Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2007 жылдың 4 тоқсанындағы жұмысы туралы icon

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2007 жылдың 4 тоқсанындағы жұмысы туралы



НазваниеШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2007 жылдың 4 тоқсанындағы жұмысы туралы
Дата конвертации02.02.2013
Размер53.69 Kb.
ТипДокументы
источник

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2007 жылдың  4 тоқсанындағы  жұмысы туралы

2007 жылдың төртінші тоқсанында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында 1 облыстық кеңес, мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының,  облыстық ономастика комиссиясының отырыстары, 2 дөңгелек үстел және  4 конкурс пен байқаулар өткізілді. Бекітілген кестеге сәйкес облыстық деңгейдегі 2 мемлекеттік органның  тіл заңнамаларын орындау жөніндегі жұмыстары  тексерілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 мамырдағы №127 Жарлығына сәйкес облыстың мемлекеттік органдарында іс жүргізуді, есептік-статистикалық, қаржылық және техникалық құжаттаманы мемлекеттік тілге көшіруге дайындық жұмыстарының аясында қазан айында облыстың аудандары мен қалаларында, облыстық департаменттер  мен басқармаларда мемлекеттік тілде іс жүргізудің жайы зерделенді.  Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша қазан айының 30 күні «Облыстың мемлекеттік органдарында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіруге дайындық жұмыстарының жайы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 мамырдағы № 127 Жарлығын іске асырудағы міндеттер туралы» облыстық кеңес өткізілді. Кеңеске аудан және қала әкімдері, әкім аппараттарының басшылары, аудандық және қалалық мәслихат хатшылары, жергілікті және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының  өкілдері қатысты. Кеңесте 2008 жылы іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіруге дайындықтағы кездесіп отырған қиындықтар, оларды шешудің жолдары және алдағы тұрған міндеттер айқындалды.

Аталған кеңестің ұсынымдарына сәйкес қараша айында облыстың барлық қалалары мен аудандарында, облыстық департаменттер мен басқармаларында осы іспеттес кеңестер өткізіліп, мемлекеттік тілде іс жүргізудің барысына талдау жасалды, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің жолдары белгіленді.

Облыс әкімдігінің 25 желтоқсандағы отырысында Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы М. Мұхамеджанов «Облыстың мемлекеттік органдарында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіруге дайындық жұмыстарының жағдайы туралы» ақпарат жасады. Атқарылған шаралардың нәтижесінде 2007 жылдың 11 айында мемлекеттік органдардың шығыс құжаттарындағы мемлекеттік тілдің үлесі 65% болды, ал қараша айының қорытындысы бойынша ол 90 % - ға жетті.

Желтоқсан айының 24-де Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді. Онда «Глубокое ауданының мемлекеттік органдарында іс қағаздарын     мемлекеттік   тілде    жүргізудің    жайы    туралы»    аудан    әкімі Д. Бейсембаевтің, «Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау және түсіндірудің жайы туралы» облыстық «Дидар» және «Рудный Алтай»    газеттерінің    директорлары – бас    редакторлары    Ж.Әділбаев    пен   А.Акаваның    және    «Қазақстан» РҰТА» Өскемен филиалының директоры Д. Дүйсебаевтің,  «Облыста тұратын этникалық топтардың тілдерін сақтау мен дамытудың жағдайы туралы» Шығыс Қазақстан халқы кіші Ассамблеясының атқарушы хатшылығының меңгерушісі А.Рукиннің хабарламалары тыңдалды. Қаралған мәселелер бойынша жұмыс тобының тиісті ұсынымдары қабылданып, тиісті мемлекеттік органдар  мен ұйымдарға жіберілді.

Желтоқсан айының 24-де облыстық ономастикалық комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Отырыста  Өскемен қаласындағы ономастикалық ахуал   туралы   қалалық  ономастикалық комиссия төрағасының орынбасары Р. Әлханованың хабарламасы тыңдалды. Сондай-ақ Риддер қаласындағы мектеп-гимназияға белгілі ғалым, академик Зәки Ахметовтың есімін беру және Глубокое ауылындағы Крупская атындағы орта мектепті Ы.Алтынсариннің есімімен қайта атау туралы шешімдер қабылданды.

Аталған мерзім ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мен түсіндіру жұмыстары жалғастырылды.  Облыстың  теленарналарында «Айтарым бар...» және «Темірқазық» хабарлары ай сайын эфирге шығып тұрды. Облыстық «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінің беттерінде тіл саясатының өзекті мәселелері бойынша арнайы айдармен беттер шығарылып, баспа бұқаралық құралдарының беттерінде тіл мәселелі бойынша 64 материал жарық көрді, телеарналарда 9 хабар берілді.

Осы мерзім ішінде бірнеше конкурстар мен байқаулар өткізілді. Бұлардың дені  мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мен маңыздылығын кеңінен насихаттауға арналды. Қазан айының 5-де облыс колледждеріндегі орыс тілінде оқитын топтарда сабақ беретін қазақ тілі мұғалімдерінің арасында «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» конкурсы өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша Семей қаласының қаржы-экономикалық колледжінің мұғалімі М.Омарова «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» атанып, республикалық конкурста үшінші орынға ие болды.

Қараша айының 23-де облыстағы 18-40 жас аралығындағы жазба ақындардың арасында «Тілімде жаным тұрған соң...» атты мүшайра өткізілді. Бородулиха  аудандық мәслихатының  маманы Тілеуғазин Асқар мүшайра жеңімпазы атанды.

Мемлекеттік тілдің мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленушілер арасында қолданылуын саралау және дамыту мақсатында қараша айының 28-де Өскемен қаласындағы №34 балабақшаның негізінде басқа ұлт өкілдері тәрбиеленушілерінің арасында  қазақ тілін білуден «Қазақшаң қалай, балақай?» конкурсы өткізілді. №102  балабақшасының тәрбиеленушісі Горленко Елена конкурс жеңімпазы атанды. Сайыстың барлық қатысушыларына облыстық басқарманың дипломдары және бағалы сыйлықтары табыс етілді.

Қазақ халқының сан ғасырлық мәдени мол асыл қазынасының інжу-маржандарын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында қараша айында өткен «Таза, мінсіз асыл сөз...» тақырыбындағы облыстық жыршылар сайысының жеңімпазы, тарбағатайлық  Т.Маткәрімов бұрын-соңды жұртшылыққа белгісіз болып келген «Түсіпханның қиссасын» және ақын Хамит Балшабековтің «Термеде, терме, терме бар» термесін орындап, республикада 1 орынға ие болды. Ол Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің грамотасымен және 200 мың тенге ақшалай сыйлығымен марапатталды.

Тілдерді дамыту жөніндегі облыстық басқарманың бастамасымен қазақ әдеби тілін дамыту, жеткіншек ақындардың талаптарын ұштау және оларды көпшілікке танымал ету мақсатында жас ақындардың «Жауқазын» атты өлеңдер жинағы бастырылып шығарылды.

Мемлекеттік тілде тәрбиелеп оқытатын мектепке дейінгі балалар мекемелері мен мектептердің санын арттыру бағытындағы жұмыстардың нәтижесінде облыста  2 бала бақшасы мен 1 мектеп ашылды. Атап айтқанда облыс орталығындағы «Күншуақ» балалар бақшасының екінші бөлігі іске қосылып, қосымша 210 бүлдіршін мемлекеттік тілде тәрбиеленіп, оқу мүмкіндігіне ие болды. Желтоқсан айында облыс орталығында 180 балаға арналған «Ақбота» балабақшасы ашылды. Семей қаласындағы «Восточное» ықшам ауданында 860 оқушыға арналған қазақ тілінде оқытатын мектеп ашылып, ата-аналардың көптен күткен ойлары жүзеге асты.

Облыста тұратын басқа ұлт өкілдерінің ана тілдерін оқуына және ұлттық мәдениеті мен салт –дәсүрлерін дамытуға жағдай жасау мақсатында Шемонаиха ауданының  Достық үйінде поляк ұлттық- мәдени орталығы ашылды. Қазір облыстағы 9 жексенбілік мектептердің негізінде 726 адам өздерінің ана тілдерін оқып үйренуде.

Басқарманың тікелей басшылығымен жұмыс істейтін «Мемлекеттік тілді оқыту орталығында» мемлекеттік қызметшілер  мен тұрғындарға қазақ тілін оқыту жалғастырылуда. Қазір орталықтағы  37 топта облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдардың 298 мемлекеттік қызметшілері және  Өскемен қаласы әкімдігі бөлімдерінің 162 тыңдаушысы дәріс алуда. Сондай-ақ 32 топта 334 тыңдаушы ақылы негізде мемлекеттік тілді үйренуде.

Желтоқсан айында Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың қолдауы нәтижесінде Өскемен қаласындағы №6638 әскери бөлімде мемлекеттік тілді оқыту кабинеті ашылды.

Тұтастай алғанда, облыстық басқарманын аталған мерзімдегі қызметінің негізгі бағыты облыстың өкілді және атқару органдарындағы іс жүргізуді 2008 жылы мемлекеттік тілге көшіруге дайындық жұмыстарына арналды.

 



Похожие:

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2007 жылдың 4 тоқсанындағы жұмысы туралы iconШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2008 жылдың 2-ші тоқсанындағы атқарған жұмыстарының есебі
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2008 жылдарға арналған өңірлік...
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2007 жылдың 4 тоқсанындағы жұмысы туралы iconШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2006 жылғы 3 тоқсандағы жұмысы туралы АҚпарат
Жылғы 11 шілдедегі №151-i қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы” Заңын орындау мақсатымен Шығыс қазақстан...
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2007 жылдың 4 тоқсанындағы жұмысы туралы iconШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының
«Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық...
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2007 жылдың 4 тоқсанындағы жұмысы туралы iconШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының
«Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық...
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2007 жылдың 4 тоқсанындағы жұмысы туралы icon2005 жылғы 2 тоқсанда «Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысы туралы есеп
«Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысының «Шығыс Қазақстан...
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2007 жылдың 4 тоқсанындағы жұмысы туралы iconШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма-сының 2007 жылдың 1 тоқсанындағы атқарған жұмыстары жөніндегі АҚпарат
Азақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151-1 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын орындау бойынша белгілі жұмыстар...
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2007 жылдың 4 тоқсанындағы жұмысы туралы iconШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2008 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстары туралы ақпарат Қазақстан Ренспубликасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2008 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстары туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2007 жылдың 4 тоқсанындағы жұмысы туралы icon«Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының миссиясы және пайымдауы
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2007 жылдың 4 тоқсанындағы жұмысы туралы iconШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2009 жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмыстары туралы а қ пара т
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2009 жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмыстары туралы
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2007 жылдың 4 тоқсанындағы жұмысы туралы icon2006 жылғы 1 тоқсандағы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жұмысы туралы ақпарат
Жолдауынан шығатын міндеттер шегінде тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы оларды іске асыру бойынша ағымдағы жылдың 1 тоқсанында...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы