2011 жылдың 9 айына Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы icon

2011 жылдың 9 айына Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы



Название2011 жылдың 9 айына Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Дата конвертации28.12.2012
Размер48.77 Kb.
ТипДокументы
источник


2011 жылдың 9 айына Курчатов қаласының

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы


Ағымдағы жылдың 9 айындағы қаланың әлеуметтік – экономикалық даму қорытындысы әлеуметтік және экономикалық дамуға толықтай сәйкес келеді.

Өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемі 2,4 есе ұлғайып, 3,2 млрд. теңгені құрады. Бұл тау –кен, өңдеу өнеркәсібіндегі өсімдер есебінен болды, осыған байланысты ағымдағы жылы Семей сынақ полигоны жерлерінің топырағының құнарлығын қалпына келтіру бойынша өнеркәсіптік өнімдер көлемі есепке алынды (1,1 млрд. теңге). Жеке индекс көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңінен 3,4 есеге, соның ішінде өңдеу өнеркәсібі - 3,0 есе, электрмен жабдықтау - 112,8 пайыз және сумен жабдықтау - 32,0 есе көп.

Өнеркәсіптік өндірістің негізгі үлесін сумен жабдықтау; құбыр жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау құрайды – 53,2 пайыз, тау – кен өндірісі және карьерлерді өңдеудің үлесі - 26,0 пайызды, өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 13,7 пайызды, электрмен қамту, газ және бу беру, ауаны кондиционерлеу -7,1 пайызды құрайды.

Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 442,5 млн. теңгеге жетті, бұл өткен жылдың деңгейінен 27,0 пайызға көп, тау – кен өндірісі 11,0 пайызға көбейіп – 839,5 млн. теңге, электрмен жабдықтау 6,0 пайызға өсімімен - 229,8 млн. теңге, сумен жабдықтау 32,3 есеге өсімімен – 1717,2 млн. теңгені құрады.

^ Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы түсімінің жеке индекс көлемі -101,1 пайызды (157,8 млн.теңге) құрады.

Тірі салмақта 81,4 тонна ет (өсім 1,1 пайыз), сүт – 492,5 тонна (100 пайыз), жұмыртқа – 34,0 мың дана (өсім 0,3 пайыз).

Мал басы да өсуде. ІҚМ басы 1 070 бірлік (өсім – 0,8 пайызға), қой және ешкі малдарының саны 3 323 бірлік (өсім – 7,2 пайызға), жылқы – 404 бірлік (өсім – 0,7 пайыз), шошқа – 177 бас (өсім 7,3 пайыз). Жеке шаруашылықтарда және шаруа қожалықтарды эпизодияға қарсы шаралар іс – шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Негізгі капиталға түскен инвестициялар – 1 289,3 млн. теңге немесе өткен жылдың тиісті кезеңінен 55,7 пайыз кем. Жеке индекс көлемі 41,4 пайызды құрады. Салынған ивестициялардың негізгі үлесін кәсіпорындардың меншік қаражаттары құрайды – 45,6 пайыз, республикалық бюджет қаражаттары – 37,9 пайыз, жергілікті бюджет қаражаттары - 15,9 пайыз және қаржыландырудың басқа да көздері – 0,7 пайыз.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 419,2 млн. теңгені, жеке индекс көлемі 148,5 пайызды құрады. Тұрғын үймен 6 207 шаршы метр, 44,5 пайыз өсіммен қамтамасыз етілген.

Ағымдағы жылдың 1 қазан тіркелген шағын бизнес субъектілерінің саны өткен жылдың деңгейі 101,6 пайыз 64 бірлікті құрады. Жұмыс істейтін кәсіпорындар саны өткен жылдың деңгейінен 2,5 пайызға сәйкес - 39 бірлік. Бірақ белсенді кәсіпорындар саны 29,2 пайызға артты және 31 бірілікті құрады.

^ Бөлшек тауар айналымның көлемі 26,2 пайыз өсімімен, 1 471,7 млн. теңгені құрады (ЖИК – 115,7 пайыз).

Тұрғындарды жұмыспен қамту Бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. 1 қазанға жұмыссыздар саны 89 адамды құрайды. 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұмыссыздар саны 50,8 пайызға ұлғайды. Жыл басынан 312 жұмыс орыны құрылды, 336 адам жұмысқа орналастырылды; қоғамдық жұмысқа 136 адам, жастар тәжірибесіне - 15 адам жіберілді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы әлеуметтік көмек көрсету жалғасуда. Мемлекеттік әлеуметтік мекен – жай көмегін 38 отбасы, тұрғын жай көмегін – 133 отбасы алды, 191 балаға балалар жәрдемақысы төленді. Мүмкіндігі шектеулі 6 бала үшін үйде жеке оқыту ұйымдастырылған.

Салық және басқа да міндетті төлемдерден қалалық бюджетке түскен түсімдер 848,4 млн. теңгені немесе болжам бойынша 100,2 пайызды құрайды. Меншік кірістер 435,97 млн. теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 14,4 пайыз өсімімен болжам бойынша 100,3 пайызды құрады.

Қалалық бюджеттің шығыс бөлігі 810,97 млн. теңге сомада немесе 93,7 пайызға орындалды. 2011 жылдың 1 қазаны жағдай бойынша бюджетті дамытуға жолданған қаражаттар 117,1 млн. теңге сомасында немесе 97,4 пайызға игерілді. Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер 54,2 млн. теңге сомасында немесе 98,7 пайызға игерілді.

^ Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік –маңызды көрсеткіштердің тұрақтануы байқалады. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бастап барлық жылдарда ұлт денсаулығын жақсарту бойынша саясат жалғасуда.

2011 жылы қалалық аурухана бюджеті өткен жылдан 5,7 пайыз өсімімен 172, млн. 318 мың теңгені құрады.

1 қазандағы жағдайы бойынша Курчатов қаласында 141 адам дүниеге келді, 59 адам қайтыс болды, табиғи өсім 82 адамды құрады, ана және бала өлімі жағдайы болмаған.

Амбулатуралық - емханалық, стационарлық және диагностикалық қызметтер көрсету жетілдірілуде.

Тоғыз айда айда 57,2 мың адам емханаға қаралған, 3,7 мың адамға үйде ем көрсетілген.

1033 ауру стационарда емделген. Емхана ішіндегі күндізгі стационарда 550 ауру, 846 ауру стоционарда емделген. 189 операция жасалған. Қала бойынша 2011 жылдың 9 айында туберкулез ауруымен ауратындар деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда – 89,7 құрады, бұл облыс көрсеткішінен төмен (89,7).

^ Білім беру саласын дамыту ең маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Осы жылы қала бюджетінің жалпы көлемінен білім беруге бағытталған қаражат үлесі 30,6 пайызды құрады.

Қаланың барлық мектептерінде 5 жастан 13 жасқа дейінгі балалардың күнделікті ойыны үшін жазғы ойын алаңдары жұмыс істеді.

2011 жылдың 1 тамызынан бастап республикалық «Мектепке жол», «Қамқорлық» акциясы өткізілуде, акция аясында аз қамтылған отбасылары үшін қаражат жинау мақсатында қайырымдылық пункттері ашылды, жазғы демалыс іс – шараларымен жалпы санынан 98 пайыз бала қамтылды.

^ Мәдениет саласында қалалық мәдениет үйінің ұжымымен 54 мәдени – бұқаралық іс – шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

2011 жылы қалалық кітапханаға әдебиеттер алу үшін қалалық бюджеттен 500 мың теңге бөлінді, оған 405 кітап алынды, соның ішінде 197 нұсқа мемлекеттік тілде. Облыстық Пушкин атындағы кітапханадан 303 кітап нұсқасы бөлінді, соның ішінде 230-ы қазақ тілінде. Қалалық кітапхана ұжымымен оқырмандар үшін 45 іс – шара ұйымдастырылып, өткізілді.

9 айдың ішінде орыс тіліне оқыту курсын Қытай және Манғолиядан көшіп келген этникалық қазақтардан 10 адам бітірді.

Ағымдағы жылдың маусым айында «Қане, қазақша сөйлеп үйренейік!» қазақ тіліндегі ақысыз курспен қаланың ұйымдары мен кәсіпорындарынан 30 адамнан астам адам қамтылды.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Мемлекеттік тілді оқыту орталығымен жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізілді. Қаланың барлық ұйымдары мен кәсіпорындары басшыларына тыңдаушыларды жинау туралы хаттар жіберілді.

Ағымдағы жылдың 9 айында бұқаралық ақпараттар құралдарында тіл саясаты мәселесі бойынша 28 материал жарияланды.

^ Салауатты өмір салты, атап айтқанда дене шынықтыру және спорт күшті және дені сау қоғамды дамытуға мүмкіндік беретін әлеуметтік құрал болып табылуда.

Қалада дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін 16 спорт орындары жұмыс істейді: 8 спорт зал, 6 спорт алаңы. Балалар - жасөспірімдер спорт мектебі және тау туризмін насихаттайтын балалар жасөспірімдер «Скала» клубы жұмыс істейді.

Үш мектепте 12 спорт секциялары жұмыс істейді.

^ Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында 2011-2012 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық бойынша жұмыстар аяқталуда, 4 қазандық толықтай дайын.

№ 4 қазандықты қайта жаңарту аяқталды.

Қалалық бюджет қаражаты есебінен 1- ші көтерменің сорғы құралын жөндеу аяқталу сатысында, сыртқы су құбыры жүйелерінің жөндеу жұмыстары аяқталды.

Ағымдағы жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы бойынша жұмыстар аяқталуда; «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша 2 көп пәтерлі үйді және осы үйлердің квартал ішіндегі инженерлік жүйелерін қайта жаңарту жалғасуда.




Похожие:

2011 жылдың 9 айына Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы iconКурчатов қаласының 2005 жылдың 2 жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық дамуы
Курчатов қаласының 2005 жылдың 12 айындағы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындысы экономиканың тұрақтанғандығын көрсетеді
2011 жылдың 9 айына Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы iconКурчатов қаласының 2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Курчатов қаласы ағымдағы жылдың 9 айында әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы бойынша облыс ішілік рейтинг қорытындылары бойынша...
2011 жылдың 9 айына Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы iconКурчатов қаласының 2013 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы
Ала халқының саны жылдың басымен салыстырғанда 1,4 пайызға өсіп 11 657 адамды құрады
2011 жылдың 9 айына Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы icon«2012 жылдың бірінші тоқсанына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы»
Скемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы оңды динамикамен сипатталады
2011 жылдың 9 айына Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы icon2012 жылдың I жарты жылдығына Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы
Ағымдағы жылғы 6 ай аралығында қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы әлеуметтік және экономика салаларын даму оң тенденциясын...
2011 жылдың 9 айына Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы iconҰлан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 жылғы бірінші жартыжылдықтағы қорытындысы мен бюджет қаражатының игерілуі
Ауданның 2011 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын сипаттайтын индикаторларға талдау жүргізу...
2011 жылдың 9 айына Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы icon«2011 жылдың 9 айына облыс аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуының қарқыны бойынша ішкі аймақтық рейтингтің және Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы»
Неркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 312,9 млрд теңгеге жетті бұл 2010 жылдың ұқсас аралығынан 47,4 жоғары. Табиғи индекс көлемі 122,7%...
2011 жылдың 9 айына Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы icon2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Аналық өлім жағдайы болмаған. Қала бойынша 2012 жылдың 12 айында туберкулез ауруымен ауратындар деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда...
2011 жылдың 9 айына Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы icon2013 жылдың қаңтар – маусым айларындағы Курчатов қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысы
Соның ішінде тау кен өнеркәсібінде (флюориттік кенді қайта өңдеу бойынша фабрика) 401,2 млн теңге сомасына өнімдер өндірілді немесе...
2011 жылдың 9 айына Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы icon2013 жылдың қаңтар – наурыз айларындағы Курчатов қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысы
Ана және бала өлімі жоқ. Қала бойынша 2013 жылдың 3 айында туберкулез ауруымен ауратындар деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда – 200,0...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы