|
Курчатов қаласының жалпы білім беретін мектептерінде өткізілген Тәрбиелікіс-шаралар туралы ақпарат Өткен кезенде жалпы білім беретін мектептерде келесі бағыттар бойынша оқу-тәрбиелік іс-шаралар өткізілді:
Рухани-адамгершілік тәрбие беру мақсатында поэзия, «Алтын ғасыр, күміс ғасыр» театрлендірілген кештер өткізілді. Аталған кештерге 9-10 сынып оқушылары мен ұстаздар қатысты. Іс-шараға ата-аналар шақырылды. Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында сенбіліктер өткізіліп тұрды. Оған 2-11 сыныптардың оқушылары қатысты. Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтан, қылмыскерліктен, қараусыздықтан алдын алу бойынша жұмыстар бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі.
өткізіледі, онда жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау және сабақтан тыс уақытта жасөспірімдерді жұмыспен қамту мәселелері қарастырылады. Алдын алу кеңестері құқық қорғау органы, білім бөлімі өкілдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен қалалық аурухана қызметкерлерінің қатысуымен өткізіледі. Мектепішілік және қалалық полиция бөлімінің есебінде тұрған балалармен жұмыс жасау жоспары әзірленген. Осы санаттағы балалармен белгілі бір жұмыстар жүргізіледі. Девиантты мінез-құлқы бар балаларға мұғалімдер, қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері бекітілген. Есепте тұрған баланың әрқайсысына картотекалар жүргізілген. Қала мектептерінде «Патриот болу» тақырыбында сынып сағаттары, «Абай – жүз жыл өткеннен кейін» әдеби кеші және т.б. өткізілді. 2011 жылдың 26 қарашасынан 15 желтоқсан аралығында «ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 20 ШЫҢЫ» 20 жұлдызды күнге арналған іс-шаралар өтті, осы іс-шараларда оқушылар Отанға деген өз сүйіспеншіліктерін білдірді. Курчатов қаласында 2012 жылдың 10 қаңтарынан 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» республикалық акциясы өтуде. Қала мектептерінде оқушылардың сабаққа қатысуына қатаң бақылау жасау мен «қиын» балалардың есебі жүргізіледі. «Қауіп-қатер» тобында тұрған балалар мектеп үйірмелеріне, спорттық секцияларға, қосымша сабақтарға тартылған. 596 бала қала мектептерінде тегін ыстық тамақпен қамтылған, оның ішіне аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар мен қамқоршылық және қорғаншылық органының есебінде тұрған балалар кіреді. Акция барысында шағын учаскелердің педагогикалық патрулі жүргізіледі. Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі. |