Конкурстық негізде микрокредит беру тәртібі icon

Конкурстық негізде микрокредит беру тәртібі



НазваниеКонкурстық негізде микрокредит беру тәртібі
Дата конвертации28.12.2012
Размер26.24 Kb.
ТипКонкурс
источник


Конкурстық негізде микрокредит беру тәртібі


Микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру Қағидасы негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі №819 қаулысымен бекітілген, конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібін, кредиттік ресурстарды іріктеу және микроқаржы ұйымдарына беру, сондай-ақ олардың бөлінген кредиттік ресурстарды мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізу шарттары айқындалды.

Облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы органдарға республикалық бюджеттен бюджеттік кредит қайтарымдылық, жеделділік және ақылылық қағидаттары негізінде 0,01 % сыйақы ставкасымен беріледі. Облыстық маңызы баржергілікті атқарушы орган уәкілетті өңірлік ұйымды белгілейді (жүз пайыз мемлекеттің қатысуымен), 5 жылдан аспайтын мерзімге кредит береді және онымен келісім жасайды.Уәкілетті өңірлік ұйым Қағидалармен белгіленген шарттарда Кредиттік серіктестіктерге немесе Микро қаржылық ұйымдарға (бұдан әрі- МҚҰ) конкурстық негізде кредиттік ресурстар ұсынады.

МҚҰ кредит беруді жүзеге асыру мақсатында уәкілетті өңірлік ұйым:

  1. конкурсқа қатысатын МҚҰ-ға қойылатын талаптарды, оларға кредиттік ресурстар беру және соңғы қарыз алушыларға кредит беру шарттарын айқындайды;

  2. өтініштерді бағалау және МҚҰ-ды іріктеу арқылы конкурс өткізеді;

  3. МҚҰ-ға кредиттік ресурстарды беруді қамтамасыз етеді;

  4. Кредиттік ресурстардың мақсатты пайдалануына және олардың уақтылы өтелуіне мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.

Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру шарттары мынадай:

1) кредит тұлғалардың қайтарымдылық негізінде беріледі;

2) кредиттің мақсаты – жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту, айналым капиталын толықтыру;

3) кредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарын өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметті жүзеге асыруға берілмейді;

4) кредит беру мерзімі – 5 жылдан аспайды;

5) кредиттің ең жоғары сомасы – 3 миллион теңгеден аспайды;

6) кредит бойынша негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең ұсынылуы мүмкін, ол кредиттің берілген мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспауға тиіс;

7) соңғы қарыз алушы үшін кредит ресурстары бойынша жылдық ең жоғары тиімді сыйақы ставкасын өңірлік комиссиямен келісе отырып, уәкілетті өңірлік ұйым белгілейді.

Конкурсты өткізу үшін 1 АЕК- тен аспайтын, өкілетті ұйым бекіткен төлем үшін,ақылы негізде ұсынылатынконкурстық құжаттар өндіріледі және бекітіледі.

Конкурстық өтінімді МҚҰ меллекеттік немесе орыс тілінде, тігілген түрде, беттерін нөмірлеп ұсынады және соңғы бетіне қолы қойылған болады және мөрмен куәландырылады. Конкурстық өтінімнің жарамдылық мерзімі оны ашқан күннен бастап кемінде 60күнтізбелік күнге белгіленеді. Конкурстық өтінімнің толық және дұрыстығын тексеру үшін конкурстық комиссиясы құрылады.

МҚҰ-ға кредит беру жөніндегі өткізілетін конкурс қорытындысы бойынша уәкілетті өңірлік ұйым мен МҚҰ немесе КС (конкурсты жеңген) арасында:

кредит ұсыну шарттары, соңғы қарыз алушыға микрокредит беру шарттары, тараптардың құқықтары, міндеттемелері мен жауапкершіліктері белгіленген кредит беру шарт;

кепіл беруші мен кепіл ұстаушының өтініштері мен кепілдіктері, кепіл заттан өндіріп алу және тараптардың жауапкершілігі көзделген кепіл шарты жасалады.

Кредиттік ресурс беру ақша аудару арқылы ғана жүзеге асырылады.Төлемдерді өтеу кестесі кредиттік ресурстарды берген күні дайындалады және ресімделеді.


«Курчатов қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ маманы А.Жеңісқызы




Похожие:

Конкурстық негізде микрокредит беру тәртібі iconМикроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру
Бағдарлама) шеңберінде конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібін, кредиттік ресурстарды іріктеу және микроқаржы (микрокредиттік)...
Конкурстық негізде микрокредит беру тәртібі iconЖұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарының бекіту туралы
Заңының 27 бабының 2- тармағына, 2011 жылғы 18 шілдедегі №819 қаулысымен бекітілген микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерге...
Конкурстық негізде микрокредит беру тәртібі icon«батыс қазақстан облысының ҚҰрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«БҚО құрылыс басқармасы» мм-сі хабарлайды, аталған сұрақ конкурстық құжаттамаларға түсінік беру ережесіне жатпайды және лицензияның...
Конкурстық негізде микрокредит беру тәртібі iconМикрокредиттiк ұйымдар мен кредиттiк серiктестiктерге конкурстық негiзде кредит беру қағидасын бекiту туралы
Оса берiлiп отырған Микрокредиттiк ұйымдар мен кредиттiк серiктестiктерге конкурстық негiзде кредит беру қағидасы бекiтiлсiн
Конкурстық негізде микрокредит беру тәртібі iconОралмандарға жер телімдерін беру тәртібі
Жер телімі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға оралманмен жер телімін беру туралы өтінішті тапсырылған кезде
Конкурстық негізде микрокредит беру тәртібі iconОралмандарға жер телімдерін беру тәртібі
Жер телімі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға оралманмен жер телімін беру туралы өтінішті тапсырылған кезде
Конкурстық негізде микрокредит беру тәртібі iconМемлекеттік қызмет туралы
«А» корпусы – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын кадр резервіне іріктеудің және конкурстық іріктеудің ерекше тәртібі,...
Конкурстық негізде микрокредит беру тәртібі iconМемлекеттік қызмет туралы
«А» корпусы – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын кадр резервіне іріктеудің және конкурстық іріктеудің ерекше тәртібі,...
Конкурстық негізде микрокредит беру тәртібі icon2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
...
Конкурстық негізде микрокредит беру тәртібі icon«Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «Мұрағаттық анықтамалар беру»
«Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі электрондық мемлекеттік қызмет) «Қарағанды облысының мұрағаттар...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы