатын жәрмеңке тұрақты жүргізіледі. 7 айға барлығы 19 жәрмеңке өтті.

Курчатов қаласының кәсіпкерлері әлеуметтік проблемаларды шешуде шетте қалмайды. Осы жылы мүгедек балаларға демеушілік көмек көрсету мәселесі бойынша әріптестік байланыс туралы 21 меморандум жасалды (барлық мерекелер мен туған күндерге 1500 теңгеге азық-түлік беріледі).

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі белгілері жергілікті бюджетті толтыру. 8 айға жеке кірістер болжамы бойынша 103,5%, шығыс бөлігі 98,2 % орындалды. Қалалық бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден түсімдер 447 млн. 573 мың теңгені құрды (болжам бойынша өсім 2,6% құрды).

^ Бюджеттік қаражаттарды игеру көрсеткіші айтарлықтай жақсарды, бюджеттік ұйымдарға еңбекақыны, жәрдемақыларды, коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша кредиторлық қарыздар жоқ.

^ Тұрығн үй-коммуналдық шаруашылық саласында ағымдағы жылы «Жол картасы» шеңберінде екі жоба жүзеге асырылуда: 30 млн.теңге сомасына «Курчатов қаласының 3 және 4 көтермелі су құбырлары жүйелерінің сыртқы қабатын жөндеу», 60 млн. 500 мың теңге сомасына «Курчатов қаласын абаттандыру». Қаланы абаттандыру бойынша екінші жоба-Ертіс өзенінің жағалауын көркейту, солдат қалашығын тазалау, қабірлерді қоршау, тұрғын үйлер маңындағы аялдамаларды қалпына келтіру.

«Жол картасы» бойынша өткізілген конкурстың қорытындысы негізінде қалалық стадионды, Курчатов көшесі бойындағы жаяужолдарды қалпына келтіруге, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жанындағы балалар алаңын көркейтуге бағытталған қаражаттар үнемделді.

2009-2010 жылдардағы от жағу кезеңінің соңында менің тапсырмаларым бойынша тұрғын үйлердің техникалық жағдайларын тексеру жүргізіліп, кемшіліктер бойынша актілер құрастырылды. Актілерге байланысты тұрғын үй қорын қысқа дайындау жұмыстарын жүргізу кестесінің жоспары құрылды. Жергілікті бюджеттен тұрғын үй қорын сақтау үшін «Балапан» МКК 6 млн.теңге, оның 4 млн. теңге шатырларды және 2 млн.теңге кәріз жүйелерін жөндеуге бөлінді. Шатырларды күрделі жөндеу, Олимпийский көшесі, 16 үйде, бөлшектеп жөндеу жұмыстары Олимпийский көшесі, 31 үйде жүргізілді.

Облыстық бюджеттен қосымша 11 үйде жылу беру жүйелерін күрделі жөндеуге 21 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі күнге су құбырлары мен кәріс жүйелері, қазандықтар 90%, жылу беру жүйелері 100%, кәрізді-насос станциясы, тазартылған жай-күйлер мен су құбырлары 98 % дайын. Әлеуметтік саладағы барлық нысандар қыс кезеңіне дайын.

№4 қазандықтың жұмысын тұрақтандыру үшін 2 түтін сорғышты және 6 үрлеу насосын сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 2 млн.теңге бөлінді. Абай көшесі, 34 және 36-үйлер басқа қазандықтарға ауыстырылды. 2011 жылдың 1 жарты жылдығына сағат 10,4 Гкал қуаттылықты арттыру мақсатында осы қазандықтарды қайта қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жоспарланды. Жоба әзірленіп, Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына өтінім берілді.

Қыс мезгіліне дайындық туралы айтатын болсам, қаланың өмірін қамтамасыз ететін нысандардың алдағы от жағу маусымына дайындығына, сонымен қатар «Жол картасы» жұмыстарына бақылау жүргізуде көмек көрсеткен депуттар корпусына алғысымды білдіремін. Басталған барлық жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталатын болады.

Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттің есебінен қатты, тұрмыстық және аз токситті қалдықтарды орналастыру үшін полигон құрылысы жалғасуда. «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша 4 көп пәтерлі үйлерді және осы үйлерге ішкі квартал аралық инженерлік үйлерді қалпына келтіру жүргізілуде. Мамыр айында Абай көшесі, 14 үй бойындағы бір үй пайдалануға берілді. Өз қаражаты есебінде ҚР Ұлттық ядролық орталығы Олимпийский көшесі, 36-үйде, ал ядролық технологиялар Паркі Пионерский көшесі, 5- үйде жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жеке меншік секторда пйдалануға бір тұрғын үй енгізілді.

Бүгінгі күнге облыстық бюджеттің қаражаты есебінен 100 орынға арналған балабақша құрылысына жобалау-сметалық құжаттама, өндірістік қалдық полигонын құруға, техникалық-экономикалық негіздеме, Алакөл өзенінің жиегінде спорттық сауықтыру лагерін құруға жер құрылысының жобасы әзірленді.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмаларына сәйкес Курчатов қаласына жер асты темір жолын құрумен жылу жүйелерін қайта орналастырумен қатты отынды жылумен қамтамасыз ететін орталықтандырылған көзді құруға, сонымен қатар Курчатов қаласында сумен қамтамасыз ететін магистралдік жүйелерін қалпына келтіруге арналған жобалау құжаттамалары дайындалды.

Құрметті депутаттар!

Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға, азаматтардың денсаулығын нығайтуға, ана мен баланың денсаулығын жақсартуға, әлеуметтік мәндегі аурулардан сырқаттану мен өлімді төмендетуге, көпшілік денсаулығының жағдайын арттыруға бағытталған денсаулық сақтау саласы әлеуметтік саланың ең маңызды көзі болып табылады.

Қалалық аурухананың бюджеті 2010 жылы 148 млн. 622 мың теңгені құрды, бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 18 млн.629 мың теңгеге өсті. 1 шілде жағдайы бойынша Курчатов қаласында туу 73 адамды, өлім 49 адамды, табиғи өсім 24 адамды құрды.

Амбулаторлық-емханалық, стационарлық және диагностикалық қызметтерді көрсету жақсаруда.

6 айға 112 операция өткізілді. Жедел жәрдем бөлімшесіне түскен 5 208 шақырудың барлығы орындалды.

Туберкулезбен күресу басты бағыт болып қалуда, өйткені ауруға ұшырау деңгейі жоғары деңгейде. Алдын алу жұмыстары жүргізілуде: 2010 жылы балалар арасында туберкулезге қарсы вакцинация жүргізу 100% орындалды. Ауру анықталған барлық адамдар стационарлық емделуге жіберу және басқа да шаралар жүргізілуде.

^ Халықты жұмыспен қамту Бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. 1 қыркүйекке жұмыссыздардың саны 66 адам. Өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздар саны 23% төмендеді.

Жыл басынан бастап 233 жұмыс орындары құрылды, 517 адам жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 151 адам, жастар практикасына -38 адам жіберілді.

Әлеуметтік төлемдерді төлеу жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүзеге асыру жалғасуда. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті -37 отбасы, тұрғын үй көмегін-166 отбасы, балалар жәрдемақысын 161 бала алды.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектер мен оларға теңестірілген тұлғалардың 5, 2 мың теңге көлемінде коммуналдық қызметтерін бөлшектеп төлеу туралы облыстық әкімдіктің шешімі жүзеге асырылуда.

Осы маңызды әлеуметтік қолдау 436 адамға көрсетіледі.

Мүмкіндіктері шектеулі 5 балаға үйде жеке оқыту ұйымдастырылды.

Төмен қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалардың облыстың жоғары оқу орындарында оқулары үшін 861 мың теңге бөлінді. Осы бағдарлама бойынша екі студент Семей қаласында оқиды. Қазіргі уақытта мектеп түлектерінен облыс әкімінің гранты бойынша оқуға 3 үміткер бар, құжаттар облыстық комиссияда қаралуда.

^ Білім саласында жалпы білім беру қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету және ұсыну сапасын арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда, 2005-2010 жылдарға арналған білімді дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Осы жылы білім беруге бағытталған қаражаттар көлемі қаланың ортақ бюджетінің көлемінен 30 % құрды.

Балабақшада тіркелген балалар саны 283 адам. 12 шілдеде мектеп-гимназия базасында 4-5 жастағы балалардың білімін арттыру мақсатында мектеп алды шағын-орталықтың ашылу рәсімі өтті (25 адамнан мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын екі топ). Дегенмен, 2010 жылдың 1 тамызына білім беру бөлімінде 339 бала есепте тұр. Отандастарымыздың қаламызға қоныс аударуларына байланысты тұрғындар саны артуда, сонымен қатар туу деңгейі де өсуде, осыған орай балабақшада орын кемшілігі байқалды. Осыған байланысты бұрынғы «Тополек» балабақшасының ғимаратын қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Жергілікті бюджеттен ғимаратты сатып алуға 4 млн.500 мың теңге бөлінді. ҚР Ұлттық ядролық орталығының келісімі бойынша ғимарат сатып алынғаннан кейін «Байкал» кәсіпорынымен қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, қалаға тапсырылады. «Журавушка» балабақшаның шатырын жөндеуге ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 615 мың теңге бөлінді, жөндеу жұмыстарын 10 қыркүйекте аяқтау жоспарлануда.

Қалада 3 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Жыл сайын оқыту процесін материалдық техникалық базамен қамтамасыз ету жақсаруда. Барлық мектептер Интернет жүйесіне қосылды, лингафондық мультимедиялық кабинеттермен, интерактивтік тақталармен жабдықталды. 1-4 сынып оқушылары тегін тамақтанады, сонымен қатар төмен қамтамасыз етілген отбасылардың балалары да тегін тамақтанады. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 1-4 сынып оқушыларының тамақтану құрамына бал немес оның құрамы қосылған тағамдар кіреді. Қыркүйек айында №3 орта мектептің шатырын ағымды жөндеуге 1 млн.400 мың бағытталды.

Оқу процесі бойынша осы жылы өткен жылмен салыстырғанда ҰБТ бойынша жағдайдың түзелгенін атап кету қажет. Қала бойынша орта ұпай 73,6 құрды, өткен жылмен салыстырғанда 12.4 артық. Дегенмен, облыс бойынша біз соңғының алдындағы орындамыз. Тамызда өткен мұғалімдер конференциясында осы мәселе талқыланып, педагогикалық ұжымына педагогикалық деңгейдің сапасын арттыруға, жұмыстың әдістемелері мен түрлерін қайта қарауға тапсырмалар берілді.

Білім сапасы оқу процесті ұйымдасытруға ғана тәуелді емес, ол тәрбие жұмыстарын жүргізу сапасына да байланысты. Жазғы кезеңде сауықтыру демалысымен оқушылардың 96% қамтылды, «Берег» демалу базасында балалар жақсы демалу үшін жағдайлар жасалды.

Мәдениет саласында осы жылы «Ақ көгершін» ансамблі «Үлгілі» атағын қорғады. Ұлттық мәдениетті дамыту мақсатында «Шуақ шашқан әз әжелер» атты әжелер ансамблі құрылды.

Қалалық Мәдениет үйінің метариалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 1 млн.184 мың теңге бөлінді, осы қаражаттарға сахналық костюмдер, музыкалық аспаптар, «Берег» демалу базасына қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды.

Кітапхана қызметін 1039 оқырман пайдаланады. Кітапхана барлық жастағы оқырмандарға қызмет көрсетеді. Мүмкіндіктері шектеулі және зейнеткерлік жастағы адамдарға үйде қызмет көрсету жүзеге асады. Оқу залы бар, ол техникалық, анықтамалық әдебиеттермен, мерзімдік басылымдармен қамтылған.

«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңды орындау мақсатында қалада «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жұмыс істейді. 2009 жылы Орталықта 141 тыңдаушы оқыса, 2010 жылы 150 артты, оның ішінде 37 адам жоғары деңгей курсынан өтті.

Этникалық эмигранттар қала өміріне жылдам үйрену үшін Курчатов қаласының мемлекеттік тілді оқыту Орталығында оларға арнайы «Сауаттылық курсы» ашылды, курста тыңдаушылар арнайы бағдарлама бойынша мемлекеттік тілді оқиды: қазақ әліппесін оқып, қазақ қол жазбасымен танысады.

Бүгінгі күнге екі топ құрылды, құрамында 12 адам, олардың жастары 19-35.

Қаламызға қоныс аударған отандастарымыз қазақ тілімен қоса орыс тілін де меңгереді: жеке сөздермен, қос сөздермен, сөйлемдермен танысып, диалготар құрады.

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін 10 спорт залдары (мемлекеттік тілде оқытатын мектептің ашылуына байланысты), 3 ойын алаңдары, «Скала» балалар мен жасөспірімдер клубы, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі қызмет көрсетеді, сонымен қатар салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі Үйлестіруші Кеңес жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың жеті айына курчатовтық спортшылар халықаралық және облыстық жарыстарда қатысып, 17 наградаларға иеленді: 8 алтын, 3 күміс және 6 қола.

Туризмді дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыруда «Скала» балалар мен жасөспірімдер клубы үлкен жұмыс атқаруда. 2010 жылы клуб мүшелері 12 көп күнді жорықтар, 4 әртүрлі санатты қиындықтардан өту, 8- әскери-патриоттық және спорттық-туристік слеттер, 2010 жуық жаттықтырулар өткізді. «Скала» балалар мен жасөспірімдер клубының материалды-техникалық базасын жақсарту мақсатында жергілікті бюджеттен сәуір айында бюджеттік қаражаттар бөлінді, оларға палаткалар, оқытуға арналған қарулар, питардылар және тағы басқа қару-жарақтар сатып алынды. Қалалық бюджеттен клубтың ғимаратын күрделі жөндеуге 1 млн.375 мың теңге бөлінді.

Курчатов қаласында крминалдық жағдайды талдау бойынша ағымдағы жылдың сегіз айына өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда осы жылы тіркелген қылмыс саны 61,4% артты. Бірақ, ауыр түрдегі қылмыстар саны 42,9% төмендеді.

Әсіресе бақшаларда, гараж топтарында, үй алдында тұрақтанған автомашиналарды, құрылыс нысандарда құрылыс материалдарын ұрлау көрсеткіші артты. Қалалық полиция бөлімі халық арасында мүлікті сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, абаттандыру ережесін бұзу бойынша хаттамалар құрастырылады (үй алдында тұраққа қойылған машиналар жайлы). Далада бақылау жұмыстарын жүргізу қызметтері тоқталса да, полиция қызметкерлері жеке уақыттарымен санаспай қоғамдық тәртіпті сақтау үшін бақылауға шығады, бұл шараларға өз ниеттерін білдірген топтар тартылады. Осы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.

Ағымдағы жылы қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын, білім саласын, шағын кәсіпкерлігін, абаттандырылуын дамытуға бағытталған 8 қалалық бағдарламаны жүзеге асыру орындалуда.

Жылдың соңына дейін төмендегі шаралардың орындалуын жоспарладық:

- басталған барлық жобаларды, соның ішінде «Жол картасын» аяқтау;

-толық көлемде азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған барлық әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру;

-кәсіпкерлік пен өнеркәсіптің жаңа нысандарын ашу жұмыстарын жалғастыру.

Ағымдағы жылы алға қойылған барлық міндеттер депутаттық корпустың және қоғамның қолдаулары арқылы орындалатындығына кәміл сенемін.


Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.



Похожие:

2010 жылдың 10 қыркүйегіне арналған баяндамасы Құрметті депутаттар! iconҚұрметті Кәрім Қажымқанұлы, құрметті депутаттар, әріптестер!
Агенттіктің 2009 жылғы жұмысының қорытындылары және 2010 жылға арналған стратегиялық міндеттері туралы Алқа отырысындағы Қазақстан...
2010 жылдың 10 қыркүйегіне арналған баяндамасы Құрметті депутаттар! iconҚұрметті депутаттар! Құрметті әріптестер!
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған жылдың 8 айы мазмұнды әрі жемісті өтті. Осы уақыт аралығында біз Сіздермен тығыз қарым қатынаста...
2010 жылдың 10 қыркүйегіне арналған баяндамасы Құрметті депутаттар! iconҚайырлы күн құрметті депутаттар, қатысушылар! Біз 2013 жылы өз қызметімізді Елбасының «Қазақстан- 2050»
Курчатов қаласының әкімі А. Н. Генрихтың Курчатов қаласы мәслихаты сессиясындағы «Өзіне жүктелген қызмет пен міндеттерді орындау...
2010 жылдың 10 қыркүйегіне арналған баяндамасы Құрметті депутаттар! iconАудан әкімі Ә. Мұхтархановтың өткен 2010 жылдың қорытындысы бойынша есепті баяндамасы Құрметті қауым, жерлестер!
Аудан әкімінің халық алдындағы дәстүрлі есепті кездесуіне қош келдіңіздер! Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың
2010 жылдың 10 қыркүйегіне арналған баяндамасы Құрметті депутаттар! icon2012 жылдың қорытындылары бойынша Чапаево селолық округі әкімінің есеп беру баяндамасы Құрметті серіктестер! Өткен жыл «Қазақстан -2030»
Республикасы Президенті жаңа жылдың басталуына дейін белгілеп алып Республика еліне жолдауымен жүгінді
2010 жылдың 10 қыркүйегіне арналған баяндамасы Құрметті депутаттар! icon14. 12. 2011 ж Құрметті жерлестер!
Аудан әкімі Т. Мүсәпірбековтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы баяндамасы
2010 жылдың 10 қыркүйегіне арналған баяндамасы Құрметті депутаттар! iconҚұрметті Григорий Васильевич! Құрметті депутаттар, шақырылғандар! Құрметті шемонаихалықтар!
Президентпен, Үкіметпен және облыс басшылығымен уақытында қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар әлемдік қаржы дағдарысының жағымсыз...
2010 жылдың 10 қыркүйегіне арналған баяндамасы Құрметті депутаттар! icon«2010 жылдың қаңтар қыркүйегіне Шемонаиха ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы» анықтама
«2010 жылдың қаңтар қыркүйегіне Шемонаиха ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы»
2010 жылдың 10 қыркүйегіне арналған баяндамасы Құрметті депутаттар! iconҚұрметті депутаттар! Қадірлі мәжіліске қатысушылар!
«Арал ауданының 2013 жылдың І жарты жылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және жыл аяғына дейінгі міндеттері...
2010 жылдың 10 қыркүйегіне арналған баяндамасы Құрметті депутаттар! iconҚұрметті депутаттар!
Бірақ бүгін мен ағымдағы жылдың бірінші жартыжылды-ғындағы кейбір қорытындыларға тоқтала кетіп, облыстың жыл соңына дейінгі дамуындағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы