Курчатов қаласының 2005 жылдың 2 жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық дамуы icon

Курчатов қаласының 2005 жылдың 2 жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық дамуы



НазваниеКурчатов қаласының 2005 жылдың 2 жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық дамуы
Дата конвертации28.12.2012
Размер83.97 Kb.
ТипДокументы
источник

Курчатов қаласының 2005 жылдың 2 жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық дамуы


Курчатов қаласының 2005 жылдың 12 айындағы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындысы экономиканың тұрақтанғандығын көрсетеді.

Өнеркәсіп. Курчатов қаласында өнеркәсіп өндірісінің динамикалық өсуі сақталып отыр. 2005 жылдың қаңтары мен қыркүйегі аралығындағы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 259,6 млн.теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 29,6 пайызды көрсетті.

Ауыл шаруашылығы. Ағымдағы жылдың 9 айында қаланың қосалқы шаруашылығымен 41,4 тонна ет (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 213,4 пайыз), 363,7 тонна сүт (125,4 пайыз), 22,0 мың дана жұмыртқа (96,9 пайыз) өндірілді. Ірі қара мал, қой, ешкі басының саны көбейді.

^ Негізгі қорға инвестициялар ағымдағы жылдың қаңтар - қыркүйек айларында 1399,6 млн.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 есе өсті. Облыстық көлемдегі инвестициялар үлесі 4 пайызды құрады.

^ Бюджеттік сала. Бюджетке түскен барлық деңгейдегі салықтар көлемі - 369,4 млн. теңге немесе жоспарға қарағанда 102,1 пайыз. Қалалық бюджетке салықтар мен басқа төлемдер 122,6 млн. теңге сомасында немесе 108,8 пайыз түсімдер түсті.

Кәсіпкерлік. Қалада 2005 жылдың 1 қазанына дейін 611 адам жұмыспен қамтылған 337 шағын бизнес субъектілері тіркелген. Шағын бизнес субъектілерінен түскен салықтық түсімдер үлесі бюджеттің барлық деңгейдегі салық түсімдерінің жалпы сомасынан 11,2 пайызды құрады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен жалпы мемлекеттік бюджетке 28,3 млн.теңге салық түсті. Бөлшек тауарайналым көлемі 328,6 млн.теңгені құрады, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 105,8 пайыз.

Әлеуметтік сала. Қаңтар-тамыздағы номиналды еңбек ақы Шығыс қазақстан облысындағы ең жоғары болып табылады және 33742 теңгені құрайды. Жыл басынан жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыспен қамту мәселелері бойынша 549 адам өтініш жасаған, олардың ішіндегі 303 адам ресми түрде жұмыссыз деп танылды, 246 адамға жұмысқа орналасу сұрақтары бойынша кеңес берілді. Жыл басынан жұмысқа 203 адам орналастырылды. Қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында 198 жаңа жұмыс орындары ашылды. 12 ай бойы ақылы қоғамдық жұмыстарға 157 адам қатысты. Осы категориядағы тұлғалар үшін қала кәсіпорындарында әлеуметтік жұмыс орындары құрылды, жыл басынан әлеуметтік орындарға 9 адам жұмысқа орналастырылды. Кәсіптік оқу орындарының түлектерімен жұмыс тәжірибесін меңгерту мақсатында жұмыс жүргізілуде. Ол үшін қала кәсіпорындарында жастар тәжірибесі ұйымдастырылды. Жыл басынан жастар тәжірибесіне 6 адам қатысты. Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру кезеңін қысқарту нысандарының бірі кәсіби даярлау және қайта даярлау болып табылады. 9 ай ағымында кәсіби даярлауға 6 адам жолдама алды. Ағымдағы жылдың 1 қазанына дейінгі жағдай бойынша халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 126 жұмыссыз тіркелген. Халықтың экономикалық белсенді санатындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 2,2 пайызды құрайды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1 пайызға азайды. Қалалық бюджет қаражаттары есебінен 89 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Ол отбасында 232 адам тұрады, бір адамға төленген жәрдемақының орташа мөлшері 956 теңгені құрайды. Тұрғын үй жәрдемақысын 256 адамнан тұратын 152 отбасы алды, 1 отбасына жәрдемақының орташа мөлшері 905 теңгені құрады. Материалдық көмек көрсету үшін аз қамтылған азаматтардың 15 арызы қаралды. Соның ішінде бірінші топтағы мүгедекке емделу үшін әр аптада бір рет "Жолбарыс" ЖШС автобусымен Семей қаласына тегін жол жүру құқығы берілді.

Білім. Қалада 6 оқу орындары бар, оның ішінде:

  • мектеп - гимназия - 778 оқушы;

  • № 3 орта мектеп - 706 оқушы;

  • мектеп - бақша - 300 бала;

  • балалар саз мектебі - 60 бала (фортепиано, баян, домбыра);

  • балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі - 10 спорт түрлері

бойынша 284 бала оқиды (футбол, волейбол, армрестлинг, қазақша күрес, тоғыз құмалақ);

  • кәсіптік- техникалық мектеп - 75 оқушы.

Барлық орта мектептер компьютерленген және Интернет желілеріне

қосылған. Білім беруге қала бюджетінен 99,3 млн.теңге көзделген немесе қаал бюджетінің жалпы көлемінен 52,7 пайыз. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шатырына күрделі жөндеу жүргізілді. Қазақ мектебін ашу үшін бұрынғы № 3 орта мектептің ғимаратын қалпына келтіруге қаражаттар іздестірілді.

Денсаулықсақтау. Қала жұртшылығына медициналық көмекті "Курчатов қаласының қалалық ауруханасы" КМҚК көрсетеді. Бұл кәсіпорынға емхана, 55 төсекті стационар, тәулік бойғы жедел шұғыл көмек бөлімі енеді. Қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, облыстық бюджеттен қаражаттар қалалық аурухананың жылу жүйелерін күрделі жөндеу үшін бөлінді. 6 жеке меншік дәріхана жұмыс істейді.

^ Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық. 6 көп қабатты тұрғын үйлердің шатырларына күрделі жөндеу жүргізілді. Тұрғын үйлер, өмірді қамтамасыз ету, денсаулықсақтау, білім беру нысандары жылыту маусымына толықтай даяр. Қаланы жылыту 10 қазаннан басталды. Қалалық бюджет қаражаттары есебінен қала жолдарының шұңқырларын жөндеуден өткізілді (6050 кв.мерт). Қала кәсіпорындарының қаражаттары есебінен Семей - курчатов автокөлік жолдарының 12 км.-не ұсақ құм себілді.

Ішкі саясат. Курчатовтықтардың 9 халықтық спорт және 5 "Сәулетай" балалар спорт ойындарына қатысуы. Ағымдағы жылдың 29 маусымы мен 2 шілдесі аралығында Курчатов қаласының 90 адамнан тұратын командасы Шығыс қазақстан облыс Әкімінің жүлдесі үшін 9 халықтық спорт және 5 "Сәулетай" балалар спорт ойындарына қатысты. Команда ат спортынан басқа барлық спорт түрлерінің жарыстарына қатысты. Біздің спортшылар гір спортынан алтын, күміс алқаларды, ал армрестлингтен қола алқаны жеңіп алды. Семинар: Қаламызда шілденің 7 мен 9 аралығында Курчатов қаласының және Абай ауданы Қарауыл аулының балалар экологиялық қозғалысы қатысқан "Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонындағы қазіргі жағдай" атты семинар өтті. Семинарда "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы" РМК қызметкерлерінің ғылыми баяндамалары оқылды. Семинар жұмысына 60 адам қатысты. Қаржы министрінің сапары: 2005 жылдың 28 шілдесінде біздің қаламызға Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында" Жолдауын түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Дунаев Арман Ғалиасқарұлының басшылығымен Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік органдарының ақпараттық үгіт-насихат тобы келді. Министрмен бірге Шығыс Қазақстан облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Т.Баяндаров, ШҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы Е.М.Әбдрахманов, ШҚО бойынша салық комитетінің төрағасы Е.К.Нұрланбаев келді. Алатмыш кездесуде қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарының, діни конфессиялар, мемлекеттік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестік басшылары, денсаулықсақтау, білім беру, мәдениет, әскери қызметкерлер, тұрмыстық-коммуналдық сала кәсіпорындарының өкілдері мен зейнеткерлер қатысты. ҚР Қаржы Министрі А.Ғ.Дунаев ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Халыққа Жолдауындағы алға қойылған тапсырмалар қалай орындалып жатқандығы жөнінде айтып өтті. Қазақстанның он жылдан артық кезеңдегі дамуына терең де жан-жақты талдау жасады. Қала жұртшылығына өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарға Қаржы Министрінің өзінен жауап алу мүмкіндігі туды және сол үлкен мүмкіндікті қалт жіберместен пайдаланды. Тұрғындарды білім жүйесіндегі реформалар, бюджеттік және бюджеттік емес сала жұмысшыларының еңбек ақысын көтеру механизмдері, тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуін тоқтату бойынша Үкіметпен жүргізіліп жатқан шаралар, сондай-ақ "Курчатов - Семей" автокөлік жолының жөнделу мәселелері ойландырады. Кездесу пайдалы және нәтижелі болды. Қала тұрғындары жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдаудан кейінгі елдегі өзгерістерді жағымды көзқараспен қабылддайды. "2005 жылғы жаз ханшайымы" байқауы: 5 тамызда қалалық Мәдениет үйінде "2005 жылғы жаз ханшайымы" байқауы болып өтті. Онда Курчатов қаласының 6 аруы қатысты. Әділ қазылар алқасының мүшелері біраз әбігерге түсті. Өйткені, қыздардың барлығы да жақсы дайындалған, олар өздерін пысықтығы жағынан, талантты әртіс және модель ретінде көрсетті. Байқау қорытынды бойынша келесі атақтар берілді:

"Арман ару" - Королева Елена

"Сымбат ару" - Логвинова Елена

"Сүйкімді ару" - Байдүйсенова Бақыт

"Нәзік ару" - Қайранбаева Лаура

Көрермендер көзайымын жеңіп алған ару қыз Судгаймер Ольга болды. Ал, "2005 жылғы жаз ханшайымы" атағын байқаудың ең жас үміткері Хромовских Ольга жеңіп алды. Ол Өскемен қаласында 2005 жылдың 3 қыркүйегінде өткен облыстық "Шығыс Аруы" байқауына қатысты. Ақпаратты - үгіт-насихат тобы: Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы қарсаңында ақпаратты-үгіт-насихат тобының мүшелері үшін "Қазақстанда демократиялық мемлекеттің және азаматтық қоғамды құруда Конституцияның алатын орны мен маңызы" атты тақырып бойынша ортақ әдістемелік баяндама әзірленді. АНТ - ның қала мекемелері, ұйымдары мен кәсіпорындарында шығу кестесі жасалды. Үгітбригада ақпаратты - насихат тобымен бірлесе отырып 2005 жылдың 22 тамызы мен 26 тамызы аралығында Қазақстан Республикасының Конституциясы Күніне байланысты концерттерттік бағдарламалар өткізіп, баяндамалар жасады. Нәтижесінде қала тұрғындары Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі бірінші онжылдығының тарихымен таныс болды. Конституцияның 10 жылдығын және Қала күнін мерекелеу: Курчатовтықтар 30 тамыз күні Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығын және туған қалаларының 58-жылдығын атап өтті. Мектеп-гимназия маңындағы алаңда сауда нүктелері мен "Табиғат сыйы", "Гүлдер әлемі", "Шеберлер қаласы","Біздің кәсіпорын" атты көрмелер ашылды. Мерекені қала әкімі Ә.М.Мұхтарханов ашты. Мереке салтанатын бөлісуге Абай ауданынан қонақтар келді. Қалалық мәдениет үйінің ұжымы өзінің концерттік бағдарламасын ұсынды. Воллейбол, футбол, шашка, қазақша күрес, тоғыз құмалақ сияқты спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Кешкісін қалалықтар үлкен мерекелік концерт пен Семей қаласының өкілдерімен өткізілген би кешінің куәгері болды. ІІ Халықаралық конференция: Курчатов қаласында қыркүйектің 6 мен 8 аралығында радиациялық қауіпсіздік және экология институтының базасында "Семей сынақ полигоны. Радиация қалдықтары және таратпау мәселелері" ІІ Халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар Министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Радиациялық қауіпсіздік және экология институты, сондай-ақ, "Таратпау жөніндегі орталық" Ассоциациясы болды. Конференцияға Халықаралық ғылыми-техникалық орталығы (Москва, Ресей), Middlesex Uniwersiti Bounds Green Road (UK), Ядролық сынақтарға жалпылай тыйым салу жөніндегі келісім-шарт бойынша Ұйымның дайындық комиссиясы (Австрия), Радиациялық эпидемиология институты (Токио, Жапония), Орта Азиядағы "Нью-Йорк - Таймс" (Ұлыбритания) халықаралық ұйымдары және Таяу Шетел - Россияның, Украина мен Қазақстанның ұйымдары қатысты. Аталмыш тақырып бойынша конференция екі жыл сайын өткізіліп отырады. Әр елдерден жиналған ғалымдар өздерінің бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының радиациялық қалдықтар мәселелері бойынша зерттеу нәтижелерін талқылау үшін жиналады. Көптеген ауқымды зерттеулер бірнеше иституттардың, тіпті бірнеше елдердің бірлескен жұмысы арқылы ғана игеру мүмкін. Өйткені, олардың ауқымы кең және шығыны көп. Сондықтан да, СЯП-ның бүгінгі күні халықаралық зертхана деп аталуы кездейсоқ емес. Бұл жолғы конференцияға халықаралық қоғамдастықтың барлық радиациялық ғылымы, жеті ел мамандары (Австрия, Германия, АҚШ, Жапония, Ресей, Украина, Қазақстан) қатысты. Конференция орыс және ағылшын тілдерінде өтті. Конференция барысында жоспарлы, секциялы отырыстар мен "дөңгелек үстелдер" "Қазақстандағы қазіргі кездегі радияциялық ахуал", "Инфрақұрылымды, ядролық сынақ қаруын жою бойынша қызмет және олардың СЯП радиациялық ахуалына әсері", "Таралмау режимін қолдаудың халықаралық әріптестігі", "Ядролық сынақтар мен апаттар орындарындағы радиациялық зерттеулер: қазіргі радиоэкологиялық ахуал, дамудың динамикасы мен болжамы, түрлі экожүйелердегі радионуклидтердің көшу ерекшеліктері, экологиялық зерттеулердегі радиоталдаулық әдістер", Ядролық сынақтар мен апаттар орындарындағы медико-биологиялық зерттеулер: халық тұрғындар үшін радиациялық қауіпсіздік және мөлшерлік салмақтық бағасы, радиациялық әсердің медициналық аспектісі, қоршаған ортаны қорғау мен жағдайды зерделеудің радиобиологиялық аспектісі", "Ядролық қару сынағы мен радиациялық апат орындарындағы радиоэкологиялық мәселелер, радиоактивті қалдықтарды көму" тақырыптары бойынша өткізілді.

Біздің мемлекетіміз бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының мәселелерін зерттеуге ерекше көңіл бөліп отыр. Жылдан аса "Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының қауіпсіздігін қамтамасыз ету" Республикалық бағдарламасы бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп келеді. Бағдарламаның мақсаты - Семей ядролық сынақ полигонының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оның аумағының ерекшелігін есепке ала отырып, шаруашылық қызметті жүргізуді ұйымдастыру.

Конференция жұмысының соңғы күні ГРИ ғылыми - зертету реакторларының кешеніне, "Сынақ даласы" сынақ алаңына, полигон мұражайына, мобильді зертханаға саяхат ұйымдастырылды.



Похожие:

Курчатов қаласының 2005 жылдың 2 жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық дамуы iconКурчатов қаласының 2005 жылдың 1 жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық дамуы
...
Курчатов қаласының 2005 жылдың 2 жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық дамуы iconКурчатов қаласының 2006 жылдың 2 жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық дамуы
Курчатов қаласы – облыстың солтүстік-батысында орналасып, 1949 жылы құрылған, Семей қаласының бұрыңғы ядролық полигонның сынақ орталығы,...
Курчатов қаласының 2005 жылдың 2 жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық дамуы iconКурчатов қаласының 2008 жылдың 1 жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық дамуы
Кен өнеркәсібінде өндірістің артуы флюориттік кенді өңдеу мен өндірудің 4,8 есеге артуы нәтижесінде болды
Курчатов қаласының 2005 жылдың 2 жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық дамуы iconКурчатов қаласының 2006 жылдың 1 жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық дамуы
Меншік нысаны бойынша әрекеттегі кәсіпорындардың жалпы санының 36-сы мемлекеттік меншік нысандағы, 44 і жеке меншік, ал 2-і шетелдік...
Курчатов қаласының 2005 жылдың 2 жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық дамуы iconКурчатов қаласының 2008 жылдың 2 жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық дамуы
Талданбалы кезеңде өнеркәсіптік өнімдер көлемі 742 млн теңгеге жетіп, өнеркәсіптік өнімдердің нақты индекс көлемі өткен жылдың сәйкес...
Курчатов қаласының 2005 жылдың 2 жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық дамуы icon2010 жылдың қаңтар-қыркүйегіне Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

Курчатов қаласының 2005 жылдың 2 жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық дамуы iconКурчатов қаласының 2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Курчатов қаласы ағымдағы жылдың 9 айында әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы бойынша облыс ішілік рейтинг қорытындылары бойынша...
Курчатов қаласының 2005 жылдың 2 жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық дамуы icon2011 жылдың 9 айына Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Ағымдағы жылдың 9 айындағы қаланың әлеуметтік – экономикалық даму қорытындысы әлеуметтік және экономикалық дамуға толықтай сәйкес...
Курчатов қаласының 2005 жылдың 2 жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық дамуы icon2011 жылдың бірінші жартыжылдығына Курчатов қаласының әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары
Жеке индекс көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңінен 3,6 есеге көп, соның ішінде өңдеу өнеркәсібі -3,3, электрмен жабдықтау -112,6 пайыз,...
Курчатов қаласының 2005 жылдың 2 жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық дамуы icon2005 жылдың 9 айындағы Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Аудан бойынша 2005 жылдың тоғыз айында тауар өнімдері 109403 мың теңгеге өндірілген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы